31
жылдамдығы артқан сайын тізе бүгіле түседі. Бұл фазада
итерілуге қатысып жатқан бұлшық еттер бос болады. Артқы аяқ
пен мықынның қимылынан кейін, ол аяқ алға және жоғарыға
итеріліп қойылады. Тіректен итерілген аяқ түзелгенде, артқы
аяқтың ӛкшесі алғашқы аяқтың мықынына паралель болады.
Мықынның белсенді қимылынан кейін, алдыңғы аяқ жерге
жіберіледі, оның ӛкшесі алға шығып, табанның алдыңғы бӛлігі
қойылады. Артта қалған аяқ тез әрі жылдам алға қарай
ұмтылады. Есте сақтау қажет: ауысу уақытында сан мен
балтырдың
арасының
бүгілуі,
маятниктің
ұзындығын
қысқартуға және аяқты ауыстыру уақытын қысқартуға
мүмкіндік береді.
Бұрылыстарды (вираж) жүгіргенде желаяқтың қимылы:
- аздап солға қарай еңкейеді (бұрылыс ортасына);
- қимыл амплитудасы сол жақ қолы оң жаққа қарағанда
шағыңқы;
- оң жақ иық аздап алға қарай шығыңқы;
- сол жақ адымның ұзындығы, оң жаққа қарағанда
қысқарақ;
- оң жақ аяқтың сілтеу қимылы ішке қарай бұрыңқы;
- оң жақ аяқтың табаны ішке қарай бұрылып қойылады.
Орта қашықтықтағы жүгіру жылдамдығының ӛсуі адымның
ұзындығының артуына байланысты шектеулі, себебі ӛте үлкен
адым кӛлемді энергияны талап етеді. Желаяқтарда адым
ұзындығы табиғи ерекшеліктері мен қашықтыққа байланысты
орта есеппен 160 – 220 см болады. Жүгіру жылдамдығы, әдетте,
адымдардың жиілігініңарқасында ӛседі, егер адымның ара
қашықтығы бір қалыпты сақталса.
Достарыңызбен бөлісу: