I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет30/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


16. 
Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз. 
1.Еңіреген жігіт 
2.Көңілі түскен топ 
3.Оңай олжа 
4.Сенімін жоғалтпаған жан 
A. 1.3.4.2 
B.  2.4.1.3 
C.  3.4.2.1. 
D.  3.1.2.4. 
E.  3.4.1.2. 
18.Мәтін бойынша өмірде жақсылықтың 
бар 
екеніне 
сенімін 
жоғалтпаған 
кейіпкер кім? 
A.  Олжалы болған пенде 
B.  Театр ақтері 
C.  Киімі жұпыны жігіт 
D.  Уәделескен жан 
E.  Жиналған қауым 
 
17. 
Мәтіннің қорытынды бөліміндегі жігіт 
сөзінің түйіні. 
A.  Адам болмысы - ізгілік пен адалдық. 
B.  Ала жіпті аттамағанның абыройы биік. 
C.  Көңіл - қазы, көз - таразы. 
D.  Байлыққа қол жеткізу - әркімнің арманы. 
E.  Ақкөңілден 
арамдық 
шықпас,Арамдық 
шықса да, жамандық шықпас. 
 
19. 
Оңай  олжаға  кенелген  жігіт  пен 
уәделескен жігітті не байланыстырады? 
A.  Әлеуметтік жағдайлары 
B.  Кеңпейілдіктері 
C.  Отбасылық жағдайлары 
D.  Жүрек адалдығы 
E.  Кедейліктері 
20. 
Қызық көрмек болған тобырдың еңсесінің түсуіне ңе себеп болды? 
A.  Серттескен адамның жеңілуі. 
B. Әмиянның қайтарылуы 
C.  Әмиянын жоғалтқан адамның сөзі. 
D. Әмиянның жоғалуы. 
E. Серттескен адамның күлкіге қалуы. 
 
1247 нұсқа 
1-мәтін 
Тау  басына  қар түсіпті. Тау  басынан  аса алмаған  жырым-жырым ақша бұлттың  бауырын өрт 
шалғандай, аспандағы жалынның алауы нарттай қызыл перде боп әр үйдің әйнегінде жүр. 
Қарағайлы алқаптың жықпыл-жықпылында қара киімге жапсырған ақ жамаудай іркіліп тұман 
жатыр. Апта бойы толастамаған нөсер тайганы да есеңгіретіп тастапты: тым бұйығы, самалы 
таусылып  сызы  ғана  қалғандай,  бұрынғысынан  да  аспандап,  керме  иық  мінез  көрсетеді.  Көк 
жүзіне сіңбей, кемер-кемерге іркіліп қалған ақша бүлтардың сүт реңі мұздай суық, шытынаған 
көк  шағыр  аспан  ызғар  ескендей.  Еркімен  өріп,  өз  аяғымен  қайтатын  мал  да  бақайының 
сықырын байқатпай бүрісіп, ауылға ұрланып кіріп жатыр. 
1. 
Мәтін  мазмұнында  сөз  болмайтын 
табиғат сипаты 
A.  Мөлдіреген таңғы шық 
B.  Көк шағыр аспан 
C.  Толастамаған несер 
D.  Қарағайлы алқап 
E.  Тау басы 
2. 
Мәтінде қай жыл мезгілі суреттелген? 
A.  Жаз 
B.  Күз 
C.  Көктем 
D.  Жазғытұрым 
E.  Қыс 

188 
 
 
1. 
Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке - отбасы мүшелерінің тірегі, 
асыраушысы,  қамқоршысы.  Ата-бабаларымыз  балалар  тәрбиесіне  үлкен  мән  берген.  Әкенің 
мінез-құлқы, өзгелермен қарым- қатынасы, өнері, білімі -ұя баланың көз алдындағы үлгі-өнеге 
алатын  нысаны.  Қазақта  біреудің  баласы  жақсы,  өнегелі  азамат  болса:  «Оның  әкесі  немесе 
атасы жақсы кІсі еді, онегелі жерден шыққан ғой»,-деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап 
ұл  өседі,  шешеге  қарап  қыз  өседі»,  «Әке  -  бәйтерек,  бала  -  жапырақ»,  «Ата  -  балаға  сыншы» 
деген мақалдар осыны растайды. 
2. 
Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне 
бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінез- 
құлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы  болған. Осындай үлттық 
тәрбие арқылы  отбасында  жақсы  тәлім-тәрбие  алған  азамат  ертеңгі кезде  ұлттың  тағдырын 
ойлайтыны анық. 
3. 
Қазақ  халқы  бала  тәрбиесіне,  оның  ішіңде  қыз  баланың  тәрбиесіне  ерекше  мән  бергені 
баршамызға  мәлім.  Кез  келген  ата-ана  қызының  ертең  барған  жерінде  тастай  батып,  судай 
сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. 
4. 
Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені 
дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады. 
3. 
Бірінші азатжолдағы негізгі ой 
A.  Отбасында қыз баланы ерекше құрметтеген. 
B.  Отбасы мүшелері тең қарым-қатынаста болады. 
C.  Отбасында ананың орны жоғары. 
D.  Отбасында ұл баланың тәрбиесінде әкенің орны. 
E.  Отбасында балаға барлық жағдай жасалады. 
4. 
Мәтін бойынша қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты 
A.  Өскенде ата-анасын асырауға жәрдемдесуі 
B.  Қатарынан қалмауы 
C.  Болашақта жақсы келін, аяулы ана атануы 
D.  Қатарының алды, өжет болуы 
E.  Басқа үйдің ұл-қыздарына үлгі болуы 
5. 
Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс? 
1. 
Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағының жағдайына әсер етеді. 
2. 
Қазақта өрескел мінсіз-кұлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. 
3.Ұлттық тәрбие - отбасылық құндылықтардың бастауы. 
A.  Екінші 
B.  Үшеуі де 
C. Тек үшіншісі 
D.  Бірінші мен үшіншісі 
E. Бірінші 
6.Қыз бала тәрбиесіне қатысты пікір қай бөлімде сөз болады? 
A.  БІрінші 
B.  Төртінші 
C. Екінші 
D.  Үшінші 
E. Бірінші және екінші 
 
1.Аяқ  астынан  есіктің  алдында  жатқан,  талай  жылдан  бері  керегіме  жарап  жүрген  балтам 
жоғалды.  Ары  іздедім,  бері  іздедім  -  жоқ.  Қора-  қопсының  ішін  аударып-төңкеріп,  астан- 
ксстеңін  шығара  қарадым.  Жоқ.  «Өз-езіңе  мығым  бол,  көршіңді  ұры  тұтпа»  деген  нақылды 
ұлық тұтқан қазақеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде. 
Досхан  деген  қызметтес  дизайнер  жігіт  қайным  болып  келеді.  Ол  жұмысқа  осы  балта 
жоғалатын  күні  алғаш  рет  «шайтан  арбамен»  келген  болатын.  Әрі  ол  үйінде  қызу  құрлыс 
жұмысын бастап жатыр. Күдігім соған ауғандай. 
II.Тағы да бір күн өтті. Аяқ астынан жиенім келе қалсын. 
Аға,  өткен  жолы  тойға  шақыру  таратып  жүріп  көлігіммен  үйіңізге  соқсам,  есіктеріңіз 
құлыптаулы.  Ары  отырып,  бері  отырып,  сіздер  келе  қоймаған  соң,  көршілеріңізге  қалдырып 
кетіп едім. Әйтеуір аманат қой, соны алған-алмағаныңызды білейін деп келіп едім, - дейді. 
-Ауыл қалай, ағайындар аман ба? - деп хал сурасып жатырмыз. 
-Иә, аға, бәрі жақсы, сол жолы құрылысқа кажетті заттар алып кеткен едім. Соның біразын осы 
жолы түгендеп әкетіп барамын, - деді. 
Ойыма әлгі қу балтам caп ете түссін. Жиенімнің жүзіне қарасам, қыбыжықтап төмен 
қарағандай болды. Көзін көзіме тура қарамай алып қаша береді. 
II.Балта  табылғанша  қанша  адамды  ұры  етерімді  кІм  білсін.  Сенбі  күні  кешкілік  үйді 
жинастырып  жүрген  қызым:  -  Көке,  іздеп  жүрген  балтаңыз  мынау  ма?  -  деп  құж  желке 
балтамды  аяқ  киім  қоятын  сөренің  астынан  шығарын  тұр.  «Сен  алдың!»  демесем  де,  ішкі 
ойыммен ұры түтқан маңайымдағылардан ұят болды. Енді балтам табылған соң, Досханға да, 
Құрақка да, жиеніме де қараймын, олардың түрлерінен ешқандай ұрлық жасаған 

189 
 
 
«қылмыскердің»  белгісін  таба  алмадым.  Балта  табылған  соң,  әлгі  күдік-күмәндар  күл  болып 
ұшып  кеткендей.  Досханың  баяғы  сол  жымия  күліп  жүргені,  Құрақтың  сол  еқбекқорлығы, 
жиенімнің жібектей ұяндығы, басқа ештеңе жоқ. 
IV.Өзгені  өзгеге  танытуға,  ғайбаттауға,  нақақтан  жала  жабуға,  қара  күйе  жаға  салуға 
құмарақпыз,  ал  енді  өзге  түгілі  өзімізді  өзіміз  осы  күнге  дейін  танымай  келгенімізге 
қайранмын,  Үш  күн  тығылып  жатып,  өзімді  өзіме  танытқан  «алтын  сапты»  балтама  қарай 
бердім. 
7. 
Жиенінің қандай әрекеті «балтаны осы ұрлады» деген сенімін нығайта түсті? 
A.  Әңгіме кезінде жиенінің ұялып, темен қарай бергені 
B.  Жиенінің шақыру билеттерін таратуы 
C.  Жиенінін қолының шеберлігі. 
D.  Оның үй иесінің жоғында келіп-кеткені 
E.  Жиенінің аяқ астынан келуі 
8. 
Қандай жауап мәтіннің негізгі түйіні бола алады? 
A.  Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды. 
B.  Ала жіпті аттамағанның абыройы артық. 
C.  Ат жүйрігін түлкі сүймес. 
D.  Досыңның қимасына көз салма. 
E.  Өзін танымаған өзгені танып жарытпас. 
9.III бөлімнен автордың қандай адам екені көрініп тұр? 
A.  Түк болмағандай өмір сүре беретін 
B.  Өзінің кемшілігін түсіне алатын 
C.  Нәрсенің байыбына бармай жатып әрекет жасайтын 
D.  Өзінің іс-әрекетіне сенімді 
E.  Өзінің кемшіліктерін мойындамайтын 
10. 
Қорытынды бөлімдегі автордың айтқысы келген ойы 
A.  Барлық адамды танып-білу мүмкін емес. 
B.  Балтасының табылғандығына куанышын. 
C.  Дәлелсіз айып таққандарды кешіре білу керек
D.  Алдымен адам өзін-өзі танып білуі керек. 
E.  Адамды танып-білмей, шешім қабылдаудың сөкеттігі жоқ. 
11. 
Мәтін қандай стильде жазылған? 
A.  Публицистикалық 
B.  Ресми ісқағаз 
C.  Көркем әдебиет 
D.  Ауызекі сөйлеу 
E.  Ғылыми 
12.1  бөлімде  автор  алдымен  кімнен 
сезіктенді? 
A.  Отбасы мүшелерінен 
B.  Құрақтан 
C.  Өзінен 
D.  Жиенінен 
E.  Қызметтесінен 
 
1.  Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген 
малдарын Ай тұяқты тұлпарым, Ай мұйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды. 
2.  Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сүлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырак 
болып мақтанып, Күн оны қызғаньт Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын 
осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын немесе 
кемігенін ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге жақындап барғанда Ай «қорғалап» бетін жасырады, 
ал қашықтағанда Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді. Ай түрінің 
өзгеру құбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді. 
3.  «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы қазақ ортасында 
елеулі оқиға болып келді. Жана туған Айды көргенде шаруа адамның көңіліне әр түрлі ой 
келеді, шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ 
арасында егер Ай тігінен туса, ауа райы шаруаға жайлы, жылы болады. Ал, Ай шалқасынан 
жатса, ай суық, жайсыз болып өтеді. Мұны «Айдың өзіне жайлы. халыққа жайсыз болатаны» 
дейдІ. 
4.  Қазақ тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн қараңғысын 
жамылып қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен ұзақ түн қату да 
қиын тиеді. Аталарымыздың ай қараңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске 
алсақ, неліктен айды қастерлегендігін жақсы түсінеміз. «Қараңғыалғыр» деген сез тегін 
шықпаған. Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: - Ай шалқасынан туыпты, бұл мен 
бата қылмайтын Ай екен, депті. Жұрттың бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми тұрғыдан 

190 
 
 
келгенде мынадай қортынды шығарамыз. Жаңа туған Айдың қалпына қарай жұрттың ауа 
райы өзгереді дегені бос сөз емес, 
5.  Анығында да, жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай 
«шалқасынан жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары 
тұрады, Ай жолы да оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала 
жарық береді де, бізге Ай шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының 
орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл кызық іліктестік Күн мен Айдың аспандағы 
жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты. 
6.  Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай 
бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен. 
7.  Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатын-ды. 
Ес білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, керуенші, аңшы, қарақшы бәрі 
де Айды бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен 
ұрлық қылғанда ай жарық болды»; «Ай қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе? 
Осыдан 350 жылдай бұрын Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан кұралымен Ай бетінен тауларды 
көрдім, деп жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді. 
8 Өмір бақи меңіреу жатқан кең дұниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы 
тұңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет 
болып табылмақ. 
13. 
Ай бетіндегі дақтар 
A.  Төбешіктері 
B.  Қыраттары 
C. Күнгей жерлері 
D.  Тегістеу жерлері 
E. Ойпаттау жерлері 
14. 
Қазақ халқының «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілеуінің себебі 
A.  Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген ниет 
B.  Жаңа айдың жарығы мол болсын деген тілек 
C.  Ескі ай мен жаңа айды салыстыру 
D.  Күн жылы болады деген сенім 
E.  Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым 
15. 
«Ай тұяқты тұлпарым, Aй мүйізді ақ серкем» деп мадақтау төрт түліктің қайсысына 
қатысты айтылған? 
A.  Жылқы мен қойға 
B.  Жылқы мен сиырға 
C. Жылқы мен ешкіге 
D.  Түйе мен қойға 
E. Қозы мен ешкіге 
16. 
Тұжырымдардың дұрысын табыңыз: 
1.Кеш туған не кеміген айды халық «Ай қорғалады» дейді. 
2.Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді. 
3.Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді. 
A.  ЕкІнші мен үшіншісі 
B.  Екіншісі 
C. Үшіншісі 
D.  Үшеуі де 
E. Бірінші мен үшіншісі 
17. 
Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азатжолымен сәйкестендіріңіз 
A.  Бура мен құмырсқа 
B. Жылқы мен кұлын 
C.   Өгіз бен бұзау 
D. Түлпар мен серке 
E. Қой мен ешкі 
18. 
Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: «Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата 
қылмайтын Ай екен» деуінің сыры 
A.  Айға бата беру - надандық 
B.  Толған айға қатысты беріледі 
C.  Айдың өзіне ғана қолайлы болғандығы 
D.  Ырым, наным-сенімге байланысты 
E.  Айға батаны жас адамдар ғана береді 
 
19. 
Аңыз  бойынша  Ай  өзінің  қандай 
мінезінің кесірінен жапа шегеді? 
A.  Мақтаншақтығынан 
B.  Ұялшақтығынан 
C.  Қарапайымдылығынан 
D.  Қызғаншақтығынан 
E.  Көреалмаушылығынан 
20. 
Айдың  тууына  байланысты  халық 
әрекеті. 
A.  Жыл мезгілінің ауысуын болжаған 
B.  Жаздың 
жаңбырлы 
болатынын 
болжаған 
C.  Ауа райын болжаған 
D.  Болашағын болжаған 
E.  Құстардың қайтуын болжаған 

191 
 
 
1412 нұсқа 
1-мәтін 
Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің ішінде бата беру ерекше орын алады. Халықтың тілек- 
бата  сөздері  жас  ұрпақты  әдепті,  сабырлы,  зерделі,  арлы  болып  өсуге  баулиды.  Дәулетті, 
бақытты,  кешірімді  болуын  тілейді.  Тілек-бата  сөздер  халықтың  өзімен  бірге  жасасып  келе 
жаткан  ежслгі  мұрасы.  Бұлар  -  оның  рухани  өмірінде  тұтастығын,  бірлігін,  салт-дәстүрін, 
адамгершілік өсиеттерін сақтауға ерекше қызмет атқарады. 
Болашақтың иесі - ұрпағына амандық, парасаттылық, өнер-білім, құт- береке, ұзақ өмір, үлкен 
табыс тілеу - ежелден азаматтың асыл мұраты болса керек. 
1. 
Екінші азатжолдың бірінші азатжолға 
қатысы қандай? 
A.  Ойды сипаттайды 
B.  Ойды салыстырады 
C.  Ойды қорытындылайды 
D.  Ойды суреттейді 
E.  Ойды дамытады 
2. 
Мәтінге сәйкес мақал-мәтел 
A.  Халық каласа, хан тағынан түседі. 
B.  Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер 
көгерер. 
C.  БІрлік болмай, тірлік болмас. 
D.  Көп - корқытады, терең - баттырады. 
E.  Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 
 
 
Ерте  көктем  шығысымен-ақ  әкем  қыс  бойы  көміліп  жатқан  жүзім  бұтақтарын  ашып,  оны 
ағаштан  иіп  жасалған  арнайы  белдеулерге  асып  қоятын.  Бұл  өте  күрделі,  нәзік  жұмыс. 
Қысымен жер астында жатқан жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай- 
бармақтай бұртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды. Әкем топырақ 
астында көзге көрінбей жатқан адам саусақтары секілді жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай 
жатқанын алақанымен сипалап білетін. Сол себепті көктемдегі жүзім ашу ісіне өзінен басқа тірі 
пендені  жолатпайтын.  Мұндайда  әкем  жүзімнің  әр  бұтағын  қолымен  сипалап,  «Ә,  оянып 
қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой», - деп өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп жүретін. 
Әкем  үш  гектардай  жерді  алып  жатқан  жеміс  бағындағы  алма,  өрік,  шабдалы,  тағы  басқа 
мыңдаған  түп  ағаштардың  әрбіреуінің  кай  жерде,  қалай  тұрғанын,  неше  жаста  екенін,  өткен 
жылы неше бұтағы кесілгенІн, қанша жеміс бергенін, биыл кайсысына күтім кажеттігін жатқа 
білетін. Сол себепті ол бақты аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның 
артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен жапырақтарына дәрі сеуІп жүретін. 
3. 
Мәтінді жазудағы автордыц басты ойы 
A.  Жеміс бағының пайдасы туралы айту 
B.  Әкесі туралы естелік 
C.  Жеміс ағаштарының түрлерін 
жарнамалау 
D.  Жеміс бағының күтімі бойынша кеңес 
E.  Жүзім түрлерін жарнамалау 
4. 
Автордың бағбанға қатысы қандай? 
A.  Немересі 
B.  Інісы 
C.  Баласы 
D.  Ағасы 
E.  Шөбересі 
 
5. 
Бұл кімге/неге айтылған сөз? 
«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық 
дүниеге шыға ғой», 
A.  Алмаға 
B.  Өрікке 
C.  Балаға 
D.  Әкеге 
E.  Жүзімге 
6. 
Мәтінде не туралы айтылған? 
1. бақты күту шеберлігі 
2.Бау-бақшаны баптау сыры 
3.Бақтағы жемістердің өнімінің көптігі. 
A.  Екіншісі мен үшіншісі дұрыс 
B.  Барлығы бұрыс 
C.  Біріншісі мен үшіншісі дұрыс 
D.  Біріншісі мен екіншісі дұрыс 
E.  Барлығы дұрыс 
 
Баяғыда өз империясын гүлдендірген, жарқын жеңістерімен тарихта өшпес із қалдырған, өте 
батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болыпты. Ол бала кезінде тым 
ерке болса керек. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазын шаршатып жіберетін. ¥рысқан жағдайда: 
«Мен патшаның баласымын, маған ештеңе істей алмайсың»,- деп қорқытатын. ¥стаз патшаға 
шағымдану әдепсіздік болар деп бІраз уақыт сабыр сақтап жүреді. Алайда еркелігі тым шектен 
шыға бастағанда, амалсыз әкесінің алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды 
айтқанында, ол ұстаздың құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз патша сөзіне 
таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да, патша осы жоспарды орындау 
керектігіне сендіреді. 

192 
 
 
Ертеңіне кІшкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да 
әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келеді. ¥стаз ашуланып патшаға ұрсып 
береді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып рұқсат сұрап кіру керектігІн 
айтып қуып шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл 
жағдайды бақылап отырған ханзаданың тілі тұтылып не айтарын білмей абдырап қалады. 
Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс естіген еді. Көздері алақ-жұлақ етіп отырғанында, есік 
қағылып патша кешірім өтініп, рұксат сұрап ішке кіредІ. 
Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап ханзада еркелігін доғарып, 
ұстазының айтқанын екі етпейтін болыпты. 
7. 
ұстаз бен патшаның мақсаты не еді? 
A.  Патша бұйрығын бәрінің орындау керектігін ұғындыру 
B.  Балаға әкесін сыйлау керектігін түсіндіру 
C.  Балаға барлық адамдарға тәртіп бірдей екендігін ұғындыру 
D.  Балаға патшаның ұстаздан қорықпайтындығын көрсету 
E.  Ұстаздың патшаны ерекше құрмет тұғатындығын дәлелдеу 
8. 
Патшаның құлағына сыбырлай айтқан сөзіне ұстаздың таңғалу себебі 
A.  Патша ұсынысын ақымақтық деп санады 
B.  Патша ұсынысы қатал көрінді 
C.  Патша ұсынысы әділетсіз көрінді 
D.  Патша ұсынысы оғаш көрінді 
E.  Патша үсынысынан қорқып кетті 
9. 
Мәтіннің стилі қандай? 
A.  Ауызекі сөйлеу стилі 
B.  Публицистикалық стиль 
C.  Ресми іс-қағаздар стилі 
D.  Көркем әдебиет стилі 
E.  Ғылыми стиль 
 
11. Патша баласы қандай еді? 
A.  Ашуланшақ 
B.  Шолжаң 
C.  Айлакер 
D.  Сыпайы 
E.  Ақылсыз 
10.Мәтіндегі  негізгі  ойға  кай  мақал 
сәйкес келеді? 
A.  Ата - баланың қорғаны 
B.  БІлім - бріақ 
C.  Бала - бауыр етің 
D.  Әке балаға сыншы 
E.  Алып - анадан 
12. 
Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді? 
A.  Ұстазды патша да сыйлайтынын 
B.  Сабақты жақсы оқу керектігін 
C.  Ұстазы білімді екендігін 
D.  Ұстазының әкесінен қорқатыны 
E.  Әкесінің талап қойғыштығын 
 
1.  Төрт түлік малды  тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдімгі сүттен небір тамаша 
тағамның түрін жасай білген. Солардың бірқатарын атап өтуге болады: қымыз, шубат, айран, 
қатық,  қаймақ,  балқаймақ,  кілегей,  ақ  қаймақ, ақ  ірімшік, қызыл ірімшік,  сусыз сүт, сыпырма 
сүт, кұрғақ сүт, койыртпақ, іркіт, сарысу, тасқорық, шалап, сүт кеспе, сүт салма, уыз, сірне, құрт, 
торақ құрт, сықпа, сузбе т.б. Міне, бұлар жылқы мен түйенің, қой мен ешкінің, сиырдың сүтінен 
жасалған тағамдар. Осылардың ішінде таза көшпелі өмір салтының сұранымы дүниеге әкелген 
тағамнын  бірі  -  құрғақ  сүт....  От  қуалаған  малдың  тісіне  ерген  елдің  көші-қон  кезінде  төрт 
түліктің  аяғын  көштен  бұрын  қимылдататын  әдеті.  Ақар-шақар  елдің  «әуп»  деп  тұрып  кете 
коюы оңай емес, артынын-тартынын жүріп сауын малынан екі-үш күн кейіндеп калатын жайы 
жиі  болады.  Өмірдің  осы  бір  сұраным-мұқтажы  құрғақ  сүт  дайындауды  дүниеге  келтірген 
сияқты. 
2.  Сәрсенбінің  сәтіне  көшеміз  деген  хабар  тиісімен-ақ,  әр  шаңырақтың  ас-  суына  ие  отанасы 
қолы епсекті біреудің тілін таба жүріп, жаңадан сойылған қойдың терісін түгінен арылттырып 
алады.  Теріні  түгінен  айырудың  мұндайда  екі  тәсілі  қолданылады.  Бірі  -  и  салу  тәсілі.  Тек  иі 
өтіп кетпейтіндей, идің быршығн дәмі мен өткір иісі теріге сіңбейтіндей болуы керек. Екіншісі 
- теріні  жібітіп  отырып,  өткір  ұстарамен  түгін  қырып  тастайды.  Сонан  соң  түксіз  теріні  суға 
салып,  шуашы  мен  шайырынан  айырғанша  әбден  сапсын  жуады.  Ақжемделіп  май-сөлінен 
арылған тері шүберектей болып тазарған кезде, керегеге жая салады. 
3.  Келесі  күні  қой-ешкіні  қосақтап  жібереді  де,  мол  етіп  сүт  сауады.  Ол  сүтті  мүмкіндігінше 
үлкен  қазанға  толтыра  құйып,  әлгі  теріні  соған  салада  да,  астына  маздатып  от  жағады.  
Біраздан соң тері салған сүт шымырлал қайнай бастайды. Қайнаған сайын қойыла бастайды, 
Қайнаған сайын суттің бар маңызын тақыр тері бойына сіңіре береді. Бір мезгілдер болғанда, 
сүт  қойыртпақтанады.  Тері  болса  ағара  бөртіп,  әбден  ісінеді.  Содан  қоюланған  сүт  сарқыла 
таусылып, енді сарғайып күйеді-ау дегенде от үзіледі де, тері қазаннан алынады. Тері түнімен 
жел  қағып  тобарсып,  ертеңіне  күнімен  тұрса  кеуіп-ақ  қалады.  Келесі  күні  тағы  да  қой-ешкі 

193 
 
 
қосақталып,  дәу  қара  қазан  сүтке  толады.  Тағы  да  астына  жайнатып  от  жағып,  әлгі  сүт  сінді 
теріні  тағы  да  салады.  Осы  жағдай  үшінші  рет  қайталанады.  Сол  кезде  сүт  сіңген  терінің 
қалыңдығы бармақ елі болып, өн-бойына уыз сүттің маңызы тұтылады. Үшішпі peт жайылған 
тері  тобарсын  кебе  бастаған  кезде  қойыршықтап  орайды  да,  маңызы  үшып  кетпес  үшін 
қарынға немесе бүйенге сала салады. 
4.  Келесі күндері тең буылып, үй жығылып, таң құланиектенгенде моншақтай тізілген көш те 
қозғалады.  Бие  сауым  өтеді.,.  Ет  асым  өтеді...  Күн  иыққа  көтерілген  кезде  түйе  қомында 
тербеліп  келе  жатқан  балалардың  мандайын  күн  шалып,  таңдайы  кеберсіп,  қыңқылдай 
бастайды. Мұндайда езуінен мәйегі кетпеген ерке балаға қымыз береді, ішпейді... Айран береді, 
ішпейді... Қойыртпақ береді, іпшейді... Су береді, ішпейді. Оған керегі - тіл үйірген уыз сүт. 
Сонда балажан ана қарынның ауызын шешіп, сүт сіңген теріден алақандай ғана кеспі алады да, 
тостағанға  құйған  суға  тастап  жібереді.  Сол-ақ  екен  уыз  иісі  бұрқ  етіп  тәбет  шақырып, 
тостағандағы  су  жаңа  сауған  сүттей  болып  шыға  келеді.  Тек  қана  сүт  ішіп  үйренген  ұл  дем 
аямастан тостағанды басына бір-ақ көтереді. Сол кезде тостағанның түбінен бір жапырақ 
«бірдеңені» көреді де «бұл не?» дегендей анасына қарайды. Анасы болса, «жей ғой, боташым!» 
дейді.  Сары  атанды  бесік  еткен  ерке  ұл  бал  татыған  уыз  құйқаны  жайлауға  жеткенше  ермек 
етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет