Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет32/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

Ескерту. Күнә, кінә, шүбә, куә, іңкәр, күмән, Күләш, Күлән сияқты соңғы 
буынында жіңішке ә әрпі жазылатын сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады, 
тек барыс, жатыс, шығыс жалғаулары мен етістік тудыратын -ла жұрнағы жуан 
айтылып,  жуан  жалғанады:  күнәсіз,  күнәлі  (бірақ  кінәға,  кінәдан,  кінәсіна, 
кінәлау), куәсі, куәлік (бірақ куәға, куәдан), Күләштің (бірақ Күләшқа). 
Б,  в,  г,  д  әріптеріне  бітетін  сөздерге  дауыссыз  дыбыстан  басталатын 
қосымшалар тек қатаң дыбыстан басталып жалғанады: штаб-тан, педагог-тер, 
парад-қа, актив-ке, резерв-тік
Ст, сть, зд, сс, лл, кк, тт дыбыстар тіркесіне біткен сөздер түбір күйінде 
ешбір өзгеріссіз жазылады да, оларға қосымшалар жалғанғанда түбірдегі соңғы 
дауыссыз  түсіріліп  жазылады:  трест  –  трес-тің,  трес-іне,  ведомость  – 
ведомос-қа,  ведомос-ы,  съезд  –  съез-ге,съез-інің,  металл  –  металдар,  грамм  – 
грамы,  прогресс  –  прогреске,  алайда  жалқы  есімдерде  сақталып  жазылады: 
Донбасс – Донбасстан, Гримм – Гриммге
Ауыл,  дауыс  деген  бірен-саран  сөздерге  тәуелдік  жалғауы  жалғанғанда, 
айтылу (дыбысталу) ыңғайына қарай соңғы буындағы ы, і әріптері түсіріліп те, 
түсірілмей де жазыла береді: ауылы, аулы, дауысы, даусы
П,  х  дыбыстарына  аяқталатын  кірме  сөздерге  дауыстыдан  басталған 
қосымша жалғанғанда, п, х дыбыстары ұяңдамайды: принцип – принципі, тип – 
типі, цех – цехы, тарих – тарихы
Орыс  тілінен  енген  бірқатар  кірме  сөздер  дыбысталуы  қазақша 
қалыптасқан түрінде жазылады да, қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-
жіңішкелігіне  қарай  жалғанады:  облыс-қа,  пойыз-ға,  бәтеңке-ге,  бөшке-ні, 
шот-қа, кір-ді (гиря), келі-ге (кило), зауыт-қа, тауар-ды
 
72-жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  қосымшаларды  жалғап,  мәтінді 


 
41 
көшіріңіздер. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет