Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет3/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Тарихи топонимика


6

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

бай қазына, асыл мұрасы. Қазіргі қазақ жерінде сан-қилы тарихи оқиғалардың 

болып өткені, бұл қасиетті де, құдіретті жерімізді талай ұлыс, тайпа, ел, халықтың 

мекендеп, мемлекет құрып, ғұмыр кешкендігі тарихтан мәлім.

Біздің дәуірімізге дейінгі гидронимдер мен оронимдер – теңіз аттары: Кас-

пий теңізі, Арал теңізі; өзен аттары: Арыс, Талас, Сырдария, Ертіс, Есіл, Іле, 

Кеңгір,  Шу;  тау  аттары:  Хантәңірі,  Қаратау,  Қазығұрт,  Қарқара,  Қарқаралы, 

Күршім, Тарбағатай, Маңырақ, т.б. Ерте орта ғасырға тән жер-су аттары: Тараз, 

Екіөгіз, Қаялық, Суяб, Сығанақ, Сауран, Орал, Талкиз (Талғар), Сарығ, Кермен, 

Кеш, Торғай т.б. Ортағасырлық жер-су аттары: Құлан, Отырар, Созақ, Сайрам, 

Сүткент, Жайық, Теке, Аспара, Шымкент, Түркістан т.б.

Жоғарыда көрсетілген жер-су аттарының мағыналары қазіргі тіліміздің лек-

сика-морфологиялық  табиғаты  жағынан  түсінікті  әрі  мағынасы  айқын  сияқты 

көрінеді. Мәселен, Алакөл – «ала-құла көл», Хантәңірі – «тәңірі хан», Қаратау 

– «қарайып жатқан тау», Ұлытау – «үлкен тау», т.т. Алайда, бұлайша талдап тү-

сіну үстірт, жеңіл қарау болар еді. Өйткені, ондай ескі, көне атаулар қазіргі түр кі 

тілдерінің лексикалық әрі фоно-морфологиялық заңдылығына бағына бермейді. 

Сондықтан ондай атауларды тарихи-салыстырмалы және тарихи-типологиялық 

жолмен зерттеу нәтижелі болмақ.

Жазба деректер мен археологиялық қазба материалдар – өткен дәуірдің орта 

ғасырында қазақ жерінде тұрақтар мен елді мекен және қала, қалашықтардың 

көп болғанын растап отыр. Оның негізгі себебін Орта Азия халықтары өмірінде 

көшпенділікпен қатар отырықшылықтың да болғаны кеңінен дәлелдей түседі.

Тарихшылардың баяндауынша: «Отырықшылдық пен қала өмірінің даму қар-

қыны қазақтың барлық жерінде бірдей болмады. Сырдария мен Талас, Шудың оң-

түс тік аудандарында қалалардың дамуы әсіресе V-VІІІ ғасырларда үдей бастады».

Қазақстанның көне дәуір қалаларының аттарын зерттеу, лингвистикалық тұрғы-

дан талдаудың тарихи-географиялық әрі этнографиялық мәні мен маңызы аса зор.

Қазақстан тарихында Х-ХІІ ғасырлардағы ортағасырлық қалалар мен кент-

тердің  қалыптасу  жайы  толық  сипатталып,  Қазақстанның  ұлан-ғайыр  даласы 

бірнеше табиғи-шаруашылық зонаға бөлініп қаралады. Олардың әрқайсысындағы 

қа ла тірлігінің, оның тарихының өзіндік ерекшеліктері болғаны да тарихымызда 

жете айтылады.

Қазақстанның көне топонимдері тарихи лексика материалдары ретінде де, аса 

құнды да бағалы. Әсіресе, қазіргі республика аумағында замандар бойы түрлі 

этникалық топтардың өмір сүргендігін, ал ономастикалық материалдар олардың 

тілдерінің  қалдықтары  ретінде  біздің  заманымызға  жеткендігін,  сол  тілдердің 

құпия сырларын ашуға септігін тигізетін аса зор деректер болып саналатынын 

анық көреміз.

Қазіргі  топонимдер  құрамында  қазақ  тілі  материалы  тұрғысынан  талдауға 

көнбейтін, әдеби тіл нормасында жоқ лексикалық қабаттар жиі ұшырайды. Он-

дай топонимдердің кейбіреулері тарих атасы Геродот, Страбон, К.Птолемей, т.б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет