Пунктуациясы


Түпкі таза түрін сақтаған тіл



Pdf көрінісі
бет33/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

Түпкі таза түрін сақтаған тіл 
Қазақтар...  тіл...  –  түпкі  түрін,  түркі  сипатын  сақтап  қалған  тіл. 
Рас,  оған  да  бірен-саран  жат  сөз...  енгені  байқалады.  Бірақ  ол  сөз... 
қазақ  тілі...  үндестік  заңы...  бағынып,  бірыңғай  халық  тілі...  қорына 
қосылып кеткен. Қазақ тілі... осы тазалығ... мен табиғилығ..., сондай-
ақ көп таралғандығ... бұл тілдегі мұралар... менің көбірек жинап, оған 
әдебиет  нұсқалары...  құрастырған  жинақтар...  толық  бір  томын 
аударуыма  себеп  болды.  Оның  үстіне  қазақ...  басқа  бауырластары... 
қарағанда сөз... тапқырлығ... мен шешендіг... де маған әсер етті. 
Қазақтар...  тіл...  әуезді  де  әсем,  шебер  де  шешен,  әсіресе,  сөз 
сайысына келгенде олар... алғырлығ... мен өткірліг..., тауып сөйлейтін 
тапқырлығ... таңғалдырады. (В.Радлов) 
 
73-жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  көрсетілген  қосымшалардың  тиістісін 
қойып, олардың түрліше жалғану себебі мен жасалу жолын түсіндіріңіздер. 
-ға, -ге, -қа, -ке: малта... ұқсау, қой... шапқан бөрідей, ой... кеткен 
жандай, үй... түскен ұрыдай, майдан... түскен батырдай, көл... біткен 
құрақтай,  арба...  басқан  пішендей,  арна...  құйған  селдей,  толқын... 
батқан кемедей, аяқ... түскен қақпандай. 
 
-ның,  -нің,  -дың,  -дің,  -тың,  -тің:  алтын...  сынығындай,  мір... 
оғындай,  ат...  тағасындай,  түйе...  үлкендігіндей,  сиыр...  бүйрегіндей, 
есек...  қодығындай,  аю...  табанындай,  елік...  көзіндей,  киік... 
лағындай,  ителгі...  тамағындай,  аққу...  мамығындай,  құс... 
ұйқысындай,  жылан...  зәріндей,  балық...  уылдырығындай,  кесіртке... 
басындай,  жаз...  раушан  гүліндей,  қайын...  қабығындай,  аяз... 
ызбарындай,  домбыра...  қос  шегіндей,  құман...  тұтқасындай,  ине... 
көзіндей, таз... басындай, қаңтар... аязындай. 
 
-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен: ұйқы... оянған кісідей, шойын... 
құйғандай, серке... сұлу пішінді, бетеге... биік, жусан... аласа, сүт... ақ, 
су...  таза,  бал...  тәтті,  есек...  жуас,  тұрымтай...  алғыр,  тас...  қатты, 
жел... жылдам, күн... құдіретті, тау... үлкен, су... тұнық, дария... мол, 
алтын... ардақты, күміс... салмақты, найза... өткір, түйме... сұлу, есік... 
жалпақ, қыл... нәзік, шыны... аппақ. 
 
74-жаттығу.  Төменде  берілген  кісі  аттарына  -ев,  -ева,  -ов,  -ова,  -ин,  -ина 
қосымшаларының  тиістісін  жалғаңыздар.  Фамилияларға  кісі  есімдерін  қосып, 


 
42 
оларды ақын-жазушы және зерттеуші-ғалым деп бөліп топтастырыңыздар. 
Құнанбай,  Серғали,  Сейфолла,  Исай,  Алтынсары,  Кеңесбай, 
Әбдік,  Жүнісбек,  Әбіш,  Ахтан,  Ысқақ,  Жүніс,  Бектұр,  Шаймерден, 
Сыздық,  Әбу,  Жүсіп,  Есенжан,  Аманжол,  Сайранбай,  Есенберлі, 
Хасан,  Жұмабай,  Сәтбай,  Жансүгір,  Мұқан,  Нүрпейіс,  Қордабай, 
Кемеңгер,  Торайғыр,  Мүсіреп,  Оралбай,  Әуез,  Қали,  Көбей,  Дулат, 
Мырзабек, Қайдар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет