Орта және ұзын қашықтықтарға жүгірудің ережелері


Жеңіл атлетиканың  шығу  тарихы



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата22.04.2020
өлшемі0,54 Mb.
#64248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Mamirkulov Orta

 

Жеңіл атлетиканың  шығу  тарихы 

 

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс 



әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам 

бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. 

Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 

776  жылы  өткізілген.  Бұл  туралы  Ежелгі  Грек  олимпиада  ойындары 

туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар 

алаңда  жүгіру  жарысымен  шектелген.  Ерлер  мен  әйелдар  арасындағы 

бәсеке  жеке-жеке  өткізіліпті.  Гректер  жұдырық  түйістіретін  спорт  түрі 

мен  күресті  ауыр  атлетикаға  жатқызған.  Бұрынғы  атлеттердің  жетістігі 

жүгіру  шапшаңдығымен  өлшенген.  Бізге  алғашқы  олимпиадалық 

чемпиондардың  Ежелгі  Грекиядан  шыққаны  белгілі.  Бұл  шара  біздің 

эрамызға  дейінгі  776  жылы  өткізілген.  Онда  атлеттер  тек  жүгіру  спорт 

түрінен  бақ  сынаған.  Додаға  192  метрді  бағындырған  жалғыз  атлет 

жеңімпаз  аталған  екен.  Жеңіс  тұғырынан  көрінген  азамат  Элида 

қаласында  жай  ғана  даяшы  болған.  Ал,  жеңіл  атлетика  алғаш  рет 

Англияда  ұйымдастырылған.  1837  жылдары  жарысқа  түскендер  2  метр 

қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде 

білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы 

оқу  орындарында  да  спорттық  жарыстан  жиі  өтіп  тұрған.  Кейіннен 

бағдарламаға  қысқа  қашықтықта  жүгіру,  ұзындықта  және  биіктіктен 

секіру  сынды  шарттар  енгізіді.1880  жылы  Англияда  Британ 

империясының  шеңберінде  әуесқойлар  атлет  қауымдастығы  негізін 

қалады.  Ал,  АҚШ-та  1868  жылы  Нью-Йорк  қаласында  алғашқы  атлет 

клубы  ашылды.  Сол  жылдары  Америкада  атлетиканың  дамуына  үлес 

қосқандардың  басым  дені  университет  ошақтары  болды.  1880-90  жылы 

жеңіл  атлетика  жеке  дара  спорт  түрі  ретінде  күллі  Еуропаға  кең 

таралды.1896  жылы  өткен  олимпиада  ойындары  жеңіл  атлетиканың 

дамуына  орсан  жол  ашты.  Сол  жылы  Афинада  өткен  І  олимпиада 



 

ойындарына  жеңіл  атлетиканың  12  түрі  енгізілді.  Додада  америкалық 



жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың 

қуанышы  ұзаққа  бармады.  Өйткені,  1952  жылдан  бастап  олимпиада 

ойындарына  қатыса  бастаған  КСРО  атлеттері  олардың  бірден-бір 

қарсылары болды. 1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында 

өнер  көрсеткен  атлеттердің  саны  2000-ға  жетті.  Әйелдер  арасындағы 

жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем 

чемпионатында  және  2000  жылы  Сидней  олимпиадасында  жақсы 

нәтиежеге  қол  жеткізе  білді.1968  жылы  Мехикода  өткен  жарыста 

американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем 

рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» 

деп бағалады. Араға 20 жыл салып  Сеулде өткен олимпиадада 100 және 

200  м  қашықтықтан  жүгіруден  америкалық  желаяқ  Флоренс  Гриф  фит- 

Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл 

қатарынан  сақталып  тұрды.Тез  жүру,  жылдам  жүгіру,  жақсы  секіру, 

қаруды  алысқа  және  дәл  лақтыру  ерте  замандардан  бастап-ақ  дұрыс 

бағаланды.  Жүгіруден,  секіру  мен  лақтырудан  жарысуды  адамдар 

алғашқы қауымдық құрылыс тұсында бастағаны белгілі болып отыр. 

Ертедегі Грецияда мұндай жарыстар жиі өткізіліп тұрды. Б. з. д. 776 

жылдан  бастап  бұл  елде  әрбір  төрт  жылдан  кейін  өткізіліп  тұратын 

Олимпиадалық ойындарға мән берілді. Алғашында мұндай Олимпиадалық 

ойындар  жарысы  жүргізуден  ғана  өткізіліп  тұрды.  Кейіндері  бұл 

ойындардың бағдарламасына ұзындыққа секіру, диск және найза лақтыру 

дегендер  енгізілді.  Содан  кейін  басқа  да  көптеген  әр  түрлі  дене 

шынықтыру  жаттығулары  енгізілген  болатын.  Ақырында  бес  негізгі 

жаттығудан  тұратын  олимпиадалық  жарыс  жарыс  түрлерінің  кешені 

қалыптасты.  Бұл  кешен  пентатлон  немесе,  қазіргі  кезде  айтылып 

жүргеніндей,  бессайыс  деп  аталды.  Пентатлонның  құрамына  бір  ғана 

қашықтыққа  (192м  27см)  жүгіру,  жүгіріп  келіп  ұзындыққа  секіру, 

қашықтыққа диск лақтыру, нысанаға найза лақтыру және күрес енді. 

Адамзаттың материалдық және рухани мәдениеті өсіп-жетіле түсуіне 

байланысты  жүгіру,  секіру,  лақтыру  сияқты  жаттығулардың  мәні  мен 

міндеті біртіндеп кеңейе түсті. Олар адамның денесін шынықтыратын, ең 

бастысы,  жас  ұрпақтың  денсаулығын  нығайту  мен  үйлесімді  дамып-

жетілуін қамтамасыз ететін жаттығулар ретінде пайдаланылатын болды. 

Жеңіл атлетиканың дене шынықтыру жаттығулары кешенінің негізін 

бұрынғысынша, жоғарыды атап өтілген адамның табиғи және өмірлік мәні 

бар  қимыл-қозғалыстары:  жүру,  жүгірі,  секіру  және  лақтыру  құрайды. 

Және бұл жаттығулар бұрынғысынша «жеңіл атлетика» дейтін бір жалпы 

атаудың астына бірігіп, қазіргі Олимпиадалық ойындардың аса маңызды 

түрлерінің бірі болып табылады. 




 

«Жеңіл атлетика» дейтін бұл спорттық атау – шартты ұғым. Ол қазіргі 



спорт  түрлері  біртіндеп  өріс  ала  бастаған  XIX  ғасырдың  аяғы  мен    XX 

ғасырдың басында пайда болды.  «Жеңіл атлетика» тіркесі мамандардың 

пайымдауы  бойынша  пайда  болғанынан  бастап  «ауыр  атлетика»  деп 

аталған күрес, бокс сияқты денеге салмақ түсіретін жаттығуларға қарама-

қарсы қойып атаудың негізінде жасалып, қалыптасқан.  

Оның пайда болуын болжап білу мүмкін емес, сірә адамзатпен бірге 

пайда  болған  шығар?  Себебі,  алғашқы  қауымдық  тіршілік  үшін  жақсы 

жүгіре  білу,  секіру,  дәл  көздеп,  жақсы  лақтыру  керек  болған  ғой.  Ал 

алғашқы жарыстардың ерте дүниедегі О.о-да біздің жыл санаушымыздан 

көп бұрын өткендігі белгілі. Содан бері әлденеше ондаған ғасырлар өтті, 

ж/атл-ның  түрлері  жан-жақты  кеңейіп,  оның  жаңа  түрлері  пайда  болды, 

жаттығуларды  орындау  әдістері  байыды,  тәсілдері  түрленді,  құрал-

жабдықтардың  сандары  көбейді,  ыңғайлан-дырылды,  жетілді,  жүгіру 

қашықтықтары  өзгерістерге  ұшырап  атлеттер  ж/атл-ның  жеке  түрлеріне 

мамандана  бастады.  Ерте  дүниедегі  жеңіл  атлетикалық  жаттығулар 

мүсіншілердің  еңбектерінде,  археологиялық  қазба  жұмыстары  кезінде 

табылған тұрмыс заттары кезінде көптеп табылды. 

Халықар. ж/атл бірлестігі (федерациясы) 1912 жылы құрылды. Оның 

құрылуы  түрлі  халықтар.  Жарыстардың  ұйымдастырылуына,  ж/атл-ның 

дүниежүзінде кең қанат жаюына ықпал етті. Е. ч-ты 1934, Е. Кубогі 1965, 

жабық  стадиондағы  Е.ч-ты  1966  жылдан  бастап  өткізіле  басталды. 

Сондықтан  халықаралық  бірлестіктің  1960  жылғы  ұйғарымы  бойынша 

О.о-дың  чемпиондары    Ә.ч-ттары  болып  есептелініп  келді.  Тек  1987  ж. 

Бастап  ашық  және  жабық  стадиондарда  Ә.ч-ттары,  ал  Ә.  кубогі  1997 

жылдан бастап өткізіле бастады.  

Ж/атл-мен  айналысу  адамның  бойында  күш  пен  шапшаңдықты, 

шыдамдылық  пен  ептілікті,  батылдық  пен  ерік  үшін  дамытып  оны  өзіне 

сенімді  етеді,  денсаулықты  нығайтып,  дененің  дұрыс  қалыптасуына 

жағдай  жасайды.  Ж/атл.  түрлерінің  көптігі  әрі    күрделілігі  соншама 

онымен  айналысу  адамға  жан-жақты  әсер  етеді.  Оның  дарытатын, 

дамытатын  сан  қилы  қасиеттері  адамның  өміріне  кез-келген  уақытта 

қажет.  Сондықтан  да  еліміздегі  дене  тәрбиесінің  негізі  болып 

есептелінетін  «Президенттік  сынаманың»  бағдарламасына  енетін  спорт 

түрлерінің жартысына жуығы ж/атл-лық жаттығулар болып табылады. 

Ж/атл-ның жүгіру түрлерімен жылдың қай мезгілінде де, қай жерде де 

айналысуға  болады,  ал  секіру,  құралдарды  лақтыруды  үйрену  үшін 

жағдай, маман жаттықтырушылар керек.  



 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет