106
Сонымен қатар мысалдар да келтіреміз:
a) Балалар өздері өтетін жолда қауіп төндіруі мүмкін ашулы иттің бар екенін байқайды.
Қауіпті болжау әрекеті.
b) Балалар итті айналып өтуге тырысады яғни қауіптен аулақ жүруге тырысады.
c) Ит жіптен үзіліп ағашқа өрмелеген балаларға шабуылдайды, қауіпті жағдайда жұмыс
істейді.
Түрлі жағдайлар аталады, қауіпсіздік ережелері орындалғанда балалар қолдарын көтереді:
a) Балалар ағаш үйдің шатырында от жағады;
b) Бала телефон арқылы жедел жәрдем дәрігерін інісінің есінен танып қалғанын айтып
шақырады.
c) Туристер тау жартасының шетіне үй шатырларын орнатады.
d) Қыз бала газдың иісін сезіп, газ плитасын өшіріп терезені ашты.
Мұғалім келесі типтегі тапсырмаларды ұсынады:
-Мен қауіпті жағдайға тап болған адамдардың әрекеттері туралы айтып беремін. Сендер мұқият
тыңдап қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін айтыңдар!?Туристтер жаңбырдан қорғану
үшін бұтақтардан шалаш орнатады. Қыз бала подьздге кірмек болғанда үй алдында бұзақыларды
байқайды. Қыз бала бұзақылардың оған тиісуі мүмкін екенін біліп үйіне кірмеді. Ол ата-анасын
күтіп үйіне бірге кірді. Бала көрші үйде өрт болып жатқанын байқап, үлкендерге сол жағдайды
хабарлады.
Қауіпті және қауіпсіз жағдай жайлы білімдерін бекітуге арналған материалдар.
«Қауіпсіздік» және «қауіп» ұғымдарының арасындағы қатынасты түсіну үшін келесі
тапсырмаларды қолдану керек. Балаларға қауіп төнген жағдайда қолдарыңды көтеріңдер:
a) Балалар көше бойында коньки теуіп жүр;
b) Балалар аулада сырғанауда;
c) Қыз көшенің басқа жағына өту үшін жер асты өтпесін пайдаланды;
d) Бала автокөлік жолында шанамен сырғанап келеді;
e) Қыздар үйдің ауласындағы ойын алаңында ойнауда.
Нашар еститін балаларды өмір қауіпсіздігіне тек мұғалім тәрбиешілер ғана үйретіп қоймай,
сонымен қатар ата-аналар да үйретуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: