Тақырып бойынша тест тапсырмалары
І. Дефис арқылы жазылатын сөздерді белгілеңіздер.
A) қалқан(тұмсық)
B) қалам(шырақ)
C) қан(жоса)
D) қиял(ғажайып)
E) қан(шие)
ІІ. Дефис арқылы жазылатын сөздерді белгілеңіздер.
A) ХХІ ғасыр
B) 2014 жыл
C) 25 мамыр
D) 95 үй
E) 11 сынып
ІІІ. Дефис арқылы жазылатын шылауларды белгілеңіздер.
A) болымсыздық демеуліктер
B) күшейткіш демеуліктер
C) сұраулық демеуліктер
D) болжалдық демеуліктер
E) шектік демеуліктер
ІҮ. Дефис арқылы жазылатын сөздерді белгілеңіздер.
A) масс(медиа)
B) ой(толғақ)
C) мюзик(холл)
D) ой(түрткі)
E) пресс(атташе)
Ү. Дефис арқылы жазылатын сөздерді белгілеңіздер.
A) тамыр(бояу)
B) ой(өріс)
C) Сейфүл(Мәлік)
D) тай(қазан)
E) сота(сайғақ)
36
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар.
Шылау және одағай сөздердің жазылуы
Шылау сөздердің жазылуы
Бірге
Бөлек
Дефис арқылы
ма, ме, ба, бе, па, пе, соң, да, де,
та, те: барған соң – барғасын,
айтасың ба – айтамысың, уда-шу
Дейін, шейін, мен, бен,
пен,
және,
қарай,
сияқты, таман т.б.
ақ, ай, ау, ды, ді, ты, ті,
мыс, міс
Мұнда келгесін Ебейсін өзінің
дағдылы кәсібіне кірісіп, жұрттың
тері-терсегін
шай,
шекерге
айырбастай бастады. (Ә.Н.)
Күні бойы мұз ойған
жігіттің кешке қарай екі
алақаны дуылдап жанып
кетті. (Ә.Н.)
Екі жігіт Еламанды екі
жағынан
тырп
еткізбей
сығып ұстап тұрған-ды.
(Ә.Н.)
65-жаттығу. Төмендегі жаттығудан шылау сөздерді тауып, қалай
жазылғанын түсіндіріңіздер.
І. Тек көз байланып, ымырт үйрілгесін ғана әр үй от жағып, қазан
көтеріп, дастарқан басына дөңгелене отырады. (Ә.Н.) – Екеуіміздің
жүрегіміз бір соғады-ау! Көремісің? Айтқаныңа қуандым. Мені де
өзіңдей көр! – деп қалды. (М.Ә.) Ызғырық жел сүйегінен өтіп бара
жатқасын асығыс қымтанып, төңірекке көз тастады. (Ә.Н.)
Болмағасын жаңқаны былай тастады да, Оразқұл маралдың басымен
жекпе-жекке шықты. (Ш.А.) Көк тайғақ мұз күндіз көз қарығандай
жалтырап жатқан-ды. (Ә.Н.) Торы атқа тақымы тигесін-ақ асықпады.
(Ә.Н.) Аққан жұлдыздың ізіндей шаңға қарап-ақ адамдар Гүлсары
шауып бара жатқанын жазбай танитын. (Ш.А.) Бүгін болыс
сайланатын күн болғасын жұрттың бәрі елеңдесіп, жел жаққа
құлағын түріп отырған-ды. (Ә.Н.) Жаңа адамдар келген соң,
үлкендердің өзге істері мен сөздері бөгеліп тоқырап қалған. (М.Ә.) –
Ей, менің балаларым, мына бала қонағың тартымды жатыр-ау өзі,
ойлаймысыңдар? – деп, жақсы жадырап, шын бейімденді. (М.Ә.)
ІІ. Еңлік пен Кебек қуғыннан қашып, аңдай боп, мына Орда
тауын паналап, азғантай ғана дәурен сүрген-ді. (М.Ә.) Әлі де желісі
үзілмеген ой соңында келе жатқан Абай жастарға тағы бір сөз
тастады. (М.Ә.) Базаралы да мына жиынның ақылы мен ақынын
барламай қалған жоқ. (М.Ә.) Сейіт орнынан атып тұрып, кафедраға
қалай жетіп барғанын да білген жоқ. (М.Әуб.) Аршабаев мінбеден
түскен бойда ел алдына өзім шықсам ба екен деп ойланып отырған.
(М.Әуб.) Бұл жалғыз Сейітке емес, Қадыр мен Әшімхан үшін де
37
тосын хабар еді. (М.Әуб.) Қарсы дауыс бергендерді, не қалыс
қалғандарды санап жатқан да ешкім жоқ. (М.Әуб.) Сейіт жайлап
басын өзіне бұрын таныс бірінші терезеге келсе, төрт-бес-ақ адам
екен. (М.Әуб.) Ерболдан бөлінгеннен кейін Мағаш пен Ақылбай сол
өздерінің дос ортасына қайтты. (М.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |