I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


  Жанайдың жауға қарсы шыға алмау себебі



Pdf көрінісі
бет27/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


13. 
Жанайдың жауға қарсы шыға алмау себебі 
A.  Аты үйретілмеген болды 
B. Жауға жалғыз беттей алмады 
C.  Қолында қаруы болмады 
D. Соғыс әдіс-тәсілін білмеді 
E. Астындағы аты үрікті 
14. 
Мәтіндегі негізгі ой қандай? 
A.  Қазақ батырларын таныстыру 
B.  Қазақ пен жоңғар арасындағы соғысты 
дәріттгеу 
C.  Соғыс әдістерін үйрету 
D.  Жоңғардың соғыс қүшін суреттеу 
E.  Қазақ батырларының ерлігін дәріптеу 
16. 
Автор қазақ халқының 
ержүректігін қалай жеткізгісі келді? 
A.  Қыз әрекеті арқылы 
B.  Қанай әрекеті арқылы 
C.  Қабанбай әрекеті арқылы 
D.  Батыр Баян әрекеті арқылы 
E.  Қолбасылар әрекеті арқылы 
18.Абылай неге қызға белбеуін сыйға 
тартты? 
A.  Шыққан тегіне риза болғандықтан 
B.  Қыздың жастығына сұйсінгендіктен 
C.  Қабанбайдың қызы болғаңдықтан 
D.  Ерлігіне риза болғандықтан 
E.  Шабандоздығына риза болғандықтан 
20.Мәтіннің төртінші азатжолының түйіні 
15.Неліктен 
қазақ 
жауынгерлері 
тығырықка тірелді? 
A.  Қалмақтың қаруы басым болды 
B.  Қорғандары болмады 
C.  Дұрыс ұйымдаса алмады 
D.  Қолбасшылары болмады 
E.  Аттары шабан болды 
17. 
Ақбоз атты қыздың ұраны 
A.  «Қабанбай!» 
B.  «Қарақожа!» 
C.  «Ақжол!» 
D.  «Атығай!» 
E.  «Абылай!» 
 
19.Абылай неге жауынгерлеріне 
ренжіді? 
A.  Жауынгерлері алға жылжи алмады 
B.  Әскерлері соғыс алаңынан қорықты 
C.  Қан төгіс қырғын қыза түсті 
D.  Әскерлер бас амандығын ойлады 
E.  Шабуылды жаңаша жоспарламады 
A.  Хан сыйлығы 
B. Жау зеңбірегінің жеңісі 
C.  Жаудың жеңілісі 
D. Жаудың шабуылға шығуы 
E. Жау шебінің мықтылығы 
 
1195 нұсқа 
1-мәтін 
Ала жіптей шұбалаң жолмен қорапты машина келеді. Өршеленіп өрге ұмтылады. Белестен соң 
белес  артта  қалып  жатыр.  Жатаған  дөңес,  жасыл  бел  қалды.  Көбігін көкке шашқан  асау  өзен 
қалды. 
Кабинада екеу еді. Ересегі қаршығадай құнтиған кағілез адам - Бөрібай. Қасындағысы - кенже 
ұлы  Бекен.  Құлағы  қалқиған,  сары  бала.  Биыл  төртінші  сыныпты  бітіріп,  жайлаудағы 
нағашысына  келе  жатыр.  Аузы  аңқиып,  жол  қызығын  баққанына  екі  сағаттан  асқан.  Әлі 
жалығар емес. Ол андағайлап келіп тұра қалғандай болатын кереге тастардан да, қалың нудың 
мүлгіген тынышғығынан да, бұтадан бұтаға, гүлден гүлге қонып, әудем жерге дейін шығарып 
салатын сары шымылдықтың ықыласынан да әлдебір сыр түйіп, ой аңғарғандай. 
1. 
Үзіндідегі жыл мезгілі 
A.  Жазғытұрым 
B.  Қыс 
C.  Күз 
D.  Жаз 
E.  Көктем 
2. 
Бекен қайда келе жатыр? 
A.  Демалысқа, өз үйіне 
B.  Жайлаудағы нағашысына 
C.  Ауылға, ата-әжесіне 
D.  Қалаға, туыстарына 
E.  Жайлаудағы жиендеріне 
 
Жаңбыр  -  табиғаттың  ерекше  сыйы.  Халқымыз  жанбыр  жауса,  «нұр»  жауып  тұр  деп  жақсы 
ырымға балаған. Өзге де елдерде жаңбырға қатысты не бір қызықты мәліметтер бар. Мысалы, 
Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта түнде ғана жауады. XVII ғасырда 

170 
 
 
Ұлыбританияда  жаңбыр  туралы  заң  қабылданыпты.  Заң  бойынша  жаңбырды  дұрыс 
болжамаған синоптик жазаланатын болған. Пара қаласының тұрғындары уақытша жаңбырға 
қарап  түзейді.  Себебі  бұл  жерде  жауын  қүнделікті  бір  уақытта  жауатын  көрінеді.  Ботсванада 
адамдар  «пула»  деп  сәлемдеседі.  Бұл  сөз  «жаңбыр»  деген  мағына  береді.  Сонымен  қатар  ел 
валютасы да «жаңбыр» деп аталады. Уганда тұрғындарын найзағаймен корқыту мүмкін емес. 
Өйткені  мұнда  жылына  250  рет  найзағайлы  жаңбыр  жауады.  Сонымен  қатар  психолоттар 
туған күніңізде жаңбыр жауса, оны жақсылыққа балаңыз дейді. Егер сіз туған күні нөсер жауын 
жауса,  онда  қызметтік  мансабыңыз  алға  басады.  Ал  егер  жаңбыр  сіркіреп  тұрса,  сол  жылы 
қиыншылықтардың  да  аз  болары  хақ.  Көбіне  теңін  таппай  жұрген  жандардың  туған  күнінде 
біресе жауын жауып, біресе күн шығып тұрады. Және сол күні көптен куткен сыңарын тауып 
қалуы  да  әбден  мүмкін.  Көбісі  туған  күнінде  жаңбыр  жауса,  жабырқап  жүреді.  Ал  мамандар 
керісінше бұған куану керектігін айтады. 
3. 
Психологтардың пікірінше, 
туған күні нөсер жаңбыр жауса... 
A.  Жамандық шақырады. 
B.  Қызметтік мансабыңыз сәтсіз болады. 
C.  Қиыншылық болады. 
D.  Молшылық болады. 
E.  Қызметтік мансабыңыз алға басады. 
5.Уақытты жаңбырмен болжайтындар 
A.  Кубалықтар 
B.  Паралықтар 
C.  Угандалықтар 
D.  Тайландтықтар 
E.  Ұлыбританиялықтар 
4.Мәтінің негізгі тақырыбы қандай? 
A.  Табиғат тамашасы 
B.  Ауа райы туралы ақпарат 
C.  Синоптиктер болжамы 
D.  Жаңбырдың адамға әсері 
E.  Жаңбыр жауатын мезгіл 
 
6.Валюта аты жаңбырмен байланысты ел 
A.  Ұлыбритания 
B.  Угаңда 
C.  Лара 
D. 
Тайланд 
E. Ботсвана 
 
1.  Пілдер  - ежелгі тұмсықтылар тобынан біздін, заманымызға жеткен жалғыз жануар. Бұрын 
олардың  түрі  40-қа  жеткен  болса,  бүгінде  үш  қана  түрі  бар:  Саванналық  африка  пілдері, 
африкалық  орман  пілдері  және  азиялық  пілдер.  Пілдің  дене  тұрқы  -  6-8  метр,  салмағы  9 
тоннадай  болады.  Олар  70-80  жыл  өмір  сүреді.  Негізгі  ерекшелігі  -  үстіңгі  ерніне  жалғасқан 
ұзын ет тұмсығы (хобот). Олар мұны адамдардың қолындай пайдаланады. Сол арқылы заттың 
иісін  біледі,  сезеді  және  орап  ұстайды.  Піл  тұмсығы  бір  мезгілде  7,5  литр  суды  ұстап  тұра 
алады. Пілдердің көздері жақсы көрмейді, есесіне олар ешбір жаратылыс сезбейтін иісті сезіп 
қояды.  Оның  тұмсығында  40  мыңнан  астам  рецептор  бар.  Пілдің  кейбір  тұстарыңдағы  тері 
калыңдығы - 4-5 сантиметр болады. 
2. Пілдер  мұңаяды,  уайымдайды,  сағынады,  ағайындарына  көмектеседі,  музыкамен 
айналысады, сурет салады. Өздерінің дене көлеміне қарамастан олар епті және тез козғалғыш 
келеді  және  олардың  тепе-теңдік  сақтау  қызметі  жақсы  дамыған.  Басқа  ірі  сүтқөректілер 
секілді  пілдер  ыстыққа  қарағанда  салқын  жерді  жақсы  кетереді.  Күннің  ең  ыстық  уақытын 
көлеңкеде өткізіп, денесін салқындату мен жылу алмасуды жақсарту үшін үздіксіз құлақтарын 
қағады.  Олар  суға  шомылып,  өздерінің  үстеріне  су  құйып,  батпақ  пен  шанда  аунағанды 
үнатады.  Бул  әрекеттер  терілерінің  құрғап  кетуінен,  күнге  күюден  және  шыбын-шіркейдін 
шағуынан қорғайды. 
Пілдер  -  отбасылық  өмірді  қадір  тұтатын  жануарлар.  Олардың  аналықтары  әрқашан 
отбасымен бірге емір сүреді, өлгенде немесе адамдар ұстап алғанда ғана бөлінуі мүмкін. Олар 
топ-тобымен жүреді. Топтағы пілдер саны 6 мен 12-нің аралығында болады. Ал аталық пілдер 
12 жасқа таяғанда отбасынан бөлініп шығады. Дүниеге жаңадан келген пілдің баласы аяққа тік 
тұра  алады.  Салмағы  120  кг-ға  жуық  болады.  Туғанда  көзі  соқыр  болатындықтан,  анасының 
тұмсығына  арқа  сүйейді.  Жаңа  туған  пілдің  өмір  сүруге  қабілеті  болмағандықтан,  анасы  мен 
олардын  тәжірибелі  мүшелері  оны  үйрете  бастайды.  Анасы  оған  бірнеше  күтуші  таңдап,  өзі 
сүтін көбейту үшін азық жинауға кетеді. Пілдер күніне 100 литр су ішіп, 300 кг жем жей алады. 
Пілдер тәулігіне 
3. сағат шамасында ғана ұйықтайды. Жалпы олардың өмірінің 
басым бөлігі тамақ іздеуге кетеді. Яғни, бір тәуліктің 20 сағатын осыған арнайды. 
4.Пілдер  -  Африка  мен  Азияның  калың  ормандарында  және  ашық  өлкелерінде  мекендейді. 
Азия  пілдерінің  мекендейтін  аймағы:  Онтүстік  және  Солтүстік-Шығыс  Үндістан,  Шри-Ланка, 
Непал,  Бутан,  Бангладеш,  Мьянма, Тайланд,  Лаос,  Камбоджа,  Вьетнам,  Онтүстік-Батыс  Қытай, 
Малайзия, Индонезия және Бурней аймақтары. 
7. 
Мәтін бойынша пілдерге қатысты дұрыс нұсқа. 
A.  Еуропалық алыптар 
B. Сахаралық епсіздер 
C.  Африкалық епсіздер 
D. Тепе-теңсіз алыптар 

171 
 
 
E. Азиялық алыптар 
 
8. 
Пілдердің кай мүшесі нашар дамыған? 
A.  Қозғалыс мүшесі 
B.  Дәм тату мүшесі 
C.  Көру мүшесі 
D.  Сезу мүшесі 
E.  Есту мүшесі 
 
10. 
Мәтін мазмұны бойынша пілдер 
неліктен құлақтарын қағады? 
A.  Күнге күймес үшін 
B.  Суықтан қорғану үшін 
C.  Шыбын-шіркейден қорғану үшін 
D.  Денесіне батпақ шашу ұшін 
E.  Жылу алмасуды реттеу үшін 
9.Пілдердің қай мүшесі ең көп қызмет 
атқарады? 
A.  Басы 
B.  Көзі 
C.  Тұмсығы 
D.  Құлағы 
E.  Аяғы 
11. 
Пілдер 1 тәуліктің қанша уақытын 
ұйқыға арнайды? 
A.  Төрттен бірін. 
B.  Сегізден бірін. 
C.  Алтыдан бірін. 
D.  Үштен бірін. 
E.  Екіден бірін. 
12. 
Жана туған пілге катысты дұрыс мәліметтер 
1. 
Аяғына тік тұра алмайды 
2. 
Салмағы 120 келіге жуық болады 
3.Туғанда көзі соқыр болады 
A.  Біріші мен екінші дұрыс 
B. Үшеуі де дұрыс 
C.  Бірінші мен үшінші дұрыс 
D. Екінші мен үшінші дұрыс 
E. Үшеуі де бұрыс 
 
1.Келешекте Қытай әлемдегі жеті кереметтің бірі болып саналатын қорған-кабырғаларымен 
қатар, пирамидаларымен де мақтана алады. Сонда Қытай пирамидасы қандай? 
2.1945 жылы кектем айында американдық әскери ұшқыш Джеймс Гауссман Орталық 
Қытайдың Циянь шаһарына жақын жердегі Кин-Линь-Сян тауының үстінен ұішып бара жатып, 
тау аңғарларының ішінен керемет бір кұрылысты көрІп калады. Ұшқыш ойланбастан ғажайып 
ғимаратты суретке түсіріп алады. Бірақ ол дәл сол кезде, адамзат үшін белгісіз болып келген, 
құпия пирамиданы тапқанын білген жоқ. Пирамиданың биіктігі 300 метр, ені 500 метр еді. Бүл 
деігенміз, бүгінгі күні тамсанып жүрген Мысыр пирамидаларының ең үлкені, ¥лы ғимарат 
саналатын Хеопстен екі есе үлкен. Хеопстің биіктігі 148 метр ғана. Алайда Джеймс Гауссман 
түсірген сурет Американың әскери мүрағатында кенеттен із-түссіз жоғалып кетті. Қолды 
болды ма, қайда кетті, ешкім білмейді. Мұны «пирамиданың құпиялығын сактау үшін 
қытайлардың өзі ұрлап алды» деген де болжам бар. 
3. 
Қытай билігі мен археологтары «ондай ежелгі қүрылыстар біздің аумақта жоқ, болған емес» 
деп қанша жалтарса да, тағы бір жаңазеландиялық үшқыш Брюс Кати әлгі қүпия 
пирамидаларды I960 жылы тағы да кездестірді. 
Ол өткен ғасырдың басында осы аймақта болған екі австралиялық саудагердің күнделігін 
тапқан. Күнделікте саудагерлер Қытайдың Шэнси өлкесінде алып пирамидаларды көргенін 
жазып қалдырыпты. Жазбаларға қарап отырып Брюс Кати бір емес, тұтас пирамидалар 
қалашығын жасап шықты. Пирамидалардың саны 17 екен. Тұтас қала деуге болады. Бүл қай 
кезде түрғызылды, қаңдай максатта? Бұл жағы - құпия, белгісіз. Және шетелдіктердің ол жаққа 
баруына тыйым салынған. Дегенмен, бұл өңірге 1994 жылы наурыз айында Гартвинг Хаусдорф 
деген австриялық саяхатшының жолы түсті. Ол бұл аймақтан ірі алты пирамида бар екенін 
байқаған. Сол жылы тағы да осы өңірге келген Хаусдорф жасырын түрде бейнетаспаға 18 
минуттық фильм түсіріп алды. Үйге келіп бейнетаспаны қайта көріп, сарапқа салған ол 2000 
шаршы шақырым жерде жүзге тарта пирамида бар екенін көріп таң-тамаша болды. 
4. 
Жалпы, ескі қытай аңызына қарағанда, бұл пирамидаларды бөгде планетадан келгендер 
тұрғызған керінеді. Сондай-ақ бұл нысандар бұдан 5000 мың жыл бұрын тұрғызылған деген 
дерек бар. Сол кезде осы аймақтың императорлары өздерін «көктен темір айдаһар мініп түскен 
тіршілік иелерінің үрім-бүтағымыз» деп жүртқа айтып отырған. Онымен қоймай, олар «темір 
айдаһар мінгендер тағы да айналып соғады» деген де ойда болған. Ертеде түрғызылған бұл 
ғимараттар нені білдіреді? Жүздеген пирамиданың биіктігі 25-100 метр. Көлемі де сондай. Тек 
Цзя Линь өзенінің жағасындағы пирамида ғана ең үлкені болған. 
5. 
Оның үлкендігі жоғарыда айтылды. Оны қытайлықтар «¥лы Ақ пирамида» дейді. Бір 
қызығы, қытай пирамидалары Мексика мен Гватемаладағы пирамидалардың сыңары секілді, 
өте ұқсас. Сонда оларды да 

172 
 
 
салған «аспан ұлдары» ма екен? Рас, Қытай пирамидаларының қүпиясы Мысыр 
пирамидаларынан кем емес. Сыры әлі ашылған жоқ. Қытай өкіметі ол өлкені жабық аудан 
ретінде қарастырып отыр. Айтар уәжі: «ол жерде жер серігін ұшыратын әуежай бар. Сондықтан 
бөгде адамдардың ол алқапқа баруына болмайды» деседі. «Ол пирамидаларды қазып неге 
зерттемеске?» деген сауалға қытайлықтар «бұл болашақ ұрпақтын несібесі, солардың үлесіне 
қалдырдық» деп қысқа-нүсқа жауап береді. Heгe қазір емес, неге болашакта? Оның не құпиясы 
бар? 
13. «Ұлы Ақ пирамиданың» көлемі қандай? 
A.  Мексика пирамидаларымен бірдей 
B.  Керемет 
ғимарат 
Хеопстан 
екі 
есе 
кішкентай 
C.  Қытай пирамидаларынан екі есе үлкен 
D.  Гватемаладағы пирамидалардан кішкене 
E.  Ең үлкен Мысыр пирамидасынан екі есе 
үлкен 
15.Қытай пирамидалары ең бірінші рет 
қай уақытта суретке түсірілді? 
A.  1945 ж. қыста 
B.  I960 ж. көктемде 
C.  1945 ж. көктемде 
D.  1945ж. жазда 
E.  1994 ж. наурызда 
17.Қытай  пирамидалары  туралы  ежелгі 
болжамдар 
нешінші 
азатжолда 
айтылған? 
A.  Төртінші 
B.  Бесінші 
C.  Үшінші 
D.  Бірінші 
19.Қытай пирамидалары туралы ең көп 
мәлімет жинаған кім? 
A.  Американдық әскери үшқыш 
B.  Қытайлық ғалым 
C.  Австриялық саяхатшы 
D.  Жаңазеландиялық ұшқыш 
E.  Австралиялық саудагерлер 
14.Қытай аңызына қатысты мәлімет 
берілген азатжол 
A.  Үшінші 
B.  Төртінші 
C.  Бесінші 
D.  Екінші 
E.  Бірінші 
 
16.Брюс  Кати  пирамидаларды  қалай 
зерттеді? 
A.  Алыстан байқау арқылы 
B.  Бейнетаспаға жазу арқылы 
C.  Суретке түсіру арқылы 
D.  Өз көзімен көру арқылы 
E.  Жазбаларды зерттеу арқылы 
E. Екінші 
18. 
Мәтінге лайықты атау 
A.  Қытай аңызы 
B.  Хеопс пирамидасы 
C.  Пирамида зерттеушілері 
D.  Мысыр пирамидалары 
E.  Қытай пирамидалары 
20.Хеопстен  екі  есе  үлкен  пирамида 
көлемі 
A.  Биіктігі - 300, ені - 550 
B.  Биіктігі - 300, ені - 400 
C.  Биіктігі - 100, ені -25 
D.  Биікгігі -148, ені – 500 
E.  Биікгігі - 300, ені - 500 
 
1196 нұсқа 
1-мәтін 
Осы күнгі кұстардың ең ірісі және ең жүйрігі - түйеқұс. Оның биіктігі екі жарым метр, салмағы 
отыз  алты  килограмға  дейін  жетеді.  Мойны  мен  басы  мамықсыз  болады.  Аяғы  екі  саусақты, 
канаты  нашар  жетілген.  Қоразының  түсі  қара,  оның  қанат,  күйрық  кауырсындары  ақшыл. 
Мекиенінің түсі қоңыр болын келеді. 
Түйеқұстар топтанын жүреді, олар құмды даланы мекендейді. Түйеқұстар өсімдіктің ұрығын, 
жемісін, ұсақжәндіктерді жейді. 
Түйеқұстың  жүйріктігі  сонша,  ол  ит,  түлкі,  қояндардан  озып  кетеді.  Оның  бір  айлық 
балапанының өзі сағатына елу километр жылдамдықпен жүгіреді. 
Түйеқұстың етін жейді. Ал қанат, қауырсындары әсемдікке пайдаланылады. 
 
1. 
Түйеқұстың 
басқа 
құстардан 
ерекшелігі 
A.  Қауырсындары ақшыл 
B.  Мамығы пайдалы 
C.  Еті пайдалы 
D.  Ең жүирігі 
E.  Түсі қара 
2. 
Түйеқұс қандай жерді мекендейді? 
A.  Құмды даланы 
B.  Орманды алқапты 
C.  Егінді даланы 
D.  Өзен жағасын 
E.  Тоғай ішін 
 
Бір кездері аттарын ғана анда-санда бір еститін көптеген жемістер бул уақытта көше-кешеде, 
тіпті аяк асты дейтіндей жерлерде де  сатылатын болды. Сондай көп сатылатын жемістің бірі 
банан екенін көріп жүрміз. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жемістің де пайдалы шипалық 

173 
 
 
қасиеттері көп керінеді. Ол әсіресе сусамыр (қант диабеті) ауруына шалдыққандарға өте 
пайдалы делінеді. Мұндайда піскен жемістің өзімен бірге піспегендері де, банан қабығының 
қайнатылған тұнбасы да шипалы болып шығады. Атеросклероз, гипертония ауруларына, 
бауыр мен бұйректің бірқатар ауруларына бұл жемістің шипалық әсері болатыны анықталды. 
Бананда A, В, РР және Е дәрумендері мол болғандықған оның бас ауруларына, терінің күпсуіне 
қарсы шипасы бар, көздің көру қасиетіне игі ықпалы мол, қандағы холестерин мөлшерін 
азайтады, қалқанша бездің қызметін дұрыстайды. Бананның жаңа піскен мәуесі ана сутін 
молайтумен қоса, ағзаның қартаю процесін баяулатады. 
3. 
Бананың адам ағзасына әеері, 
A.  Кездің керу қасиетін баяулатады 
B.  Қартаю процесін тежейді 
C.  Холестерин мелшерін арттырады 
D.  Қартаю процесін ұлғайтады 
E.  Қанды қоюлатады 
 
5.Банан қандай ауруларға пайдалы? 
A.  Талма дерті 
B.  Жүрек ауруы 
C.  Қант диабеті 
D.  Жүйке ауруы 
E.  Остеохондроз 
4.Мәтінге қай тұжырым сай келеді? 
1.Бананың емдік касиеті көп. 
2.Бананды жегеннен ана сүті молаяды. 
A.  Біріншісі бұрыс 
B.  Екеуі де бұрыс 
C.  Екіншісі дұрыс 
D.  Екеуі де дрыс 
E.  Біріншісі дұрыс 
6. 
Мәтіннің тақырыбы қандай? 
A.  Көп жемістердің пайдасы 
B.  Дәрумендердің тарихы 
C.  Жемістердің зияны 
D.  Шипагерлік қасиеттер 
E.  Бананның қасиеті 
 
Ертеде  патшаның  екі  қызы  болыпты.  Патша  екі  қызын  да  жақсы  көріп,  колынан  келгенше 
оларды  ештеңеден  қақпай,  қалағандарын  жасап,  айтқандарын  екі  етпеуге  тырысады  екен. 
Дегенмен  де  өсе  келе  үлкен  қызының  мінезі  өзгере  бастапты.  Ол  үнемі  мұңайып,  бақытсыз 
кейіпте жүретін болыпы. 
Бір  күні  білімді  бір  адам  патшаға  қонаққа  келіпті.  Патшаның  қайғылы  түрін  көріп,  себебін 
сұрапты. Патша: «Е-е-е... сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді» - дейді. 
«Патшам,  рұқсат  етсең,  сарайыңызға  қонақ  болайын.  Мүмкін  қызыңыздың  қайғысының 
себебін табармын», - дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етті. 
Сол  күннен  бастап  саяхатшы  екі  қызды  патша  рұқсатымен  жасырын  аңди  бастапты.  Қараса, 
екеуі түнде жатар алдыңда жастықтарының астынан бір дәптер шығарын, бір нәрселер жазып, 
таңертең  жазғандарын  оқып,  орындарынан  тұрады  екен.  Саяхатшы  бір  күні  қыздар 
ұйықтағаннан  кейін  дәптерлерін  алып  оқыса,  кіші  қыз  өзіне  жасалған  жақсылықтарды,  ал 
үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты. 
Ертеңінде  саяхатшы  кіші  қыздан  рұқсат  алын,  оның  дәптерін  үлкен  қыздың  жастығының 
астына қойды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. 
Сарайдағылар  екеуіне  де  бірдей  қарағандықтан  ол  дәптерде  жазылғандарды  жатырқамапты. 
Өзіне  жасалған  жақсылықтар  есіне  түсісімен  жүзі  жадырап,  қуанғаннан  ән  сала  бастапты. 
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті, Бірден саяхатшыны 
шақырып,  бұны  қалай  жүзеге  асырғанын  сұрапты.  Саяхатшы:  «Патшам,  өмір  айна  сияқты. 
Оның  жақсы  жақтарын  ойласақ,  бізге  әдемі  көрінер.  Сіздің  ұлкен  қызыңыз  өмірінің  жаман 
жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», - деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, 
оған  енді  дәптеріне  тек  жақсылықтарды  ғана  жазуға  кеңес  беріпті.  Сол  күннен  бастап, 
патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті. 
7. 
Саяхатшы 
неліктен 
қыздардың 
күнделігін жасырын оқыды? 
A.  Патшалықтың құпиясын ашу үшін 
B.  Қыздардың ақылдылығын білу үшін 
C.  Кіші қыздың науқасын білу үшін 
D.  Қыздардың сырын ашу үшін 
E.  Қыздар тәрбиесімен айналысу үшін 
8. 
Мәтіндегі негізгі ой кімнің сөзі арқылы 
беріледі? 
A.  Қызметкерлердің 
B.  Кіші қыздың 
C.  Патшаның 
D.  Үлкен қыздың 
E.  Саяхатшының 
9. 
Патшаның үлкен қызының дертке шалдығуының себепшісі 
A.  Өзі 
B.  Сарай қызметшілері 
C.  Әкесі 
D.  Сіңлісі 
E.  Саяхатшы 
 
10. 
Қай даналық ой (тағылым сөз) мәтіннің түйінін ашады? 
A.  Қаруың - білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің ақылың болсын. 

174 
 
 
B.  Тәрбиеліден - тәлім, ғалымнан - ғибрат, өнерліден - өнеге ал. 
C.  Шапағатты ойға беріл, шапағатты сөзге беріл, шапағатты іске беріл. , 
D.  Ізгіліктен басқа таусылмайтын, бұзылмайтын байлық жоқ, 
E.  Құрметті адам болғың келсе - коптің сөзін сөйле, халық жағында бол. 
 
11. 
Кіші қыз неге бақытты еді? 
A.  Әкесі қатты еркелетеді 
B.  Ақылдылығына сенімді 
C.  Өзіне жасалған игі істерді ойлайды, 
D.  Патша бетінен қақпайды 
E.  Өзінің коркіне көзі тояды 
12. 
Мәтіннің стилі қандай? 
A.  Публицистикалық стиль 
B.  Ресми іс-кағаздар стилі 
C.  Көркем әдебиет стилі 
D.  Ауызекі сөйлеу стилі 
E.  Ғылыми  стиль 
 
1. 
Тау  іші.  Иен  жайлау,  ұшқан  құс,  жүгірген  аңнан  өзге  тіршілік  белгісі  білінбейді.  Жаз 
жәрмеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз қонақтаған. Аспан да, жер де сұп-сұр. Жапырақтар 
сарғайып,  өсімдік  атаулы  күзгі  ызғырық  желге  елбеңдей  бас  ұрып,  тәубеге  келген  сопыдай 
күбірлейді. Тек қия жартастарды жарып шыққан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар 
басып тік ұстап, көкке шаншыла қарап тұр. Сай-саладан құлай ағып жатқан көк қасқа бұлақтар 
жаздағыдай шу салып, асып-таспай, салқын сабырмен жуасып қана сырғиды, 
2. 
Малшы ауылдар бұл өңірден әлдеқашан арылып, етекке түсіп кеткен. Тегіс-тепсең жерлерде, 
бұлақ бойларында жараның орнындай болып киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді. 
3. 
Кеш  батысымен  йен  жұртқа  аш  қасқырлар  келіп,  емін-еркін  тіміскелейді.  Көш  жолдарына, 
айдалған  мал  ізіне  түсіп,  тұмсықтарын  көтеріп,  ұзақ-ұзақ  қарап  тұрады.  Сүйек  қажалап,  тері- 
терсек,  жүн-жұрқаны  жұлмалайды.  Бұтаның  арасында  қалып  қойған  тоқты-торымды  іздеп 
сандалады. Жердегі жемтіктес досына қарайлап, көкте құзғын айналады... 
4. 
Жаздың  шіліңгір  ыстығында  басынан  бұлт  кетпейтін  Етікші  шыңы  бұл  күнде  бозғылт 
мұнарға  оранған.  Бұл  -  Тарбағатай  сілемдерінің  бір-бірімен  ұшарласа  келіп,  қүрт  көтерілген 
тұсы. Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады. 
5. 
Арғы  бетке  өтетін  жолаушы  қиын  да  болса,  көбінше,  осы  шыңның  желкесімен  асатын. 
Өйткені, өркеш-өркеш тауларға, терең құздар мен тентек өзендерге соқпай өтетін ең төте жол 
осы. Биік жалдың басында жыртқыш аңдар да аз жүреді. Етікшінің жотасына шықсаң, таудың 
күнгейі мен теріскейі табаныңның астында жатады. 
6. 
Жолға шыққанына тертінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының 
бір оқшау биігіне көтерілді. Бар салмағын таяғына салып, тізесі дірілдеп зорға жылжып келеді. 
Кеудесі  сырылдап,  өкпесі  аузына  тығылып,  әлсін-әлі  тоқтап  дем  алады.  Бірақ  алдында 
көлденең  сұлап  жатып  алған  қырсық  асудың  төбесіне  бір  шықсам-ау  деген  арманы 
қолтығынан демеп, өрге қарай өшіге, өршелене қайта ұмтылады. 
7. 
.Күн  тас  төбеге  көтеріліп,  ес  кетіп,  жан  шыққанда  асудың  ұшар  басына  да   жетті-ау.    
Қыр  жалдың  үстіне  шыға  келгенде,  гуілдеп  соққан  қара  боран  жолаушыны  ұшырып  әкете 
жаздады.  Таяғына  сүйеніп,    төрт    тағандап    әзер    қалды.    Күні    бойы    жеткізбей,    діңкесін 
құртқан шыңға ерегісті ме, болмаса «мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме, әйтеуір 
осы  арада  біраз  аялдағысы  келді.  Аппақ  шоқша  сақалы  желге  желпілдеп,  сығырайған  кәрі 
көзімен айналаны шолып, қарт жалдын басында бірталай тұрып қалды. 
8. 
Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Терлеп, жіпсіп келе жатыр еді, 
тұла  бойын  суық  қармап  сірестіре  бастады.  Ол  шырқау  биіктен  жан-жағына  соңғы  рет  көз 
тастады да, ілгері жүріп кетті. 
9. 
Бір  тәуірі,  ендігі  беталысы  төмен,  еңіс  екен.  Ылдиға  қарай  құлдырап,  тез  төмендеді.  Көк 
жалап,  жылтырланып  алған  сірі  шоқайы  киіздей  ұйысып  жатып  қалған  бетегеден  тайғанап, 
тоқтамаған соң, жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады. 
10. 
Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн 
жылынайын  деді.  Титығы  құрып,  әбден  қалжыраған  қарттың  бұдан  әрі  жүруге  халі  келмей, 
тәлтіректеп  барды  да,  шоқ  қайыңның  түбіне  қисая  кетті.  Арқасындағы  қоржынын  басына 
жастап,  бір  сәт  сұлық  жатты.  «Әйтеуір,  қиын  асудан  өттім  ғой,  -  деді  талмаусырап  жатып,  - 
жолдың көбі кетіп, азы қалды». 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет