2-
мәтін
1. Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың
қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде той», «шілдехана күзет»
өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл
көтереді.
2. Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды. Әдетте, шілдеханаға ауыл
үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын- шайтан, перілердің салқынынан
қорғап, күзету - халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі
нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. «Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып
күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді» деген сенім болған. Осы
сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету - соның
бір түрі.
3. Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. Сүйінші
сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса - «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта
жетектер», ал қыз болса - «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады.
Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай сый-сияпат беріп, әйтеуір
қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл
адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады.
4. Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп, келушілерден
көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл- көзім тасқа, өзі жаман бала
екен!» - деп түкірген болады.
5. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән- жырсыз өтетін
мереке, қуанышты күндер жоқ. Той да жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады.
3. Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы
A) Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы
B) Немерелі болған әже куанышы
C) Ескі наным-сенімдердің сақталуы
D) Тіл-көзден сақтау ырымдары
E) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері
4. Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің
мәнісі
A) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі
B) Нәрестеге көңілі толмағандықтан
C) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан
D) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады
E) Баланың дені сау болып өссін деген ниет
5. Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады?
A) Екінші B) Үшінші C) Төртінші D) Бесінші E) Бірінші
6. Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген?
A) «Тізгін ұстар» деген сөз арқылы
B) «Ат ұстар» деген сөз арқылы
C) «Күл шашар» деген сөз арқылы
D) «Ноқта жетектер» деген сөз арқылы
E) «Қырық жеті» деген сөз арқылы
3-
мәтін
Дәріс
Бір шэкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет жол шетінде жатқан тозығы
жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына:
- Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге
жасырынып қалай абдырап, сасқанын қызықтайық, - дейді. Сонда ақылды ұстазы:
- Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа
жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай,
керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сонан кейін ғана не қызық болатынын
тамашалайық, - дейді. Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған шәкірт айтқанын
орындайды, Көп ұзамай екеуі жақын тұрған ағаштың артына барып жасырынады. Сәлден соң
219
жүзі күн көзіне әбден тотыққан, жұпыны киімді бір шаруа келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны
сол еді, ішіндегі затты сезіп, аяғын дереу қайта суырып алады. Қолын салып еді, ақша екен.
Екінші сыңарынан да сондай ақша шықты. Ақшаға бір, жан-жағына бір қарап, таң-тамаша
болып тұрып қалды. Көз жетер жерде ешкім байқалмады. Ақшаны қалтасына салды да, жерге
тізерлеп отыра кетті. Жасаураған жүзімен жан-жағына қарап сөйлей бастады: «Ей, адам! Кім
болсаң да сен менің халімді өзімнен артық білгендейсің. Әйелімнің ауру екенінен,
балаларымның аш-жалаңаш екенінен хабардар болдың. Бәрімізді басқа түскен қиындықтан
құтқардың. Шүкір, шүкір...». Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі өзіне белгісіз адамға
алғыс айтып, шүкірлігін білдіріп отырды.
Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты әсерге
бөленді, Шәкіртінің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы:
- Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы ойыңды
іске асырғанда қандай күйде болар едің?!-дейді. Шәкірті:
- Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! --
дейді.
7. Әңгіменің түйіні
A) Алтын көрсе періште жолдан таяды.
B) Еңбектің наны тәтті.
C) Жүйрік алысқа, жігіт намысқа,
D) Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын.
E) Алып қуанғаннан, беріп қуанған артығырақ.
8. Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз
1. Тозығы жеткен аяқ киім
2. Шәкірт бойындағы өзгеріс
3. Егінші куанышы
4. Ұстаз ұсынысы
A) 4, 3, 1, 2
C) 1, 4, 3, 2
E) 2, 1, 4, 3
B) 3, 2, 1, 4
D) 4, 3, 2, 1
9. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал-мәтелді анықтаңыз
A) Адам санасын ар түзейді.
D) Жақсы ниет - жарым ырыс.
B) Пейілі кең - кемімес,
E) Ұялған тек тұрмас.
Пейілі тар - кеңімес.
C) Жарлы болсаң да, арлы бол.
10. Ақшаны көргендегі егіншінің алғашқы әрекеті
A) Дауыстап сөйлей бастады
D) Тізерлеп отыра кетті
B) Ақшаны қалтасына салды
E) Таң-тамаша болды
C) Аяғын аяқ киіміне сұқты
11. Мәтін мазмұнынан алшақ қатар
A) Ұстаз ақылы, бақытты шәкірт D) Жоғалған аяқ киім, егіншінің реніші
B) Егін алқабы, шаршаған шаруа E) Жақсы дәріс, риза егінші
C) Шәкірт пен ұстаз, шексіз алғыс
12. Шәкіртті шаттыққа бөлеген сәт
A) Аяқ киімге ақша жасыруы
D) Шаруаның ақша тауып алуы
B) Шаруаның алғысы
E) Аяқ киімді тауып алуы
C) Ұстазына алғыс білдіруі
4-
мәтін
¥лыстың ¥лы күні һәм Наурызды қалай тойлаған орынды
I. Қазақгың ежелден тойлап келе жатқан мерекесі - Наурыз. Наурызды еліміз ¥лыстың ұлы күні
деп білген. Ұлыстың өзі мемлекет дегенді білдіретінін ескерсек, Ұлыстың ¥лы күні -
мемлекеттің ұлы мерекесі деген сөз. Наурыз - Қазақстандағы ең басты мемлекетгік мейрам
болуы шарт. Расында, Тәуелсіздік алғаннан бері ¥лыс мейрамына ерекше мән беріле бастады.
Мемлекеттік деңгейде тойлануы үшін үш күндік демалыс мәртебесі берілді.
II. Ал 2009 жылдың 30 қыркүйегінде ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық
емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Үлггар
¥йымы Бас Ассамблеясының 64- қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні»
ретінде аталып келеді. Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем
мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта
220
Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеген
болатын.
III. Наурыздың қазақтың дәстүр-салтын есіне түсіретін этнографиялық тойына айналып
кеткені де рас. Әркім өзінің есінде қалғанын, білген дәстүрін істеп жүр. Біреулер келін түсіру
ырымын жасайды, біреулер баланың түсаукесерін өткізеді деген сияқты. Наурыз жаңа жылдың
басы, бірнеше мың жылдық тарихы бар қасиетті мейрам есебінде тойланбай келеді. Менің
ойымша, Наурыз біздің үлттық жаңғыруымыздың, үлттық құндылықтарымызға деген
көзқарасымыздың, ұлтжандылығымыздың көрсеткіші.
IV. Егер қазақтың байырғы дэстүрлеріне келсек, Мәшһүр Жүсіп шежіресінде қызыкты деректер
бар екенін айтқан жөн. «Наурыздың келген сәтін жандыда балық біледі» дейді шежіреші.
Наурызнама той қылатын жүрттың патшалары тірі балыкты көп қылып ұстатыті алып, бір
керсен суға салып, көптің алдына қойдырады. Отырған көп элеумет сол балықтарға көздерін
тігіп қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан жата қалады.
Қарындары жарқырап, лезде балықтар аунаған жагынан екінші жағына қарай аунап түседі.
Сонан соң патшалар барабан соқтырады: «Ескі жыл шықгы, жаңа жыл келді!» дегені бұл. «Жаңа
жыл тойы!» - деп, сегіз күн үдайымен қол астына қараған жүртқа той, тамаша береді. Қазақтың
«Наурыздың келгенін жандыда балық біледі, жансызда Самарқанның көк тасы біледі» деген
сөзінің шешімі осы. «Самарқанның көк тасы» Мәуреннахр өлкесінде хан тағына иелік
жасаймын деген патшаларды ақ киізбен көтергеннен кейін, әдейілеп алып келіп отырғызатын
қасиетті тас. Қазақтың хандарының ішінен бүл тасқа Тәуекел отырған, Наурыз туғанда хандар
мен сұлтандар тұтқындарға кешірім жасайды, зынданда отырғандарды босатады, қүлдар
азаттық алады, сол себепті «Самарқанның көк тасы жібіді» делінеді.
V. Ертеде Әзірет Сұлтан мешіті ішіндегі қүжыраларды мекен қылған қаптаған дуаналар әлем-
жәлем киініп, аса таяқгарын салдыратып тойдың қызығына олар да қосылған. Нағыз карнавал
деуге келеді. Қызық думан кезінде жастар қазақтың мүшел деген он екі жылдық есебіне сәйкес
кеб киіп шығады. «Кеб» қазіргі бет перде деп жүргеніміз, яғни бет-жүзін жасырып киіп алатын
жасанды түр. Қозы Көрпештің Баян сүлу ауылына келгенде Тазшаның кебін киетінін есіңізге
алыңыз. «Маска-шоудың» орнына бәріміз он екі мүшелдің бейнесінен костюм жасап, кеб киіп
«Наурыз-шоу» неге өткізбеске?! Наурыз келгенде он екі жылға ие болған жануардың біреуі
таққа мінеді, біреуі тақтан түседі, өзгелері де орнынан бір-бір саты жылжиды. Наурыз тойында
шығырды алып келіп алаңның ортасына орнатып он екі жылға ие болған жануарлардың кеб-
маскасын киген адамдардың бәрін сол шығырға отырғызады. Эрине, той мереке өзінен өзі
басталып, әнші- күйшілер ортаға шығып жаз бен қыстың айтыстарын жасайды, бишілер тойды
қыздырып жатады.
VI. Наурызда арнайы наурызнама жасап қүрбы-құрдас, сырлас азаматтар бір-бірінің ауылына
барады. Наурызнама жасап арнайы келген адамға деген кұрмет шексіз болады. Дәулеті
жеткендері «тоғыз» деп тоғыз мал байлайды, орта шаруалар ат мінгізіп, шапан кигізіп жатады.
Әйтеуір наурызнама жасап келген адам қүр қол кайтпау керек, жоқ дегенде бір көйлектік деп
мата береді.
VII. Қазақ - қызықшыл халық. Наурыз мейрамы күндері туыс-туған көрісіп жатады. Даланың
бала сияқты аңғалақ халқы әр әдемі қимыл, әр маңызды сөзге бола той-мереке жасайды.
Осының бэрі елді көңілдендіріп, бәрі де мәз-мейрам, қыстың ызғары той мерекемен естен
шығады, қыстың шығыны, қиындығы ұмытылады. Наурыз мейрамы да осы үшін керек.
13. Мәтіндегі лиро-эпос жырларының бірімен байланысты қолданылған сөз
A) құжыра
B) балық
C) тоғыз
D) кеб
E) керсен
14. Мәтіннің бірінші бөлігіндегі Наурызға байланысты ұғым
A) Самарқанның көк тасы жібіген күн
D) Жаңа жыл тойы
B) Наурызнама тойы
E) Ұлыстың ұлы күні
C) Халықаралық наурыз күні
15. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз
A) Неліктен наурыз мейрамын «Әз Наурыз» деп атаймыз?
B) Қазақ халқының Наурыз мерекесінде бозбала бойжеткенге не
сыйлаған?
C) Наурыз айында ең бірінші ұшып келетін құсты қалай атаймыз?
D) Наурыз мейрамы «Халықаралық Наурыз күні» ретінде қашаннан бері
тойланып келеді?
E) Мерекеде пісірілетін наурызкөже қалай дайындалатын болған?
16. М.Жүсіп Көпеев жазбалары бойынша Ұлыстың Ұлы күні неше күн тойланған?
221
A) 5
B) 10
C) 40
D) 8
E) 3
17. Мәтін бойынша «Самарқанның көктасы жібіді» сөзінің мағынасы
A) Хан, патшаларды ақ киізбен көтеру.
B) Жаңа жылдық басталуы.
C) Күн жылынып, қар еру.
D) Мұз жібіп, балық аулау.
E) Жүрек жібіп, мейірімділік таныту.
18. Қазақстанда «Наурыз» мерекесі
A) Ұлттық мереке
D) Салт-дәстүрлік мереке
B) Халықаралық мереке
E) Діни мереке
C) Мемлекеттік мереке
19. Бас БҰҰ Ассамблея түсініктемесінде кездеспейтін атау
A) Орта Азия
C) Қара теңіз
E) Таяу Шығыс
B) Батыс Еуропа
D) Балқан түбегі
20. Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз
A) Қазақ хандарынан қасиетті Самарқанның көк тасына кім отырған?
B) «Самарқанның көк тасы жібіді» деген ұғымның мағынасы қандай?
C) Наурыз мерекесінде үлкен кісілер қандай бата берген?
D) Мәшһүр Жүсіптің шежіресінде қандай қызықты деректер айтылған?
E) ЮНЕСКО Наурыз мейрамын материалдық емес, мәдени мұралар тізіміне қашан енгізді?
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
1059-нұсқа
1-мәтін
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке
тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері
пайдалануына, сән- салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат),
қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ
шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар.
Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген
үй түрлері болады, Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп
аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас
келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-
түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім
ілінеді.
4. От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
1. Ең үлкен киіз үй
A) Ақ орда
C) Ақ ала орда
E) Алтын орда
B) Ақ шаңқан
D) Алтын үздік
2. Киіз үйдегі киелі орын
A) Қонақтар орналасатын орын
B) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
C) Ер тұрман, киім ілінетін орын
D) Үй иесінің жататын орны
E) От жағылып, қазан асылатын орын
2-
мәтін
Сократтың ақылы
Сократқа біреу келіп: - Досың жайлы не естігенімді айтайын ба? - дейді.
- Тоқта. Маған әңгіме айтар алдында үш сынақтан өтуіңді сұраймын. –Үш сынақ?
- Иә, менің досым туралы сөйлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ой елегінен өткізіп
алғаның абзал болар. Бірінші - “Шындық сынағы ” Досым туралы айтатының 100 пайыз
шындық екеніне сенімдісің бе?
- Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан...
222
- Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің.
Екінші - “Жақсылық сынағы.” Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..?
- Жоқ, жақсы емес, керісінше...
- Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келе ме сонда?
Оған қарамастан сынақтан өтуің мүмкін, соңғы - “Керектілік сынағы.”Досым туралы
айтатының керегіме жарай ма?
- Білмеймін ғой енді, бәлкім...
- Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе. Оны айтып
несіне әуре боласың?
3. Мәтін мазмұны бойынша 3 сынақтың реттілігі
A) Жақсылық, керектілік, шындық
D) Шындық, жақсылық, керектілік
B) Жақсылық, шындық, керектілік
E) Керектілік, шындық, жақсылық
C) Шындық, керектілік, жақсылық
4. Мәтін бойынша әңгіменің тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын анықтайтын сынақ
A) «Адалдық» сынағы
D) «Жақсылық сынағы»
B) «Керектілік сынағы»
E) «Шындық сынағы»
C) Барлық үш сынақ
5. Сократқа әңгіме айтушының соңғы әрекеті
A) Әңгімесін айта алмады
D) Әңгімесін толық айтып берді
B) Сократтың сынағынан сәтті өтті
E) Әңгімесін қызықты баяндады
C) Сократтан алғыс алды
6. Сократтың ақылының түйіні
A) Жаман әдеттен аулақ бол
D) Қолыңнан келсе жақсылық жаса
B) Досыңды бағалай біл
E) Тыңдай білу - әдептілік белгісі
C) Танитын адам туралы ғайбат сөйлеме
3-
мәтін
Отырар кітапханасы
Ежелгі Отырар қаласы Сырдарияның Арыс өзеніне құяр жерінде, Ұлы Жібек жолының бойында
орналасқан. Айналасы - ат шаптырым терең ор, биік қорған. Төбе басында хан сарайы, жан-
жағында тас, болат тамдар және қару- жарақ, теңге соғатын ұстаханалары, шәкірттер дәріс
алатын бірнеше медресе (мұсылман университеті) болған. Қалаға тырнаша тізілген, иір мойын
түйелер күндіз-түні келіп жатқан. Қаланың батыс жағындағы қақпа арқылы орыс көпестері,
шығыс жағынан монгол, қытай кезбелері кіретін. Ал түстіктен Шаш, Бұқара қалаларынан
шыққан араб саудагерлері, терістіктен башқұрт, саха ханзадалары жіберген керуен тізбектері
келетін. Бұл керуендермен саудагерлер әртүрлі әшекей бұйымдар, маталар, тең-тең кітаптар
әкелетін. Әр жақтан әкелген кітаптар Отырар қаласының үлкен кітапханасына жиналған. Бұл
кітапхана заманында түкпір-түкпірден жиналған сирек кездесетін кітаптарымен аты шыққан.
Отырарда жұлдыз санаған сәуегейлер, ойшылдар, ғалымдар, дүниенің сырын болжаған
көріпкелдер өмір сүрген. Олар Отырар кітапханасынан сол кездегі барлық кітаптарды алып
оқыған. Өздері ғажайып дастандар жазған. Әлемге аты шыққан ғалымдардың басым көпшілігі
осы кітапханада болған. Білімге ұмтылған қаншама зерек шәкірт осынау кітапхана шырағданы
астынан ғұлама атанды. Кейінгілерге ойлы сөздерін қалдырды. Отырар медресесін бітірген
шәкірттерден қалған қағазға, сақтиянға (теріден жасалған кітап), қамысқа жазылған
қолжазбалар Қазақстанның әр жерінен табылып жатыр. Көне заман кітаптары тек қана
қолмен, қауырсын қаламмен жазылған. Бабаларымыз өздерінің тарихын, келер ұрпаққа
арнаған сөзін қышқа, тасқа ойып қалдырған. Сүйекке, ыдысқа, теріге сіңіріп келтірген сөз,
сөйлемдер қаншама?!
Бабаларымыз ерте кезде Тараз қаласының маңында терісінен қағаз жасау үшін кілең ақ
ешкілер өсіріпті. Ол үшін ешкі терісін алдымен иге салады. Майы кетіп, тұз сіңіп сірескен
жарғақты көлеңкеге кептіреді. Содан кейін қағаздай жұқа болғанша илеп, иін қандырады.
Дайын болған жұқа тері-
қағаздар қатталып, оралып, түйеге тиеліп, шартарапқа жөнелтілген. Тараз ешкісінің терісіне
түскен әріптер өшпеген. Олар жүздеген жылдар бойы сақталған.
Отырар кітапханасы сөрелерінде ақ теріге жазылған, алтын жалатқан кітаптар көз жауын
алатын. Мұнымен қоса күйген қышқа түсірген, ыдысқа ойған, тасқа, ағашқа қашап қалдырған
бабалар қолтаңбасы да мол болған.
Аңыз бойынша әлемге аты шыққан кітапхананы Шыңғысхан әскерлері өртеп кеткен. Алайда
біраз кітапты қала қорғаушылары құмыраларға салып, жер астына тығып, сақтап қалған
223
деседі. Елімізде қолжазба ескерткіштерін іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Астанада «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ашылып, табылған жазба деректер
жинақталуда. Көп ұзамай мың жылдық тарихы бар білім ордасы - Отырар кітапханасы екінші
өмірін бастамақ.
7. Мәтін бойынша ақ ешкілердің пайдасы
A) Сүтті көп беретін болған.
D) Жер талғамайтын мал.
B) Еті түрлі сырқатқа ем.
E) Өсімтал мал болған.
C) Жарғағына жазу жазатын болған.
8. Отырардың батыс жақ қақпасынан қатынайтын керуен
A) Араб
B) Саха
C) Қытай
D) Орыс
E) Башқұрт
9. Мәтін бойынша керуен тізбектерінің келу себебі
A) Тауарларын сатуға келеді.
D) Саяхаттауға келеді
B) Жиын өткізуге келеді.
E) Жорыққа дайындалуға келеді.
C) Сирек кездесетін құмыралар әкеледі.
10. Шыңғысхан әскерінің қітапханаға қатысы
A) Кітаптарды жер астына тығуға көмектесті.
B) Өртеніп жатқан кітапхананы аман алып қалды.
C) Қолжазба жұмыстарын іздеуге септігін тигізді.
D) Саяхатшылардың көп келуіне ықпал етті.
E) Күл-талқан етіп жағып жіберді.
11. Мәтін бойынша бабалар аманатын бізге жеткізу тәсілдерінің бірі
A) Өлең түрінде жазып қалдырған.
B) Таспаға жазып қалдырған.
C) Қышқа ойып жазып қалдырған.
D) Том-том кітаптар жазып қалдырған.
E) Папирус жапырағына жазып қалдырған.
12. Отырар кітапханасының құндылығы
A) Ойшылдар барлық кітаптарды алып оқыған.
B) Көріпкелдер кітап алып оқитын болған.
C) Кітапханадан кітап алып оқығандар ғұлама болған.
D) Сирек кездесетін кітаптарымен аты шыққан.
E) Кітаптарды оқығандар ойлы сөздер қалдырған.
4-
мәтін
Майқы би (XII - ХІП ғғ.) - халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге
қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының
арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би»
деген ескі сөз бар.
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі,
одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу
тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның
Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына
қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің оң
қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен
қарайлас болған,
Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну
кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай
елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.
Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған
бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі -
Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген
40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған
Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза»
таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының
таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен.
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы
ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ
найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырған.
224
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен
ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға
айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.
13. Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би
A) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға
D) Ақылгөй дана, ел билеуші
B) Әскер басы, дана би, хан
E) Батыр, дана, хан
C) Би, шешен, үш жүздің ханы
14. Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті
A) Бірлік бар жерде тірлік бар
D) Өнер алды - қызыл тіл
B) Ердің атын еңбек шығарар
E) Ақыл азбайды, білім тозбайды
C) Әдепті бала - арлы бала
15. «Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты?
A) Ел атымен
C) Жер атымен
E) Ру атымен
B) Тау атымен
D) Өзен атымен
16. «Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме
жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар
A) Отбасы мен ұрпағы
D) Жұбайы мен жары
B) Ел-жұрты мен халқы
E) Баласы мен данасы
C) Жалшысы мен малшысы
17. Майқы бидің өсиетіне сай даналық еөз
A) Ер - елінде,
D) Шешеннің сөзі мерген,
Гүл - жерінде.
Шебердің көзі мерген.
B) Сөздің көркі - мақал,
E) Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Жүздің көркі - сақал.
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
C) Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
18. Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған?
A) Ақарыстан
C) Шыңғыс хан
E) Төле би
B) Арыстан
D) Төбе би
19. 40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді?
A) Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін
B) Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын
C) Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін
D) Жауға бірінші болып шабатындығын
E) Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын
20. Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы?
A) Ыбырайымның
C) Ұзынсақалдың
E) Ақарыстың
B) Шыңғыс ханның
D) Төле бидің
Бөлтірік шешеннің сөзі
Достарыңызбен бөлісу: |