Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет55/57
Дата18.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69462
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
2 Матем. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқу үдемелілігі 

танымдық психологияда, оқу үдемелілігі адам қабілетіне қатысты ұғым, 

себебі бұл саналы жүретін және адамның еркінен тыс жүретін оқудың, 

сондай-ақ  жаттығулардың  ықпалдасуы.  Оқу  үдемелілігінде  күрделілік 

деңгейі біртіндеп артып отырады: қарапайым тапсырмалардан басталып

әр қадам сайын тапсырмалар күрделене береді. 



Рефлексия 

(лат. reflexio – өткенге жүгіну) 

субъектінің  назарын  өзіне,  атап  айтқанда,  оларды  қайта  ойлап,  қорыту 

мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. 

Философияда  рефлексия  былай  деп  түсіндіріледі:  1.  Сананың  және 

ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді 

талдау.  3.  Сана  мен  жанның  күйін  өзіндік  бақылау.  Педагогикада 

рефлексия  сабақтың  бір  кезеңі  ретінде  қарастырылады.  Ол  кезде  сабақ 

барысында  алынған  білім  сыни  тұрғыдан  талданып,  меңгерілген 

біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады. 



Саралап оқыту 

әрбір  оқушының  жеке  қажеттіліктеріне  сәйкес  тапсырма  мен 

нұсқауларды,  материал  мен  әдіс-тәсілдерді  іріктеп  қолдану  үдерісі, 

оқушыларды  оқуға  ынталандыруға,  шығармашылық  және  сын 

тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет