I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет32/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


13. 
Мәтін мазмұнына қандай тақырып 
сәйкес келеді? 
A) Жас балалар 
B) Қараусыз қалған балалар 
C) Азық іздеген төртеу 
D) Мейірімсіз ана 
E) Саябақтағы оқиға 
 
14. 
Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне 
айналғандығы туралы көзқарас кімнің 
атынан айтылады? 
A) Демалушылардан естиді 
B) Өздері қатарлас балалар айтады 
C) Саябақтың күзетшісі айтады 
D) Қаңғыбас адамдар айтады 
E) Жергілікті тұрғындар айтады 
15. 
Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған? 
A) Қоғамдық ұйым басшыларына 
B) Әлеуметтік орталық өкілдеріне 
C) Мектеп мұғалімдеріне 
D) Балалардың әке-шешелеріне 
E) Үкімет басындағы азаматтарға 
16. 
«Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -тармағай 
жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем кішкентай 
қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз. 
A) Шарасыздығы 
B) Жиіркеніші 
C) Өкініші 
D) Жек көрушілігі 
E) Сенімділігі 

200 
 
 
17. 
Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз. 
A) Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті. 
B) Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған 
C) Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты 
D) Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? 
E) Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. 
18. 
Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз 
A) Күнкөріс 
B) Жолы болмаған балалар 
C) Тұрақты мекен 
D) Шынайы тілек 
E) Саябақ 
19. 
Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды? 
A) Балалардың кім екендігін анықтау үшін 
B) Балаларға қол ұшын беру үшін 
C) Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан 
D) Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен 
E) Балалардың әрекеттерін құптағандықтан 
20. 
«Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі 
жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді? 
A) Балалардың өміріне алаңдау 
B) Балаларға қол ұшын беру 
C) Балалардың тағдырын шешу 
D) Балаларға жақсы тілек айту 
E) Үкіметке үміт арту 
 
1418 нұсқа 
1-мәтін 
Замандардың  заманында  бір  күйші  ғұмыр  кешіпті.  Бала  жастап  өнер  қуып,  күй  қайырыпты. 
Өгіз  жайып  жүріп,  курайдан  сыбызғы  қиып,  уілдете  тартқанда,  өгіздер  күйсегенін  тоқтатып, 
құлақтары  салбырай  мүлгіп,  тыңдап  тұрады  екен.  Ормандағы  құс  қалғып,  батпақтағы  бақа 
тыншып қалса керек, Күйші бала кейде қыз-бозбалаға ілесіп, түнгі ойын-сауықка шығады екен. 
Түн тынық, жер-әлем бусана манаурайды. Қалжың-күлкі, ойын-сауық. Керемет! 
Сонда бала сыбызғысын ерніне апарып, баяу созылтып күй бастайды. Қыз біткен, жігіт біткен 
тегіс ұйып қалады. Қай-қайсысы болмасын, жүректеріне тәтті шырын құйылғандай, беймәлім 
бір күш кағып алып,  биікке,  шырқау биікке,  жұлдыздары жымыңдасқан ашық аспанға әкетіп 
бара жатқандай сезінуші еді. 
1.Мәтінге сәйкес нұсқа 
1. 
Күй құдыреті 
2.Шебер  күйші 
3.Тәтті күй
 
A.  Тек бірінші 
B.  Екінші мек үшінші 
C.  Бірінші мен үшінші 
D.  Үшеуі де 
E.  Тек екінші 
2. 
Күй ойнаған кезде қыз-бозбаланың
айналаның ерекше әсерге елту себебі.
 
A.  Күйшінің жастығына байланысты 
B.  Күй атауына байланысты 
C.  КүйшінІң аспабына байланысты 
D.  Көпті көрген жасына байланысты 
E.  Күйшінің шеберлігіне байланысты 
 
1. 
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өнірі - Бурабай. Осы 
төңіректегі  атаулар  Бурабай  көлінің  даңқымен  көпке  танымал  болған.  Бурабай  көлі  емдік 
қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. 
2. 
Көл  -  теңіз  деңгейінен  320,6  м  биіктікте.  Қыратта,  тектоникалық  ойыста,  табиғи  тұрғыда 
пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең: орташа алғанда 4,5 метрден, 
ең тереңі 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұшы, жұмсақ, тұнықтығы сондай - түбі және ондағы 
жәңдіктер  анық  көрінеді.  Ешқайда  қосылмайтын  тұйық  көл  болғанымен,  ақторта,  алабұға, 
сазан, табан, шортан сияқты балықтар өседі. 
3. 
Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын 
жатқан  Көкшетаудың  сексен  көлінің  бір  үзікті  тізбегі  -  Шортанды,  Үлкен  Шабақты,  Кіші 
Шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда 
дүниенің көп еліне аты мәлім «Бурабай», «Оқжетпес» демалыс және сауықтыру орындары бар. 

201 
 
 
4. 
Бурабай демалыс орны тұрғысында 1910 жылдан мәлім бола бастаған. 1910 жылы қымызбен 
емдеу-сауықтыру  орны  ашылған.  1920  жылдан  мемлекеттік  маңызы  бар  демалыс  орнына 
айналған. 
5. 
Тәуелсіз  ел  болғалы,  іргесіне  Астана  келгелі,  Бурабай  колінің,  мұндағы  демалыс 
орындарының  маңызы  бұрынғыдан  да  арта  түскен.  Жақсы  жол  салынып,  демалыс  үйлері 
жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған. 
3. 
Бурабайдың  демалыс  орны  ретінде 
жария болған уақыты. 
A.  Он тоғызыншы ғасырдың аяғы 
B.  Жиырмасыншы ғасырдыц оныншы 
жылдары 
C.  Жиырмасыншы ғасырдың 
жиырмасыншы жылы 
D.  Он тоғызыншы ғасырдын оныншы 
жылдары- 
E.  Тәуелсіздік жылдарыңда 
4. 
Бурабайдың  географиялық  жағдайы 
нешінші азатжолда айтылған? 
A.  Үшінші 
B.  Төртінші 
C.  Бесінші 
D.  Екінші 
E.  Бірінші 
5. 
Автор Бурабай көлінің мөлдірлігін қалай жеткізеді? 
A.  Суындағы жәндіктер анық көрінеді. 
B.  Тұйық кел болғанымен балықтар мекен етеді. 
C.  Суының терендігі 4,5 метр. 
D.  Бурабай көлі осы өңірге ерекше сипат береді. 
E.  Суы тұщы әрі жұмсақ. 
6. 
Мәтінге қатысты дұрыс тұжырым: 
1. 
Көкшенің әсем табиғатын суреттеу. 
2. 
Бурабайдағы тас жолдардың сапалынығын жеткізу. 
3.Бурабайдағы демалыс орыңдарымен таныстыру 
A.  Біріншісі мен екіншісі дұрыс. 
B.  Екіншісі дұрыс, біріншісі бұрыс. 
C.  Біріншісі дұрыс, үшіншісі бұрыс. 
D.  Біріншісі мен үшіншісі дұрыс 
E.  Екіншісі мен үшіншісі дұрыс. 
 
3- 
мәтін 
1. 
Жаршының  даусын  күтіп  тұрған,  бастарына  өңкей  қызыл,  көк,  ақ  шыт  үшкілдеп  байлаған 
балалар  кекілдерін  бунап,  үкі  таққан  аттарын  ойнақтатып  шыға  берді,  Жеңіл  ер-тоқымды 
жарау аттар әсем билеп: бір қырындап, ойқастап, ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, енді бірі 
ортекеше орғып, кейбірі кайраңға шыққан балықша жондары жалт-жұлт етіп аласұрып, шыр 
көбелек айналып тулап, көкке шаншыла қарғып, ұзақ жарысты сезіп, қатты-қатты пысқырып, 
тұра қалып шегіншектеп, жер тарпып, өздеріне қадалған мың-мың көздің алдынан лек-легімен 
өте берді. 
2. 
Мойнын соза қараған, аттарға ұмтыла түсіп, кейін ығысып тартіпке келтірген аттылардың 
қамшысынан жасқанып жұрт шулап түр. 
Әне, Құлайкөк пен Топайкөк! 
Әй, ана бір сүліктей қара кімдікі? 
Ана  қазмойын -  біздің Көкдауын!..  —  дескен жұрт,  астыңғы  ерні  салпиып,  жай басын, марғау 
аяңдап,  кекіліндегі  тұмарға  таққан  медалі  жарқырап  топ  арасында  Құлагер  өте  бергенде  гу 
етіп, орындарынан тұрып кетті. 
3. 
Жаршының  жағыңда  тыным  жоқ:  «Бас  бәйге  -  бір  тайтұяқ  алтын,  боталы  інген,  тай, 
құлынымен бір үйір жылқы; екінші  - бір атан түйе,  он кұлынды  бие; үшінші  - бір коспақ. бес 
құлынды  бие,  он  қой;  төртінші  -  үш  құлынды  бие,  бес  қой;  бесінші  -  бір  құлынды  бие,  күміс 
кесе... Бас бәйгеге ояздың медалі бар, екіншіге күміс сағат, үшіншіге күміс таяқ...» 
4. 
Ақан бәйгеші балаларға біраз еріп, Мөңкені тоқтатып алды да: 
Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Дегенмен мына бәйгенің сүрқы 
белек.  Байқа,  Құлагерді  тым  қыспа,  шаң  қаптырып  топ  ортасына,  ыққа  түсе  керме,  жел 
жағында отырғайсың. Түйетастан аса бере тақымды бір қысып, қарқындатып ал да, Кокозекке 
бұрып  түс.  Ойлы-қырлы  өзек  ішінде  атыңды  сәл  теже,  Сүріндіріп  алма.  Одан  шыға  бере 
Құлагердің кезін бір сүртіп, қиқуды салып, басын еркін қоя берсең, ар жағын қанатымның өзі- 
ақ көрсетеді, - деп Құлагердің мойнынан кұшақтады. 

202 
 
 
7.Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес 
келеді? 
A.  Ер атағын ел сақтар. 
B.  Ер қанаты - ат.Ер сасқанда белгілі, 
C.  Ат шапқанда белгілі. 
D.  ТүпкІ айылдың батканын Иесі білмес. ат 
білер. 
E.  Ер - намысының кұлы. 
9.Барлық жұлдегерлерге ортақ кандай 
бағалы сыйлық тігіпді? 
A.  Алтын 
B.  Жылқы 
C.  Қой 
D.  Күміс 
E.  Түйе 
11.Ақанның шабандоз балаға кеңесі кай 
азатжолда берілген? 
A.  Бірінші және екінші 
B.  Бірінші 
C.  Төртінші 
D.  Екінші 
E.  Үшінші 
 
8.Мәтіннің стилі қандай? 
A.  Ауызекі сөйлеу стилі. 
B.  Ресми іс-кағаздар стилі. 
C.  Көркем әдебиет стилі. 
D.  Публицистикалық стиль. 
E.  Ғылыми  стиль. 
 
10.Халықтың Құлагерге деген ерекше 
құрметі нешінші азатжолда суреттелген? 
A.  Барлығында 
B.  Үшінші 
C.  Bipiнші 
D.  Төртінші 
E.  Екінші 
12. 
Мәтінде не туралы айтылған? 
A.  Жаршылар сайысы 
B.  Ат баптаушылары 
C.  Аттарды сынау 
D.  Ат жарысы 
E.  Балуан күресі 
 
4- 
мәтін 
1. 
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпіріңде тұратын адамдар бір- бірімен сауда банланысын 
жүргізген. Алғашында ол зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, 
алтын, күміс, түрлі, шипалы есімдіктер мен хош иіс сулары. Мал, сәйгүлік аттар, қымбат бағалы 
аң  терілері,  кола  мен  темірден  жасалған  заттар,  мата,  азық-түлік  және  басқа  да  тауарлармен 
алмасқан.  Кейінен  ақшаға  сауда-саттық  басталып,  көптеген  елдер  мен  қалаларды 
байланыстырған орталықтар - базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. 
2. 
Жолдар  бір-бірімен  ұласып,  шығыс  пен  батысқа,  оңтүстік  пен  солтүстікке  қарай  жалғасып, 
көптеген жаңа аймақтарды қосты. Осындай сауда жолдарының арқасында Еуропа мен Азияны 
біріктірген  ұлы  Жібек  жолы  пайда  болды.  Ол  жолдардың  әрқайсысының  өз  аттары  болған. 
Мысалы, «лазурит», «нефрит» және «құндыз» жолдары кірді. «Лазурит жолы»  - Мысыр, Иран, 
Вавилон елдеріне лазурит (ляпис - лазурь) тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте 
кәделі  саналып,  аса  жоғары  бағаланған.  «Нефрит  жолымен»  қытай  патшалары  мен  бай- 
шонжарларына  арналып  жасалатын  зергерлі  әшекей  бұйымдарына  кажетті  асыл  да  әдемі 
ғауһар тас, нефрит тасымалданған. Ал «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр тараптардағы 
елдерге таралған. 
3. 
Ұлы  Жібек  жолы  бүкіл  адам  ағзасын  қөректендіруші  қан  жүйесіне  ұқсас.  Себебі  ол  бүкіл 
Еуропа  мен  Азия  елдерінің  бір-бірімен  қарым-катынас  жасауына  мүмкіндік  туғызып,  ондағы 
халықтарды  біріктіреді.  ұлы  Жібек  жолы  ежелгі  атау  емес, ол  1877 жылы  пайда  болған.  Оны 
қолданысқа  енгізген  белгілі  неміс  географы  Фердинанд  фон  Рихттофен.  Жолдың  бұлай 
аталуына  сауданың  негізгі  заты  Қытайдан  шығарылатын  жібек  мата  себеп  болды.  Сонау 
Еуропа  мен  Азияны  біріктіріп  жатқан  бұл  жол  адамзатты  ғажайып  жетістіктерге  жеткізді. 
Дамыған  еддердің  бір-бірімен  сауда-саттықпен  айналысуына,  ғылым  салаларының  дамуына, 
діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті. 
4. 
Ұлы  Жібек  жолы  ежелгі  Қазақстан  жерімен  де  өткен.  Ең  негізгі  сауда  жолы  Тянь-Шань 
тауынын  етегімен,  Сырдария,  Талас,  Шу,  Іле  аңғарлары  арқылы  Қытайға  ұласқан.  Жолдың 
ендігі бір бөлігі  Яксарт,  Сейхун  деп  аталған Сырдария,  Орал  (Жайық) өзендерін  жағалай  ары 
қарай  Қаратеңіз  маңы,  Византия  мен  Батыс  Еуропа  жерлеріне  дейін  созылып  жатыр.  Негізі 
күре тамырдан Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға 
қарай  жолдар  өткен.  Осындай  жолдардың  бойында  Испиджап,  Отырар,  Түркістан,  Тараз, 
Сауран,  Саудакент  сияқты  ірі  қалалар  болған.  Бұл  қалалардың  өркендеуіне  ұлы  Жібек 
жолының тигізген әсері зор. 
5. 
Жібек  жолындағы  тарихи  қала  -  Йасы,  ол  кейіннен  Түркістан  атанған.  Ол  да  сол  
кездердегідей  негізінен  саз  балшықтан  құйылған  кірпіштермен  тұрғызылған.  Қала 
орталығында биік күмбезді цитаделі болған, Қожа Ахмет Йассауидің кесене-ғимараты - бүкіл 
Орта  Азиядағы  сәулет  өнерінің  керемет  үлгісі.  Йасы  қаласы  XII  ғасырда  аса  дәуірлеген: 
қолөнері мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған. 

203 
 
 
13.Бесінші азатжолда сөз болатын өнер 
түрі 
A.  Жазушылық 
B.  Музықа 
C.  Сәулет өнері 
D.  Сурет 
E.  Поэзия 
15.Лазуритті  аса  жоғары  бағалаған 
елдердің бірі 
A.  Ирақ 
B.  Моңғолия 
C.  Византия 
D.  Қытай 
E.  Мысыр 
14.ұлы Жібек жолы тарихындағы қазіргі 
қала 
A.  Бозоқ 
B.  Сарайшық 
C.  Отырар 
D.  Саудакент 
E.  Түркістан 
16. 
Қазақстанның  ірі  қалалары  арқылы 
өтетін  Жібек  жолының  бір  тармағы 
қайда апарған? 
A.  Тянь-Шань тауына 
B.  Византия мен Батыс Еуропаға 
C.  Алтай мен Моңғолияға 
D.  Мысыр мен Иранға 
E.  Қара теңіз маңына 
 
 
17. 
Жолдың атауына негіз болған зат 
A.  Інжу-маржандар 
B.  Асыл тастар 
C.  Аң терілері 
D.  Қытай фарфоры 
E.  Жібек мата 
18. 
Аңдардың 
бағалы 
терісін 
тасымалдаған жолдың атауы 
A.  «Құндыз жолы 
B.  «Алтын жолы» 
C.  «Лазурит жолы» 
D.  «Гауһар жолы» 
E.  «Нефрит жолы» 
19. 
Мәтіннің 3-азатжолына қандай тұжырым сәйкес келеді? 
A.  Адамдардың тауар алмасу қажеттілігінен базарлар пайда болды. 
B.  ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің қарым-қатынас жасау мүмкіндігін туғызды 
C.  Йасы қаласы VII ғасырда өте дамыған қалалардың біріне айналды. 
D.  Көптеген елдер мен қалаларды байланыстырған орталықтар -жәрмеңке, сауда жолдары 
ашылды. 
E.  Ежелгі Қазақстан қалалары да ұлы Жібек жолының бойында жатты. 
20. 
«Нефрит» жолымен тасымалданған басты зат 
A.  Лазурит 
B.  Алтын 
C. Ғауһар тас 
D.  Күміс 
E. Аң терісі 
 
1491 НҰСҚА 
1-мәтін 
Бір нәрсеге, не енерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет. Өнер біткеннің бәріне 
жаратылысынан  бейім  адамның  болуы  шындыққа  жанаспайды.  Өлең  өнері  сөзбен,  ал 
живопись  (жанды  жазу)  өнері  бояуымен  құлпырады.  Музықаның  негізгі  мақсаты  -  адамның 
әстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музықа 
тілі  бір-  бірінен  етене  қатысқан  кезде  музықаның  әсерлілігі  арта  түседі.  Бұл  ғылым,  яғни 
музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, 
адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға құдіреті жетеді. 
1. 
Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз 
сәйкес келеді? 
A.  Еңбек ер атандырады 
B.  Жолың алыс болса, атыңды қинама 
C.  Өнер — таусылмас азық 
D.  Жігітке жетпіс өнер де аз 
E.  Кең пейілдіге ас көп 
2. 
Мәтін бойынша музықаның әсерлілігі 
қай кезде арта түседі? 
A.  Қол енері мен музыка үйлескенде 
B.  Сурет енері мен музыка үйлескенде 
C.  Сәулет енері мен музықа үйлескенде 
D.  Тіл мен музыка үйлескенде 
E.  Спорт пен музыка үйлескенде 
 
Жапония  -  Шығыс  Азиядағы  аралды  мемлекет.  Оның  құрамында  Хоккайдо,  Хонсю,  Сикоку, 
Кюсю сынды ең негізгі төрт арал жәнее 4000 ұсақ арал бар. Жапония аймағы 47 префектураға 
(ауданға) бөлінеді, оның әрбірінің жеке астанасы бар. Жапонияның төрттен үш бөлігін таулы 
аймақтар  құрайтындықтан,  адамдар  жердің  10%-на  ғана  шоғырланған.  Қалған  өңделуге 
мүмкін  болатын  жерді  ауыл  шаруашылығы  алып  жатыр.  Астанасы  -  Токио.  Сонымен  қатар, 
Токио қаласы «шығыс астана» деген ұғымды беріп, бүгінде әлемдегі ең үлкен агломирациялы 
қала болып табылады. 

204 
 
 
Тарих  беттеріне  көз  жүгіртсек,  ертеде  жапондар  өз  елін  «Ва»  немесе  «Вагоку»  деп  атаған.  Ал 
бүгінде  Жапония  ресми  түрде  «Ниппон  коку»  немесе  «Нихон  коку»  (бұл  атау  тек  жапондар 
үшін)  деген  атауға  ие  болып,  тікелей  аудармасы  «Күннің  Отаны»  деген  ұғымды  берері.  Бір 
қызығы, осылай жапондарды алғаш рет Қытай императоры атаған екен. Жапония Қытайдың, 
тіпті  кез  келген  Азия  елдерінің  шығысында  орын  тепкен.  Демек,  жапондар  Күннің  шығуын 
бәрінен  бұрын  тамашалай  алады.  Жапония  үкіметі  осы  тарихи  және  географиялық  негізге 
сүйене отырып, 1870 жылы мемлекеттік жалауына қызыл түсгі Күннің бейнесін енгізеді. 
Жапонияның Күншығыс елі деп аталуында тағы бір себеп бар. Жапондар Күннің шығуын даму 
мен  жарқын  болашаққа  тенейді.  Сонымен  қатар,  Күннің  нұрына  бірінші  болып 
бөленетіндіктерін ескеріп, өздерін Күннің тандауы деп біледі. Мінекей, елдің бейресми атауы 
осылай қалыптаскан. 
 
3. 
Жапония астанасы атауының беретің ұғымы 
A.  «Шығыс астана» 
B.  «Арал астанасы» 
C. «Күн тәңірі» 
D.  «Күн таңдауы» 
E. «Күннің Отаны» 
4. 
Жапонияның «Күншығыс елі» деп аталуының себебі қандай? 
A.  Ресми деректердегі ақпараттарға байланысты 
B.  Халқы елдің шығыс аудандарына шоғырланғандықтан 
C.  Географиялық негізіне байланысты 
D.  Басқа елдерге қарағанда күн ұзақ болуына байланысты 
E.  Аралда орналасуына байланысты 
5. 
Мәтін мазмұны бойынша жапондықтар неліктен өз жалауларында күнді бейнелеген? 
A.  Ақ пен қызыл түстің үйлесімділігінен 
B.  Күнге табынатындықтан 
C.  Өздерін күннің ұрпағымыз деп есептегендіктен 
D.  Тек күннен қуат алатындықтан 
E.  Күннің көкжиектен шығуын алғаш болып тамашалайтындықтан 
6. 
Жапонияға қатысты дұрыс мәлімет. 
1.Төрттен екі бөлігін тау құрайды 
2.Ең негізгі терт аралы бар 
3.Күннің отаны атауын Қытай императоры берген 
A.  Екінші мен үшінші дұрыс 
B. Бірінші мен екінші дұрыс 
C.   Тек үшінші дұрыс 
D. Біріншісі дұрыс 
E. Бірінші мен үшінші дұрыс 
 
3-мәтін 
1. 
Аршат  Оразовты біраздан бері білемін. Өзімен-өзі жүретін қара торы, түйық,  нұр жүзді, жас 
жігітті  бір  көргенде  бұйығы  ма  деп  қаласың.  Сөйтсек,  ол  бойында  үлкен  сыр  жатқан  жігіт 
болып  шықты.  Кезінде  біраз  елдің  құлағына  ілінген  Ақтөбе  облысынан  шыққан  вундеркинд 
бала осы екен. Оның кейінгі тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап көрелік. 
-Мен  Ақтөбенің  Ойыл  ауданындағы  Сарыбие  ауылында  тудым.  Алдымен,  менің  зеректігімді, 
үйренуге  талпынысымды  көрген  атам  2-3  жасымда  әріптерді  үйретпек  болса,  мен  бәрін  де 
бірден  қағып  алыппын.  Содан  төрт  жасымда  кез  келген  кітапты  зуылдатып  оқи  бастаған 
екенмін. Оны өзім білмеймін, кейін айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем - атамның үлкені. 
Атамның өзі майдангер еді, үлкен немересі болған соң мені бауырына басып, еркелетіп өсірді. 
Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті. 
2. 
Бірде мектепті тексеруге облыстық оқу бөлімінен адамдар келеді. Мектепте жүмыс істейтін 
көршіміз  мен  туралы  айтады.  Олар  қызығушылық  танытып,  мені  алдырады.  Тексерушілер 
менің  кітап  оқи  алатыныма  шүбә  келтіреді,  бірақ  «Бөзінгеннің»  кез  келген  жерін  зуылдатып 
оқып  бергенімде,  шалқаларынан  түсе жаздайды.  Бәрі  де  мұғалімдер  емес  пе,  есеп шығартып, 
басқа  «білігімді»  де  тексереді  Сөйтіп,  қатты  таң  қалып,  мені  қаладағы  Мақсат  Құсайынов 
атыңдағы дарынды балалар мектеп-интернатына алдырмақ болып шешеді. 
1- 
сыныптың  4-тоқсанына  ғана  келдім.  Төртінші  тоқсанда  оқып  жүргенде  зерігіп,  басқа 
шаруалармен  айналысып  кететінмін,  өйткені  маған  оқу  өте  оңай  болды.  Келесі  жылы  2- 
сыныпқа  барған  едім,  бұл  жерде  де  маған  сабақ  өте  жеңіл  болып,  еш  нәрсеге  қызықпай, 
тыңдамай отыратынмын. Сондықтан, мектептің педагогикалық кеңесі мені бірден З-сыныпқа 
ауыстырды. 
3. 
Сөйтіп, алғы жасымнан 3-сыныпта оқи бастадым. Бұл да маған аса қиындық тудырған жоқ. 
-Өзіңнен үлкен балалармен оку қиын болған жоқ па? 

205 
 
 
-Әрине, өзіндік қиындықтары болды. Мәселен, олардың оп-оңай білетін кейбір дүниелерін мен 
ұға  алмай  тұрып  қалатын  кездерім  жиі  болатын,  Оның  үстіне  бәрі  де  менен  үлкен,  бәрі  де 
менен  күшті.  Ал  бала  болған  соң  алысып-  жұлысып  ойнамай  қоймайсың,  сондайда  бәрі  де 
маған әлімжеттік жасап кететін, Біраз уақыттан кейін менің әке-шешем де қалаға көшіп келді. 
-Айтқандай, олар мамандықтары бар, оқыған жаңдар ма еді? 
4.- Жоқ, екеуі де қарапайым жұмысшылар. Әкем темІр жолға орналасты, ал шешем бір асханаға 
жұмысқа  кірді.  Жергілікті  билік  вундеркинд  баланың  ата-анасы  деп  менен  басқа  үш  баласы 
барларға  бермей,  отбасымыз  шағын  бізге  бес  бөлмелі  үй  бермек  болды.  Әкем  қарсы  болып, 
кейін үш белмелі патер алдық.         ' 

5.l991 жылы №32 қазақ мектеп-гимназиясына ауыстым. Мұнда бізді профильдерге бөлді, мен 
химия-биологияны ұнаттым. Сол жылы Қазақстанда 
ең соңғылардың бірі болып Бүкілодақтық пионерлер лагері «Артекке» де барып, бір ай оқып 
келдім. Ондағылар 10 жасар баланың жетіншіге қалай өткеніне ұзақ уақыт сенбеді. Артектегі 
оқу  орысша,  соған  қарамай  мен  жақсы  оқып  кеттім.  Сонымен  бірге  спорттық  жарыстарда 
бірнеше грамота, мақтау кағаздар алып кайттым. 
7.Мәтіндегі басты кейіпкер өзінің сүйікті 
пәнін  таңдағаны  туралы  қай  бөлімде 
айтады? 
A.  III 
B.  V 
C.  IV 
D.  I 
E.  II 
 
 
 
9.«Кезінде біраз елдің құлағына ілінген» 
деп автор нені айтқысы келіп отыр? 
A.  Қарапайымдылығын 
B.  Танымалдығын 
C.  Атаққұмарлығын 
D.  Жүрек жұтқандығын 
E.  Мақтаншақтығын 
8.Мәтін 
мазмұнының 
реттілігін 
анықтаңыз. 
1.Қаладан келген қонақтар. 
2.Бүкілодақтық пионер лагері. 
3.Үшінші сынып окушысы. 
4. 
Нұр жүзді жігіт. 
5. 
Дарыңды баланын әке-шешесі. 
A. 2,4,1,3, 5 
B.  5,2, 4,1,3 
C.   4,1,3, 5,2 
D. 3, 5, 2, 4,1 
E. 1,3,5,2,4 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет