40
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
-бан, -гер, -кент, -
хана, -стан, -еке, -жан, -қар, -кеш, -дар, -көй, гөй, -қор, -қой, -мар, -
маш, -нікі, -дікі, -тікі, -паз, -тал, -уар, -мен, -бен, -пен. Мысалы,
еңбекқор, өнерпаз, тілмаш т.б.
Жалқы есімдер
й, ш дауыссыз дыбыстарына аяқталса,
-ев (-ева),
басқа дауыссыз дыбыстарға аяқталғанда,
-ов (-ова), дауыстыларға
аяқталса,
-ин (-ина) қосымшалары жалғанады:
Сәтбай + ев –
Сәтбаев, Сейфолла + ин – Сейфуллин, Шахан + ов – Шаханов. -ов, -ев
жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша түбірдің соңғы
буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады:
С.Жүнісовке,
С.Исаевтың.
Әріптерден қысқарған сөздерге қосымшалар оның айтылу
әуеніне қарай, ал олардың ішінде дауысты дыбыс болса, сол
дыбыстың айтылу әуеніне қарай дефис арқылы жуан не жіңішке
болып жалғанады:
ПМПИ-ге, ПМУ-дың, ТУ-144-ке.
Достарыңызбен бөлісу: