22
шөгуі жиылуы, түрлену нәтижесінде тығыздалуы, тау жынысына айналуы
жатады.
Шөгінді жыныстар қуысты, кеуекті, тығыздығы төмен және құрамында
жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтары болады. Минералдық шикізаттардың,
демек адамзат пайдаланатын қазба байлық деп аталатын барлық заттардың
80%-і осы шөгінді жыныстардан өндіріледі. Сондықтан шөгінді жыныстарды
зерттеудің мұнай, газ, көмірдің көптеген басқа бағалы қазындылардың
шоғырлану орындарын іздеу мен барлауда маңызы зор.
Шөгінді жыныстар жаратылысына байланысты әр түрлі белгілеріне қарай
бірнеше топқа бөлінеді. Ол дегенде негізі үш топқа: механикалық шөгінділер,
химиялық шөгінділер және органикалық шөгінділер болып. Бұлардың
әрқайсысы кезегінше көп топтарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: