Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға мыналар
жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) метрология бойынша аймақтық стандарттар, ережелер мен нұсқаулар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;
4) мекемелер стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының метрология бойынша нұсқаулары;
6) басқа елдердің метрология бойынша ержелері, нормалары және
нұсқаулары, мекеме стандарттары.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар мыналарды
регламенттейді:
- шамалар бірліктері;
- шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және мемлекеттік
салыстырып тексеру сұлбалары;
- өлешм құралдарын салыстырып тексерудің және калибрлеудің әдістері мен
құралдары;
- өлшем құралдарына және нормаланатын метрологилық сипаттамаларға
қойылатын талаптар;
- өлшемдердің дәлдік нормалары;
- өлшемдер нәтижелерінің және өлшемдердің дәлдігін көрсеткішиердің
баяндалу тәсілдері және ұсыну нысандары;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері, өлшемдерді орындау
әдістемелері;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты
үлгілеріне, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен
қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректеріне қойылатын талаптар;
- өлшем құралдарын сынауды, метрологилық аттестаттауды, салыстырып
тексеруді және калибрлеуді және өлшем бірлігін қамтамасыз ету
саласындағы басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы терминдер мен анықтамалар.
МҚЕ нормативтік құжаттары:
- негізг, жалпы талаптарды, ережелерді, нормаларды белгілейтін және ҚР
МӨЖ ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелері;
- өнімді, қызмет көрсетулерді, процесстерді бақылау талаптарын және
әдістерін белгілейтін болып бөлінеді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілер
және нормативтік құжаттар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: