I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет29/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


13. 
Ай қашан толады 
A.  Күн шыққанда 
B.  Ай қорғалағанда 
C.  Күннен алыстағанда 
D.  Таңатқанда 
E.  Күнге жақыңдағанда 
14. 
Ай мен құннің көлемі сөз болатын азатжол 
A.  Бірінші 
B.  Бесінші 
C.  Үшінші 
D.  Алтыншы 
E.  Жетінші 
15. 
Ай 
шалқасынан 
жатқанда 
ауа 
райында қандай өзгеріс болады? 
A.  Түн қысқарады 
B.  Күн жылынады 
C.  Күн суытады 
D.  Көктем туады 
E.  Қатты ыстық болады 
 
 
17.Неліктен айдың бетінде дақ пайда 
болған? 
A.  Кеш туғандықтан 
B.  Ерке болғандықтан 
C.  Сарғыш болғандықтан 
D.  Қызғаншақ болғандықтан 
E.  Көрікті болғандықтан 
19.Ай мен Күннің көлемін автор неге 
теңейді? 
A.  Жұлдыз бен сатурнға 
B.  Терек пен талға 
C.  Мал мен жәндікке 
D.  Теңіз бен бұлаққа 
E.  Аң мен құсқа 
16.Ауа райы суық болғанда ай қалай 
орналасады? 
1.Етпетінен 
2.Шалқасынан 
3.Тігінен 
A.  Үшіншісі 
B.  Біріншісі 
C.  Екіншісі 
D.  Барлығы дұрыс 
E.  Барлығы бұрыс 
18.Ай мен Қүн туралы аңыз нешінші азат 
жолда айтылған? 
A.  Екінші 
B.  Бірінші 
C.  Үшінші 
D.  Бесінші 
E.  Төртінші 
20.Айдың 
түрінің 
өзгеруін 
нешеге 
бөлеміз? 
A.  Тертке 
B.  Үшке 
C.  Екіге 
D.  Өзгермейді 
E.  Беске 
 
1229 нұсқа 
1-мәтін 
Қауын  -  ыстыққа  төзімді,  жарықсүйгіш,  шөлге  шыдамды, біржылдық өсімдік.  Қауын  25-30° С 
температурада  жақсы  өссді.  Қауынның  құрамында  қант,  A,  F,  С  дәрумендері,  аскорбин 
қышқылдары,  темірдің минералды  тұздары,  калий,  натрий  және  фруктоза,  сахароза,  глюкоза 
көміртектері  бар.  Дәрумендер  мен  қант  құрамы  бойынша  қауын  тіпті  қарбыздан  да  асып 
кетеді. Жаздың ыстық күндері шөлді жақсы басады. 
Қазақстанда  кауынның  22  аудандастырылған  түрі  егіледі.  Жемістері  қайта  өңделген  күйде 
кеңінен  қолданылады.  Қауыннан  бал,  цукаттар,  тосап,  мармелад  дайындайды.  Оларды 
кептіреді  және  қақтайды.  Қақталған  кауындарды  «қауынқақ»  деп  атайды,  олар  ұзақ  уақыт 
бойы сақталады. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді. 

182 
 
 
1. 
Бірінші азатжолда не туралы 
айтылған? 
A.  Қауынды баптау туралы 
B.  Қауынан жасалатын тағамдар туралы 
C.  Қауынның-түрлсрі туралы 
D.  Қауынның адам денсаулығына зияны 
туралы 
E.  Қауынның адам денсаулығына пайдасы 
туралы 
2. 
Қауын дәнінен не дайындалады? 
A.  Қанттүрлері 
B.  Тәтті өнімдері 
C.  Қауынқақтар 
D.  Май өнімдсрі 
E.  Түрлі дәрумендер 
 
Арқар - қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, 
салмағы  200  килограмға  дейін  жетеді.  Жазда  арқасы  мен  бүйірі  коңыр,  бауыр  жағы  ақшыл 
түсті  келсді.  Еркегінде  де,  ұрғашысында  да  мүйіз  болады.  Құлжасының  мүйізі  ірі,  бұралып 
иілген,  айшықты,  аналығынікі  нәзік,  өте  қысқа,  бозғылт  коңыр  түсті  болады.  Мүйізіндегі 
сақинаға қарап жасын анықтайды. 
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүсгігіндегі тауларды 
мекеңдейді. Арқар - биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. 
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көғалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде 
жайылады.  Қыста  салқын  түссе,  таудың  етегіне,  көктем  мен  жазда  таудың  субальпілік 
белдеуіне  қарай  ауысады.  Бұл  мезгілде  олар  10-15-тен  топтанып  жүреді.  Тек  жазда  көбею 
кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы - касқыр мен барыс. 
Арқар  дәмді  ет,  сапалы  тері  беретін  аң  болып саналады.  Алайда  саны  жылдан-жылға  азайып 
барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым ақадемиясының бір 
топ  ғалымдары  арқарды  меринос  қойымен  будандастыру  арқылы  қазақтың  асыл  тұқымды 
арқар-меринос қойын шығарды. 
3. 
Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған? 
A.  Мүйізі үлкен болғандықтан 
B.  Егіз төл беретіндіктен 
C.  Сирек төлдейтіндіктен 
D.  Меринос қойымен будандастыратындықтан 
E.  Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан 
4. 
Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? 
A.  Арқардан төрт түлік түрін шығарды 
B.  Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады 
C.  Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті 
D.  Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады 
E.  Арқар-терісінің сапалылығын дәлелдеді 
5. 
Арқардың негізгі жауы нелер? 
A.  Жыртқыш андар 
B.  Шөп қоректілер 
C.  Жұптыаяқтылар 
D.  ұй жануарлары 
E.  Жыртқыш құстар 
6. 
Арқар қандай жерлерді мекендейді? 
A.  Жазық даланы 
B.  Егіс алқаптарын 
C.  Тау бектерлерін 
D.  Шөлейт жерлерді 
E.  Құмдауыт ойпаттарды 
 
1. 
Сояау көне заманда, бүгінгі казақ елінің төрінде, Ергенеқон елінде ай мүйізді, аққу қанатты 
қос Пырақ емір сүріпті. Сол кос Пырақты  бүгінгі Қазақтың, кешегі Көк Түріктің, ертедегі Ғүн 
мен  Сақтың  ата-бабалары  алғаш  peт  ауыздықтап,  жанына  серік  етіпті.  Сөйтіп,  «Ат  -  ердің 
канаты»  деп,  желден  жұйрік  тұлпар  мінген,  тұлпар  емес-ау,  Пырақ  мінген  Ерлердің  рухы 
биіктеп, бойларына желік бітіпті. 
2. 
Сонымен  олар  ұшса,  қайыспас  қанат,  ұмтылса,  қайырылмас  қару  болып,  жер-дүниені  кезіп, 
шарлапты.  Бергеннің  қолынан,  бермегеннің  жолынан  деп,  ел  мен  жерді  жаулапты.  Шығыста 
сонау Амурдан, Батыста сонау Дунайға, тптті Римге дейін саулапты. Бірақ, бір уақыттарда «ел 
аралаған сыншы болар» дегендей, Ерлер есін жиыпты. Өзге слдің ерге құт болмайтынын біліп, 
«Отан - оттан да ыстық», «Өз елім - өлең төсегім» деп, Ергенеқон еліне қайтып оралыпты. 
3.Олар кайтын оралғанда, алдарынан қалқып Қыран шығыпты. 
-Иә, не кердіңдер, не түйдіңдер? - депті Қыран. Сонда кос Пырақ: 
-Көргенімізді айтсақ, көп сөз. Түйгенімізді айтсақ, әркімнің өз жері - жұмақ екен, - депті. 
-Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың, - деп қостапты Қыран. 
-«Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре» деген екен, Алтын Шаңырағымызды өз еліміздің 
төріне тігуге бел байладық. 

183 
 
 
4.- Онда алдарыңнан жарылқасын, - депті Қыран. Сол Шаңырағымыз биік, берекелі болсын, нұр 
шашсын,  шайқалмасын  деп,  қанаттың  астына  алып,  Жұлдызымыз  әрдайым  жоғары  болсын 
деп, қырағы қорғаны болу керек. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп, мен де Көк төрінде 
төбелеріңнен калықтайын, Алтын нұрлы Күн астында айбарларыңды асқақтатайын. 
-Тауып айттың, Қыран! Ынтымақ түбі - игілік. Сол игіліктің арқасында «Қазақстан» атты елдің 
мәңгілік рәмізіне айналсақ, біз үшін бақыт емес пе!? 
7.Мәтіннің 
мазмұны 
қай 
үлгіде 
кұрылған? 
A.  Ертегі 
B.  Эпос 
C.  Аңыз 
D.  Дастан 
E.  Қисса 
9.Мәтіннің 2-азатжолындағы ойға сәйкес 
тұжырым(-дар) 
1. 
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде 
ұлтан бол. 
2. 
Туған жер - тұғырың. 
3. 
Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мүң 
болар. 
A.  Екінші, үшінші 
B.  Бірінші, екінші 
C.  Үшеуі де 
D.  Бірінші, үшінші 
E.  Тек бірінші 
11. 
Мәтіннің тақырыбы қандай? 
A.  Ұлттық рәмізіміз - әнұранның шығу тарихы 
B.  Қос Пырақтың әңгімесі. 
8.Қос Пырақты ауыздықтаған Ерлердің 
алғашқы әрекеті қандай болды? 
A.  Елдерді аралады 
B.  Елін асқақтатты 
C.  Елдің басын қосады 
D.  Айла ойлады 
E.  Елдермен достасты 
 
 
 
 
10. 
Мәтін кандай стильде жазылған? 
A.  Көркем әдебиет стилі 
B.  Публицистикалық стиль 
C.  Ғылыми стиль 
D.  Ауызекі сейлеу стилі 
E.  Ресми іс қағаздар стилі 
C.  ұлттық рәміздер - елтаңба мен тудың пайда болуы 
D.  Ергенеқон елінің бақытты өмірі 
E.  Ата-бабаларымыздың тарихы 
12. 
Мәтіннін негізгі ойы кай бөлім(-дер)де берілген? 
A.  Үшінші және төртінші 
B.  Үшінші 
C. Бірінші 
D.  Екінші 
E. Екінші және төртінші 
 
Атадан балаға мирас болып келе жаткан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар шаш және 
кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта 
«Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын 
көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне 
бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. 
Бұл ғұрып ер балаға жасалады. 
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі 
көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген 
жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, 
денінің  сау  болуын  тілейді.  Халық  айдарлы  балаға  тіл-көз  тимейді  деп  есептеген.  Қойылған 
айдарлы  бала  жеті  жасқа  немесе  он  үш  жасқа  келгенше  тіл-көздін  сұғынан  сақтайды  деп 
алғызбаған.  Халық  дәстүрінде  балаға  сұқтанған  адамның  көзі  айдарға  түсіп  алдансын  деген 
сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым 
бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наұрызбай батырдың айдары болған, 
Қазақта Айдар деген адам есіміде бар. 
Казақтар  тәрізді  Тайланд  халқы  да  балаларына  айдар  қояды.  Олардың  наным-сенімдері 
бойынша аурушаң балаға айдар койса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан 
сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен. 
13. 
Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін керсетіңіз 
A.  Бала-ауырудан тез сауығып кетеді 
B. Бала болашақта ғалым болады 
C.  Бала дәулетті бай адам болады 
D. Баланың дос-жарандары көп болады 
E. Тіл мен көзден сақтайды 
14. 
Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз 
1. 
Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі. 

184 
 
 
2. 
Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында. 
3.Наурызбай батырдың айдары болған. 
A.  Үшeyi де дұрыс 
B. Үшеуі де бұрыс 
C.   Екіншісі мен үшіншісі 
D.  Біріншісі 
мен 
екіншісі 
E. Біріншісі мен үшіншісі 
15. 
Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады? 
A.  Тәй-тәй басқан кезде 
B.  Сүндетке 
отырғызған 
кезде 
C.   Тілі шыққан кезде 
D. Он жасқа толған кезде 
E. Қырқынан шығарған кезде 
16. 
Мәтін мазмұны бойынша тайлаңдтықтар баланың айдарын қай кезде алады? 
A.  Мүшел жасқа келген кезде 
B. Үйленген кезе 
C.  Жеті жасқа толған кезде 
D. Бала сырқатынан айыққан кезде 
E. Алғаш аңға шыққан кезде 
17. 
Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі 
A.  Шашына үкі таққан-қиздар жиі кездеседі 
B.  Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі 
C.  Бұрымды қыздар жиі кездеседі 
D.  Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі 
E.  Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі 
18. 
Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз 
1.Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды. 
2.Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған. 
3.Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар. 
A.  Тек біріншісі 
B.  Біріншісі мен екіншісі 
C. Тек екіншісі 
D.  Тек үшіншісі 
E. Екінші мен үшінші 
19. 
Мәтінге атау беріңіз 
A.  «Айдар» есімі туралы 
B.  Айдар шаш 
C.  Бүгінгі шаш үлгісі 
D.  Қарын шаш 
E.  Тайланттық Айдар 
 
1-мәтпі 
20. 
Мәтін стилін анықтаңыз 
A.  Ресми 
B.  Көркем әдебиет 
C.  Іс қағаздар 
D.  Ғылыми 
E.  Ауызекі сөйлеу 
 
1241 нұсқа 
Көкшетау  маңы.  Айнадай  тұнық  сулы  көлшүмектің  қасы.  Көлшүмектің  жағасындағы  көк  ала 
қамыс,  судыр  құрақтар  айнаның  жиегіне  салынған  әдемі  өрнек  сияқты.  Көктегі  шыжыған 
қызыл күн өткір алтын шұғыласын көктен жерге бүркіп тұрғандай. Айнала-төңірек, жер-дүние, 
жан-жануар, жердегі өсімдік қазір маужырап, марғау тартып тұрған тәрізді. 
Ойпаң  -  көк  ала  құрақты  кішкене  көлшүмек.  Айнала  төңірек  ылғи  белес.  Күншығыс  жақтан 
Көкшетаудың  басы  көрінеді. Тек  күнбатыс жақтағы Көкшетау  қаласына  қараған  жотаның  оң 
жағы көсіліп жатқан қиырсыз дала. 
Белестер  де,  ойпаңдар  да,  далалар  да,  бұта-өсімдіктер  де  көкпеңбек,  жасыл  жібек  кілем 
төсегендей.  Көк  ала  көлшүмек  те  жап-жасыл.  Оның  айнадай  суында  зеңгір  аспанның  суреті 
көрінеді. 
1. 
Мәтіндегі ауа райы 
A.  Ыстық күн 
B.  Салқын күн 
C.  Ызғарлы күн 
D.  Самал желді күн 
E.  Ала бұлтты күн 
2. 
Мәтінде ненің суреті сипатталған? 
A.  Көкшетау қаласының 
B.  Құрақты көлшүмектің 
C.  Ағынды өзенің 
D.  Көкше тауларының 
E.  Қиырсыз даланың 
 
Ертеде тамақ таба алмай ашыққан, суық үйде жатып күнелткен бір кедей болыпты. Жас жігіт 
өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен: 
-Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, қандай жақсы болар еді. Мен онда асып-тасып өмір 
сүрер едім,- деп жылауын қоймайды. 
Бір күні жігіттің лашығының қасынан көпті керген көреген қарт өтіп бара жатады. Ол жігіттің 
жылаған дауысын естіп: 
-Here жылап отырсың? - деп сұрайды. Кедей неге жылағанын айтып береді. Қарт: 
-Адамдар өздеріндегі байлықты аңдамайды, мәселен, сенде еш тендесі жоқ байлық бар, - дейді. 
Жігіт қарттың сөзіне таң қалады: 

185 
 
 
-Менде қайдағы байлық, байлық болса, мен осылай жылап отырмас едім, 
деп қартқа тіл қатады. 
-Сенің, екі көзің бар, біреуін маған сат. Қартайғаннан жанарымның оты азайып барады, - дейді 
қарт. 
-Жоқ, көзімді ешқандай ақшаға да, байлыққа да сата алмаймын. 
-Жарайды, ендеше екі қолыңның біреуін сатшы, - дейді қарт. 
-Жоқ! Қолымды бермеймін, - деп айқайлайды жігіт. 
Сонда қарт орнынан тұрып: 
Сенің кедейлік туралы айқайлағаның қазіргі денсаулық үшін айқайлағаныңа жеткен жоқ. Сен 
байлықтың не екенін ұққан жоксың. Дүниедегі бірінші байлық  - денсаулық, осыны ұмытпа! - 
депті де қарт көзден ғайып болыпты. 
3. 
Қарт жігітке ненің қадірін түсіндірді? 
A.  Он екі мүшенің саулығын 
B.  Өкініш түбі сары уайым екендігін 
C.  Кедейліктің ұят екендігін 
D.  Дегеніңе жетер жол - арман мен қиял екендігін 
E.  Байлықтың баға жетпес қазына екендігін 
4. 
Мәтінді жазудағы автор мақсатын көрсетіңіз. 
A.  Кедейлік өмірдің қиындығын жазу 
B.  Жастық пен кәрілікті салыстыру 
C.  Жігіттің мұңын жеткізу 
D.  Адам өмірінің маңызын ұғындыру 
E.  Қарттың арманын орындау 
5. 
Мәтіннің тәрбиелік мағынасын ашатын мақалды анықтаңыз. 
A.  Жастыққа да кәрілік бар, байлыққа да жарлылық бар. 
B.  Жанымды алмаған ауру - жанымның садағасы. 
C.  Көп жасап, күміс болғанша, аз жасап, алтын бол. 
D.  Денің сау болса, жарлымын деме. 
E.  Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкті жылқы сүймес. 
6. 
Жігіттің кедей болуына негіз болған жағдай 
A.  Дөрекілігі 
B.  Ысырапшылдығы 
C. Енжарлығы 
D.  Тоғышарлығы 
E. Ашкөздігі 
Біздің ауыл Іле өзенінің арнасына жақын орналасқан. Мұнда қыс қытымыр болғанымен, жазы 
жайсаң.  Әр  үйдің  ауласында  бау-бақшасы  бар.  Онда  алуан  жеміс  ағаштары:  алма,  өрік,  жиде 
өсіріледі.  Әсіресе  бағбан  Алмабай  атайдың  бағы  өте  көрікті,  ағашы  қалың,  көлеңкесі  қою 
болғандықтан, күнің көзі жетпейді. Шие ағаштары мен қарақаттарының арасынан жол тауып 
өтудің өзі бір тауқымет. 
Жердің беті жасыл жслекке беленгенде, мұндағы бауларды бұлбұл мекендейді де, түнге қарай 
тыным таппай құбылта сайрайды. Ауыл бұлбул әніне ұйып қалады. Тыңдаған сайын тыңдағың 
келеді. 
Өз ауласындағы бақтың арасынан бұлбұл әнін естіген Есен бұталарды аралап, оны ұстап алмақ 
болып  іздей  бастады.  Сыбдырдан  шошынған  бұлбұл  сайрауын  тыя  қойды.  Ештеңе  таба 
алмаған Есеннің ұзағаны сол еді, бұлбұл қайта сайрап қоя берді. Есен тағы да бұталарды аралап 
әуреге түсті. Бұлбұл да тым-тырыс. 
Есен бірнеше қүн тосты. Ешбір дыбыс естілмеді. Мұнысы несі? Басқа бақтардың бәрінде бұлбұл 
сайрап тұр. Тағаты таусылған Есен жолдасы Сәлімге барды. Сәлім - Алмабай атайдың немересі. 
Бақшаның ішіндегі бүлдіргенді суарып жүр екен. Есен бақка кіре бергенде, жап-жақын жерден 
бұлбұлдың сызылған әні естілді. 
Есен айқайлап жіберді: 
-Әне, бұлбұл! 
-Айқайлама, - деді Сәлім бәсең дауыспен. 
Есеннен сабыр кеткен. 
-Жүр, ұстап алайықшы!... 
-Жоқ, болмайды... 
-Here? 
-Ұстағанды  бұлбұл  ұнатпайды,  тұтқындықты  азап  көреді,  Ән  салмай  қояды.  Бұлбұл  еркін 
жүруге тиіс. Өзіне нуқсан келтірмейтін, ешкім қорқытып, үркітпейтін кең, тыныш жерде ғана 
қамсыз өмір сүреді. Еркін сайрайды. 
Есен ойланып қалды: «Бақшамнан мен үркіткен бұлбул осында қоныстанды ма екен ?...» 
Бұлбұл тынымсыз сайрайды. Өзін мәпелеп, қорғаған балаға алғысын жаудырыа тұрған секілді. 

186 
 
 
Есен ойланып қалды: «Бақшамнан мен үркіткен бұлбұл осында қоныстанды ма екен ?...» 
Бүлбұл тынымсыз сайрайды. Өзін мәпелеп, қорғаған балаға алғысын жаудырып тұрған секілді. 
7.Есенге қандай қасиет жетіспейді? 
A.  Сыпайылық 
B.  Алғырлық 
C.  Пысықтық 
D.  Өткірлік 
E.  Сабырлылық 
 
9.Мәтін мазмұнына сәйкес әнші кұс нені 
ұнатады? 
A.  Жазық даланы 
B.  Бостандықты 
C.  Қараңғылықты 
D.  Таулы аймақты 
E.  Шулы аймақты 
11.Неліктен 
Сәлім 
Есеннің 
айқайламауын өтінді? 
A.  Атасын оятқысы келмеді 
B.  Бұлбұлдарды шошытқысы келмеді 
C.  Жұмысына бөгет жасады 
D. Есенмен дос болғысы келмеді 
E.  Бұлбұлдар әнін естігісі келді 
8.Есен неге ойланып қалды? 
A.  Бұлбұлға ұя салуды жоспарлағандықтан 
B.  Асыраған бұлбұлдарын қимағандықтан 
C.  Қателігін түсінгендіктен 
D.  Сәлімге ренжігендіктен 
E.  Бұлбұлға ренжігендіктен 
10.Есеннің ауласындағы бұлбұлдар неге 
сайрамады? 
A.  Басқа құс болмағандықтан 
B.  Есенді ұнатпағандықтан 
C.  Ағаштары аз болғандықтан 
D.  Тыныштығы бұзылғандықтан 
E.  Маңайындағы құстар сайрамағандықтан 
12.Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар 
1 .Құстар әнін тындау. 
2. Құстарға қамқор болу. 
3. Құстар тыныштығын сақтау. 
A.  Біріншісі мен екіншісі 
B.  Барлығы дұрыс 
C.  Барлығы бұрыс 
D.  Екіншісі мен үшіншісі 
E.  Біріншісі мен үшіншісі 
 
Бір жігіт жолда кетіп бара жатып ойда жоқта комақты әмиян тауып алды. Жан-жағына қараса, 
ешкім  көрінбейді.  «Әмиян  тауып  алдым  кімдікі?»  деп  айкайлап  үш  рет  айтқаңдай  болды. 
Дегенмен өз даусын басқалар түгілі езі де естімеді. 
Былайырақ  шығып  алып  әмиянды  ашып  қараса,  ішінде  бір  машинаға  жетерлік  қаржы  бар 
сияқты.  Қуанғаннан  не  істерін  білмей  аңтарылып  қалды.  Ішінде  бір  жылылық  пайда  болып, 
бала-шағасының былтырғы ескі киімдерімен жүргені, жұбайының жөні түзу бір көйлегі жоғы, 
ал өзінің бес-алты жылдан бері бір жаңа киім алмағаны, өздерінің көптен бері тойып тамақ та 
жемегені  есіне  түсті.  Әниянды  қалтасына  сала  бергені  сол  еді,  кенет  бұрыштан  ботадай 
боздаған, киімі жұпынылау кісі шыға келді. 
-  Айналайын  адамдар-ау,  қайырымды  жандар,  Балаларымның  анасы  айықпас  дертке 
шалдығып,  соны  емдету  үшін  ағайындарым  мен  жаны  жайсаң  адамдар  ауыздарынан  жырып 
берген  қаржымды  әмиянымен  қоса  жоғалттым.  Енді  не  істеймін?  Жұбайыма  қажетті 
операцияны  қаржысыз  қалай  жасатамын?  Жұбайым  о  дүниелік  болып  кетсе,  балаларымның 
күні  не  болады?  Бұл  азапты  көрсеткенше,  маған  тезірек  өлім  жібере  қойшы,  тәңірім,  -  деп 
жылайды. 
Әмиян  тауып  алған  жігіт  ары  ойланды,  бері  ойланды.  Ақыры  ұяты  жеңіп,  ботадай  боздаған 
кісінің  жанына  қалай  жетіп  барғанын,  әмиянды  ақшасымен  қосып  қалай  бергенін  өзі  де 
байқамай қалды. 
Кенет үйлердің тасасынан топырлаған адандар шыға келгенде, әмиян тауып алған жігіт тасада 
қалды.  Топтың  ішінен  салиқалы  жігіт  ағасы  шығып,  әмиян  тапқан  жігітті  қапсыра  құшақтай 
алып: 
Бауырым,  саған  үлкен  рақмет,  мені  мынау  тобырға  күлкі  қылмадың.  Өмірде  әлі  де  мейірімді 
адал  жандар  барын  дәлелдедің.  «Ондай  жандар  мына  заманда  жоқ,  өткен  ғасырларда  ада 
болып кеткен. Егер ондай адамды тауып берер болсаң, осы тұрған бәріміз жабылып, саған он 
жылқы  береміз.  Ал  таба  алмасаң,  бар  байлығыңды  бізге  бересің»  -  деп  қоймаған  соң,  
серттескен жайым бар еді. Мынау ботадай боздап жүрген адам осы қаладағы театрдың актері. 
Өз рөлін тамаша ойнап шықты-ау деймін. Мені жерге қаратпағаның үшін, әлемде әлі де адал 
адамдар бар екенін дәлелдегенің үшін, тауып алған әмияныңды ақшасымен қоса саған бердім. 
Бұдан бөлек мына тобырдың менен жеңілгендері үшін беретін он жылқысын да саған бердім, - 
деді. 
Қызық  көрмекші  болып  келген  тобырдың  еңселері  түсіп  кетті.  Өздерінің  арасынан  әмиян 
тауын алған жігіттей адам шыққанына сенбейтін сияқты. 

187 
 
 
-Мынау қатыгез, дүрбелең, тек қара басының камын ойлайтын, компьютер басты заманда әлі 
де  тазалықтың  бар  екенін  дәлелдеген  АДАМ  деген  атынан  айналайын,  әмиян  тауып  алған 
жігіт, - деді салиқалы жігіт ағасы толқып тұрып. 
13. 
Жақсылық пен жамандықты айыру үшін тобырдың осындай әрекетке баруына не 
тұрткі болды деп ойлайсың? 
A.  Байлыққа қол жеткізуге ұмтылуы 
B.  Ақша мен байлықтың басты құндылық болуы. 
C.  Байлықтың адамды бақытқа жеткізуі 
D.  Адами құндылықтардың жүтаңдауы. 
E.  Өмірде пиғылы, ары таза адамдардың көп болуы. 
14. 
Жігіттің әмиянды қайтарып беруіне 
не себеп болды? 
A.  Ap-ұяты жеңіп шықты 
B.  Өзін ұры санайды деп қорықты. 
C.  Одан да көп ақша аламын деп ойлады. 
D.  Жиналған топтан сескеңді. 
E.  Өзінің кедейлігі есіне түсті. 
15. 
Топтың 
арасынан 
шыққан 
жігітқандай? 
A.  Жүрегінің түгі бар 
B.  Ақ жүрек 
C.  Атаққұмар 
D.  Мақтаншақ 
E.  Ниеті қара 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет