59
үдемелеп арттыру, қозғалу амплитудасын арттыру және
жүгірудің соңында жылдам жүгіріп ӛту.Екпін алудың бастапқы
кезін орындағанда, ең маңыздысы, ол белгіленген аяқты бақылау
белгісіне қою маңызды. Бір есте сақтайтын нәрсе, егерде екпін
алу адымы тақ болған жағдайда бақылау белгісіне серпілетін аяқ
қойылады жене қозғалысты сермелетін аяқ бастайды.Екпін
алудың
бастапқы
сәтінен
бастап
жылдамдықты
алу
басталады.Секірушінің жүгіру әдісі, қысқа қашықтыққа тік
жолмен жүгіруге ұқсас келеді.Қол және аяқ қозғалысы
ауқымдыдененің еңкею бұрышы 80 градусқа жетеді, екпін
алудың соңына қарай дене түзеледі.Осы сәттен бастап назар
серпілуфазасында болуы абзал,әр серпілу адымында табан жерге
нық қойылады, ӛз жүгіруін қадағалап отарады, жүгіру бір
сызықпен орындалады және жан-жаққа теңселуді болдырмау
керек.
Жүгірудің барлық варианты ерлерде 10, - 11м/с., әйелдерде
9,0 – 10,0м/с. Жылдамдықты арттыруға болады. Неғұрлым
тиімді, дегенмен итеруге қиын тиетін – тӛртінші нұсқа.
Жүгірудің соңғы адымдарында итерілуге дайындық жүреді,
ол итерілудің алдындағы соңғы адымда жайлап отырумен
сипатталады.Бұл
дене
массасының
жалпы
орталығын
тӛмендетуге және сол арқылы сапалы итерілуді орындауға
әрекет жасайды.Отыру қозғалыс динамикасына кері әсер етпеуі
үшін секірушілер соңғы адымда күш түсетін ӛкшемен итеріліп,
жамбасты алға қарай жіберулері керек.Сӛйтіп, денені итерудің
алдында шамалы иіліп (2 - 4°),иықты артқа шалқайтып,
жамбасты алға жіберумен жүзеге асырылады.
Соңғы адымның ұзындығы ерлерде оның алдындағыдан 15
– 20см, әйелдерде 5-10см қысқа болуы керек. Кейбір секірушілер
соңғы екі адымды бірдей ұзындықта сақтап, тіпті, соңғысы оның
алдындағыдан артық болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: