10
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Асылбек Жартыбаев
«КГТИЛингва» Орталық Қазақстан
университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Көне жазба мұралардағы Орталық Қазақстан
топонимдерінің көрінісі
Орталық Қазақстан туралы жазба деректердің аз болуы, сақталмауы, соңғы
жылдарға дейін тарихи-археологиялық тұрғыдан арнайы зерттелмеуі даулы
пікірлерге жол ашып отырған. Орта Азия тарихының тамаша білгірі В.В.Бартольд
«мәдениеті бар соңғы жер Сырдария мен Қаратаудың аралығында болды, бұл
өлкенің солтүстігі адам мекендемеген далалы алқап еді», - десе, ал академик
Ә.Марғұлан археологиялық зерттеулері барысында ол пікірді жоққа шығарып»,
Орталық Қазақстанның таулы және өзенді алқаптарында қола замманнан кейінгі,
орта ғасырларға дейін аралықта отырықшы халықтар мәдениеті болған», - деді
[1,5]. Дегенмен академик Ә.Х.Марғұланға дейін де Орталық Қазақстанның көне
қалалары мен жер-су атаулары туралы мәлімет берерлік жазба деректердің, түрлі
карталардың болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Олардың ішіндегі ең көнесі,
яғни біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі қытай жазбаларындағы топонимдік
деректер қытай тілі заңдылықтарына бағындырып, түбір тұлғасы танымастай
өзгеріске ұшырағын. Әрі көне қытай авторлары көрші елдердің аттары мен жер-
су атауларын өз тілдеріне аударып немесе өз түсінігіне сәйкес беріп отырған.
Қытай алфавитінде сөз ортасында «р» әрпінің қолданылмауына сәйкес түрік
атауы «тукую», арғын тайпасы «алун» Темуршин (Шыңғыс ханның шын аты) -
«Темучин», орыс елі атауы «олосы», «люся», «лаумоза», «налосзо» (жүнді адам
немесе қар адамы аудармасында) берілсе, ал ірі мемлекеттер мен қалалар атаула-
ры да үлкен өзгерістермен таңбаланған. Мысалы, Индия - «Шенди», Месопота-
мия - «Тяогжи», Рим - «Лигань», Бұқара - «Ань», Ташкент - «Ши» формасында
берілген [2,161].
Тарихи мәліметтер қазіргі Қазақстан территориясындағы Балқаш көлінің
солт.-де III-IV ғғ. ғұн (күн) мемлекетінің өмір сүргенін айтады. Оларды қытайлар
«Юэбань», «Се-Яньто» деп атаған [3,43]. Кейбір еңбектерде бұл өлке Сармат-
тар жері, Сар ир, Половецтер, Дешті Қыпшақ және т.б. атауларымен де атала
береді. Осындағы Сар ир, атауы қытай жылнамасында Се-Яньто формасын-
да берілген. Түбір сар, сары сөзінің «се» формасына көшуін қытай тіліндегі р
дыбысының сөз ортасында ұшыраспауынан деп білеміз (түрік - «түкю», аргу -
«алун»). Сар-ир (сары жер, сары алқап) атауы Шыңғысхан өмірін зерттеуші Ми-
шель Хоанг еңбегінде «Ciraka er» формасында ұшыраса [4,49]. Көне Римдіктер
оларды Сарматтар деп атаса, славяндар половцы деп атаған. Қазіргі еңбектерде
Достарыңызбен бөлісу: