38
Аталы сөзге арсыз қайырар, ақ(пен) қараны шындық айырар. Хан
ұйғарса, хан түйесін соймас(па)? Көл(де) жүрген қоңыр қаз шөл
қадірін білер(ме), шөл(де) жүрген дуадақ көл қадірін білер(ме). Он екі
мүшең сау болса, жарлымын де(ме), жаныңда жараң болмаса,
зарлымын де(ме). Жаңбыр(мен) жер көгереді, алғыс(пен) ер көгереді.
Сауысқан шоқыған(мен) тоқ болмайды.
Одағай сөздер естілуінше (айтылуынша) жазылады. Сондықтан
бір одағай екі-үш түрлі болып жазылуы мүмкін:
ойпырай, ойпырой,
ойпыр-о-ой, ойпырмай, ойпырмау.
70-жаттығу. Төмендегі жаттығудан одағай сөздерді тауып, жазылуына
назар аударыңыздар.
– Зарлық сұлу қыздармен билегенде дорбасын қайда тастап
кетеді екен, ә? – десіп, бүйрегі бүлк етпей, жан-жағымызда үлкен бар
демей-ақ ыржалақтап тұр.
(М.Әуб.) – Апыр-ай, ә... – деді Ғабең
орнынан тұрып, зал ішін ерсілі-қарсылы кезіп кетті.
(М.Әуб.) Шіркін,
жазу деп Қадырдың жазуын айтсайшы!
(М.Әуб.) – Япыр-ай, Алексей
Иванович сияқты ғалым емес, мұншама тілді қайдан үйренген?
(М.Әуб.) – Әттең, шіркін бала шақ! – деген Базаралының өз бетімен
айтқан арманды тынысы дәл Абайдың ішімен сырласудан туғандай.
(М.Ә.) – Масқара! Шұбардың құсы дуадақ ілудің орнына, дуадақтан
жапа шегіп, қорлық көріп қалыпты ғой! – дейді.
(М.Ә.) – Әй, жігітім,
тоқташы былай! – дей беріп еді, Далбай қамшысын сілтеп, ақырая
берді.
(М.Ә.) – Е, қарағым-ай, сенің басыңа да бұлт үйірілген екен
ғой.
(М.Әуб.) – Ойбай-ау, ағатай-ау, мұныңыз не? Ауруханадан кеше
шыға сала жер қазып жатқаныңыз қалай!
(М.Әуб.)
71-жаттығу.
Төмендегі
одағайларды
қатыстыра
отыра
сөйлем
құрастырыңыздар.
Моһ-моһ, бәрекелді, шіркін-ай, ойпырм-ай, ау-у-у, мәссаған,
түуһ, уһ, ура-а-а, пай-пай, шөре-шөре, паһ-паһ, әттеген-ай.
Достарыңызбен бөлісу: