7
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
кездессе, басқалары V-VІІІ ғ.ғ. көне түркі жазба ескерткіштерінде, енді біреулері
біздің дәуірімізден бұрынғы үйсін, қаңлы тілдеріне тән болып келеді. Бұндай
атаулар қытай халқының «Ханнама», «Үйсіндер тарауы», «Тарихнама» сияқты
атақ ты тарихи ескерткіштерінде бар. Ресейдің қытайтану ғылымының негізін
қалаушы синолог-ғалым Я.Бичуриннің «Орта Азия байырғы ұлттарының та-
рихи материалдары» атты белгілі еңбегі, француз тарихшысы Хоутсма «Хан-
нама» мен «Тарихнамадағы» Батыс өңірлерін аударып, ондағы ономастикалық
материалдарды көрсетсе, жапон оқымыстысы Ушида Канпу, т.б. ғалымдар біріге
отырып, қытай тарихи кітаптарындағы Батыс өңір тарауларын аударып, түсінік
жасап, баспадан шығарды. Міне, осылардың бәрінде де түркі атаулары, оның
ішіндегі қазіргі қазақ халқын құрап отырған ертедегі ірі тайпалар: үйсін, қаңлы,
қыпшақ, арғын, алшындар туралы, оларға тән ономастикалық материалдар көп-
теп келтіріледі.
Біздің дәуірімізге дейінгі топонимдердің көпшілігі тау, теңіз, өзен, көл атаула-
ры болса, кейбіреулері қала аттары ретінде ұшырайды. Мәселен, Алтай, Қаратау,
Қазығұрт, Ұлытау, Алатау, Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі (бұрын Көк
теңіз аталған), Ертіс, Арыс, Талас, Іле, Есіл, Сырдария, Ойыл, Қиыл, Тобыл,
Жайық, Ембі (Жем), Хантәңірі, Талғар, Шығу, (Чегу), Тараз, т.б.
Сол атаулардың қай-қайсысы болса да тіліміздің тарихы, мәдениеті мен эт-
нология, тарих мәселелері жөнінде көптеген құнды деректерге ие. Олардың
құрамында қазіргі әдеби тілімізде кездеспейтін, мән-мағынасы ұмыт болған,
мүлдем құпия сырға айналған ескі сөздер мен тұлғалардың ізі сақталған.
Халқымыздың өткен дәуірдегі тарихын, көрші елдермен жасаған мәдени
қарым-қатынас және әдет-ғұрпын танып білуде де бұлардың атқарар рөлі аса
зор. Өйткені, ол атаулардың бәрі – халық тарихы, қоғам өмірімен, адамдардың
жеке басы, іс-әрекетімен біте қайнасып, кейінгі буындарға мирас болып отырған
мә дени мұра, өшпес шежіре, халықтың шынар ой, ұшқыр қиял, данышпандық
зер десі мен ұлттық мінез-құлқы, барша болмысының көрінісі. Әсіресе, қазақ
хандығының құрылуынан бастап 550 жыл бойы дамып қалыптасқан мил-
лиондаған жер-су атаулары зор байлығымыз.
Орасан бай жер-су атауларының «жер тілінің» тілдік табиғаты жағынан ба-
сым тобы ана тіліміздің байырғы сөздерінен қойылған атаулар болса, екінші бір
легі басқа тілдер сөзінен жасалған атаулар. Алайда, қазақ жер-су атауларының
құрамында физикалық-географиялық атаулар тым басым. Әсіресе, тау, жота,
қыр, қырат, асу, бел, белес, кезең, төбе, төбешік, шоқы, көл, көлмек, көлшік, өзен
бастау, қайнар, тұма, бұлақ атаулары мыңдап емес, миллиондап кездесері хақ. Ал
елді мекен атаулары ойконимдер де аз емес. Осыншама мол жер-су аттарының
шығу, пайда болу жайлары мен мән-мағыналары бұл шалқар далада ерте заман-
дардан қандай ру, тайпалар мекендеген деумен қатар, қазақ ру, тайпалары бұл
жерлерде қашан, қай заманнан бастап өмір сүрген деген мәселелер де зерттеу
нысанынан шет қалған емес.
Достарыңызбен бөлісу: