11. Метрологиялық
қызметтер.
Кәсіпорындардың,
ұйымдардың,
мекемелердің және РМК „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің
негізгі бағыттары
1. Мемлекеттік басқарма органдары метрологиялық қызметтерінің
негізгі бағыттары
2. Заңды тұлғалардың немесе олардың ішкі бөлімшелерінің
метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
Мемлекеттік
басқарма
органдары
метрологиялық
қызметтерінің
негізгі бағыттары болып табылатындар:
- біркелкі техникалық саясат жүргізу және өлшемнің талап етілетін дәлдігін
және бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жалпы басшылығын
іске асыру;
- метрологиялық тексеруді іске асыру;
- метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде өндірістің, жұмыс
және қызмет көрсетудің тиімділігін көтеру;
- өлшем бірліктерін қаматамсыз ету сұрақтары бойынша ведомствалық ішкі
бөлімшелер мен уәкілетті мемлекеттік органның өзара әрекетін іске асыру;
- ведомстваның метрологиялық қамтамасыз етуін дамытудың негізгі
бағыттарын анықтау;
- өлшем жағдайын, тексеруді және зерттеулерді талдау бойынша
жұмыстарды координациялау және ұйымдастыру;
- ведомствалық ішкі бөлімшелер және ведомстваны метрологиялық
қамтамасыз ету бағдарламаларының орындалуы және қалыптасуы бойынша
жұмыстарды басшылыққа алу;
- ведомствалық ішкі бөлімшелер дайындаған нормативті құжаттарды
метрологиялық сараптау;
-
өлшем орындалуы әдістемелерін дайындау бойынша жұмыстар
ұйымдастыру;
- өлшем құралдарына арналған салыстырып тексеру сұлбасын енгізу және
дайындау бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеуге құқықты
салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының аккредиттеуге
қатысуы;
- ҚР Ұ 50.2.2 сәйкес аналитикалық, сынақтық және өлшеуіш зертханалардағы
өлшем жағдайын бағалауғақатысу және жұмыстарды ұйымдастыру;
- метрология саласында кадрлердің мамандығын көтеруді және дайындауды,
қайта дайындауды ұйымдастыру және ұсыныс енгізу;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ведомствалық ішкі
бөлімшелермен уәкілетті мемлекеттік органның өзара әрекетін іске асыру;
уәкілетті мемлекеттік органның метрологилық қадағалауы бойынша
аумақтық ішкі бөлімшелерінің мемлекеттік метрологиялық қадағалауын іске
асыруына көмек көрсету;
- метрология саоасында халықаралық жұмыс бойынша жұмыстарға қатысу;
- ведомстваны метрологиялық қамтамасыз ету сұрақтары бойынша кеңестер,
семинарлар, конференциялар, көрмелер ұйымдастыру;
- метрологиялық қамтамасыз етусұрақтары бойынша салааралық, аймақтық,
және халықаралық кеңестерге, семинарларға, конференцияларға, және
көрмелерге қатысу болып табылады.
Заңды тұлғалардың немесе олардың ішкі бөлімшелерінің метрологиялық
қызметтерінің негізгі бағыттары болып табылатындар:
- метрологилық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында дайында укезеңінде
және өнімдердің, жұмыстар мен қызмет етудің барлық түрін өндіруде өлшем
жағдайын талдауды өткізу;
- метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде өндірістің, жұмыстар
мен қызмет етудің тиімділігін әрі қарай көтеру бойынша ісшаралар жоспарын
дайындау;
- өлшенетін параметрлер, өлшемдердің дәлдік нормалары, өлшемдердің
орындалу әдістемелері, қолданылатын өлшем қүұралдарын, шама бірлігі
эталондары атау тізімдерінің дайын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет
көрсетудің,
шикізаттардың,
материалдардың
сапа
көрсеткіштерінің
өлшемдерінің дәлдік нормаларына және талаптарына сәйкес болуын және
технологиялық жабдықтың дәлдігі және өнімділігінің сипаттамалары
бақылауының минималды еңбек сыйымдылығы және тапсырылған
ақиқаттығы сәйкес болуын белгілеу бойынша жұмыстар өткізу;
- өнімдердің, қызмет етудің және жүйелердің сапасын сертификаттауды
дайындауға қатысу;
- өнімдердің, жұмыстардың, қызмет етудің және технологиялық процестердің
жаңа түрлерін дайындауға технологиялық жабдықтардың белгіленген
талаптарға сәйкестігін тексеруге қатысу;
- метрологиялық қызметтің және оның әрекетінің жағдайын сипаттайтын
негізгі көрсеткіштердің есебі;
- метрологилық қамтамасыз ету саласында жұмыстардың экономикалық
тиімділігін бағалау;
- өлшем және сынақ құралдарына, шама бірлі эталондарына, заттар мен
материалдардың қасиеттерінің және құрамының стандартты үлгілеріне
сұранысты зерттеу; оларды дайындау және алу бойынша ұсыныстарды
дайындау; өлшем құралдарын және басқа жабдықтарды алуға өтінімдерді
келістіру және қалыптастыру;
- техникалық шарттарды дайындау, оларды енгізуге және тіркеуге қатысу;
- уәкілетті мемлекеттік органбелгілеген тәртіп бойынша өлшем құралдарын
және әдістерән дайындауға және оларды енгізуге қатысу;
- өлшем құралдарын дайындаудың техникалық тапсырмаларын анықтауға,
өлшем құралдарына сынақ өткізуге, өлшем құралдарының салыстырып
тексеру аралық ауқымын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуге қатысу;
- шама бірлігі эталондарын және жасалып және шығарылып жатқан өлшем
құралдарын жасауға, оларды қызығушылық танытушы мемлекеттік басқарма
органдарысен, жеке және заңды тұлғалармен дайындау және шығару
бойынша ұсыныстарды келістіруге қатысу;
- өлшем құралдары типін бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынауға өз
уақытында ұсынуды бақылау;
- өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға ұсынуды бақылау;
- бастапқы және бағынышты эталондардың өлшем құралдарының
салыстырып тексеруін және какалиьрлеуін ұйымдастыру кезіндегі анықтау;
- өлшем құралдарын импортқа шығаруға өтінімдерді келістіруге қатысу және
материалдарды дайындау;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу бойынша
жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, өлшем құралдарын салыстырып
тексеруге өз уақытында ұсынуды қамтамасыз ету;
- өлшем құралдарын салыстыруды және салыстырып тексеру және калибрлеу
сапасын ішкі бақылауды ұйымдастыру және өткізу;
- пайдалануда болған өлшем құралдарын жөндеуді ұйымдастыру және өткізу;
- шама бірлігі эталондарының, өлшем құраладарының есебін жүргізу, өлшем
құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу графиктерін сақтау,
белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өлшем құралдарын өз уақытында
есептен шығару;
- нормативті және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келетін өлшем
құралдарын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар
жүргізу;
- заттар мен материалдардың қасиеттері және құрамының стандартты
үлгілерін дайындауды ұйымдастыру және дайындау (дайындауға қатысу),
зертханааралық зерттеулерге қатысу;
- өлшемдерді орындау әдістемелерін аттестаттау және дайындау бойынша
жұмыстар жүргізу;
- өлшенетін параметрлердің, өнімдердің жұмыстардың және қызмет етудің
сапасының көрсеткіштерін талдау кезінде өлшемдердің дәлдігінің оптималды
нормасының рационалды атау тізімін белгілеуге қатысу;
- өндірісті, жұмыстарды және қызмет етуді дайындауды метрологиялық
қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;
- өлшемдер процесстерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
- сынақтарды метрологиялық қамтамасыз ету және өнімдерді сертификаттау
бойынша жұмыстар жүргізу;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеруге және калибрлеуге құқықты
салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын аккредиттеуге және
өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аккредиттегу қатысу;
- сертификатталған сынақтар жүргізу бойынша сынақтық, аналитикалық
зертханалардың аккредиттеуге қатысуы;
- аналитикалық, сынақтық және өлщеуіш зертханаларында өлшем жағдайын
бағалау үшін жұмыстар ұйымдастыру және қатысу;
- жергіліктенген салыстырып тексеру сұлбасын дайындау және оларды
мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен келістіру;
- салыстырып тексеру және калибрлеу құралдарын, шама бірлігі эталондарын
қажетті деңгейде сақтау және ұстау;
- метрологиялық қамтамасыз ету сұрақтарын регламенттейтін нормативті
құжаттарды дайындау және енгізу, өлшем құралдарын қамтамасыз ету
саласында нормативті негізді жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысу;
-
техникалық
тапсырмаларды,
жобалық,
конструкторлық
және
технологиялық құжаттарды, нормативті құжаттар жобаларын метрологиялық
сараптауды ұйымдастыру және өткізу;
- метрологиялық бақылауды іске асыру;
- метрологиялық қызмет арқылы белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз
етудегі кемшіліктерді жоюды бақылауды іске асыру;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ведомстволық ішкі
бөлімшелермен уәкілетті мемлекеттік органның өзара әрекетін уске асыру;
уәкілетті мемлекеттік қадағалауы бойынша аумақтық ішкі бөлімшелердің
мемлекеттік метрологиялық қадағалауын іске асыруына көмек көрсету;
- метрологиялық салада халықаралық жұмыстар бойынша жұмыстарға
қатысу;
- метролоигялық салада кадрлерді дайындауды, қайта дайындауды,
мамандығын жоғарылатуды және аттестаттауды ұйымдастыру;
- метрологиялық қамтамасыз етудегі кемшіліктер көзқарасы бойынша
өнімнің сапасына қойылатын наразылық талдауын өткізуге қатысулар
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |