55-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті қос сөздердің бірін қойып,
жаттығуды орындаңыздар, мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.
1) Атыңнан айырылсаң да, ... айырылма. 2) Әдептілік, ... –
адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі.
3) Қырықта қылау түсер, ... қырау түсер. 4) Жақсылықтың ... жоқ. 5)
Үйдің ... қыс түскенде білінер, адамның ... басыңа іс түскенде білінер.
6) ... қадірін – балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін – қаралы
болғанда білерсің, жанашырдың қадірін – жалалы болғанда білерсің.
7) Жақсы болса жан серігің – әйел болар, ... бәрінен жақын болар. 8)
... сөйлесең, жылан іннен шығады, ... сөйлесең, ақыл естен шығады. 9)
... көсем болар, ... шешен болар. 10) Ақымақтың ... болмайды. 11)
Ақымақ ... айтады, ақылды ... айтады. 12) Өзімдікі дегенде өгіз қара
күшім бар, кісінікі дегенде ... ісім бар. 13) ... би болсаң, Балқан тауға
сыймассың, бір данаға жол берсең, жанған отқа күймессің. 14) ...
белдер бар, аса алмай жаудың аты өлсін, ағайынмен тату бол, айыра
алмай жат өлсін. 15) ... арық қазсаң, ... су ішерсің.
Қажетті сөздер: жылай-жылай, ар-ұят, ер-тоқымыңнан, бас-
басыңа, сақал-мұртқа, ерте-кеші, алыс-жуығы, ата-ананың, аға-іні,
жылы-жылы, қатты-қатты, көре-көре, ішкен-жегенін, сөйлей-сөйлей,
асу-асу, ала-құласы, анау-мынау, көрген-білгенін, жылы-суығы, күле-
күле.
|