«Аяқты бҥгіп» секіру әдісі. Бұл әдіс ӛте қарапайым және
қолдануға қолайлы, ӛйткеніжаңадан секірушілер алдын ала
кӛрсетпей-ақ, ұзындыққа секіруде осы тәсілді қолданады.
Адымдау жағдайында итерілгеннен кейін артқы қалдырылған
аяқты алға қарай тартып, екі аяқты да кеудеге жақындатуы
керек. Денені бұл жағдайда алға қарай июдің қажеті жоқ.
Жерге түсер алдында шамамен 0,5 м дейін аяқтар түгелдей тік
қалыпқа кӛшіріледі. Қол басталған қозғалысты жалғастыра
отырып, алға – артқа қарай түсіріледі. Осы қозғалыс жерге
түсер алдында тізені дұрыстауға және тепе-теңдікті сақтауға
мүмкіндік береді. Секірудің елеулі кемшілігі, ұшқаннан кейін
алға қарай айналу сәтін ұлғайту болып табылады. Итерілуден
кейінгі аз ғана мӛлшердегі айналу елеулі түрде күшейеді. Аяқты
бүгіп және еңкейгеннен кейін, секіруші айналу радиусын
азайтып, бұрыштық жылдамдық пен айналу сәтін арттырады,
соның салдарынан тепе-теңдікті жоғалтады. Тепе-теңдікті
жоғалтпаудың алдын алу үшін, денені тіктеу мен қолды жоғары
кӛтеру бұл тәсілде ұзындыққа секіруді барлық тәсілдеріне
қарағанда тиімсіздеу.