I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет25/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


3. 
Мәтін қандай үлгіде жазылған? 
A.  Ақпаратгық үлгіде 
B. Көзқарас негізінде 
C.  Пікір негізінде 
D. Болжам негізінде 
E. Талқылау негізінде 
4. 
Қай сөйлем екінші азатжолдың мазмұнына сәйкес? 
A.  Ең үлкен аймақты қамтитын жер - Сахара шөлі. 
B.  Суы жоқ аймақ болса да кұрма жемісі өседі. 
C.  Даланың біраз аймақтарында жауын жаумаған жерлер кездеседі. 
D.  Керуеншілер су іздеу барысында сағымға алданады. 
E.  Құмды аймақтарда жол талғамайтын көлікпен жүруге болады. 
5. 
Мәтін мазмұнның реттілігін көрсетіңіз, 
Шөлдегі ауа райы. 
Сағым құрбаны. 
Шөлдегі құрылыс. 
Сахара шөлі. 
Су - тіршілік көзі. 
A. 1.2.3.4.5. 
B.  3.5.2.1.4. 
C. .І.5.З.2. 
D. .3.4.2.1. 
E. 2.4.1.3.5. 
6. 
Мәтінге атау беріңіз 
A.  Тегази қаласы туралы 
B.  Ніл өзені туралы 
C.  Оңтүстік Африка 
D.  Caxapa шелі туралы 
E.  Сахара ағаштары туралы 
 
Қызылорда  қаласының  “Халық"  ғазеті  өзінің  оқырмандарының  арасында  сауалнама  жүргізген 
болатын. Сіздерге сауалнамаға қатысқан респонденттердің ойымен танысу үшін келесі мәтін 
ұсынылады. 
Раушан, архитекторҚобыз кейіпіндегі көпір 
Бізге  қобыз  бейнесіндегі  көпір  жасауға  болады.  Ол  қаланың  қос  бөлігін  байланыстырып, 
шаһарға ерекше көрік беріп тұрар еді. Мұнда келетін демалушылар саны да үзілмейтін болады. 
Сонымен қатар, үлттық нақыштағы нысан, яғни, ерекше назар аудартатын көпір болмақ. Енді 
бұл  ұсынысты  облыс  әкімінің  назарына  ұсынсам  ба  деп  отырмын.  Бұқаралық  ақпарат 
құралдарында қолдау тапса, тіпті жақсы. 
Сәкен, жүрналистҚымызханалар 
Бізге  ұрпақ  саулығы  керек.  Қалада  ашылатын  әр  қоғамдық  орынның  барынша  пайдалы 
болуын ойластыру керек деп ойлаймын. Айталық, қымыз қырық аурудың алдын алады екен. 
Салауатты  емір  салтын  қалыптастыру  іс-  шараларының  бірі  ретінде  қымызханалар  ашуды 
ұсынып отырмын. Әрине, қымызхана қандай болу керек деген сауал туады. Ол заман талабына 
сай кафе типтес болу керек. Мұны аз десеңіз, ішіне жалт-жұлт еткен шамдар жақсын, әйтеуір 
елді  өзіне  тартсын.  Сол  арқылы  ауылшаруашылығы  өнімін  өткізсін.  Ондай  жерлерде  терме, 
түрлі аңыз-әңгімелер айтылып тұрса, нұр үстіне нұр. Қазір қоғам соған сусап отыр. Ең бастысы, 
денсаулық пен ауылшаруашылығының дамуына үлес қосатын, рухани күшейтетін дүние - осы 
демалыс орындары. 
Динара, қала тұрғыныКемпинг 
Ашық  аспан  астындағы  спортық  ойын  алаңдары  салынса  жақсы  болар  еді.  Халық  сондай 
орындарға  зәру.  Бұл  бір  жағынан  бұқаралық  спортты  дамытуға  сеп  болса,  екіншіден,  бос 
уақытты  өткізетін  керемет  орын  болар  еді.  Содан  соң  қала  сыртында  демалыс  орындарын 
көбейткен  дұрыс.  Мәселен,  кемпинг  (автотуристергс  арналған  демалыс  орны)  түріндегі 
орындар бой көтергенін қолдаймын. 
7. 
Кімнің пікірі салауатты 
өмір салтына қатысты? 
A) Динараның 
B) Сәкеннің 
C) Динара мен Сәкеннің 
D) Раушанның 
E) Сәкен мен Раушанның 
8. 
Халық өнері туралы ойды 
кім қозғайды? 
A) Динара 
B) Динара мсн Сәкен 
C) Сәкен 
D) Раушан 
E) Раушан мен Динара 
9. 
Архитектордың пікірінше, қандай жағдайда оның ұсынысы іске асуы мүмкін? 
A) Егер облыс әкімшілігі қабылдап, қаражат бөлінсе 

159 
 
 
B) Бгер Қызылорда тұрғындарының жиналысында қаралса 
C) Егер сотта каралып, оң шешім қабылданса 
D) Егер қала тұрғындары қолдап дауыс жинаса 
E) Егер бұқаралық-акпараттық құралдарда жарияланса 
10. 
Берілген тұжырымдардың кайсысы мәтіндегі ойға сәйкспейді? 
1.Ауылшаруашық өнімдерін еткізу мәселесі шешімін тапты.. 
2.Қобыз кейпіндегі көпір каланың негізгі коркіне айналды. 
3.Демалушылар автокөліктеріне орын бөлу мәсслсі өзскті емес. 
A) Тек үшіншісі 
B) Тек екіншісі 
C) Тек біріншісі 
D) Бірінші мен екіншісі 
E) Үшеуі дс 
11. Сауалнамада сөз болмаған мәселе. 
A) Бұқарлық спортты дамыту. 
B) ¥лттық нақыштағы концерт залын салу
C) Қызылорда қаласында демалыс орындарын 
ашу. 
D) Қала тұрғындарының денсаулығын 
нығайту. 
E) Ауыл шаруашылық өнімін өткізу 
12. Берілген мәтін қай стильде жазылған? 
A) іс қағаздар 
B) Ғылыми 
C) Публицистикалық 
D) Ауызекі сойлеу 
E) Коркем әдебиет 
I.  Жеделхат  -  телеграф (телетайп)  арқылы  берілетін жедел  сипаттағы  құжат.  Қазіргі  заманда 
ақпаратты  жедел  жеткізудің  факс,  интернет  сияқты  түрлері  де  болғанымен,  жеделхаттар  өз 
маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне 
чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал 
телефон  арқылы  жүргізілген  әңгімені  іске  тігіп  қоя  алмайсың,  сондыктан  ең  ыңғайлысы 
жеделхат болып табылады. 
II  Жеделхатты  кез  келген  қызметкер  құрастырып  жібере  алады;  қажет  болған  жағдайда 
жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегеңде 10-12 
сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады. 
Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың 
бағасы да төмен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір тузеулер болмағаны жөн. 
III.  Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде 
жіберілетіндер мен қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген 
немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «үкіметтің, «жедел», «жай»  болып 
үшке бөлінеді. 
Басқа  құжаттар  сияқты  жеделхаттың  да  өз  реквизиттері  болады.  Олар:  жеделхаттың 
категориясы  мен  түрі,  номері,  датасы,  жіберілген  уақыты,  алушының  аты  мен  адресі,  мәтін, 
қол. 
IV. Жеделхат... 
Мекенжайы  («кімге»),  Алдымен  жеделхатты  алушының  толық  почта  индексі,  елдің  аты,  елді 
мекеннің аты, типі (кала, ауыл, т.б.), кешесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы: 
480021, Қазақстан, 
Алматы қаласы, 
Мұқанов көшесі, 227, офис 47 немесе 
250000, Украина, 
г. Киев, Почтовая пл, дом 18, кв 44. 
Алушының  аты-жені  («кімге»).  Адресаттың  аты-жөні,  әкесінің  аты  толық  жазылады,  кейде 
фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, «Директорға», «Білім меңгерушісіне» т.б. 
V.  Жеделхат  мәтіні.  Жеделхаттың  негізгі  мақсаты  керекті  ақпаратты  тез  жеткізу 
болатандықтан,  оны  қысқа  және  түсінікті  етіп  жазу  керек.  Бірақ  сөздерді  түсініксіз  етіп 
қысқартып  тастаудың  қажеті  жоқ,  түсінікті,  стандарт  қысқартуларды  ғана  пайдаланған  жөн. 
Егер  жеделхат  мақсаты  алушыдан  ақпарат  алу  немесе  мәселені  шешу  т.б.  болса,  онда 
етістіктерді  бұйрық  рай  түлғасында  берініз  Мысалы:  «жіберіңіз»,  «салып  жіберіңіз»,  «шешім 
қабылдаңыз» т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса, етістік ашық 
рай тұлғасында қолданылатын, Мысалы: «алдым», «жеткізілді», «келеді», «орындалады», 
«барады» т.б. 
«Тез арада», «жеделдетіңіз», «жедел», «қалай да» сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті 
жоқ,  себебі  сіздің  жеделхат  жібергеніңіздің  өзі  алушыға көп  нәрсені білдіріп  түр. Цифрларды 
жазбаша  жазған  дұрыс.  Мысалы:  101347  -  бір  нөл  бір  үш  төрт  жеті,  бұларды  бір  сөз  ретінде 
біріктіріп беруге де болады. Мысалы: бірнөлбірүштөртжеті. 
Мәтін  мазмұнына  нұқсан  келмейтін  болса  жалғаулық,  көмекші  сөздер,  тыныс  белгілері 
қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды. 

160 
 
 
Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне қол қойылған кезде фамилия қажет болғанда 
жіберушінің қызметі қоса көрсетіледі. 
 
13. Жеделхатты жеткізудің 
ең қысқа мерзімі 
A) 10-12 сағат 
B) 3 сағат 
C) 24 сағат 
D) Жарты сағат 
E) 1 сағат 
14. Қандай құжат түрі ақпараттық- 
анықтамалық құжаттарға жатпайды? 
A) Құттықтау хат 
B) Телефонхат 
C) Ақті 
D) Жеделхат 
E) Түсініктеме 
15. Қандай сөзді IV бөлімдегі көп нүктенің орнына қоюға болады? 
A.  сипаты 
B. құрастыру үлгісі 
C.  мәтіні 
D.  бланкісі 
E. толтыру үлгісі 
16. Қай жауапта III бөлімде берілген мәлімет дұрыс жеткізіліп түр? 
A.  құжат елден шетелге жіберілгенде «жедел» деген белгі қойылады. 
B.  Бір ел ішінде қатынап жүретін құжаттарды «жай» құжаттар дейді. 
C.  Ел мен ел арасында жүретін құжаттарды «сыртқы» құжаттар дейді. 
D.  Халықаралық құжаттарда «үкіметтік» деген белгі болуы мүмкін. 
E.  Ел ішінде жүретін хаттарға ешқандай белгі қажет емес. 
17. Жеделхаттың бөлінуі 
A.  4 
B.  2 
C.  1 
D.  5 
E.  3 
 
19. 
Жеделхатта цифрлардың жазылуы 
A.  Бөлшек турінде 
B.  Арап цифрымен 
C.  Жазба жазылады 
D.  Цифрлар жазылмайды 
E.  Рим цифрымен 
18.Жеделхаттың мәтініндегі ең көп сөз 
саны 
A.  300 
B.  200 
C.  150 
D.  100 
E.  250 
20.Ақпарат алу немесе мәселені 
шешу мазмұнындағы жеделхатта 
қолданылаған етістік формасы 
A.  Шартты рай 
B.  Қалау мен ашық рай 
C.  Ашық рай 
D.  Қалау рай 
E.  Бұйрық рай 
 
1179 нұсқа 
Адамдар  қандай  болмасын  әр  түрлі  істің  айқындығын,  дәлдігін,  нақтылығын  қалайды  ғой. 
Ондай әрекеттерінде ешкімге зиянын тигізбейтін, барша жұртқа түсінікті ұғым болуға тиіс. 
«Осы ойдың мәнісі не?» деген мәселе төңірегінде бір топ шәкірт өзара пікірлері тоғыспай, ұзақ 
таласады. Бірақ қанша айтысса да,  тиянақты бір түйінге тоқтала алмайды. Ақырында ғұлама 
ұстаздарына барып, пікірталастарының түйінін шешіп беруі үшін өтініштерін айтады; 
О,  құрметті  ұстаз,  біз  ақиқаттың  не  екені,  оның  өмірге  қалай  келіп,  әрекетке  қалай  ықпал 
ететіні, атқаратын қызметінің мәртебесі жайында пікір таластырып, бір тұйінге тоқтала алмай 
дал болдық. Осы жайды түсіндіріп, түйінін тауып беруіңізді өтінеміз!... 
Әбунасыр біраз ойланын отырды да, әлден уақытта басын жоғары көтеріп алып, шәкірттеріне 
былай деді: 
Әрбір адамның көкейінде өзі иланыммен сеніп ұстанған пікірі мен нанымы болады. Сол пікір 
мен наным сенімді іске, ойға жетелейді. Сол жекелік пікір мен сенім басқа бір адамның пікірі 
мен  сеніміне  сәйкес  келсе,  сонда  пікірлер  тоғысады  да,  ақиқат  туады.  Пікір  мен  сенімнің  бір 
арнаға  түспеуі  дау-  жанжалды  қоздырады.  Ал  ақиқат  адамға  айқындықты  үйретеді.  Онсыз 
дәлдік жоқ. 
Әбунасыр  қорытқан  ой  шәкірттердін  санасыңдағы  ақиқаттың  әлі  бұлыңғыр  жолын 
нұрландырып жіберді, айқындықтың негізін анық танытты. 
1. 
Шәкірттердің ортақ пікірге келе алмау себебі
 
A.  Өздерін артық санаулары 
B.  Өздеріне тым сенімді болуы 
C.  Мақтанқұмарлықтары 
D.  Ақикат пен пікірдің айырмашылығын білмеуі 
E.  Атаққұмарлықтары 

161 
 
 
2. 
Ойшылдың ақиқаттың тууы туралы пікірі қандай?
 
A.  Көзқарастардың әртүрлілігінен туады 
B.  Көзқарастардың бір жерден шығуынан туады 
C.  Біреудің сөзі ақиқат бола алады 
D.  Әр адамның қарама-қайшы пікірінен туады 
E.  Адамның сенімінен туады 
 
2- 
мәтін
 
Израильде  әрбір  бала  дарындылық  бойынша  тест  тапсыру  мүмкіндігіне  ие  көрінеді.  Әрине, 
оның  бәрі  ата-анасының  қалауы  бойынша  жүзеге  асырылатыны  анық.  Жалпы,  дамыған 
елдердің бірқатарында тек қана ақылдыларды ғана емес, сонымен катар, керісінше, ақыл-ойы 
артта қалған балаларды да анықтаумен айналысатын арнайы бағдарлама бойынша тест өткізу 
баяғыдан  дәстүрге  енгенін  айта  кетелік.  Израиль  мемлекетінде  бүгінде  он  бес  мыңдай 
вундеркинд  баланың  жабық  мектепте  арнайы  бағдарлама  бойынша  оқытылып  жатуы 
мемлекеттің  өз  азаматтарының  интеллектісін  пайдаланудағы  керемет  жетістігі  демеске 
болмайды. 
Мемлекеттік  құпияға  жататындықтан,  ондағы  білім  беру  бағдарламасы  туралы  ешқандай 
мағлұмат  алу  мүмкін  емес.  Жапоныңда  да,  ағылшыныңда  да  бұл  жағынан  арнайы  жүйе 
қалыптасқан.  «Алтын  басты  балалардың»  мемлекеттің  дамуына  зор  үлес  қосатынын  жақсы 
білетін бұл елдер вундеркинд балаларға орасан қаражат бөліп отырады. 
3. тұжырымдардың дұрысы: 
1. 
Израиль мемлекетінде жабық мектептер жоқ.
 
2. 
Израильде 15 000-дай бала арнайы бағдарламамен оқиды.
 
3. 
Жапондықтар мен ағылшыңдар
 
«Алтын басты» балалар мемлекетке 
тек шығын әкеледі деп есептейді. 
A.  Тек үшіншісі 
B.  Екінші мен үшішпісі 
C.  Тек біріншісі 
D.  Бірінші мен екіншісі 
E.  Тек екіншісі 
4. 
мәтін мазмұны бойынша «Алтын 
басты балалар» дегендер кімдер?
 
A.  Үлгерімі орташа балалар 
B.  Үлгерімі төмен оқушылар 
C.  Ақыл-ойы баяу дамитын балалар 
D.  Ерекше дарынды балалар 
E.  Қарапайым балалар 
5. 
Мәтін мазмұны бойынша Израйль мемлекетінде вундеркинд балаларға деген көзқарас 
дәлелі
 
A.  Арнайы мектептерде көпшілікке арналған бағдарламамен оқытады 
B.  Баланың өз бетімен дамуына тыйым салады 
C.  Жалпы білім беретін мектептерде арнайы бағдарламамен оқытады 
D.  Арнайы қаражат тек ата-ана тарапынан бөлінеді 
E.  Жабық мектептерде арнайы бағдарламамен оқытады 
6. 
Төменгі пікірлердің дұрысын таңдаңыз.
 
A.  Израиль дамуы жетілмей қалған балаларға ғана көп қаражат жұмсайды. 
B.  Арнайы жобаны іске асыру - Жапон елінің өркендеуіне ықпал етті. 
C.  Тест тапсырарда бала ата-анасының қалауына сүйенбейді 
D.  Дарынды балалармен жұмыс жасау көп қаражат керек етпейді. 
E.  Вундеркиндтер әзірше ел үмітін ақтай алмай отыр. 
 
3- 
мәтін
 
Үндістаңда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі 
шелекттің  біреуі  тесік  екен.  Бүтін  шелек  өзіне  күйылған  суды  кожайынның  үйіне  сол  күйі 
шашау  шығармай  жеткізеді  екен  де,  ал  тесік  шелек  болса,  толтырып  құйылған  судың  үйге 
жеткенше  жол  бойы  сыздықтатып  отырып,  әрең  дегенде  жартысын  ғана  апаратын  көрінеді. 
Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Су тасушы күн сайын қожайынның 
үйіне  толықтай  екі  шелек  емес,  бір  жарым  шелек  қана  су  жеткізіп  жүріпті.  Сау  шелек  өзінің 
қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша - 
жерге кіріп кете жаздап ұялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен. 
Екі  жыл  өтіп,  бір  күні  әдеттсгідей  өзен  жағасына  тағы  барғанда,  шыдамаған  тесік  шелек  су 
тасушыға  қысыла-қымтырыла:  «Сізден  кешірім  сұрасам  деп  едім,  білсеңіз  ылғи  алдыңызда 
ұяттан өртене жаздаймын», - депті, назарын төмен салған құйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?» 
деп  сұрапты.  Шелек:  «Өйткені  менің  бір  бүйірім  тесік  болғандықтан  ылғи  да  сіз  толтырып 
құйған  судың  жарғысын  ғана  жеткізіп,  өзіме  жүктелген  міндетті  толық  орындай  алмай 
жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі төлемақыңызды 

162 
 
 
толықтай ала алмай келесіз», - дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да 
қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқаш», - депті жай ғана. 
Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы 
жайқалған,  иісі  аңқыған  небір  гүлдерге  толы  екен.  Тптті  әлгі  гүлдерге  қызуы  жақсы  түсіп 
тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе? - деп сұрапты, - бұл сендегі кемшілікті 
менің  байқағандығым  әрі  оның  өз  жөнін  тауып,  орайластырушынның  жемісі,  -  деп  сөзін 
жалғастырыпты.  Жолдың  сен  жағына  әдейілеп  гүлдер  ектім,  ал  сен  болсаң,  күн  сайын  біз 
өзеннен  су  алып  қайтқанда  оларды  суғарып  тұрдың.  Екі  жылдан  бері  осы  әдемі  гүлдермен 
қожайынды  таңқалдыра,  өтер  жолды  жайнатып  келдім.  Егер  сен  тесік  болмағаныңда 
қожайыныңыздың үйінде мұндай әдемілік болмас еді», - деп түсіндірген екен. 
7. 
Мәтін 
мазмұнының 
реттілігін 
көрсетіңіз
 
1.Гүлге оранған жол 
2.Екі шелек туралы 
3.Тапқыр су тасушы 
4.Кінәлі тесік шелек 
A. 3.1.2.4. 
B.  4.І.2.З. 
C.  1.3.2.4 
D.  2.1.4.3 
E.  2.4.3.1 
9.Тесік шелекке тән қасиет 
A.  Өшпенділік 
B.  Батылдық 
C.  Қорқақтық 
D.  Ізеттілік 
E.  Менмендік 
 
11.Су тасушының ерекше 
касиетін керсетіңіз. 
A.  Алғырлығы 
B.  Әңгімешілдігі 
C.  Сенімсіздігі 
D.  Тапқырлығы 
E.  Дарындылығы 
8.Мәтін стилі 
A.  Ғылыми 
B.  Іс қағаздар 
C.  Публицистикалық 
D.  Көркем әдебиет 
E.  Ауызекі сөйлеу 
 
10.Мәтінде бүгін шелектің 
қай қасиеті көрінеді? 
A.  Жалқаулығы 
B.  Намысқойлығы 
C.  Мақтаншақтығы 
D.  Озбырлығы 
E.  Жағымпаздығы 
12. 
Мәтінге лайық атау 
A.  Тесік шелек 
B.  Бүгін шелек 
C.  Өзен жағасы 
D.  Риза қожайын 
E.  Жаңа шелек 
 
4- 
мәтін
 
1.  Төрт түлік малды  тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдімгі сүттен небір тамаша 
тағамның түрін жасай білген. Солардың бірқатарын атап өтуге болады: қымыз, шубат, айран, 
қатық,  қаймақ,  балқаймақ,  кілегей,  ақ  қаймақ, ақ  ірімшік, қызыл ірімшік,  сусыз сүт, сыпырма 
сүт, кұрғақ сүт, койыртпақ, іркіт, сарысу, тасқорық, шалап, сүт кеспе, сүт салма, уыз, сірне, құрт, 
торақ құрт, сықпа, сузбе т.б. Міне, бұлар жылқы мен түйенің, қой мен ешкінің, сиырдың сүтінен 
жасалған тағамдар. Осылардың ішінде таза көшпелі өмір салтының сұранымы дүниеге әкелген 
тағамнын  бірі  -  құрғақ  сүт....  От  қуалаған  малдың  тісіне  ерген  елдің  көші-қон  кезінде  төрт 
түліктің  аяғын  көштен  бұрын  қимылдататын  әдеті.  Ақар-шақар  елдің  «әуп»  деп  тұрып  кете 
коюы оңай емес, артынын-тартынын жүріп сауын малынан екі-үш күн кейіндеп калатын жайы 
жиі  болады.  Өмірдің  осы  бір  сұраным-мұқтажы  құрғақ  сүт  дайындауды  дүниеге  келтірген 
сияқты. 
2.  Сәрсенбінің  сәтіне  көшеміз  деген  хабар  тиісімен-ақ,  әр  шаңырақтың  ас-  суына  ие  отанасы 
қолы епсекті біреудің тілін таба жүріп, жаңадан сойылған қойдың терісін түгінен арылттырып 
алады.  Теріні  түгінен  айырудың  мұндайда  екі  тәсілі  қолданылады.  Бірі  -  и  салу  тәсілі.  Тек  иі 
өтіп кетпейтіндей, идің быршығн дәмі мен өткір иісі теріге сіңбейтіндей болуы керек. Екіншісі 
- теріні  жібітіп  отырып,  өткір  ұстарамен  түгін  қырып  тастайды.  Сонан  соң  түксіз  теріні  суға 
салып,  шуашы  мен  шайырынан  айырғанша  әбден  сапсын  жуады.  Ақжемделіп  май-сөлінен 
арылған тері шүберектей болып тазарған кезде, керегеге жая салады. 
3.  Келесі  күні  қой-ешкіні  қосақтап  жібереді  де,  мол  етіп  сүт  сауады.  Ол  сүтті  мүмкіндігінше 
үлкен  қазанға  толтыра  құйып,  әлгі  теріні  соған  салада  да,  астына  маздатып  от  жағады. 
Біраздан соң тері салған сүт шымырлал қайнай бастайды. Қайнаған сайын қойыла бастайды, 
Қайнаған сайын суттің бар маңызын тақыр тері бойына сіңіре береді. Бір мезгілдер болғанда, 
сүт қойыртпақтанады. Тері болса ағара бөртіп, әбден ісінеді. Содан қоюланған сүт сарқыла 

163 
 
 
таусылып, енді сарғайып күйеді-ау дегенде от үзіледі де, тері қазаннан алынады. Тері түнімен 
жел  қағып  тобарсып,  ертеңіне  күнімен  тұрса  кеуіп-ақ  қалады.  Келесі  күні  тағы  да  қой-ешкі 
қосақталып,  дәу  қара  қазан  сүтке  толады.  Тағы  да  астына  жайнатып  от  жағып,  әлгі  сүт  сінді 
теріні  тағы  да  салады.  Осы  жағдай  үшінші  рет  қайталанады.  Сол  кезде  сүт  сіңген  терінің 
қалыңдығы бармақ елі болып, өн-бойына уыз сүттің маңызы тұтылады. Үшішпі peт жайылған 
тері  тобарсын  кебе  бастаған  кезде  қойыршықтап  орайды  да,  маңызы  үшып  кетпес  үшін 
қарынға немесе бүйенге сала салады. 
4.  Келесі күндері тең буылып, үй жығылып, таң құланиектенгенде моншақтай тізілген көш те 
қозғалады.  Бие  сауым  өтеді.,.  Ет  асым  өтеді...  Күн  иыққа  көтерілген  кезде  түйе  қомында 
тербеліп  келе  жатқан  балалардың  мандайын  күн  шалып,  таңдайы  кеберсіп,  қыңқылдай 
бастайды. Мұндайда езуінен мәйегі кетпеген ерке балаға қымыз береді, ішпейді... Айран береді, 
ішпейді... Қойыртпақ береді, іпшейді... Су береді, ішпейді. Оған керегі - тіл үйірген уыз сүт. 
Сонда балажан ана қарынның ауызын шешіп, сүт сіңген теріден алақандай ғана кеспі алады да, 
тостағанға  құйған  суға  тастап  жібереді.  Сол-ақ  екен  уыз  иісі  бұрқ  етіп  тәбет  шақырып, 
тостағандағы  су  жаңа  сауған  сүттей  болып  шыға  келеді.  Тек  қана  сүт  ішіп  үйренген  ұл  дем 
аямастан тостағанды басына бір-ақ көтереді. Сол кезде тостағанның түбінен бір жапырақ 
«бірдеңені» көреді де «бұл не?» дегендей анасына қарайды. Анасы болса, «жей ғой, боташым!» 
дейді.  Сары  атанды  бесік  еткен  ерке  ұл  бал  татыған  уыз  құйқаны  жайлауға  жеткенше  ермек 
етеді. 
13. 
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? 
A.  Біткен іске сыншы көп. 
B.  Шапқан - озар, жаттқан - қалар. 
C.  Жердің сәні - егін,Ердің сәні - білім. 
D.  Мал жисаң, қонысын тап,Ac жисаң, ыдысын тап. 
E.  Отынды шапқанға жақтыр,Малды тапқанға бақтыр. 
14. 
Теріні түгінен тазалаудың тәсілі 
A.  Сапсып жуу 
B.  Түгін қыру 
C.  Жел қаптыру 
D.  Далаға жаю 
E.  Кептіру 
 
16. Дайын болған құрғақ 
сүтті сақтау әдісі 
A.  Қоржында не қалтада 
B.  Теріге орап қояды 
C.  Қарында немесе бүйенде 
D.  Сандықта не қорапта 
E.  Адалбақаңда 
 
18. 
Мәтін қандай стильде жазылған? 
A.  Ауызекі сөйлеу стилі 
B.  Ресми іс-кағаздар стилі 
C.  Публицистикалық стиль 
D.  Көркем әдебиет стилі 
E.  Ғылыми стиль 
15.Түйе қомында келе жатқан 
балалардың сұрап ішер сусыны 
A.  Қойыртпақ 
B.  Шалап 
C.  Айран 
D.  Уыз сут 
E.  Қымыз 
17.Мәтіннің 
нешінші 
азатжолында 
толық 
дайындалған 
құрғақ 
сүт 
туралы 
айтылады? 
A.  Төртінші 
B.  Бесінші 
C.  Екінші 
D.  Бірінші 
E.  Үшінші 
19. құрғақ сүт жасауға қай 
түліктің сүті пайдаланылады? 
A.  Қой мен ешкі 
B.  Бие 
C.  Сиыр 
D.  Түйе 
E.  Сиыр мен қой 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет