I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет37/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


1108-нұсқа 
1-мәтін 
Бір үзім нан 
Подьезден шыққан кішкентай қыз қолындағы жұқа дорбаны әрең көтеріп, қоқыс 
жәшігіне әкелді де аудара салды. Жапырақтай-жапырақтай кесілген, жартылай желінген аппақ 
нандар! 
Мұны көзі шалып қалған Ғаббас қария: 

Әй, балам-ау, обал емес пе? – дегенше қыз подьезд есігіне зып беріп кіріп кетті. 
Нұржан мектептен қайтып келе жатқан. Көрші қарияның ренжіп, басын шайқап отырғанын 
көріп: 

Ата, кімге ренжіп отырсыз? – деп сұрады. 

Е-ей, балам-ай! Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Сонау сұрапыл Ұлы Отан соғысы 
жылдары біз он-он бір жастағы бала едік. Қарнымыз тойып тамақ та ішпейміз. Нанды 
мөлшерлеп береді. Жегіміз кеп, тәбетіміз тартып тұрса да сұрамаймыз... Қазір ше? Нанды 

232 
 
 
қадірлемейміз. Қатып қалса, қоқыс жәшігіне әкеп тастаймыз. Ысырапқа жол беріп, аяқасты 
етеміз. Олай жасауға болмайды. 
1. Әңгіменің дұрыс реті 
1.Кішкентай қыз 
2. Нан үзімдері 
3. Нұржан 
4. Ғаббас қария 
5. Естелік 
А) 1,2,4,3,5 
В) 3,4,5,1,2 
2. Қарияны ренжіткен жағдай 
А) Нанды мөлшерлеп бергені 
С) 1,2,3,4,5 
D) 4,5,1,2,3 
Е) 2,3,4,5, 
 
 
D) Заманның, уақыттың өзгергендігі 
В) Жастардың ысырапқа жол беруі 
С) Қыздың қарт адамға көңіл бөлмеуі 
Е) Сұрапыл соғыстың есіне түсуі 
 
2- 
мәтін 
Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған 
Райымбектің жаужүректілігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған 
Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарына бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан 
құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған 
баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы ер рух кейін жоңғарға қарсы 
алдаспан болып сермелді. Он жеті жасынан Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған 
Райымбек Түкеұлы ерліктерінің ерекше аталатыны – қазырде Алматы – Нарынқол 
тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты жекпе-жекке шақырып, 
бөрі тиген қойдай дүрліктіруі. 
Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ 
нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланысты екенін көп адам біле бермейді. Кеген деген жер 
атауын де қалмақ тайшысы Гегенге теңейді. Кей деректерде Геген діни лауазым дейді. 
Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, 
Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін 
талқандаған. 
3. Баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны нені білдіреді? 
А) Баланың өзімшілдігін 
В) Баланың бәйгеге деген сүйіспеншілігін 
С) Баланың өрлігі мен рухының биіктігін 
4. Мәтіннің екінші азат жолы бойынша түйін 
D) Баланың бәйгеде озғандығын 
Е) Баланың атаққұмарлығын 
А) Қазақтың көптеген жер атауларына елін қорғаған батырлар есімі берілген 
В) Алматы-Нарынқол тасжолының бойында тарихи деректер көп 
С) Алматы жақта Райымбек есімімен аталатын елді мекен бар 
D) Райымбек батырдың жастайынан байқалған жаужүректілігі 
Е) Қазақтың кейбір жер атаулары жоңғар-қалмақ шапқыншылығымен байланысты 
5. Орақ батыр Райымбекке кім болады? 
А) Нағашы 
В) Бала 
С) Жиен 
D) Әке 
Е)Аға 
6. Райымбектің ерекше ерлігін танытқан шайқас 
А) Гегенмен шайқас 
В) Ойрантөбедегі шайқас 
С) Сары Мыңжанмен шайқас 
 
D) Бадам-бахадүрмен шайқас 
Е) Аңырақай шайқасы 
 
3- 
Мәтін 
Бақытсыз бай 

233 
 
 
Ертеде бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да – жинаған мал-мүлкі мен ақшасы 
еді. Соларды баладай мәпелеп күтті. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп, оның үйін 
айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны 
т.ннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. 
Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: «Мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне 
барып мәз болып жатыр,» - деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп 
барды. Сөйтсе, жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен. 

Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен балалрыңды ойнатамын деп 
шаршайды екенсің ғой! – деп ақырды. 

Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп 
қалам, - деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді жалшысы. 

Нағыз ақымақ екен! – деп, үйден атып шыққан бай енді: «Мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол 
ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы,» - деп күдігінен арыла 
алмай-ақ қойды. 
Екінші күні жалшысы таң атқанша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне 
қайтты. бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша 
мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір 
теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын 
көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес. 
Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрінді. 
Бай ақыры: 

Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көңілді 
жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді. 
Сонда жалшысы: 

Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торуылдайсың. 
Менің байлығым – екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. 
Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп 
тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді. 
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. «Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен 
сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым 
ауырып кетті». 
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан 
екі баласына қызыға қарап қалды... 
7. Кедейдің тілегі 
А) Мол байлыққа жолықтыр 
В) Жақсы жұмыс бер 
С) Өміріме жеңілдік бер 
8. Байдың бақытсыздығының себебі 
D) Бар байлығымнан айырма 
Е) Байдың құлдығынан құтқар 
А) Отбасының жоқтығы 
В) Кедейдің тілегі 
9. Жалшының бақыты 
А) Жұмысы 
В) Қазынасы 
10. Әңгіменің түйіні 
С) Байлығының молдығы 
D) Жинаған мүлкі 
 
С) Ақшасы 
D) Байлығы 
Е) Кедейдің еңбегі 
 
 
Е) Балалары 
А) Қайырсыз байдан қайнатқан су артық 
В) Байға құл болғаншы, байғұсқа ұл бол 
С) Бай байға құяды, сай сайға құяды 
11. Байға күдік тудырған нәрсе 
D) Жаңа бай мақтаншақ келер 
Е) Балалы үй – базар 
А) Көңілді күлкі 
В) Сылдырлаған күміс 
12. Байдың бойындағы қасиет 
С) Шықырлаған ақша 
D) Кедей балалары 
Е) Кедейдің сөзі 

234 
 
 
А) Еңбекқорлық 
В)Тәкаппарлық 
С) Қызғаншақтық 
D) Адалдық 
Е) Мақтаншақтық 
 
4- 
мәтін 
1. 
1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз 
тәуелсіздігін ариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде, 
мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі 
ғана. Қазақ хандығының құрылуы жайында бірден – бір дерек «Тарих-и Рашиди» еңбегіне 
сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан Шибан 
әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен жауласуынан кейін оның билігінен бас тартып, Шу 
өзенінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. 
Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері - ХІV-XV ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан 
мемлекетінің батыс бөлігіндегі аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы төңірегіндегі 
жоталардан оқшау тұрған қозының басындай ғана жұмыр, аласа шоқы төбені білдірсе керек. 
2. 
Қазақ хандығы құрылғанда алдымен Керей ақ киізге отырғызылып, хан көтеріліпті. 
Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. Сірә, 
қазақ жұртының Әбілқайырды жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа 
хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты. 
Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – оның халық санасында 
әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде танылуы. Ол ұлттық тарихымызда жай 
ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады. 
3. 
Әз – Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана 
емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған асылы, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ 
Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері Қасым хан, Хақ-Назар хан, 
Әз-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, қайраткер Әлихан 
Бөкейхановтар – осы әулие Әз-Жәнібек ханның тілкелей ұрпақтары. 
4. 
Тұғырлы көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді 
болашақ ұрпақтың еншісінде. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан 
ғана емес, оны жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің 
санатынан көруі – Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген 
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Елбасы салған сындарлы сара 
жолмен жүріп келе жатқан елімізде «Қазақстан – 2030» стратегиясының бүгінгі күнде 
мерзімінен бұрын орындалуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының 
конференциясының, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының, EXPO-2017 көрмесінің өтуі 
қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін 
дәлелдеді. 
5. Мәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 2050» 
стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! 
Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан 
қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға 
мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. 
13. Қозыбасы атауының түп мағынасы 
А) Қой қоздаған аласа шоқы болса керек 
В) Қозының жайылым орнын білдірсе керек 
С) Қозы өрбіткен жер болса керек 
14. Мәтіндегі ойға сай мақалды анықтаңыз 
А) Ұят – өлімнен күшті 
В) Хан екі айтса, қадірі кетеді, 
Қараша екі айтса, ары кетеді 
С) Көргені жақсы көш бастар 
D) Хан қарашасыз болмас, 
D) Қозының басындай ғана бір төбені білдірсе 
керек 
E) Қозы көш жерден көрінгендіктен 
 
Дау арашасыз болмас 
E) Ел ерімен, ер елімен мықты 

235 
 
 
15. Мәтін бойынша халық санасында 
ақылды әрі әділетті әмірші ретінде 
таңбаланған хан 
А) Абылай хан 
В) Әбілқайыр хан 
С) Кенесары хан 
D) Әз – Тәуке хан 
E) Әз – Жәнібек хан 
17. Керей мен Жәнібек хандардың 
тарихтағы орны 
А) Қазақ хандығының негізін қалаушылар 
В) Отарлау саясатынан құтқарған хандар 
С) «Жеті жарғыны» енгізген хандар 
D) Саяси бітімгерлер 
E) Соғыс әдіс – тәсілдерінің білгірлері 
 
16. Мәтін мазмұнына сай тақырып 
А) Тәрбие басы – тал бесік 
В) Күшті бірді, білімді мыңды жығар 
С) Тәуелсіздік тірегі - тіл 
D) Рухы мықты ұлтымның ұлы жетістіктері 
E) Ел боламын десең, бесігіңді түзе! 
 
18. Өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі 
бақытымызға мақтаныш білдіру идеясы 
А) «Мәңгілік ел» 
В) «Қазақстан – 2030 стратегиясы» 
С) «Қасым ханның қасқа жолы» 
D) «ЕХРО – 2017» 
E) «Қазақстан – 2050» 
19. Алашорда көсемі болған Әз-Жәнібек ханның ұрпағы 
А) Хақ – Назар хан 
В) Әз-Тәуке хан 
С) Шоқан Уәлиханов 
D) Абылай хан 
E) Әлихан Бөкейханов 
20. 2010 жылы Қазақстанда қысқы Азияда ойындарының өтуі 
А) Еліміздегі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қолдайтынын дәлелдейді 
В) Елімізде еңбекқор жастардың көп екендігін дәлелдейді 
С) Қазақстан климатының қысқы ойындарға қолайлы екендігін дәлелдейді 
D) Бірлігі жарасқан ұйымшыл, төзімді, толерантты мемлекет екенін дәлелдейді 
E) Азия жерінің ұлан ғайыр екенін дәлелдейді 
1160-нұсқа 
1-мәтін 
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы ішіндегі 
әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас құлындар қарақұрақ 
бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп жасалған ноқталар салынып, 
тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі күміс түймелердей қазқатар тізіліп 
байланады. Мұнда жүздеген құлын ноқталанып, бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы 
болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады. 
II. Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірік басын шақырып, кейде мал сойып немесе 
қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл адамдарының 
басын қосып, «бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындық» тойын өткізеді. Бұл кезде желі 
қазыққа, айғырдың сауырына май жағып, жақсы тілек білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып, 
бие сауынын бастайды. 
1. 
Бие байларда қандай ырым жасалады? 
А)«ымызмұрындық» тойын өткізеді. 
В)Желі қазыққа, айғырдың сауырына май 
жағылады. 
2. 
Мәтіннің бірінші бөліміне лайықты тақырып 
С)Жұмсақ жүннен ноқта жасалады. 
Д)Қыстан қалған сүрді пісірді. 
Е)Желіге құлын байланады. 
А)Жүннен есілген ноқталар 
В)Ноқталанған құлындар 
С)Жас құлындар 
Д)Бие байлау 
2-мәтін 
Е)Тартылған желілер 
Ғылым артық па, әлде мал артық па? 
Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он 
түрлі жауап тауып сөйле», - дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге: 
-Ғылым артық па, әлде мал артық па?- деп оқыстан сұрақ қойыпты. 
Сол мезетте шешен: 

236 
 
 
-Біріншіден, ғылым артық. Өйткені ғылым – әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал - перғауын мен 
Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. Үшіншіден, 
ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден, ғылымды жұмсасаң, арта 
береді,малды жұмсасаң, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал 
сараң деген атақ береді. Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, қағу 
керек. Жетіншіден, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз 
жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, 
жоғалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал 
масаттандырады, болған үстіне бола берсе екен деп дүниеқоңыз етеді. Оныншыдан, ғылым 
құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз иесінің көңіліне тәкаппарлық салады,- деп 
тапқырлық танытыпты. 
3. 
Ғылымның дүниеден артықшылығы 
А)Адамды масаттандырады. 
В)Досың санаулы ғана юолады. 
С)Мінезін нашар жаққа өзгереді. 
Д)Адамның тынышын алады. 
Е)Адамға ақыл-ой қосады. 
4. 
Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл. 
А)Жырлап айту 
В)Жобалап айту 
С)Баяндап айту 
Д)Салыстырып айту 
Е)Суреттеп айту 
5. 
Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған? 
А)Төртінші 
В)Жетінші 
6. 
Мәтін мазмұнына сай мақал 
А)Мал көтерер өлімді, 
Дос көтерер көңілді 
В)Мың малың боланша, 
Бір балаң ғалым болсын. 
С)Атаң не қылсаң, 
С)Үшінші 
Д)Бесінші 
Е)Алтыншы 
 
 
Алдыңа сол келер 
Д)Киім кірі жуса кетеді, 
Көңіл кірі айтса кетеді. 
Е)Аңқау бөрі қой үркітеді 
Ақылсыз адам ел үркітеді 
 
3-мәтін 
Ырыс пен берекет 
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан қырып, табыс тауыпты. Үйіне 
дүниені қанша үйсе, ол соғұрлым кеми береді екен. Байлығының берекесі болмапты. Бегайдардың үйлі – 
баранды көршісі бар екен. Оның мал дегенде бес – алты ешкісі болады. Бірақ тұрмысы күннен күнге 
гүлдене береді. Бір күні Бегайдар көршісінен: 
-Әй, көршім, сенің бала-шағаң бар. Мал дегенде бес –алты тоқал ешкің ғана бар. Бірақ отбасың 
берекелі, қарның тоқ. Ал мен жалғыз тұрамын. Үй көрмей сауда жасап, мол ақша табамын. Бірақ берекесі 
жоқ. Сыры неде? – деп сұрады. 
Көршісі: 
-Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар. Содан ақыл сұра, - деп жауап берді. Бегайдар 
ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап – шалдығып келе жатып, бір лашыққа тап болды. 
Ішіне кірсе, шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар екен. Бегайдар сусын ішіп, дәм татқаннан кейін 
шалға жағдайын баяндады. Шал: 
-Балам, данышпанға бара жатсаң, менің аманатымды ала кет. Үйде қызым бойжетіп отыр. Соны 
қандай адамға берсем болады? – деді. Бегайдар: 
-Жарайды, ақсақал, данышпанға тілегімізді жеткізем, - деп аттанып кетті. Тағы да ұзақ жол жүріп, 
шаршап – шалдығып, бір бәйтеректің түбіне келіп демалды. Сол кезде бәйтерекке тіл бітіп: 
-Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ бұтақтарым жеміс 
бермейді. Сыры неде екен? – деді. Бегайдар оның да аманатын арқалап, жолға шығады. Бір күні әрең 
дегенде данышпанға жетті. Данышпан: 
-Иә, балам қандай мұратпен жүрсің? – деді. Бегайдар: 
-Терлеп – тепшіп, аяғымнан тозып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды. Көршімнің бес – алты 
ешкісі, көп бала – шағасы бар, табысы аз. Бірақ берекесі мол. Соның сырын іздеп жүрмін. Жолда шал мен 
кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым. Олардың да тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген – білгенін 

237 
 
 
жеткізді. Данышпан басып шайқап: 
- Ай, балам –ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған. Көршіңе береке кіретіні – ақылды 
әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат басындай алтын көмілген. Соны 
қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді. 
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтынды қазып алды. Оны қыздың 
қалыңмалына беріп, оған үйленді. Ұзамай отбасына береке кіріп, ырысы тұрақтайды. Осылайша, әйелі 
екеуі барша мұратына жетіпті. 
7. 
Қыздың ата-анасына берілген нәрсе 
А)Қалыңмал 
В)Мал-мүлік 
8. 
Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Данышпан ақылы 
2. 
Көршісінің кеңесі 
3. 
Бәйтеректің өтініші 
4.Лашықтағы әңгіме 
А)2,3,4,1 
В)1,2,3,4 
С)Жеміс ағашы 
Д)Бес-алты ешкі 
 
 
 
 
 
С)3,4,1,2 
Д)4,1,2,3 
Е)Күміс 
 
 
 
 
 
 
Е)2,4,3,1 
9.Бәйтеректің жеміс бермеуінің сыры 
А)Ағаш кәрі болғандықтан 
В)Түбіндегі алтын өсірмегендіктен 
С)Ауа райы қолайсыз болғандықтан 
10.Әңгіменің түйіні 
А)Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді 
В)Ерте тұрған еркектің ырысы артық 
С)Ырыс алды - ынтымақ 
 
ДСуға тапшы болғандықтан 
Е)Тамыры тереңде болғандықтан 
 
 
Д)Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды 
Е)Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық 
11.«Үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған» сөйлемнің мағынасы 
А)Әйел - сыншы, бағалаушы 
В)Әйел - әдемі, сұлу 
С)Әйел - қорғаушы, бақылаушы 
12.Көрші үйдің берекесінің сыры 
А)Бесалты ешкісінде 
В)Бала шағасында 
С)Ақылды әйелінде 
Д)Әйел - үйлестіруші, үйдің құты 
Е)Әйел - үйретуші, тәлімгер 
 
 
Д)Қоңырқай тұрмысында 
Е)Мол табысында 
 
4 – мәтін 
I. 
Қазақ күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе малын 
ерекше бағалаған. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы түйе. Көшіп-қону үшін 
жылқыдан да артық бағалаған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік- түйе ғой», «Нары бардың 
малы бар», «Тамырдың түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем деп түйеден безбе, 
салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды 
түлік болғанын анықтай түседі. 
II. 
Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол 
сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсересе шөлге, аштыққа 
шыдамды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, 
«айт шу» десең, атып тұратын, «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен 
жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қоражайды аса 
қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді болып 
табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен 
қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су 
ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады. 
III. 
Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, 
Жамбыл обылыстарында жақсы дамыған. Түйенің шығу тарихы. Түйелер – ірі табындылар 

238 
 
 
отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда өсірілетін 
түйелердің арғы тегі – жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның 
екі туысы бар: бірі – түйе, екінші – лама. Түйелер – шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік 
малы. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың 
орнында башпайлардың ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны 
жалпақ және астыңғы жағы сүйелд, жұмсақ көнмен қапталан. Сондықтан бұл жануарларды 
көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірлі, түксіз 
тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. 
Осыған байланысты түйе ыстық құмды шыдап, шөгіп жата береді. 
IV. 
Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр 
жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда 
тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Айыр 
өркешті түйенің қолға үйретілген жері – Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген 
жері – Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті 
жабайы түйе Моңғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені төрт түліктің төресі, киелі 
түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін – «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды. 
13.Түйенің жойылып кеткен түрі 
А)Жабағылы жас түйе 
В)Аруана түйе 
С)Қос өркешті түйе 
Д)Сыңар өркешті жабайы 
түйе 
Е).Айыр өркешті түйе 
14. 
Түйе өркешінен бөлінген суды пайдаланатын сәт 
А)Сусызда қалып, біріеше тәулік су 
ішпегенде 
В)Тікенек шөптерді көп жегенде 
С)Көшкен кезде тоқтамай жүргенде 
Д)Түнде күйіс қайырып жатқанда 
Е)Алыс сапарға шыққанда 
15. 
Халықтың түйені «шөл кемесі» деп атауы неліктен? 
А)Жабайы түйелерден тарағандықтан 
В)Шөлде жолаушыларды көп 
таситындықтан 
С)Кемеге қатты ұқсатқандықтан 
Д)Ашатұяқ сүт қоректілерге 
жататындықтан 
Е)Шөлге шыдамды болғандықтан 
16. 
Түйе малының халық үшін ерекше құндылығы неде? 
А)Сирек кездесетін жануар болғандықтан 
В)Өсімтал мал болғандықтан 
С)Түйе күніне бірнеше шелек сүт берген 
Д)Жуас мал болғандықтан 
Е)Көш көлігі ретінде бағалы болған 
17.2-бөлімге сәйкес түйе шаруашылығының тиімді саналуының себебі 
А)Көшке жиі қолданатындықтан 
В)Тікенек шөппен қоректенетіндіктен 
С)Жүн мен сүті пайдалы болғандықтан 
18.Мазмұн реттілігін көрсетіңіз 
1.Кисе – киім, ішсе- сусын 
2.Төрте түліктің төресі 
3. 
Түйенің қолға үйретілу тарихы 
4. 
Қазақстандағы түйе шаруашылығы 
Д)Аса үлкен күтімді қажет етпейтіндіктен 
Е)Суға, ыстыққа төзімді болғандықтан 
A)2,3,4,1 
B)1,4,3,2 
C)3,2,1,4 
D)3,2,4,1 
E)4,3,2,1 
19. 
Мәтіннің төртінші бөлімінде айтылатын ой 
А)Түйенің сипаты туралы 
В)Түйенің төлі туралы 
С)Түйенің пайдасы туралы 
20. 
Мәтін мазмұнына алшақ ой 
А)Түйе алпыс күн аштыққа шыдайды. 
В)Түйе отыз күн шөлге шыдайды. 
С)Түйе көнтабандыларға жатады. 
 
Д)Түйенің азығы туралы 
Е)Түйе туралы мақал-мәтелдер 
 
 
Д)Түйе малы көшке қолданылады. 
Е)Түйе күндіз жатып, күйіс қайырады. 

239 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет