I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


 Қарияның «жігіттің сүйкімсіз мінезі



Pdf көрінісі
бет40/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


18. Қарияның «жігіттің сүйкімсіз мінезі 
бар» деуінің себебі 
А) Қонақ қылғысы келмегендіктен 
В) Жас жігіт болғандықтан 
С) Қызын сақтандырғандықтан 
D) Әңгімесін түсінбегендіктен 
E) Жігітті жақтырмағандықтан 
20. Байдың егініне сипаттама 
А) Борышты өтеуге берілетін егін 
В) Көлікті жалға алып жыртатын егін 
С) Жалға алған жерге егілетін егін 
19. Мәтіндегі жігіт пен қарияның іс- 
әрекетіне қатысты нұсқа 
А) Жолаушыны жол сынайды 
В) Сабақты ине сәтімен 
С) Жер тозса – тақыр, ер тозса - пақыр 
D) Қысқа жіп күрмеуге келмейді 
E) Көңілсіз жұмыс - өнімсіз 
 
D) Тұқымы қарызға алынған егін 
E) Желінбеген егін 
 
1176-нұсқа 
1-мәтін 
Хандық дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ әйелі 
1821 жылы Уәли хан дүниеден өткенде Айғаным 38 жаста болатын. Үміт күткен ұлы Шыңғыс 
әкеден бар болғаны 10 жасында қалыпты. Осы тұста Ресей патшалығы Айғанымды «Орта 
жүздің ханы» деп таниды. 
Уәлидің өзге әйелдерінен қаншама ұлдары бола тұра, таққа Айғанымның отыруы патша 
үкіметіне өте қолайлы еді. Осыған орай Айғанымды «хандық дәрежесіне көтерілген тұңғыш 
қазақ әйелі» деп атаушылар да бар. Бірақ бұл хандық ұзаққа созылмай, 1822 жылы 
М.М.Сперанскийдің «Сібір қазақтарын басқару» атты ережесі шығады да, Орта жүздің хандығы 
жойылып, қазақтары: Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Баян, Қарқаралы, Аякөз аталған алты 
дуанға бөлініп кетеді. Ал Айғаным Көкшетау дуанына біраз жыл аға сұлтан болып тұрады. Бұл 
туралы ғалым Әлкей Марғұлан: «Айғаным – ақылды, көреген, өз заманына сай білімді болған 
әйел. Ол шығыстың бірнеше тілін білген, орыс мәдениетіне ден қойып, Сыртқы істер 
министрлігінің Азия департаментімен және Петербордағы Сібір комитетімен хат жазысып, 
байланысып отырған», - дейді. Айғаным жергілікті халықтың арасында өте зор беделге ие 
болған. 
1. Айғанымның жергілікті халықтың арасында зор беделге ие болуының себебі 
A) Өте білімді, ақылды болғандықтан 
B) Бірнеше тіл біліп, хат жаза алғандықтан 
C) Жергілікті халықтың жағдайын жасағандықтан 
D) Хандық дәрежесіне көтерілген әйел болғандықтан 
E) Аға сұлтан қызметін мінсіз атқарғандықтан 
 
2. Айғанымның хандық дәуірінің ұзаққа созылмауының себебі 
A) Көкшетауда хандық билік жойылған соң 
B) Қазақ жерінде хандық дәуір жойылған соң 
C) Орта жүзде хандық жойылған соң 
D) Аға сұлтан қызметіне тағайындаған соң 
E) Хандықты баласына беруіне байланысты 
 
2-мәтін 
Домалақ ананың қадір – қасиеті ертеден ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз- 
әңгіме көп. 
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің 
ауылын шауып, сан мың жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда 
болмаса керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына 
үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрила 
(Домалақ ана): «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі – құла айғыр қолда қалды. Амандық 

255 
 
 
болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға келеді. Жауды қума, 
азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз», деп, өз отауының белдеуінде байлаулы тұрған, 
жүген – құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін 
алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс 
салыпты. Алайда жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. 
Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. Арада 
алты күн өткенде, байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінпті. Сол күні 
кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. 
Ереуілден барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ 
түгел қайтарып алса керек. 
 
3. 
Мәтіннің басты идеясы
 
A) Құла айғырдың құдіретін көрсету 
B) Жаугершілік заман қиындығын көрсету 
C) Қазақ жігіттерінің ерлігін дәріптеу 
D) Бәйдібек байдың сабырсыздығын сынау 
E) Домалақ ананың көріпкелділігін таныту 
 
4. Домалақ ананың: «Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі 
ауылға келеді» - деуінің мәні 
A) Жылқылар жат жерді құла айғырсыз жерсінбейді деп жорамалдады 
B) Құла айғырдың үйірінің ауылда құлындары қалғанына қарап осылай айтты 
C) Жылқының барлығы айдауға көнбейтін жүген-құрық тимеген асау болғандықтан 
D) Малдың құты құла айғыр үйде қалған, ал жылқы құла айғырдың дауысын естіп кері 
қайтарын білді 
E) Құлы айғырсыз жылқылар басқа үйірге қосылмай, тойынған соң оралатынын білді. 
5. Мәтіндегі Бәйдібек байдың әрекетін ашатын мақал-мәтел 
A) Алысқан жауға арқаңды көрсетпе 
B) Қорқақты көп қусаң, батыр болады 
C) Жауды аяған жаралы 
D) Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар 
E) Асығыс түбі – қып – қызыл шоқ 
6. Белдеуде байлаулы тұрған шу асау айғырдың айдауда кеткен жылқыларға қатысы 
A) Жылқының құты, иесі 
B) Жылқы ішіндегі ең кәрісі 
C) Жылқы ішіндегі ең жүйрегі 
D) Жылқының жорғасы 
E) Жылқының ең асауы 
 
3-мәтін 
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір 
7.  Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп, 
жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу 
мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи 
оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен 
өткен кезеңдерден сыр шертеді. 
8.  Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз- 
Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері – Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы 
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде 
Қозыбасы биігіне жақын болыпты. 
9.  Қозыбасы, Қозыбашы – атауына келер болсақ, тарихи түп дерек кездеріндегі Қазақ 
мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау төбелі 
жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің 
«Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасыда 
деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы –тарихи географиялық тұрғыдан алғанда ХІV-XV 

256 
 
 
ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар 
жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген. 
10. 
Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам 
баласының тұрағы – мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. Тарихи 
дерек көздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу және Талас 
өңірлерін қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі мезгілде Шу өңіріндегі 
Суябта, Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси 
өмірдің куәсі болды. 
11. 
Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан 
аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы 
екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі әрбір тарихи кезеңде өзіне тән 
айрықша белгілермен ерекшеленеді. Сондай ерекше кезеңге ХІV-XV ғасырлардағы 
этноүрдістер жатады. Бұл кезеңнің басты белгілерінің біріне – қазақ халқының этнос ретінде 
тарих төріне шығуы жатса керек. 
12. 
Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі-оғыз текті ұлыстар 
негізінде қалыптасқан ортақ тіл, дәстүр , территория, менталитеттегі байырғы этностың 
қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі 
аталып келген этнос (сақ, ғұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этнонимге ие 
болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті 
«Қазақ хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV 
ғасырдың 
алпысыншы жылдарында – ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы, 
мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет 
ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі 
«мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі 
тарихи мәнге ие. Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек. 
Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер 
біздің бүгінгі ұғымымыздағы өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ хандығы алғаш 
құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа пен Азияның кез келген елімен тең тұра алатын. 
 
7. 
Мәтіннен 1 және 2 –бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз 
A) Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады 
B) Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады. 
C) «Қазақ» деген жаңа аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылады. 
D) Қазақ хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады 
E) Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады 
8. 
Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы 
1. Қозыбасы – Жамбыл тауындағы шоқы 
2. Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты 
3. Қазақ халқының негізін түркі – оғыз текті ұлыстар құрады 
A) Екінші мен үшінші 
B) Бірінші мен үшінші 
C) Бірінші мен екінші 
D) Тек екінші 
E) Үшеуі де дұрыс 
9. Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға, жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын бөлігі 
A) 1 
B) 5 
C) 2 
D) 4 
E) 3 
10. Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз 
A) Қозыбасты аймағында қоныстанған 
B) Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан 
C) Батыс Моғаолстан, Шу, Талас өзендері бойында орналасқан 

257 
 
 
D) Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады 
E) Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы болған 
11. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз 
A) Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған? 
B) Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді? 
C) Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды? 
D) Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда, тойланды? 
E) «Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай? 
12. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі 
2. Жаңа этнонимнің пайда болуы 
3. Алғаш ту тіккен жер 
4. Қозыбасы атауы 
A) 4,2,1,3 
B) 2,4,3,1 
C) 1,3,4,2 
D) 3,4,2,1 
 
 
4- 
мәтін 
E) 1,2,3,4 
10. 
1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз 
тәуелсіздігін ариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде, 
мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі 
ғана. Қазақ хандығының құрылуы жайында бірден – бір дерек «Тарих-и Рашиди» еңбегіне 
сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан Шибан 
әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен жауласуынан кейін оның билігінен бас тартып, Шу 
өзенінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. 
Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері - ХІV-XV ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан 
мемлекетінің батыс бөлігіндегі аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы төңірегіндегі 
жоталардан оқшау тұрған қозының басындай ғана жұмыр, аласа шоқы төбені білдірсе керек. 
11. 
Қазақ хандығы құрылғанда алдымен Керей ақ киізге отырғызылып, хан көтеріліпті. 
Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. Сірә, 
қазақ жұртының Әбілқайырды жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа 
хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты. 
Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – оның халық санасында 
әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде танылуы. Ол ұлттық тарихымызда жай 
ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады. 
12. 
Әз – Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана 
емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған асылы, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ 
Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері Қасым хан, Хақ-Назар хан, 
Әз-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, қайраткер Әлихан 
Бөкейхановтар – осы әулие Әз-Жәнібек ханның тілкелей ұрпақтары. 
13. 
Тұғырлы көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді 
болашақ ұрпақтың еншісінде. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан 
ғана емес, оны жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің 
санатынан көруі – Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген 
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Елбасы салған сындарлы сара 
жолмен жүріп келе жатқан елімізде «Қазақстан – 2030» стратегиясының бүгінгі күнде 
мерзімінен бұрын орындалуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының 
конференциясының, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының, EXPO-2017 көрмесінің өтуі 
қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін 
дәлелдеді. 
14. 
Мәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 
2050» стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық 
тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан 

258 
 
 
қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға 
мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. 
13. Мәтін бойынша халық санасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған хан 
А) Абылай хан 
В) Кенесары хан 
С) Әз – Тәуке хан 
D) Әбілқайыр хан 
E) Әз – Жәнібек хан 
 
14. Мәтін мазмұнына сай тақырып 
А) Тәуелсіздік тірегі - тіл 
В) Күшті бірді, білімді мыңды жығар 
С) Ел боламын десең, бесігіңді түзе! 
15. Керей мен Жәнібек хандардың тарихтағы орны 
А) Саяси бітімгерлер 
В) Соғыс әдіс – тәсілдерінің білгірлері 
С) «Жеті жарғыны» енгізген хандар 
 
D) Тәрбие басы – тал бесік 
E) Рухы мықты ұлтымның ұлы жетістіктер 
 
 
D) Отарлау саясатынан құтқарған хандар 
E) Қазақ хандығының негізін қалаушылар 
16. Өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш білдіру идеясы 
А) «Мәңгілік ел» 
В) «Қасым ханның қасқа жолы» 
С) «Қазақстан – 2030 стратегиясы» 
17. Қозыбасы атауының түп мағынасы 
А) Қозының басындай ғана бір төбені білдірсе 
керек 
В) Қозының жайылым орнын білдірсе керек 
D) «ЕХРО – 2017» 
E) «Қазақстан – 2050» 
 
 
С) Қой қоздаған аласа шоқы болса керек 
D) Қозы көш жерден көрінгендіктен 
E) Қозы өрбіткен жер болса керек 
18. 2010 жылы Қазақстанда қысқы Азияда ойындарының өтуі 
А) Еліміздегі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қолдайтынын дәлелдейді 
В) Елімізде еңбекқор жастардың көп екендігін дәлелдейді 
С) Қазақстан климатының қысқы ойындарға қолайлы екендігін дәлелдейді 
D) Бірлігі жарасқан ұйымшыл, төзімді, толерантты мемлекет екенін дәлелдейді 
E) Азия жерінің ұлан ғайыр екенін дәлелдейді 
19. Алашорда көсемі болған Әз-Жәнібек ханның ұрпағы 
А) Абылай хан 
В) Шоқан Уәлиханов 
С) Хақ – Назар хан 
20. Мәтіндегі ойға сай мақалды анықтаңыз 
А)Ел ерімен, ер елімен мықты 
В) Ұят – өлімнен күшті 
С) Хан қарашасыз болмас, 
Дау арашасыз болмас 
D) Көргені жақсы көш бастар 
E) Хан екі айтса, қадірі кетеді, 
Қараша екі айтса, ары кетеді 
D) Әз-Тәуке хан 
E) Әлихан Бөкейханов 

259 
 
 
1070-нұсқа 
1 - мәтін 
 
Бөлтірік шешеннің сөзі 
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт: 

Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық 
па? - дейді. 
Сонда Бөлтірік: 

Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала - 
артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмеи, ағайын-туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз- 
біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от! - 
дейді. 
1. 
Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты 
А) бақ құсы қонған жігіт В) ұзақ өмір сүрген жігіт С) баласы көп жігіт 
Д) көпті сыйлаған жігіт Е) жүрегі мықты жігіт 
2. 
Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа 
А) бала - жұбаныш, қарт - қазына В) ұшқан құс С) қолға ұстаған мұз 
Д) қайғы - күл, қуаныш - от Е) артта қалған із 
 
2- 
мәтін 
Ғылым артық па, әлде мал артық па? 
 
Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он 
түрлі жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге: 

Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты. 
Сол мезетте шешен: 

Біріншіден,  ғылым  артық.  Өйткені  ғылым  -  әулие-әнбиелердің  мирасы;  ал  мал  -  перғауын 
мен  Қарынбайдың  мирасы.  Екіншіден,  ғылым  сені  сақтайды,  ал  малды  сен  сақтайсың. 
Үшіншіден,  ғылымның  досы  көп,  ал  малдың  дұшпаны  көп.  Төртіншіден,  ғылымды  жұмсасаң, 
арта береді, малды жұмсасаң, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал 
сараң  деген  атақ  береді.  Алтыншыдан,  ғылым  өзін-өзі  сақтайды,  ал  малды  үнемі  бағып,  қағу 
керек. Жетіншіден, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне  қисапсыз 
жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, 
жоғалады.  Тоғызыншы,  ғылым  көңілді  нұрландырады,  адамға  ақыл-ой  қосады,  ал  мал 
масаттандырады,  болған  үстіне  бола  берсе  екен  деп  дүниеқоңыз  етеді.  Оныншыдан,  ғылым 
құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз иесінің көңіліне тәкаппарлық салады, - деп 
тапқырлық танытыпты. 
3. 
Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл 
А) Баяндап айту  В) Суреттеп айту    С)  Жобалап айту  D) Жырлап айту 
Е) Салыстыра айту 
4. 
Ғылымның дүниеден артықшылығы 
А) Адамның тынышын алады. В) Мінезін нашар жаққа өзгертеді. 
С) Адамға ақыл-ой қосады. 
D) Досың санаулы ғана болады. 
Е) Адамды масаттандырады. 
5. 
Мәтін мазмұнына сай мақал 
A) 
Аңқау бөрі қой үркітеді, Ақылсыз адам ел үркітеді. 
B) 
Мың малың болғанша, Бір балаң ғалым болсын. 
C) 
Киім кірі жуса кетеді, Көңіл кірі айтса кетеді. 
D) 
Мал көтерер өлімді, Дос көтерер көңілді. 

260 
 
 
E) 
Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер. 
6. 
Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған? 
А) Үшінші В) Төртінші С) Жетінші D) Алтыншы Е) Бесінші 
 
3- 
мәтін 
 
Музыка  аспаптарында  орындалатын  шығармаларды  аспаптық  музыка  деп  атайды.  Қазақтың 
домбыра,  қобыз,  сыбызғы,  шертер  сияқты  ұлттық  музыкалық  аспаптарында  орындалатын 
әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - 
бағдарлы  мазмұны  бар,  көркемдігі  жоғары  аспаптық  жанр.  Онда  табиғат  құбылыстары 
(«Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық 
мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), 
аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», 
«Абыл»),  адам  сезімдері  («Қуаныш»,  «Сағыныш»)  және  т.б.  түрлі  оқиғалар  мен  құбылыстар 
суреттеледі.  Күйлер  тақырыбы  мен  мазмұнына  қарай  аңыз-күйлер,  тартыс  күйлер,  тарихи 
күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі. 
Қазақтың аспаптық музыкасы  XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде 
Байжұма,  Баламайсан,  Есжан,  Байжігіт,  Ұзақ,  Боғда,  Махамбет  сияқты  күйшілердің  атағы 
халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына 
Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Тәттімбет,  Тоқа,  Абыл,  Есір,  Ықылас,  Байсерке,  Қазанғап,  Сейтек, 
Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты. 
Домбыра  күйлері  орындалу  мәндері  мен  құрылымдылық  ерекшеліктеріне  қарай  төкпе  және 
шертпе  деп  аталатын  екі  үлкен  түрге  бөлінеді.  Төкпе  күйлер  ұрақты  екпін  мен  өлшемде 
орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады. 
Ежелгі  түркі  тектес  халықтарда  қобыз  күйлері  жыраулар  өнерінен  бастау  алады.  Бұл  өнерді 
дамытуға  Кетбұға,  Кербала,  Айрауық,  Көккесене,  Ықылас  және  Жаппас  Қаламбаев,  Дәулет 
Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 
7. 
XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер 
А) Тәттімбет, Баламайсан В) Ықылас, Айрауық С) Есжан, Байжігіт 
Д) Махамбет, Даулеткерей Е) Қазанғап, Дина 
8. 
Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. 
Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері 
2. 
Күйлердің тақырыптары 
3. 
Күйдің өрістеп дамуы 
4. 
Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі 
5. 
Күй - аспаптық жанр 
А) 1,5,2,4,3 В) 3,1,5,2,4 С) 4,3,1,5,2 D) 5,2,4,3,1 Е) 2,4,3,1,5 
9. 
Шертпе күйлері қалай орындалады? 
A) 
Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен 
B) 
Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен 
C) 
Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен 
D) 
Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен 
E) 
Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен 
10. 
Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа 
А) Қобыз күйі В) Орындау мәнері С) Шертпе күй D) Дауыс ырғағы 
Е) Домбыра әуені 
11. 
Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
A) 
Арнау күйлер, лирикалық күйлер   B)Тарихи күйлер, эпостық  күйлер 

261 
 
 
C) Тартыс күйлер, саяси күйлер D) Психологиялық, батырлық күйлер 
E) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер 
12. 
Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап 
А) Дауылпаз В) Сырнай С) Қобыз D) Жетіген Е) Домбыра 
4- 
мәтін 
 
Майқы  би  (ХІІ  -  XІІІ  ғғ.)  -  халықтың  ауызша  тарихының  айтуында,  Шыңғысты  хан  көтеруге 
қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының 
арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы  - Майқы би» 
деген ескі сөз бар. 
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, 
одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу 
тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның 
Шыңғыс  ханның  ел  бастау  ісіне  көмектесіп,  ақылшысы,  өзі  жорыққа  аттанғанда  орнына 
қалдыратын  биі  болтаны,  Жошы  ханның  Батысқа  жасаған  жорығында  моңғол  әскерінің  он 
қанатын  басқарғаны  айтылады.  Осыған  қарағанда,  Майқы  би  жас  жатынан  Шыңғыс  ханмен 
қарайлас болған. 
Ал  қазақ  аңыздары  оны  одан  бірер  ғасыр  кейін  жасатып,  қазақтардың  үш  жүзге  бөліну 
кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай 
елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі. 
Майқы  би  қазақ  руларын  үш  жүзге  бөліп,  Үйсін  бастаған  бөлікті  Ұлы  жүз,  Арғын  бастаған 
бөлікті  Орта  жүз,  Алшын  бастаған  бөлікті  Кіші  жүз  деп  атайды.  Ноғайлы  хандарының  бірі  - 
Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген 
40  руға  таңба  таратып,  таңбаны  әр  рудың  ерекшелігіне  қарай  белгілейді.  Ұлыс  туын  ұстаған 
Үйсінге  «жалау»,  ортада  жүрген  Арғынға  «көз»,  жауға  алдымен  шабатын  Алшынға  «найза» 
таңбасын  берген.  Аталмыш  40  рудың  таңбасын  жартасқа  қашатқан.  Кезінде  «Майқының 
таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен. 
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы 
ынтымақты,  батыл  болса,  қара  жерден  су  ағызып,  кеме  жүргізеді...  Ақ  білектің  күшімен,  ақ 
найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырған. 
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен 
ойшыл  адам  болғаны  аңғарылады,  халықгың  әдет-ғұрып,  салтын,  жол-жоралғысын  заңға 
айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді. 
13. 
Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған? 
А) Төбе би В) Шыңғыс хан С) Арыстан D) Теле би Е) Ақарыстан 
14. 
40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді? 
A) 
Жауға бірінші болып шабатындығын 
B) 
Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын 
C) 
Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін 
D) 
Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін 
E) 
Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын 
15. 
Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз 
A) 
Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, Ұйым жоқ болса, күйің жоқ. 
B) 
Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген. 
C) 
Сөздің көркі - мақал, Жүздің көркі - сақал. 
D) 
Суды шым тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар. 
E) 
Ер - елінде, Гүл - жерінде. 
16. 
Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би 

262 
 
 
А) Ақылгөй дана, ел билеуші В) Би, шешен, үш жүздің ханы 
С) Батыр, дана, хан D) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға 
Е) Әскер басы, дана би, хан 
17. 
«Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты? 
А) Тау атымен  В) Жер атымен  С)  Ел атымен    D) Ру атымен 
Е) Өзен атымен 
18. 
Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті 
A) 
Ақыл азбайды, білім тозбайды   B) Ердің атын еңбек  шығарар 
C) Бірлік бар жерде тірлік бар D) Әдепті бала - арлы бала 
E) Өнер алды - қызыл тіл 
19. 
«Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме 
жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар 
А) Жалшысы мен малшысы   В)   Баласы мен данасы 
С) Ел-жүрты мен халқы D) Жұбайы мен 
жары Е) Отбасы мен ұрпағы 
20. 
Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы? 
А) Ақарыстың  В) Төле бидің    С) Ұзынсақалдың  D) ЬІбырайымның 
Е) Шыңғыс ханның 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет