182
солармен бірге Үзіп-жұлып шығатын артық білімі де жоқ әйткенмен
бір
қазақтан ақылсыз да емес желікпен бұзықтықпен ісі жоқ Ол
бұзылған адамдарға сенеді жабықса тарықса құдай жеткізер деп
жұбаныш қылады Қысқасы ол тірі пендеге зәбірі жоқ құдай деген
қоңыр адам Оның алданышы азбыншы ораза ашары оның қуаты
қуанышы үш-төрт қарғасы үшеуі еркек бірі әйел бала Жасынан қалың
беріп жыл сайын аз-аздан малынан құтылып тұңғышының аяғын
шырмады Қызын аман-есенінде құтты жеріне қондырды Қартқожа
болса сабақ оқып жүр Кенжеқара әлі бесікте
Қартқожаның шешесі де бір түрлі момын біртоға жан Күйбеңдеп
шаруасын істеп балаларының үсті-басын бүтіндеп анаған да мынаған
да Қарағым шырағым дегеннен басқа бар дәмін кісіге бергеннен
басқа бөтен мінезі жоқ Кей қатын аузы сүйреңдеп өсек айтады енді
біреулер ауылды басына көтеріп шаңқылдап баласын байын қарғап
жатады Ондайдың бірімен ісі бола ма екен Жо-жо-жоқ Қайта
ондайды естігенде Беу осы байғұстың тілінің жаманы-ай деп
тыжырынып жаратпайтын еді
(Ж.Аймауытов «Қартқожа»)
263-жаттығу. Өлеңді дауыс ырғағын құбылта, мәнерлеп оқып, тыныс
белгілерінің ролін түсіндіріңіздер. Тазалық жөнінде өз ойларыңызды ары қарай
өрбітіңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: