Ауызша сөйлеу тілі баланың күнделікті іс – әрекетіндегі қарым – қатынас процесінде өзіндік
қолданысқа ие болған жағдайда ғана қарым – қатынас пен танымның әрекет етуші құралы бола
92
алады. Дегенімен, бұл жердегі іс – әрекеттің өзі баланы ауызша сөйлеу тілін қолдануға
итермелейтіндей болып, дұрыс ұйымдастырылуы керек. Осыған орай, есту қабілеті зақымдалған
балаларды коммуникациялық жүйеге оқытудың негізі қарастырылуда. «Коммуникациялық жүйеде
сонымен қатар, сөздік қормен жұмыс, грамматикалық құрылыммен жұмыс, кезекті ағыммен жаңа
сөздердің мағынасын түсіндіре отырып енгізу бойынша жұмыстар қарастырылуда» (С.А.Зыков,
1977, 47б) [6; 7; 14]. Мінеки, бірнеше ғасырлардан бері есту қабілеті зақымдалған балаларды
оқыту әдістемесінің құрылымына енген сөйлеу тілінің дактильдік формасының қолданысы бүгінгі
таңға шейін өз болмысын жалғастырып, қолданыс ауқымын кеңейтіп келеді. Алфавит әріптерін
шығаратын саусақ белгілерінің жүйесі өз бастауын латын алфавиттерінен алғандығы, оның
қолданысының дұрыс-бұрыстығына, болмысына қатысты сан-қилы ойлар көп жылды қамтитын
бүтін тарихи жүйелер тізбегі болып келеді. Есту қабілеті зақымдалған балаларды ана
тілімізде арнайы оқыту мәселелері бүгінгі күнге дейін Кеңес сурдопедагогикасының жалпы
теоретикалық ұстанымдарына арқа сүйейтіндігі баршамызға мәлім. Ал төл тілімізге оқытудың
мазмұны, қағидалары мен фактілік материалын жіктеу әрине ана тіліміздің ерекшелігіне негізделіп
келеді. Дактилологияны қолдану мәселесі есту қабілеті зақымдалған балаларды арнайы оқытудың
заманауи әдістемесінің құрамына кіретін болғандықтан, қазақ тілінің дактильдік альфавитін қайта
қарастыру мен өңдеу білікті елдің білікті маман иелерін даярлаудағы заман талабы болып отыр.
Себебі, әсіресе арнайы мектепте оқытудың оңтайлы жолын табу таптырмас нәтиже болып келеді.
Ал, біз қозғап отырған дактилология мәселесінің өзі есту қабілетізақымдалған балаларды
оқытудың бастапқы кезінде шынайы ауызша сөйлеу тілін қалыптастырудың оңтайлы көмекші
құралдарының бірі болып танылады.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытудың коммуникациялық жүйесін іске асырып, оны
баланың мектептегі алғашқы күнінен бастап орнатуда дактилология шынайы қолдауға ие болды.
Осыған орай, С.А. Зыков «сөйлеу тілінің дактильдік формасының басты маңыздылығы: оның
қолданысы әлеуметтік тұрғыда компенсациялау мәселесін шешу жолындағы орны», -деп атап
өткен. Бірақ, оңтайлы жол ретіндегі дактилологияға деген бұндай қарым – қатынас айтарлықтай
ұзақ жылдар бойы қарастырылып келген болатын [15; 16].
Қалыпты еститін тұлғалардың сөйлеу тілі қарым – қатынас процесесіне тікелей байланысты
екенін білеміз, ал есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың сөйлеу тілінің дамуы үшін аталмыш
«шынайы» жол мүмкін емес немесе шектеулі болғандықтан, олар ауызша сөйлеу тілін толықтай
меңгере алмайтындықтан, тек көруге сүйене, еліктей отырып, өз бетінше олар ауызша сөйлеу тілін
шығара алмайды. Сондықтан, есту қабілеті зақымдалған балаға ауызша сөйлеу тілін меңгеру үшін
барынша жағдайларды жасау керек. Яғни, сөйлеу тілін толыққанды қабылдаудың негізінде еліктеу
арқылы сөйлеу тілін шығаруға мүмкіндік беретін жағдайларды іздестіру қажет [1;2]
Қимыл – қозғалыс және көру анализаторларын іске қосуға негізделген сөйлеу тілінің
дактильдік формасы есту қабілеті зақымдалған балаларға ауызша сөйлеу тілін оңай әрі тез
түсінуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар оны қатынас барысында белсенді қолдануға
да мүмкіндік береді.Бұл жағдай баланың жалпы дамуына өз ықпалын тигізіп, ауызша сөйлеу тілін
қолдануға итермелейтін факторлардың бірі болып танылады.
Біз білетініміздей, балаларды ауызша сөйлеу тіліне үйрету сурдопедагогикалық процестің
басты
мақсаттарының
бірі болып
табылады.
Соған орай, аталмыш
балалардың
ауытқушылықтарының сипатына орай, бұл үрдіс еріннен, бет-әлпеттен оқу, қол-қимыл
бейнелеріне сүйену сияқты синонимдерге тұспа-тұс келеді. Сөйлеу тіліне оқытудың барлық
коммуникативті жүйесінің ең жетекші үрдісі әрекет пен байланысқа тікелей байланысты.
Сондықтан сурдопедагогикалық процесте ойын, оқу, еңбек сияқты іс-әрекеттер әрдайым орнымен
қолданылып отырады. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыруға деген жолды аз да болсын жеңілдету
үшін сөйлеу тілінің дактильдік формасын қолдану тілдік байланыстарды жүзеге асыруға
байланысты. Бірақ, есту қабілеті зақымдалған балаларды сөйлеу тілінің дактильдік формасына
үйрету өзіндік жеке мақсат емес, ол тілді меңгеру процесін жеңілдетуге, әрі жеделдетуге
бағытталған шара болып табылады.
Есту қабілеті зақымдалған оқушыларды сөйлеу тілінің дактильдік формасына үйрету сөздік
қорды жинақтап, сөздің құрылымын меңгеруге ықпал ететіндігін Л.М.Быков пен Г.Л.Зайцева
сияқты ғалымдар атап өткен болатын [3].
Бүгінгі таңда сөйлеу тілінің дактильдік формасына үйрету сабағы есту қабілеті зақымдалған
балаларға арналған мектептегі кез-келген сабақ сияқты жалпы дидактикалық талаптарға сүйенеді.
Мұнда сабақтың тақырыбын айқындайтын, мұғалімнің баяндауы мен оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастыратын сөздер мен фразалар бастапқыда тілдік материалы бар кестелерге тікелей
93
байланысты болып келеді. Белгілі тілдік жүйені меңгеру балалардың мүмкіншіліктері мен
психологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты болғандықтан , баланы қоршаған әлеуметті
де барынша қамту керек.
«Білім сапасы – бүтін ел мәртебесі» деген қағиданы деген ұстанған Қазақстан мемлекеті де
арнайы оқыту жүйесіне көңіл бөліп, сала бойынша ғылыми ізденістер ауқымын кеңейтуде. «Ел
боламын десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезов атамыздың ұлы сөзінің өзі бүгінгі күнге шейін біз
сүйеніп жүрген Кеңес әдебиеттеріне бағына бермей, төл тіліміздің тізбегін қолға алуды меңзейді.
Сондықтан, қазіргі кезде өз бастауын алып, зерттеу жұмысының өзекті мәселелеріне арналған
жұмыстарының бірі төл тіліміздің дактильдік альфавитін меңгеру ерекшеліктері біздің
тарапымыздан да қызығушылық туындатуда. Қай ғылыми жүйе болмасын, оның өткен тарихын
білмей, алға қарай қадам басу мүлдем орынсыз. Сондықтан, осы мәселеге қатысты ақпараттарды
барынша ашуға тырыстық.
Арнайы оқыту процесіндегі сөйлеу тілінің дактильдік формасын қолдануды С.А.Зыков (1961,
1977) компенсациялаудың басты механизмі ретінде танып, оның келесі қасиеттерін ерекше атап
өткен болатын [15].
- Есту қабілеті зақымдалған бала сөздің әр элементін көре алатын болғандықтан, дактильдік
сөйлеу тілі оңай қабылданады.
- сөйлеуші тұлға сөйлеу тілінің дактильдік формасын қолдана отырып, өзін толықтай басқара
алады.
- дактильдеу кезінде саусақ кинестезиясы қалыптасып, соның арқасында сөздің құрылымы оңай
әрі дұрыс қалыптасады.
- артикуляциялық аппарат кинестезиясы мен саусақ кинестезиясының арасында мықты
нейродинамикалық байланыстар орнатылып, соның нәтижесінде дактильдік сөйлеу тілі ауызша
сөйлеу тлінің негізгі тірегіне айналады.
- дактильдік сөйлеу тілі мүшеленген сөйлеу тілін, оның грамматикалық құрылымын, сөздік қорға
қатысты құрамын меңгеруге көмектеседі.
- дактильдік сөйлеу тілі азда болса ымдық қол-қимылдық сөйлеу тілін ығыстырып, ауызша сөйлеу
тілдің бастапқы кезеңін қамтамасыз етеді.
Сөйлеу тілдік кинестезияның дамуына орай физиологтар қимыл-қозғалыс компонентіне ерекше
ролді жүктеген. Л.П.Носкова (1983), А.Н.Соколованың «ойлау процесіндегі сөйлеу тілдік
кинестезияны басқарушы функция» теориясына сүйене отырып, тіпті қалыпты еститін балаларды
тілге оқытуда саусақ қимыл-қозғалыстарына негізделген дактилология екінші кезектегі көмекші
құрал ретінде қолданыла алатындығын дәлелдеген болатын [8]. .Ал, Л.А.Новикова 1955 мен
Е.Н.Марциновскаяның (1962) электрофизиологиялық әдістердің көмегімен жүргізген арнайы
зерттеу жұмыстары дактилология есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілі сияқты
кинестетикалық сезім мүшелерінің негізінде қалыптасатынын көрсетті [9].
Жазбаша түрде ұсынылатын мәтінді дактильдей отырып шығару дұрыс көшіруге сәйкес келеді
деп айта аламыз. Ал, тұрақты түрде қате көшіру барысында сөздің бейнесін моторлы-көру арқылы
қабылдаудың тұрақты бұзылыстары қалыптасады. (И.В.Коломыткина, 1977). Осыған тағы бір
аналогияны жатқызуға болады. Жазуды жаңадан меңгеріп келе жатқан есту қабілеті қалыпты
жағдайдағы баланың сөйлеу тілдік артикуляциясында ерекше және маңызды ролі байқалады.
(Л.К.Назарова, 1952). Сөзді артикуляциялау жазу кезінде сөздің дыбыстық құрылымын саналы
түрде меңгерудің жағдайы болып келеді: бұнда бала сезінетін кинестетикалық сезімдер сөздегі
дыбыстың құрамын анықтап, жазылатын сөздердің дыбыстарын фиксациялап, анықтауға өз
ықпалын тигізеді. Теория мен практиканы ұштастырған сурдопедагогикалық процестегі тілге
оқытудың алғашқы кезеңі күрделі әрі жауапкешілігі мол болып келеді. Себебі, осы кезеңде
балаларды ауызша сөйлеу тіліне оқытудың алғашқы іргетасы қаланып, тілге оқыту жұмыстары
жүзеге асады. С.А.Зыков көрсеткендей, /15/ дактильдік сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тілін
меңгерумен үйлесіп, ал, онымен танысу мен оны қарым-қатынаста қолдану ауызша сөйлеу тілінің
қарапайым дағдыларын қалыптастырудағы таптырмас жолы болып келеді. Балалар тарапынан
сөйлеу тілінің дактильдік формасын меңгеру дактильдеуші мұғалімдерге еліктеуден басталады.
Сондықтан бұл үрдіс есту қабілеті зақымдалған балалар тарапынан сөздер мен фразаларды
меңгеру кезінде арнайы техникаларды мұқият қолдануды болжайды [17].
Дактилология естімейтін балаларды арнайы оқыту жүйесінде де өзіндік мотивацияланған
орнына ие болды. (Р.М.Боскис, 1963, 1968; К.Г. Коровин, 1961; К.В.Комаров, 1982, 1983;
Н.Ю.Донская, 1982). Соған орай дактилологияның әріп пен дыбыстың арасындағы байланысты
орнатады деген сияқты қасиеттері анықталды .
94
Есту қабілеті зақымдалған балалар ұсынылған материалды меңгеру мен қабылдаулары жеңіл
болуы үшін арнайы кестелер мен кестешелер қолданылады. Осындай кестелерді қолдана отырып,
оқушы жазылған сөздерді дактильдеу барысында көрсетілген саусақтардың үлгілеріне қарап,
әріптерді кестедегідей етіп кезектілігімен көрсетіп шығарады. Дактильденген сөздері бар кесте
үлкен тақтаға жазылып, сыныптағы оқушылардың қолдануы үшін ыңғайлы жерге
орналастырылады және оларды балалар толықтай жаттап бітпейінше еш алынбайды. Дактильдеу
түрінде берілген материал алғашында мұғалімнің айтуы арқылы түсіндіріледі. Әр оқушылардың
жеке қабылдау мүмкіншіліктеріне орай, дактильдеу үрдісін ұтымды жеткізе білу мұғалімнің
шеберлігіне де тікелей байланысты. Сондықтан, барлық сөйлеу тілдік материалды ауызша-
дактильдей отырып, оқушыларға түсінікті етіп жеткізу сияқты негізгі талаптар қойылады.
Мұғалімнің жауапты тұлға ретінде ауызша-дактильдей отырып сөздік материалды жеткізе алуы
бір жағынан үлгі болса, ал екінші жағынан ауызша сөйлеу тілін дұрыс әрі тиімді меңгеру
жолындағы оңтайлы қадам болып табылады. Біз тәжірибе барысында көз жеткізіп жүрген
аталмыш балалардың ауытқушылықтарының спецификасына орай, дактильдеуге негізделіп
арнайы ұйымдастырылған жаттығулар саналы әрі мотивацияланған түрде болуы тиіс. Осыған орай
мұғалім балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін іс-әрекеттің бірнеше түрлерін қолданады. Әр
оқушының аттары мен өзге де қажет материалдар тез әрі оңай есте сақталыну үшін аталмыш
деректер жинағы қажеттілігінше тақтада ілулі болады. Ал, оқушыларға осы деректердің дәл
сондай түпнұсқасы бал отырған партаға ілінеді. Осылайша, балалар өзге балалардың есімдерін де
жаттай отырып, уақыт өте келе көне материал алынып тасталып, жаңа материалдармен
толықтырылып, балалардың сөздік қорын да молайта түседі. Сөйлеу кезінде туындайтын тек
табиғи жағдай ғана есту қабілеті зақымдалған балалар үшін жаңа сөздің мағынасын түсінуге
көмектектеседі. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне еліктеп, олар сол сөздерді аналогиялық жағдайларда,
яғни дактильденген сөздерді кестелерден оқи отырып қолданады. Оқушылардың жаңа сөздерді,
фразаларды меңгеруіне байланысты мұғалім оқушыларға таныс сөздерді дактильдеу арқылы
жеткізбей, ауызша ғана жеткізетін болады. Айтып өтетін жағдай оқушылар сөздің дыбыстық
құрамын өз бетімен меңгермейінше, және оны ауызша сөйлеу тілінде дұрыс хабарлай алмайынша
дактильдеуді еш қолданбайды.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды тілге оқытудың бастапқы кезінде дактильдік сөйлеу
тіліне оқыту деген не? сияқты әрдайым туындайтын сауалдың барысын ашып көрелік. Дактилдік
белгілерге ерте оқытуда «баланы оқытуға үйрету оның сөйлеу тілі мен ойлау қабілетін жетілдіре
түседі» деген қағида ескерілінген.Бала барлық дыбыстарды меңгергеннен кейін өзі мағынасын
білетін, таныс сөздерді дактильдей отырып, оны ауызша сөйлеу тілімен үйлестіре қолдана түседі.
Оқу процесіндегі ауыр әрі күрделі үрдісті кезектілігі мен баяулығын сақтай отырып, сабақ
кезінде бастау керек. Оқытуға үйрету барысында мұғалімің алдына екі міндет қойылады: біріншісі
– баланы қандай да бір сөзді дұрыс оқуға үйрету болса, ал, екіншісі – баланың оқуға деген
көзқарасын білім алудың бастамасы мен қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсудің басты
құралы ретінде тәрбиелеуіміз керек. Бірақ, баланың оқуға деген қызығушылығын оятпай, оны
қоршаған ортаны танудың құралы ретінде еш ұсына алмай, керісінше баланың өмірін
қиындатамыз. Сондықтан баланы оқуға үйрететін сөздерді алдын-ала даярлау керек. Дактильдік
сөйлеу тіліне оқытуда негізгі үрдістің бастамасы мен спецификасын бес саусақтай білу керек.
Алынатын сөздер бастапқыда бала үшін таныс көріністерді айқындап, өз ойы мен өзіне
бағытталған сөйлеу тілін түсінікті ететіндей болуы керек. Оқу техникасына үйретуде дайындық
жаттығулары бала өмірінің үш жасынан басталып, 2,5 дейіңгі балалармен жұмыс 3-4 айды
қамтыса, ал,ересектеу жаста 1-1,5 айды қамтуы керек. Егер есту қабілеті зақымдалған бала 5-7
мин. ішінде дұрыс еліктей алып, дактильдік белгілерді орнымен көрсете алып, 5-6 сөзден тұратын
атауларды кесте бойынша дұрыс ажырата алып, оларды керек ойыншықтар мен фотоларға
сәйкесттендіріп, және 4-5 әріптердің жұптарын үлгі бойынша ажырата алатын болса, оқу үрдісін
бастауға болады. Ол үшін алдын ала даярлану керек. Мысалы, аталмыш баланың жанұя
мүшелерінің суреттерін алып, астыларын жазу атауларымен бекіту керек. Кейін бала үшін таныс,
яғни күнделікті қарым-қатынас барысында қолдану үшін қажет сөздер де осылай алына бастайды.
Бірақ, ол сөздер баланың күнделікті өмірімен тікелей байланысты болуы керек. (Мысалы,
тамақтануға байланыты сөздер: же, іш, ал, аузынды сүрт, бер, рахмет ; серуендеуге байланысты
сөздер: пальтонды, бас киімінді, аяқ киімінді, жемпірінді ки және т.с.с ). Кестелердің жасалуы
мына сипатта болады: тығыз картон типтес біргелкі қағаздар кесіліп алынады. Сөздер
мүмкіндігінше бір шрифтпен жазылып, мүмкіндігінше бір түсте болғаны дұрыс.(қарамен). Шрифт
ең қарапайым болып, бір жол тізбегінде жазылуы керек. Егер, «маған қуыршақты бер» сияқты
95
ұзын сөйлемдер болса, ол үшін картон ұзындау алынуы керек, ал сөзді келесі жолға
тасымалдаудың қажеті жоқ. Заттардың атаулары бар кестелердің екі түпнұсқасы болған дұрыс.
Біреулері белгілі заттарға бекітіліп қойылса ( диванға, сөреге, тақтаға, орындық пен үстелге т.с.с ),
ал кестелердің келесі түпнұсқасы жаттығуларды өткізу үшін тақтада сақталынады. Жаттығулардан
кейін кестелердің атауларына белгілі заттарды сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізіледі. Бала
толықтай оқып үйренбейінше, кестенің екінші түп нұсқасы сөздердің жұптарын үйлестіру үшін
қолданылады. Кестелердегі сөздерді оқу техникасын қадағалау өте маңызды жағдай. Сөздерді
өзара сәкестендіре отырып, кестемен берілген сөздерді ажырата алуына аса мән беру керек.
Мұғалім өзі кестелерді қойып, тапсырманы түсіндіріп өтуі керек. Мысалы, ана және өз есімін
оқуды 2-3 күнде жаттықаннан кейін, фотолары мен суреттері бар әке, апа, аға т.с.с ж сөздер
қосыла бастайды. Кейін осы сөздерді дактильдеумен үйлестіру керек.Себебі, сөздің әрбір әрпі
дактильденіп, баланың әріптерді кезектілікпен көрсете алу қабілеті бекітіледі.Үрдіс келесі кезекте
болады: мұғалім әріптерге сол қолының саусағымен бағыттай көрсете отырып,оң қолымен
дактильдейді. Баладан да осы үрдістің түпнұсқасын қайталауды талап ету керек. Ескеретін жағдай,
егер бала сөздердегі әріптерге қарамай, тек мұғалімнің қолын бақылауда болса, онда бұл оқу емес
тек ғана жай көрініске айналады. Егер бала мұғалімнің оң қолына қарап, белгілерді саусаққа
үйлестірсе, ары қарай оның көзқарасын әріпке бағыттау керек. Жұмыс барысында баланы
мадақтап тұру шарт. Баланың назарын әрдайым кестені оқуға әрдайым аударып отырған сайын,
бала қзіне бағытталған талаптарды түсіне келе оқу техникасын алып жүретін болады. Оқытудың
бастапқы кезеңі өте сақтық пен мұқияттылықты талап етеді. Баланың белгілі заттармен сөздерді
сәкестендіре алуы шынайы заттың қасиеті мен түп негізін түсінуге тікелей байланысты. Есту
қабілеті зақымдалған баланы қазақ тілінің төл дыбыстарына дактильдеуге үйрету өте күрделі
процесс, себебі, төл дыбыстың қасиеттерімен жалпылай таныстыру баланың тіл туралы елестері
мен түсініктерін қалыптастыруға арналады. Дәл, осы мәселе есту қабілеті зақымдалған балаларды
оқытудағы ізденіс барысы болып келеді. Оқу техникасын дамыту талаптары ата-аналарды
балаларына жаңа сөздерді қосуды талап етеді. Бірақ, берілетін сөздердің белсенді және оңай
болуын қамтамасыз ету керек. Дыбыстап айту жүйесіне оқытудың негізін қалаушы Ф.Ф.Рау мен
Н.Ф.Слезина сияқты ғалымдар есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытуда келесі ережелерді
сақтау қажет деп айтқан: біріншісі, бала өзіне бағытталған сөйлеу тілін түсінуін қадағалау керек;
екіншіден, еліктелінетін дыбыстың дереу қойылуын талап етпеу керек; үшіншіден, дыбыс қоюмен
ғана шектелмей, әр сабақ сайын оны жаңа жаттығулармен жетілдіріп отыру керек; төртіншіден,
балада пайда болған дыбыс әріп пен дактильдік белгімен үйлесуі керек; бесіншіден, әр жұмыс
барысында баланың есту қабілетін қолдану керек.
Әдетте сөйлеу тілінің дактильдік формасының қолданысына қатысты келіспеушілік
көзқарастарды да кездестіріп жатамыз. Яғни, қалыпты еститін тұлғалармен қарым-қатынас
барысында дактильдеуді мүлдем алып тастау керек, себебі ол этикаға еш жатпайды делініп
жатады. Бұл жағдайда сіздер мына жайттарды білулерініз тиіс: біріншіден, сөйлеу тілінің
дактильдік формасы ол жеке бір мақсат емес, керісінше, барлығымыз жаппай ұмтылатын ауызша
сөйлеу тіліне жету үшін қолданылатын бір көмекші құрал болып табылады; ал екіншіден,
балаларды оқыту міндетті түрде ауызша сөйлеу тіліне негізделетіндіктен, мұнда дактильдік сөйлеу
тілі мимиканың қолданысын шектеп, сөйлеу тілін меңгеруін жеделдетеді. Дактильдік сөйлеу тілін
қолдану балалардың дыбыстап айтуына зиянын келтіріп, өзінің кері ықпалын тигізеді деген
тұжырымдамалар да кездеседі. Көпжылдық тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, бұл
тұжырымдамаларды еш орынсыз деп есептеуге болады. Себебі, дактилологияны қолданумен
қатар, балалардың еріннен оқуы да жүйелі түрде жаттығып, балалардың ауызша сөйлеу тілі
олардың жеке мүмкіншіліктеріне орай дамып отырады. Дактильдік сөйлеу тілі – сөйлеу тілінің бір
формасы деп айта аламыз. Оны қолдануды тілдің грамматикалық құрылымын меңгеріп, әріптер
мен дыбыстардың ішкі және сыртқы қасиеттерін толықтай қабылдау деп түсінеміз.
Мимика жайында айтып кетер болсақ, әрине оның да пайдалы жақтары да бар, бірақ біздің
бағытымыз ауызша сөйлеу тілі болғандықтан оның үстемдігіне барынша ұмтылуымыз керек.
Қажет ақпараттардың жеткіліксіздігінен бе, әлде қоғам санасының алшақтығынан ба есту
қабілеті зақымдалған тұлғалардың білім алуға, қоғамға бейімделуіне қатысты проблемалары жеке
шеңбер төңірегінде қалып отырғанын білеміз. Сондықтан аталмыш балаларын бүкіл өмірін
айқындайтын арнайы оқыту мен қоғамға бейімдеу нәтижесі педагогикалық сауаттылыққа тікелей
негізделеді. Тек осы процесті оңтайлы жүргізгеннен кейін ғана әдеттегідей барлық жүктемені тек
педагогқа ғана бұрып қоймай, ата аналарды да қажет ақпараттармен қамтамасыз етіп, тек сол
96
кезде ғана үй және мектеп , қоғам жағдайындағы арнайы оқыту мен тәрбиелеу процесін дұрыс
өзара үйлетіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |