- өнімдерді, қызмет етуді және сапа жүйелерін ертификаттауға дайындауға
- метрологиялық қызметтің және оның әрекетінің жағдайын сипаттайтын
негізгі көрсеткіштердің есебі;
- метрологиялық қамтамасыз ету саласында жұмыстардың экономикалық
тиімділігін бағалау;
- өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынаққа
өз уақытында көрсету;
- өлшем құралдарын мемлекеттік аттестаттауға өз уақытында көрсету;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеуге өз уақытында
көрсетуді қамтамасыз ету;
- пайдалануда болған өлшем құралдарын жөндеуді ұйымдастыру және өткізу;
- нормативті және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келетін өлшем
құралдарын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар
жүргізу;
- өлшем құралдарын қолданудың шарттарын қамтамасыз ету және есебін
жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу
графиктерін сақтау және келістіру, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін
өлшем құралдарын қазіргі заманға сай есеппен шығару;
- заттар мен материалдардың қасиеттерінің және құрамының стандартты
үлгілерін дайындауды ұйымдастыру және дайындау (дайындауға қатысу);
- өлшем орындау әдістемелерін дайындау;
- өлшенетін параметрлердің, өнімдердің, жұмыстардың және қызмет етудің
сапасының көрсеткіштерін талдау кезінде өлшемдердің дәлдігінің,
оптималды нормасының райионалды атау тізімін қалыптастыруға қатысу;
- өлшемдер процесстерін автоматтандырубойынша жұмыстар жүргізу;
- метрологиялық бақылауды іске асыру;
- өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің сұрақтары бойынша уәкілетті орган
және оның ведомстволық ішкі органдардың өзара әрекетін іске асыру;
уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қадағалауы бойынша олардың
мемлекеттік метрологиялық қадағалауын іске асыру кезінде аумақтық ішкі
бөлімшелерге көмек көрсетуі;
- мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асырукезінде анықталған
ескертулерді жою жатады.