8
немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 60, 100 (К) м,
400 (К) м. Ерлерге: 110(К), 300 м 400 (К) м соңғы екі қашықтық
тек стадионда ғана өткізіледі.
Тосқауылдан өтіп жүгіру – арнайы шыдамдылықты,
ептілікті және жылдамдықты қажет етеді. Стадионда немесе
манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 2000м; Ерлерге: 2000,
3000 (К) м. Жуырда осы жүгіру түрі әйелдер арасында болатын
олимпиадалық жарысқа қосылуы мүмкін.
Эстафеталық жүгіру – құрылымы бойынша бір бағытты
жүгіруге сай келеді. Топтық жарыс, икемділік, шыдамдылық пен
жылдамдықты қажет етеді. Классикалық түрі 4х100 м және
4х400м,
ерлер
мен
әйелдерге
бірдей,
стадионда
өткізіледі.Манежде 4х200 м және 4х400 м, бұл да ерлер мен
әйелдерге бірдей. Сонымен қатар стадионда әр түрлі
қашықтықта мысалы, 800,1000, 1500 м және адам санына шек
қойылмай өткізіле береді. Қала көшелері бойымен де әр түрлі
адам санымен жәнеәр түрлі қашықтықта эстафеталық
жүгірулер болады, Аралас эстафеталарда болады (әйелдер мен
ерлер). Бұрын ең атақты эсатфеталардың бірі шведтерде
болатын: 800+400+200+100 м ерлерде; 400+300+200+100 м
әйелдерде.
Кросстық жүгіріс –(ағыл cross) ойлы- қырлы жерлермен,
табиғи кедергілерден өте жүгіру. Орманды жерлер мен
саябақтарда өткізіледі. Арнайы шыдамдылық пен ептілікті
қажет етеді. Әйелдер 1, 2, 3, 4, 5, 6 км; ерлер 1, 2, 3, 5, 8, 12 км.
Достарыңызбен бөлісу: