I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет36/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


1069-нұсқа 
1-мәтін 
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт: 
- Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық  па? 
- дейді. 
Сонда Бөлтірік: 
- Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала - 
артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын-туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз- 
біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, куанышың - от! - 
дейді. 
1. Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа 
A) қолға ұстаған мұз C) ұшқан құс E) бала - жұбаныш, қарт - қазына 
B) артта қалған із 
D) қайғы - күл, куаныш - от 
2. Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты 
A) баласы көп жігіт 
D) бақ құсы қонған жігіт 
B) жүрегі мықты жігіт 
E) көпті сыйлаған жігіт 
C) ұзақ өмір сүрген жігіт 

225 
 
 
2- 
мәтін 
 
Ұрпақ заманынан озбаса... 
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап беретін. 
Бірде ол әкесінен: 
- Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтарының басқан ізі асып 
түседі? - деп сұрады. Әкесі: 
-  Балам,  ол  солай.  Алдыңғы  аяқтары  басқан  ізден  артқы  аяқтары  басқан  ізі  озып  түсіп 
отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек, 
сенен  де  бір  ақылды  адам  шығар.  Ол  тағы:  Бұрын  шыққан  құлақтан  кейін  шыққан  мүйіз 
озатынының да белгісі, - деді. 
Бала: 
- Бұрын шыққан кұлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге?- деп сұрады әкесінен. Әкесі: 
- Иә,  балам.  Мәселен,  құлақ  туа  бітеді.  Ал  мүйіз  болса  малдың  төлі  туғанда  болмайды.  Кейін, 
үлкейе  келе,  біртіндеп  өсе  келе  құлақтан  да  озып,  ұзарып  кетеді.  Өзің  қарашы,  ана  ала 
тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір 
айдан кейін мүйіз шыға бастады. Келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып өседі. 
Сен  ақылдысың.  Демек,  Ақбақайдың  артқы  аяғы  алдыңғы  аяғынан  озып  түскеніндей,  ала 
тайыншаның  туғанда  жоқ  мүйізінің  туғанда  бар  құлағынан  асқанындай,  сен  де  үлкейгенде 
қатарыңнан  озасың,  балам.  Олай  етпесең,  сенің  менен  туған  ұрпақ  болғаның  қане?  Ұрпақ 
заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, - деді әкесі. 
3. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал 
A) Күш атасын танымас. 
D) Жақсы бала - әкеге құт. 
B) Тілі тәтті - көңілі қатты. 
E) Талайлымен таласпа. 
C) Шешінген судан тайынбас. 
4. Әкесі неге риза болды? 
A) Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына 
B) Баласына орынды ақыл айтқанына 
C) Баласының аттың сырын білетіндігіне 
D) Баласының білімпаздығына 
E) Жақсы мысал табылғанына 
5. Баланың әкесіне қатысты сипаттама 
A) Көңілді B) Сабырлы C) Сымбатты D) Еңбекқор E) Адал 
6.  Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды 
қалаймын» деген сөзінің мағынасы 
A) Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені. 
B) Ақылы жасына сай болсын дегені. 
C) Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені. 
D) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені. 
E) Қатарынан қалмай өссін дегені 
3- 
мәтін 
 
Әлем елдерінің Жаңа жылды қарсы алуы 
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің түрлі салт- 
дәстүрлері бар. 
Болгарияда  сағат  тілі  түнгі  12-ні  соққанда  барлық  үйде  жарық  сөне  бастайды.  Дастарқанға 
міндетті түрде самса қойылады екен. 
Венгрияда  дастарқанға  үйрек  пен  тауық  еті  қойылмайды.  Себебі  венгерлер  құстардың 
барлығын «Бақыт кұсының» туыстары деп есептейді екен. Италияндықтар ескі жылдың соңғы 
сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа 
жылдың  алғашқы  түнінде  үйлерінен  сынған  ыдыстарын,  ескірген  жиһаздарын  аулаларына 
шығарып тастайды екен. 
Оңтүстік  Америкадағы  Эквадор  елінің  халқы  Жаңа  жылда  сабаннан  жасалған  қарақшыны 
ескінің  символы  ретінде  далада  отқа  өртеп  жібереді.  Францияда  адамдар  Жаңа  жыл  кешінде 
жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана 
қоймай, кетерінде сыйлықтар береді екен. 
Үндістанда  Жаңа  жыл  -  Дивали  «жарық  пен  оттар  мерекесі»  деп  аталады  екен.  Айтса 
айтқандай, осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап 

226 
 
 
кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар 
көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып, 
көркемдейтін көрінеді. 
Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл 
тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді. 
Бирмада  Жаңа  жылда  күн  ыстық  болып  тұратындықтан,  адамдар  бір-  бірінің  үстеріне  су 
шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшыратуға 
болады. 
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән салатын 
көрінеді. 
Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен. 
Қытайда  Жаңа  жыл  мерекесін  көшеде  барабандар,  темір  тарелкалар  соғылып,  отшашулар 
атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға нарцисс 
гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы 
мен ақпан айының басына келеді. 
Ұлыбритания алғаш ашықхаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да 
Жаңа жылда осы елдің әр отбасы таныстарын ашықхат арқылы кұттықтағанды ұнатады. 
Қазақстанда  жыл  басы  -  Наурыз  мерекесі  наурыз  айында  тойланады.  Бұл  қазіргі  күн  есебі 
бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар көтеріңкі көңіл күйде 
болып, бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтады, ешкімді ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде 
мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн теңеседі. 
7. Мерекелерде ашықхаттармен құттықтау бізге қай елден келген? 
A) Қытайдан 
C) Үндістаннан 
E) Ресейден 
B) Голландиядан 
D) Ұлыбританиядан 
8. Жаңа жылдық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет 
A) Қытай B) Үндістан C) Ресей D) Голландия E) Қазақсан 
9. Жаңа жыл дастарқанына кұс етін қоймайтын ел 
A) Венгрия B) Эквадор C) Франция D) Болгария E) Италия 
10. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали»деп аталуының себебі 
A) Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандықтан 
B) Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан 
C) Сағат он екіде көшеге шыққандықтан 
D) Салынған суреттерге үн, топырақ сепкендіктен 
Е) Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан 
11.  Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырьш қана қоймай, 
кетерінде сыйлықтар беруінің себебі 
A) Қолы ашық екенін көрсету үшін 
B) Адалдығын көрсету үшін 
C) Ырымдарға сенгендіктен 
D) Ұстамдылығын байқату үшін 
E) Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін 
12. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер 
A) Гвинея - Эквадор 
C) Венгрия - Эквадор 
E) Үндістан - Куба 
B) Қытай - Ұлыбритания D) Голландия - Куба 
4- 
мәтін 
 
Ұлыстың Ұлы күні һәм Наурызды қалай тойлаған орынды 
I. Қазақтың ежелден тойлап келе жатқан мерекесі - Наурыз. Наурызды еліміз Ұлыстың ұлы күні 
деп  білген.  Ұлыстың  өзі  мемлекет  дегенді  білдіретінін  ескерсек,  Ұлыстың  Ұлы  күні  - 
мемлекеттің  Ұлы  мерекесі  деген  сөз.  Наурыз  -  Қазақстандағы  ең  басты  мемлекеттік  мейрам 
болуы шарт. Расында, Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлыс мейрамына ерекше мән беріле бастады. 
Мемлекеттік деңгейде тойлануы үшін үш күндік демалыс мәртебесі берілді. 
II.  Ал  2009  жылдың  30  қыркүйегінде  ЮНЕСКО  Наурыз  мейрамын  адамзаттың  материалдық 
емес  мәдени  мұралар  тізіміне  енгізді.  2010  жылдың  10  мамырынан  бастап  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымы  Бас  Ассамблеясының  64-қарарына  сәйкес,  21  наурыз  «Халықаралық  Наурыз  күні» 
ретінде  аталып  келеді.  Бас  Ассамблея  өзінің  берген  түсініктемесінде  «Наурызды  көктем 
мерекесі  ретінде  3000  жылдан  бері  Балқан  түбегінде,  Қара  теңіз  аймағында,  Кавказда,  Орта 
Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеген 

227 
 
 
болатын. 
III.  Наурыздың  қазақтың  дәстүр-салтын  есіне  түсіретін  этнографиялық  тойына  айналып 
кеткені де рас. Әркім өзінің есінде қалғанын, білген дәстүрін істеп жүр. Біреулер келін түсіру 
ырымын жасайды, біреулер баланың тұсаукесерін өткізеді деген сияқты. Наурыз жаңа жылдың 
басы,  бірнеше  мың  жылдық  тарихы  бар  қасиетті  мейрам  есебінде  тойланбай  келеді,  Менің 
ойымша,  Наурыз  біздің  ұлттық  жаңғыруымыздың,  ұлттық  құндылықтарымызға  деген 
көзқарасымыздың, ұлтжандылығымыздың көрсеткіші. 
IV. Егер қазақтың байырғы дәстүрлеріне келсек, Мәшһүр Жүсіп шежіресінде қызықты деректер 
бар  екенін  айтқан  жөн,  «Наурыздың  келген  сәтін  жандыда  балық  біледі»  дейді  шежіреші. 
Наурызнама  той  қылатын  жұрттың  патшалары  тірі  балықты  көп  қылып  ұстатып  алып,  бір 
керсен суға салып, көптің алдына қойдырады. Отырған көп әлеумет сол балықтарға көздерін 
тігіп қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан жата қалады. 
Қарындары  жарқырап,  лезде  балықтар  аунаған  жағынан  екінші  жағына  қарай  аунап  түседі. 
Сонан соң патшалар барабан соқтырады: «Ескі жыл шықты, жаңа жыл келді!» дегені бұл. «Жаңа 
жыл тойы!» - деп, сегіз күн ұдайымен қол астына қараған жұртқа той, тамаша береді. Қазақтың 
«Наурыздың  келгенін  жандыда  балық  біледі,  жансызда  Самарқанның  көк  тасы  біледі»  деген 
сөзінің  шешімі  осы.  «Самарқанның  көк  тасы»  Мәуреннахр  өлкесінде  хан  тағына  иелік 
жасаймын деген патшаларды ақ киізбен көтергеннен кейін, әдейілеп алып келіп отырғызатын 
қасиетті тас. Қазақтың хандарының ішінен бұл тасқа Тәуекел oтырған. Наурыз туғанда хандар 
мен  сұлтандар  тұтқындарға  кешірім  жасайды,  зынданда  отырғандарды  босатады,  құлдар 
азаттық алады, сол себепті «Самарқанның көк тасы жібіді» делінеді. 
V. Ертеде Әзірет Сұлтан мешіті ішіндегі құжыраларды мекен қылған қаптаған дуаналар әлем- 
жәлем киініп, аса таяқтарын салдыратып тойдың қызығына олар да қосылған. Нағыз карнавал 
деуге келеді. Қызық думан кезінде жастар қазақтың мүшел деген он екі жылдық есебіне сәйкес 
кеб киіп шығады. «Кеб» қазіргі бет перде деп жургеніміз, яғни бет-жүзін жасырып киіп алатын 
жасанды түр. Қозы Көрпештің Баян сұлу ауылына келгенде Тазшаның кебін киетінін есіңізге 
алыңыз, «Маска-шоудың» орнына бәріміз он екі мүшелдің бейнесінен костюм жасап, кеб киіп 
«Наурыз-шоу»  неге  өткізбеске?!  Наурыз  келгенде  он  екі  жылға  ие  болған  жануардың  біреуі 
таққа мінеді, біреуі тақтан түседі, өзгелері де орнынан бір-бір саты жылжиды. Наурыз тойында 
шығырды алып келіп алаңның ортасына орнатып он екі жылға ие болған жануарлардың кеб- 
маскасын  киген  адамдардың  бәрін  сол  шығырға  отырғызады.  Әрине,  той  мереке  өзінен  өзі 
басталып, әнші- күйшілер ортаға шығып жаз бен қыстың айтыстарын жасайды, бишілер тойды 
қыздырып жатады. 
VI. Наурызда  арнайы  наурызнама  жасап  құрбы-құрдас, сырлас  азаматтар  бір-бірінің  ауылына 
барады.  Наурызнама  жасап  арнайы  келген  адамға  деген  құрмет  шексіз  болады.  Дәулеті 
жеткендері «тоғыз» деп тоғыз мал байлайды, орта шаруалар ат мінгізіп, шапан кигізіп жатады. 
Әйтеуір наурызнама жасап келген адам құр қол қайтпау керек, жоқ дегенде бір көйлектік деп 
мата береді. 
VII.  Қазақ  -  қызықшыл  халық.  Наурыз  мейрамы  күндері  туыс-туған  көрісіп  жатады.  Даланың 
бала  сияқты  аңғалақ  халқы  әр  әдемі  қимыл,  әр  маңызды  сөзге  бола  той-мереке  жасайды. 
Осының  бәрі  елді  көңілдендіріп,  бәрі  де  мәз-мейрам,  қыстың  ызғары  той  мерекемен  естен 
шығады, қыстың шығыны, қиындығы ұмытылады. Наурыз мейрамы да осы үшін керек. 
13. М.Жүсіп Көпеев жазбалары бойынша Ұлыстың Ұлы күні неше күн 
тойланған? 
A) 8 
B) 3 
C) 5 
D) 40 
E) 10 
14. Мәтіннің бірінші бөлігіндегі Наурызға байланысты ұғым 
A) Ұлыстың ұлы күні 
D) Самарқанның көк тасы жібіген күн 
B) Халықаралық наурыз күні 
E) Наурызнама тойы 
C) Жаңа жыл тойы 
15. Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз 
A) Қазақ хандарынан қасиетті Самарқанның көк тасына кім отырған? 
B) Наурыз мерекесінде үлкен кісілер қандай бата берген? 
C) «Самарқанның көк тасы жібіді» деген ұғымның мағынасы қандай? 
D) Мәшһүр Жүсіптің шежіресінде қандай қызықты деректер айтылған? 
E) ЮНЕСКО Наурыз мейрамын материалдық емес, мәдени мұралар 
тізіміне қашан енгізді? 
16. Қазақстанда «Наурыз» мерекесі 
A) Ұлттық мереке 
D) Діни мереке 

228 
 
 
B) Халықаралық мереке 
E) Мемлекеттік мереке 
C) Салт-дәстүрлік мереке 
17. Бас БҰҰ Ассамблея түсініктемесінде кездеспейтін атау 
A) Батыс Еуропа 
C) Таяу Шығыс 
E) Балқан түбегі 
B) Қара теңіз 
D) Орта Азия 
18. Мәтіндегі лиро-эпос жырларының бірімен байланысты қолданылған сөз 
A) кеб 
B) керсен 
C) тоғыз 
D) құжыра 
E) балық 
19. Мәтін бойынша «Самарқанның көк тасы жібіді» сөзінің мағынасы 
A) Хан, патшаларды ақ киізбен көтеру. 
D) Күн жылынып, қар еру. 
B) Жүрек жібіп, мейірімділік таныту. 
E) Мұз жібіп, балық аулау. 
C) Жаңа жылдық басталуы. 
20. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз 
A) Наурыз мейрамы «Халықаралық Наурыз күні» ретінде қашаннан бері тойланып келеді? 
B) Неліктен наурыз мейрамын «Әз Наурыз» деп атаймыз? 
C) Қазақ халқының Наурыз мерекесінде бозбала бойжеткенге не сыйлаған? 
D) Мерекеде пісірілетін наурызкөже қалай дайындалатын болған? 
E) Наурыз айында ең бірінші ұшып келетін құсты қалай атаймыз? 
 
1316-нұсқа 
1-мәтін 
 
Адыраспан туралы ақиқат... 
Адамзаттың  тіршілік  етуі  барысында  өсімдіктер  әлемінің  алатын  орны  ерекше  зор.  Қазіргі 
медицинада  қолданыста  жүрген  дәрі-дәрмектердің  40  пайыздай  бөлігі  тап  өсімдіктер 
дүниесінен  жасалады  екен.  Қоршаған  орта  өскіндерінің  адам  ағзаларын  жақсартуға  осындай 
өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. 
Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі 
«Адыраспан»  деп  аталады.  Біздің  ата-бабаларымыз  сондықтан  оны  үйдің  босағасына  іліп 
қойып,  осы  арқылы  отбасын  алуан  түрлі  бәле-  жаладан  сақтауға  тырысқан.  Осы  өсімдіктің 
түтінімен үйдің ішін ыстап, бәле- жаладан шаңырақты аластайтын болған. 
Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның 
әдеп-ибасын қатаң сақтаған. 
1. Мәтін мазмұнына сай емес сөйлем 
A) Адыраспанды жұлып аларда ережелерін қатаң сақтаған. 
B) Біздің ата-бабаларымыз өсімдіктердің қасиетін жақсы білген. 
C) Адамзат тіршілігінде өсімдіктер әлемінің орны зор. 
D) Медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздайы 
адыраспаннан алынады. 
E) Атам қазақ адыраспанды киелі деп санаған. 
2. Ата-бабаларымыздың адыраспанды үйдің босағасына іліп қоюының мәні 
A) Отбасын түрлі бәле-жаладан сақтайды деп сенгендіктен 
B) Үйдің ішін ыстау үшін 
C) Шипалық қасиеті мол болғандықтан 
D) Ата-бабаларымыздан қалған дәстүр болғандықтан 
E) Өсімдік әлеміндегі орны зор. 
2- 
мәтін 
 
Теңіз жұлдызы 
Теңіз  жағасын  жағалап  келе  жатқан  бір  кісі  жерден  бір  нәрселерді  алып  теңізге  лақтырып 
жатқан  бір  баланы  көреді.  Жақындағанда  оның  толқынмен  жағаға  шығып  қалған  теңіз 
жұлдыздарын  құтқармақ  болып  жатқанын  байқайды.  Ал  көкжиекке  дейін  созылып  жатқан 
жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен. 
- Сен не істеп жатырсың? - деп сұрайды әлгі кісі. 
- Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой, - дейді бала таңырқап. 
- Бұл ақымақтық қой! - дейді әлгі адам, - қарашы, олар қаншама, жағада мың емес, миллионы 
жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма? 
Бала шамалы ойланып, келесі теңіз жұлдызын қолға алады да, теңізге қайтарып жатып: 
- Дәл осы жұлдыздың тағдыры үшін жасағанымның мәні үлкен, - депті. 

229 
 
 
3. Мәтін мазмұнынан тыс ой 
A) Бейтаныс адам 
C) Жұлдызды аспан 
E) Теңіз жағасы 
B) Теңіз жұлдыздары 
D) Мейірімді бала 
4. Баланың соңғы сөзіне қатысты мақал 
A) Жамандық жақын, жақсылық алыс 
B) Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды 
C) Еңбегі аздың - өнбегі аз 
D) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 
E) Көп - қорқытады, терең - батырады 
5. Мәтіндегі баланың іс-әрекетіне сәйкес мінездеме 
A) Тентек 
C) Сотқар 
E) Мейірімді 
B) Қызба 
D) Қырсық 
6. Баланың соңғы сұраққа жауап бергендегі іс-әрекеті 
A) Ойланады 
C) Ашуланады 
E) Таңырқады 
B) Үндемейді 
D) Ұялады 
3- 
мәтін 
 
Мақсатқа жету жолындағы қиындықтар 
1.  -  Ұстаз,  -  деді  бір  күні  шәкірті  бірдеңе  сұрамақ  болып,  -  өз  әлсіздігімізді  сездіретін, 
жолымыздан тайдырғысы келетін, мақсатымызға жетуге кедергі келтіретін қиындықтар неге 
туындайды? 
2. - Сенің қиындық деп отырғаның, - деді Ұстаз, - негізінде мақсатыңның бір бөлігі. Мұнымен 
күресуді доғар. Жол таңдағанда жай ғана осыны ойла да,  есепке ал. Садақ атып жатқаныңды 
елестетші.  Жерге  қалың  тұман  түскендіктен  сен  нысананы  көрмейсің.  Алайда  сен  тұманмен 
күресесің бе? Жоқ, сен жел соққанды күтіп, тұман өздігінен тарап кеткенін күтесің. Енді нысана 
көрінді дегенде, жебеңді жел басқа жаққа ұшырып әкетеді. Сен желмен күресесің бе? Жоқ, сен 
оның  бағытын  аңдып,  садақты  басқа  бұрыштан  атуға  кірісесің.  Садағың  да  қатты  әрі  ауыр, 
кейде  садақтың  адырнасын  тартуға  күшің  жетпей  жатады.  Сондайда  садақпен  күресесің  бе? 
Жоқ, бұлшық еттеріңді жаттықтырып, күн өткен сайын адырнаны жеңіл тартасың. 
3.  -  Бірақ  желсіз,  жайма-шуақ  күні  жеңіл  әрі  иілгіш  садақтан  ататын  адамдар  бар  ғой,  -  деді 
шәкірт  өкпелеп.  -  Неге  дәл  менің  атысым  өз  жолында  көптеген  қиындыққа  ұрынады?  Әлде 
тағдыр менің алға ұмтылуыма қарсы ма? 
4. - Ешқашан ешкімге қарама, - деп жымиды Ұстаз. - Әр адам өз 
садағын,  өз  нысанасын  және  атуға  қолайлы  уақытты  өзі  таңдайды.  Біреулер  дәл  тигізуді 
мақсат  тұтады,  басқалар  -  атып  үйренгісі  келеді.  Ұстаз  даусын  бәсеңдетіп,  шәкіртіне  тура  
қарай: 
5. - Саған тағы бір құпияны ашайын, балам. Тағдыр саған қарсы шықпайды және көмектеспейді 
де,  ол сенің ісіңе араласпайды. Тұман сенің атысыңа кедергі болу үшін түспейді, жел оғыңды 
басқа жаққа ұшырып әкету үшін соқпайды, ал садақшы садақты адамдар өз әлсіздігін ұғынсын 
деп  жасамайды.  Мұның  бәрі  сенің  қалауыңнан  тыс  іске  асады.  Барлық  қиындыққа  қарсы 
тұрып,  нысанаға  дөп  түсемін  деген  -  өз  ойың.  Сондықтан,  қиындыққа  шағымдануды  доғар 
немесе менменшілдікке салынбай, өз қолыңнан келетін мақсатты таңда. 
7. Мәтін бойынша ұстаздың шәкіртіне айтқан ақылына сәйкес келетін мақал 
A) Түсі келіспей, ісі келіспес 
D) Алып - анадан, ат - биеден 
B) Еңбегі ештің - күні кеш 
E) Ерте тұрған өкінбес 
C) Қалауын тапса қар жанар 
8. Мәтін мазмұнында кездеспейтін ой 
A) Жеңіл әрі иілгіш садақтан ататын адамдар бар ғой. 
B) Ешқашан ешкімге қарама. 
C) Сенің қиындық деп отырғаның — мақсаттың бір бөлігі. 
D) Өз қолыңнан келетін мақсатты таңда. 
E) Біреулер өз нысанасына дәл тигізуді мақсат тұтпайды. 
9. Шәкірттің «бәрі маған қарсы» деген пікірі немен байланысты? 
A) өз тілегімен 
C) өз жолымен 
E) өз арманымен 
B) өз әлсіздігімен 
D) өз мақсатымен 
10. Мәтін бойынша шәкірт садағының оғын нысанаға дөп тигізуге кедергі болмайтын жағдай 
A) Ауа райының қолайсыздығы 
D) Қалың тұманның түсуі 
B) Шәкірттің садақ ата алмауы 
E) Қатты желдің соғуы 

230 
 
 
C) Бұлшық еттерін жаттықтыру 
11. Мәтіндегі ұстаздың пікірінше «тұманның түсуі, желдің соғуы, садақтың қаттылығы» немен 
байланысты? 
A) Жолы болмайтындар үшін болады D) Тағдырдың қарсылығымен болады 
B) Қалауыңнан тыс болады 
E) Әлсіздерді әшкерелеу үшін болады 
C) Адамдарды сынау үшін болады 
12. Мәтіндегі шәкірттің ойынша жолында кездесетін қиындықтардың себебі 
A) Өзінің әлсіздігі 
D) Тағдырдың қарсылығы 
B) Ештеңені үйренгісі келмеуі 
E) Басына түскен істі қиынсынуы 
C) Кедергінің көп болмауы 
4- 
мәтін 
 
1.  Он  жеті  жасқа  қараған  кезде  Ибн  Сина  дәрігер  ретінде  Бұхарада  үлкен  атаққа  ие  болып, 
Бұхарадағы әмір сарайына шақырылды, Нух ибн Мансұр ұзақ уақыт бойы ауырды, оны емдеген 
сарай маңындағы дәрігерлер оған көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде басқарушыны 
емдеп  шығарып,  әмірдің  жеке  дәрігері  болып  сайланады.  Сөйтіп  Таяу  Шығыстағы  ең  жақсы 
және бай кітапхананы пайдалануға рұқсат алды. Мүмкін дәл сол Бұхара кітапханасында оның 
медицина  бойынша  қорытынды  еңбегін  жасау  идеясы  туындаған  шығар.  Бірақ  ол  кезде 
ғалымның ойлағанының бәрі орындала бермейтін. 900-ші жылдардың соңында Бұхара соңғы 
тыныш күндерін бастан өткізеді. Мемлекет жан-жаққа бөлініп, қарахандықтар, түрік көшпелі 
тайпалары астананы жаулап алды. Қала тоналып, кітапхана жанып кетті... 
1002  жылы  әкесі  қайтыс  болған  соң,  Ибн  Сина  Хорезмнің  астанасы  Гурганджыға  (қазір 
Үргеніш)  көшіп  келеді.  Жергілікті  басқарушы  шах  сарайындағы  Мамун  Академиясына  пікір 
таластыру үшін келген ғалымдарға қолдау көрсетті. Ибн Синаның соңынан Хорезмге Бируни 
мен Масихи келді. Біраз жыл ғалымдар тыныштық тауып, ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік 
алды. 
2. Көрші  Газна  мемлекетінің  сұлтаны  Махмуд  басқарушы  Хорезмнің  бай  жерін  басып  алғысы 
келді,  1008  жылы  ғалымдардан  оның  астанасына  қоныс  аударуын  талап  етті.  Ибн  Сина  мен 
дәрігер  Масихи  сұлтанға  барудан  бас  тартып,  түнде  Қарақұм  арқылы  қашып  кетеді.  Аңыз 
бойынша  үшінші  күн  жол  жүріп  келе  жатқанда,  дауылға  тап  болып,  адасып,  сусыз  және 
тамақсыз  қалған.  Масихи  шөл  далада  жантәсілім  етеді.  Ибн  Сина  әзер  дегенде  аман  қалады. 
Сұлтан  Махмуд  Газневи  барлық  қалаларға  Ибн  Синаның  сыртқы  түрін  суреттеп  адамдар 
жібереді.  Кімде-кім  данышпан  дәрігердің  тұрақтаған  жерін  көрсетсе,  үлкен  сый  алатын  
болады. 
3.  Сол  кезден  бастап  Ибн  Синаның  өмірі  Иранның  түрлі  қалаларын  аралаумен  етті.  Ғалым 
Хамада  және  Исфаханда  өмір  сүрді,  онда  ғылыми  шығармашылықпен  айналысты,  нысана 
қызметімен  шұғылданып,  сондағы  әмірлердің  сарай  дәрігері  болды.  Ибн  Сина  басынан  қиын 
жағдайлар өтеді. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Сол кезеңдерде ғалымның 
көптеген  еңбектері  жоғалып  кетті.  Кейбір  жұмыстарын  Ибн  Сина  ұзақ  жол  жүрген  кезде,  ат 
үстінде отырып жазды. 
4. Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы  арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен 
айрылса  да,  Ибн  Сина  ғылыми,  әдеби  және  дәрігерлік  қызметін  тоқтатпады.  Өмірдің  қиын 
соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болады. 
5.  «Өлімнің  түйінін  анықтауға»  талаптану,  кұпияны  ашу,  ауруды  жеңіп  шығу,  адамдардың 
өмірін жеңілдету үшін барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау Ибн Синамен алға басты, ол 
өзінің медицина бойынша «Китабуль-Канун фит-тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) басты 
еңбегін жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі»Ибн Синаға 
дүниежүзілік  атақ  әперді,  медицина  тарихында  атағы  жайылған  кітап  болды.  Еңбек  оның 
мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және 
орта азиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ, 
Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңалық болып енгізілді. 
6.  Бұрын  медицина  ғылымына  белгісіз  жаңа  мәліметгерді  «Ереженің»  әрбір  бетінен 
кездестіруге  болатын.  Ибн  Сина  ауа  және  су  арқылы  тарайтын  көрінбейтін  жұқпалы 
аурулардың  қоздырушысы  туралы  ғылыми  болжамды  алға  тартты.  800  жыл  өткеннен  соң 
француз ғалымы Пастер қоздырушы микроб туралы ғалымның бұл болжамын дәлелдеді. 
13. Мәтіннің мазмұнына лайықты тақырып 
A) Ибн Сина еңбектері 
D) Танымал Ибн Сина 
B) Сарай дәрігері Ибн Сина 
E) Жас дәрігер Ибн Сина 

231 
 
 
C) Ибн Сина әмір сарайында 
14. «Дәрігерлік ғылымның ережесі» кітабы Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперуінің себебі 
A) Ибн Синаның дәрігерлік тәжірибесі жаңа тактика болып енгізілгендіктен 
B) Европа медицинасының тәжірбиесі талданғандықтан 
C) Дәрігерлік тәжірибесіндегі оқиғаларды суреттегендіктен 
D) Сол кездегі мықты дәрігерлермен бірлесіп жазғандықтан 
E) Ибн Синаның бірнеше елдердің медицинасын зерттегенінен 
15. Ибн Сина Гурганджыға қашан көшіп келді? 
A) 900 жылы Бұхарада жүргенде 
D) 1008 жылы қоныс аударғанда 
B) 1010 жылы қуғынға ұшырағанда  E) 1002 жылы әкесі қайтыс болған соң 
C) Өзінің басты еңбегін аяқтаған соң 
16. Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлемдер 
1. Ибн Сина ауруына себепті дәрігерлік қызметін тоқтатады. 
2. Кейбір еңбектерін ат үстінде жүріп жазды. 
3. Ибн Сина Иранның түрлі қалаларында болады. 
4. Ибн Сина Хорезмде өмір сүрмеген. 
A) Бірінші мен үшінші 
D) Бірінші мен төртінші 
B) Екінші мен үшінші 
E) Екінші мен төртінші 
C) Бірінші мен екінші 
17. Ибн Сина мен дәрігер Масихидің Хорезмнен қашып шығу себебі 
A) Басқа қалаларға барып ғылыммен айналысқылары келеді 
B) Махмуд сұлтанның ғалымдардың қоныс аударуын талап етуі 
C) Білімдерін әрі қарай жалғастырғысы келеді 
D) Жат жұрттық сұлтанға бағынғысы келмейді 
E) Газна мемлекетінің сұлтаны Махмуд сұлтаннан қорқады 
18. Мәтін мазмұнын түйіндейтін даналық ой 
A) Білім қымбат, білу қиын. 
D) Өнерлінің өзегі талмас. 
B) Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді. 
E) Ақыл ойдан туады. 
C) Өнерлінің қолы алтын. 
19. Мәтіннің үшінші бөліміндегі айтылған ой 
A) Ибн Синаның қуғынға ұшырауы 
B) Ибн Синаның Хорезмге келуі туралы 
C) Ибн Синаның шөл далада қалғаны туралы 
D) Ибн Синаның ғылыми еңбектері туралы 
E) Ибн Синаның Масихимен танысуы туралы 
20. Ибн Синаның кейбір еңбектерін ат үстінде жүріп жазуының себебі 
A) Шел далада ат үсті ыңғайлы болғандықтан 
B) Уақыттың тығыз болғандығынан 
C) Еңбектерін ешкімге көрсеткісі келмегендіктен 
D) Қуғын-сүргінге ұшырап жүргендіктен 
E) Ат үстінде жаңа идеялар туатындықтан 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет