56
дамуына бастау үшін қажет деген болжам бар. Тар мағынасында сын
тұрғысынан ойлауға «ойлау туралы ойлау» ретінде анықтама беруге
болады. Психолог Диана Ф. Халперн сын тұрғысынан ойлауды күтілетін
нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін арттыратын танымдық тәсілдер мен
стратегиялар ретінде қарастырады.
Сындарлы оқу
талдау, эксперимент, жетекшілік ету арқылы жүргізілетін зерттеу,
тапсырмаларды шешу, ойлану сияқты белсенді зерттеу әдістерін
пайдалану кезінде түсініктер мен дағдыларды қалыптастыру арқылы оқу.
Сындарлы оқу дағдылардың ықпалдасып, мәселені/проблеманы терең
түсінуге көмектеседі.
Талант
ең алдымен, арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзінің
сонылығымен, жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық мәнімен
ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы.
Талантты адамдарға қызметтің белгілі бір түрімен шұғылдану тән, олар
таңдап алған ісіне құмар болады. Талантты адамның еңбегінің
нәтижелері өздерінің түбегейлі жаңашылдығымен, бірегейлігімен
ерекшеленіп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: