Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет60/140
Дата19.05.2020
өлшемі1,88 Mb.
#69558
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   140
Байланысты:
дефектолог

Key  words:  children  with  hearing  impairment,  interpersonal  relations,  personal  qualities,  relationships, 
emotional development, friendly relations. 
 
Белсенді  тұлғаның  негізгі  қасиеттерінің  дамуы  мектеп  жасында  басталып,  көбінесе 
әлеуметтік  қоғамда  дамуына  байланысты  болып  келеді.  Бастауыш  сынып  жасы  психикалық 
дамудағы  тұлғалық қасиеттердің,  тұлғааралық  қарым-қатынастың  қалыптасатын    уакыт  аралығы 
болып  келеді.    Л.C  Выготскийдің    мәдени-тарихи  теориясына  сәйкес  балалардың  психикасының 
дамуы ересектермен және құрдастарымен өзара байланысы процесінде жүреді.  
Баланың  әлеуметтік  дамуы  кезінде  ода  адамға  тән  психикалық  жұмыс  түрлері,    әлеумет 
арасындағы  нормалар  мен  ережелерді,  әлеуметтік  мінез-құлықтарды,  моральдық  сезімдердің 
қасиеттері  туралы  және  адамгершілік  ұғымдарды  игеру  қалыптасады.  Қазіргі  кезеңде  азаматтық 
тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу үшін жағдай жасау Ресей  мемлекеті саясаттың негізгі міндеті 
(А.Я Данилюк, A.M. Кондаков, В.А. Тишков).  
 
Тұлғааралық  қарым-қатынасты    дамыту  мәселесінің  өзектілігі:  балалардың  эмоционалдық 
жағдайының  ауқаттылығын,  олардың  толеранттылық  дәрежесін,  өзін-өзі  тануындағы  даму 
деңгейін    және,  қорытындылап  келгенде,  есту  қабілеті  зақымдалған  адамдардың  қоғамда 
оңтайландыру  кезіндегі  жетістіктерін  жақсарту  болып  табылады.  Жалпы  педагогикада  есту 
қабілеті  қалыпты  балалармен    есту  қабілеті  зақымдалған  балалардың  қарым-қатынасын 
қалыптастыру мәселесіне үлкен  назар аударылады (В.Л Белинский  А.Г. Белов, Н.Н. Белова, Т.Г. 
Богданова,  Э.А.  Вийтар,  Ю.В.  Гайдова,  Ю.А.  Герасименко  В.Г.  Петрова,  В.  Петшак,  Е.Г. 
Речицкая). 
 Есту    қабілеті  зақымдалған  балалардың  тұлғааралық  қарым-қатынасының  қалыптасу 
мәселесі  ерекше  маңызға  ие,  себебі  есту  қабілетінің  нашарлауы  және  әлеуметтік  оқшаулануы 
баланың топта тұлғалық дамуы ерекшелігінің пайда болуына әкеледі. 
 Есту қабілеті зақымдалған балалардың тұлғааралық қарым-қатынасы В.Л. Белинский, 1972, 
А.Г. Белов, Н.Н. Белова, 1977, Э.А. Вийтар, 1981, Ю.В.Гайдова, 2005, М.М. Нудельман, 1983, В.Г. 
Петрова, 1971, B.C. Собкин, 1975 және т.б зерттеді. 
Психологиялық  климат  пен  тұлғааралық  қарым-қатынас(Т.Г.  Богданова,  1986,  2005),  есту 
қабілеті  мен  тұлғааралық  қарым-қатынас  құрылымы  зақымдалған  балалардың  тұлғалық  және 
сөйлеу  қабілетінің  өзара  әрекеттесуі  (Т.Г.  Богданова,  2005,  В.  Петшак,  1981),  мұғалімнің 
тұлғаралық  қарым-қатынас  жағдайына  жеке  әсері  (Ю.В.  Гайдова,  2005),  біріккен  іс-шаралардың  
қарым-қатынас  жағдайының  дамуына  әсері    Е.Г.  Речицкая,  1997,  2000,  Е.Г.  Речицкая,  Ю.В. 
Гайдова, 2013). сияқты аспектілер қаралды.   


44 
 
  Есту  қабілеті  зақымдалған  балалардың  тұлғааралық  қарым-қатынасы  қалыптасу  мәселесі 
ерекше мәнге ие болады, себебі, есту қабілетінің зақымдалуы,сөйлеу қабілетінің дамуының артта 
қалуы және әлеуметтен оқшаулануы баланың тұлға ретінде дамуының ерекшелігімен шартталады. 
«Естімейтін  балада  сөйлеу  қабілетінің  жоғы  оның  ұжымда  толыққанды  қарым-қатынасын 
қиындатып,  ұжымнан  бөліп,  тұлғалық  және  жоғарғы  психикалық  функцияларының  дамуында 
негізгі тежегіштердің бірі болып табылады» (Л.С. Выготский, 1994.  88бет). 
  Сыныпта  есту  қабілеті  зақымдалған  балалардың  тұлғааралық  қарым-қатынасының  дамуы 
олардың  сыныптас достарымен араласу, біріккен іс-шараларға қатысу, оқу сияқты қалауларында 
байқалатын оның эмоционалдық ауқатына байланысты. 
«Дұрыс көзқарас кезінде өмір есігі кең ашылып, қалыпты адамдармен еңбек ету мүмкіндігі, 
әрекеттесудің  жоғарғы  формалары  пайда  болып,  паразиттік  қатерлерден  арылып,  бүкіл 
сурдопедагогиканың негізі бола алады» (Л.С. Выготский, 1995). Бастауыш сынып жасындағы есту 
қабілеті  зақымдалған  балалардың  көбі  уақытының  басым  бөлігін  мектеп-интернаттарда  өткізеді, 
сондықтан  оларда  тұлғааралық  жақсы  қарым-қатынастарын  дамыту  олардың  жеке  тұлға  ретінде 
дамуында қажетті шарт болып табылады. 
Мектептегі,  еңбек  ұжымындағы,  топтағы,  балалар  және  ересектер  арасындағы  жеке 
тұлғааралақ  қарым-қатынас  кезіндегі  микроклиматқа    қосымша  невротикалық  реакциялар 
туындататын  жарақаттаушы  бұзылыстардың  әсерінің  күшеюі  немесе  жоғалуы  тікелей  қатысты 
(Т.Г. Богданова, 2002). 
Есту қабілеті зақымдалған бастауыш сынып оқушыларында эмоционалдық саланы дамытуда 
белгілі ерекшеліктері бар. 
Оларға  білімсіздік,  басқа  адамдардың  эмоционалдық  көңіл  күйін  дұрыс  бағаламау, 
эмоционалдық көңіл-күйге қате түсінік беру жатады. 
Есту  қабілеті  зақымдалған  бала    микроәлеуметте  дамуы  кезінде  оның  айналасының 
эмоциялық әртүрлілігінен, көптеген эмоционалдық тәртіптер мысалдарынан арылған(Т.Суханова, 
1995). 
Балалар  арасында өзара түсіністіктің, сенімділік жағдайдың  жоқтығы, жолдасын құрметтей 
алмауы  және  оның  пікірін  тыңдай  алмауы,  өзін  жолдасының  орнына  қоя  алмауы  сыныпта 
қақтығыстарға әкеліп соғады. 
Мектеп сыныбында жағымсыз психологиялық ахуал, яғни,  балалардың арасында қолайсыз 
қарым-қатынас, айқын қақтығыстар жағдайы  бар болса, онда балалардың жалпы үлгерім деңгейі 
төмендейді,  себебі  бұл  жағдайлар    оның  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  және  танымдылық 
процесстерін дамытуға кері әсерін тигізеді. 
Сыныптағы ауыр эмоционалдық жағдай, психологиялық қолайсыздық балада    белгілі бір 
істермен,  сонымен қатар,  сабақпен  де айналысқысы келмеуіне себеп болады.  Бұл сабаққа деген 
қызығушылықтың жоғалуына және жалпы үлгерімнің  төмендеуіне әкелуі мүмкін(Т.Г. Богданова, 
2008, Е.Г. Речицкая, 2011).  Мектеп  сыныбындағы  ұжымда  қарым-қатынастардың бұзылуы есту 
қабілеті зақымдалған  балаларда басқа адамдармен  жағымды қарым-қатынас  құруда  қиындықтар  
туғызады,  бұл  өз  кезегінде,олардың  есту  қабілеті  қалыпты  адамдардың  және  есту  қабілеті 
зақымдалған  адамдардың  әлеуметтік  ортасына    кіру    мүмкіндіктерін  шектетеді.  Есту  қабілеті 
зақымдалған  балалардың  іс-әрекетіне  қарым-қатынас  қана  емес,  баланың  сол  қарым-қатынасты 
қабылдауы және күтілген бағаның әділдігі әсер етеді. 
Есту  қабілеті  зақымдалған  балаларда 
күтілудегі баға төмен немесе жоғары болып келеді(М.М. Нудельман, 1983).  Жолдастарының өзіне 
деген қарым-қатынасын бағалай  білу, тұлғаралық  қарым-қатынас  жүйесінде  өз орнын  анықтай 
білу баладан  көрінетін  микроклиматтың  қасиетін  көрсетеді.   
Өз    жетістіктерін  білу,  топтың 
құндылық  бағдарларына  деген  ұмтылыстарының  сәйкестігі  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  бекітуіне 
ықпал етеді. (Э.И. Вийтар, 1981). 
Бастауыш  сынып  жасында  балаларда  ересектермен  және  құрдастарымен  қарым-қатынас 
орнатуға байланысты  болып келетін өзін-өзі бағалауы қалыптасады.  
Сурдопсихологияда  есту  қабілеті  зақымдалған  балаларда  өзін-өзі  бағалауын  дамыту  
мәселелері  бойынша    жүргізілген    зерттеулер  олардың  есту  қабілеті  қалыпты  балалармен 
салыстырғанда өзін-өзі тануды дамытуда  бір сатыдан екіншіге өтуі екі-үш жылға кейін жүретінін  
көрсетті (В.Л. Белинский, 1972, Т.Г. Богданова, 2005, А.П. Гозова, 1979, И.В. Кривонос, 2001, Т.Н. 
Прилепская, 1989). Өзін-өзі бағалауы  баланың адамдармен  өзара қарым-қатынасына,  баланың өз 
жетістіктері  мен  сәтсіздіктерін  қалай  қабылдайтынына  байланысты  болып  келетін  жұмысының 
тиімділігі    әсер  етеді.  Бастауыш  сынып  жасында    есту  қабілеті  зақымдалған  балаларда  олардың 
өзін-өзі бағалауы әлі толық қалыптаспаған, әдетте, есту қабілеті қалыпты құрдастарының өзін-өзі 


45 
 
бағалауына    қарағанда  жоғары  болып  келеді.  Есту  қабілеті  зақымдалған  және    естімейтін 
бастауыш сынып оқушыларын салыстырмалы түрде  зерттеулер кезінде  есту қабілеті зақымдалған 
балаларда    өзін-  өзі  бағалауы  лайықты,  әрі  төмендеу,  ал  естімейтін  балаларда  –  жоғары  екені  
анықталды.   Есту қабілеті зақымдалған балалар естімейтін құрдастарымен салыстырғанда  өздерін 
оқушы және тұлға ретінде  қаталырақ бағалайды(Н.В. Лозовацкая, 2000).  
Естімейтін  баланың    өзін-өзі  дұрыс  бағаламауынан,  яғни,  оның    ұмтылыстары  оның  
мүмкіндіктеріне  сай  келмеуінен  баланың  іс-әрекеті  сәйкес  емес  бола  бастайды  (В.Г.  Петрова, 
1971). В.Л. Белинскийдің зерттеулері бастауыш сынып жасындағы естімейтін балалардың өздерін 
жеткілікті түрде қатал бағаламайтынын, әдетте олардың бағалары нақты жағдайға  қатысты болып 
келетінін көрсетті(В.Л. Белинский, 1972).    
Бастауыш  сынып  жасындағы  есту  қабілеті  зақымдалған  балаларда  тұлғааралық  қарым-
қатынастарды қалыптастыру және дамыту жұмыстарын жүргізу қажеттілігі ары қарай көрсетілген. 
Есту қабілеті зақымдалған балаларда  басында өзара қарым-қатынастарда түсіністік қасиеттерінің 
қажеттілігі  басым  болады.  Есту  қабілеті  зақымдалған  балаларда  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынастар жайлы, өз міндеттері шеңбері жайлы ойлары кеңейеді. Мектепке орналасқан соң есту 
қабілеті  зақымдалған  балаларда  қарым-қатынас  жүйесі  қиындай  түседі,  себебі,  қарым-қатынас  
шеңбері  мейлінше    ұлғаяды  және  оған  көптеген  адамдар  кіре  бастайды.  Айналасындағы 
адамдармен  балада  әр-түрлі  қарым-қатынастар  бекітіледі,  сөйлесу  тақырыптары      күрделенеді 
және  кеңейеді. 
Мектеп  жасына  дейінгі  және  бастауыш  сынып  жасындағы  есту  қабілеті  зақымдалған  
балаларда  сөздік  қоры  аз,  сондықтан  оларға    тұлғааралық  қарым-қатынастар  мен  жеке  тұлғалық 
қасиеттер жайлы т.б түсініктерді қабылдау қиынырақ (Т. А. Власова, 1954, Н.Г. Морозова, 1963). 
 Есту  қабілеті  қалыпты бала адамның эмоцианалдық жағдайын,  тұлға қасиеттерін, адамдар 
арасындағы  қарым-қатынастар  жайлы  түсініктердің  арасындағы  айырмашылығын    ерте  түсіне 
бастайды.  Егер ересек адам  есту қабілеті қалыпты баланы қай жағдайда өзін қалай ұстау керек 
екенін жүйелі түрде  үйретіп отырса, балада  құрдастарымен жағымды достық қарым-қатынастары  
қалыптасады. Есту  қабілеті  қалыпты балалардың сөйлеуінің қалыптасуы қарым-қатынас құралы 
ретінде  мектеп  жасына  дейін  орнығады,  бұл  тәрбие  беруде,  баланың  жеке  дамуында    қолайлы 
жағдайлар тудырады . (Д.Б. Эльконин, 1958). Жоғары сынып жасында есту қабілеті қалыпты бала 
сөздерді –белгілерді дұрыс қолдана алады, салыстыра алады, заттардың өзіндік қасиеттерін қарсы 
қоя  алады  қарапайым  эмоцианалдық-бағалау  категорияларды  ұстана  алады.    Отандық 
сурдопедагогикада    баланы  әлеуметтік  тәрбиелеудегі  шарты  ретінде  сөйлеу  қарым-қатынасын 
дамытуға ерекше көңілді мектеп жасына дейінгі ересектеу жасында бөле бастайды. Есту қабілеті 
зақымдалған балаға жеке тұлғалық қасиеттерді, адам ара қатынасын білдіретін түсініктерді айыру 
ауыр  тиеді,  себебі,  сөздік  ойлануы  дамуы  тежеледі.  Есту  қабілеті  зақымдалған  бастауыш  сынып 
оқушылары  объектілердің    ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын    белгілеуде    қиындықтарды 
сезеді,  оларға  объектілердің  арасындағы    және  жанындағы  байланыстар  мен  қатынастарда  
жалпыланған  бағыттау  тәсілдерін    қолдану  ауыр  болып  келеді  (А.П.  Гозова,  1979).  Естімейтін 
балалар    құбылыстар,  оқиғалар,  адамдарың  қылықтары  арасындағы  қарым-қатынастарды    және 
олардың логикалық байланыстарын  ауыр меңгереді, осы қарым-қатынастар анық көрінетін себеп-
салдарлық  қатынастарды  көрнекті  жағдайларға    қатысты  ғана    түсінеді,  кейбір  құбылыстар  мен  
жағдайлардың  жасырынған  себептерін  көре  алмайды(Т.Г.  Богданова,  2009,  Т.  А.  Власова,  1954, 
Т.В. Розанова, 1983).   
Есту  қабілеті  зақымдалған  бастауыш  сынып  оқушылары    есту  қабілеті  қалыпты  балалар 
сияқты   адамдармен байланыс орнатарда олардың,  бірінші кезекте, сыртқы келбетіне, өзін ұстау 
жағдайына,  бет  әлпетіне,  көзіне,  мимикасына    көңіл  аударады.  Бірақ  нашар  еститін  бала 
адамдардың  сыртқы  белгілерін  өзінше  түсінеді,  ол    оның  әлеуметтік  тәжірибесінің  және 
әлеуметтік  ойларының    шектеулігіне  байланысты    (Ю.В.  Гайдова,  2005,  В.  Петшак,  1981,  Т.В. 
Суханова, 1995). 
Есту  қабілеті  зақымдалған  балалар  сұхбаттасушы  туралы  мәліметтерді  қабылдай  отырып,  
оларды тіпті екінші рет қайталаған кезде де толық  меңгермейді.  Сандық жетіспеушілік  сапалық  
жетіспеушілікпен  қиындатылады:  келіп  түскен  ақпарат  толыққанды  емес,  үзінді,  өзгертілген  
болуы    мүмкін.  Танып-білу  белсенділігінің  төмендеуі    ақпараттың  аздығына  байланысты  болуы 
мүмкін,    қажетті  материалдың    жоқтығы    әрі  қарай    онымен  жұмыс  жасауға,  жалпылауға  әсер 
еткен  кезде,  өз  кезегінде,  ақпаратты  қабылдауда  кемшіліктерге  әкеліп  соғады(О.О.  Малхасьян, 
2000). 


46 
 
Сондықтан, есту қабілеті зақымдалған балалармен жұмыс істеу кезінде атақты сурдопедогог 
С.А.Зыков  әзірлеген  коммуникативті  жүйе  маңызды  рөл  атқарады,  ол  есту  қабілеті  зақымдалған 
балаларда  сөздерді  қабылдауын  ұйымдастыруға  психологиялық  негізделген  тәсіл  ұсынды.  Есту 
қабілеті  зақымдалған  бастауыш  сынып  оқушыларының  тұлғааралық  қарым-қатынасын    дамыту  
әрқашан  коммуникативтік  жүйе    принципіне,  яғни,  бірлескен  іс-шаралар  жағдайында  сөйлесуді 
дамыту  принципіне  сүйену  керек.    Тәрбие  жұмысының  жетістігі,  тұлғаның  белгілі  қасиеттерін 
қалыптастыруға  бағытталғандығы,  ол  жұмыстың  қалай  ұйымдастырылғандығына  байланысты.  
Есту қабілеті зақымдалған  балаларға  арналған мектеп жағдайында  коммуникацияны оқыту әр-
түрлі    жұмыстар  арқылы  жүзеге  асады,  себебі,  сөйлесу  іс-әрекеттерін    шығаруға    арналған 
ынталандыру базасы оқушылардың іскерлік қарым-қатынасы процессінде пайда болады. Біріккен 
жұмыстар  формаларын  пайдалануға  естімейтін  және  есту  қабілеті  зақымдалған  балалардың 
сөйлесу  қарым-қатынасының  белсендеуі,мұғаліммен  және  өзара  сөйлесу  қабілетінің  қалыптасуы 
байланысты(С.А. Зыков, 1997. Т.С. Зыкова, 2000).естуқабілеті зақымдалған оқушыларды сөйлесу 
қарым-қатынасына  үйрету  үшін  диалогтағы  сөздерді  тыңдай  алу  және  түсіне  алуды  жетілдіріп 
отыру керек,  балалардың алдына сол немесе басқа сұхбаттың,  сұрақтың және оның жауабының 
мазмұнын  жаттап  алу  сияқты  мақсат  қою  керек.    Есту  қабілеті  зақымдалған  балаларға  бұл 
тапсырма,  оны  жүзеге  асыру  барысында  белгілі  тәртіпті  талап  ететін    қиын  тапсырма  болып 
келеді.  Диалогтық  сөйлесу  формаларын  қолданудағы  жаттығулар  есту  қабілеті  зақымдалған  
балалардың айналасындағы адамдармен сөйлесу қарым-қатынасының сәтті дамуында, өз бетінше 
байланыс  орнатуда    маңызды  рөл  атқарады(А.Г.  Зикеев,  1968).  Бастауыш  сыныптардағы  есту 
қабілеті  зақымдалған  балалар  сұхбаттасушы  серігінің  іс-әрекеттерінің  себептерін  және  оның 
эмоциялық жай-күйін  анықтауда қиындықтарды сезінеді 
Есту қабілеті зақымдалған оқушылардың суретке сүйеніп персонаждардың эмоциялық жай-
күйін жақсы түсіну қабілеті бастауыш сынып жасының аяғына қарай дамиды(В. Петшак, 1981). 
Басқа  зерттеудің  нәтижелері  есту  қабілеті  зақымдалған  балалардың  есту  қабілеті  қалыпты 
құрдастарымен  салыстырғанда    эмоцианалды-бағалау  жағдайының,  эмоциялық  жай-күйді 
білдіретін    сөздерді  қолдануында,    берілген  эмоцияларды  туғызатын    себептерді  атауда  едәуір 
артта  қалуғанын  көрсетті  (Т.Ю.  Кулигина,  Е.Г.  Речицкая,  2008).  Осылайша,  есту  қабілеті 
зақымдалған  балалардың  олардың  айналасындағы  адамдармен    қарым-қатынасының  
қиындықтары  байланыстың  шектеулігіне,  ақпаратты  өңдеу  процесінің  баяулығына  ,  әлеуметтік 
тәжірибені  өздігінен  игеру  мүмкіндіктерінің    шектеулігіне    байланысты.  Бастауыш  сынып 
жасындағы есту қабілеті зақымдалған балалар үшін тұлғааралық қарым-қатынас жетістігі олардың 
топтың  ішінде  және  топтан  тыс  әлеуметтік  бейімделуі    мәселесімен  тығыз  байланысты.  Есту 
қабілеті  зақымдалған  балаларға    өздігінен  әлеуметтік  қарым-қатынастар  саласына  кіріп  олардың 
тұлғааралық  қарым-қатынастар  дағдыларын  игеру  өте  ауыр.  Қарым-қатынас  процесіндегі 
қиындықтар  баланы    адамдармен    қарым-қатынастар  қалыптастыруына  деген    ұмтылыстарын 
төмендететін  психологиялық    ыңғайсыздықтарға  әкеліп  соғады.  Есту  қабілеті  зақымдалған 
балалардың  есту  қабілеті  қалыпты  адамдар  арасына  әлеуметтік  бейімделуі  мәселелерін    шешуде 
басты рөл педагог-дефектологқа  бөлінеді.  Бастауыш сыныптарда оқушылырдың ұжымы енді ғана 
қалыптасады, соған байланысты, әр оқушының ұстанымы негізінен мұғалім арқалы орнатылады. 
Бастауыш  сынып  жасында  сынып,  ұжым    сияқты  оқушыларға  беделді  әсер  етеді  де  балалардың 
бағасының дамуына, айналасындағылармен белгілі қарым-қатынастары тәсілінің, сөйлесу стилінің  
қалыптасуына    ықпал  етеді  (Т.Г.  Богданова,  2005,    P.M.  Боскис,  1988,  А.Г.  Зикеев,  1976,  Е.Г. 
Речицкая, 2009). Педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынасты басшы мен  жұмысшы қарым-
қатынасы  ретінде  қарауға  болады.  Мұғалім  бастауыш  сыныптардағы  есту  қабілеті  зақымдалған 
және    қалыпты  оқушылар  үшін  беделді  тұлға  болып  табылады(И.П.  Андриади,  1999,  Н.П. 
Аникеева,  1999,  Т.Г.  Богданова,  2004,Ю.В.  Гайдова,  2005,  А.А.  Леонтьев,  2001,  Н.М.  Назарова, 
2009,А.В. Петровский, 1980, Е.Г. Речицкая, 2004 және т.б).   
Оңтайлы  педагогикалық  қарым-қатынас  оқуда  қолайлы  эмоцианалды    ауа  райын  
қамтамасыз етеді(А.А. Леонтьев, 2001). 
Дефектолог-мұғалім бастамашы, өзінің кәсіби жұмыстарының сәтті нәтижесінің сенімділігі 
бар, мейірімділік, әдептілік, оптимизм сияқты кәсіби қасиеттерге ие болуға  ұмтылуы керек  (Н.М. 
Назарова, 2009).   
Балалармен  жақсы  байланыс  орнатуға  ұмтылып,  балаларды  өзіне  қарата 
алып, сурдопедагог осылайша балалардың қарым-қатынасын реттейді.  
Балалар 
мұғалімге 
сенім  артады,  оны  тыңдайды,  сондықтан,  мұғалімнің  балаларға  деген  қатынасына  байланысты 
мұғаліммен  балалардың  арасындағы    қарым-қатынасы  қалыптасады.    Егер  есту  қабілеті 
зақымдалған  балалардың  педагогқа  қарым-қатынасы  жақсы  болса,  онда  педагогтың  балаларға  


47 
 
әсер  етуі  оңтайлы  болмақ.  Есту  қабілеті  зақымдалған  балалармен  жұмыс  кезінде  педагог  ол 
балаларға есту қабілеті қалыпты балалардан қарағанда ұзағырақ беделді тұлға болатынын  ескеру 
керек  (Э.А.  Вийтар,  1981,  В.Г.  Петрова,  1971).  Педагогтың  көмегімен  есту  қабілеті  зақымдалған 
балалар ұжымның мейірімді,  сезімтал әрқашан бір-біріне көмекке келетін, қарым-қатынас кезінде 
туындаған  мәселелерді  бейбіт  жолмен  шешуге  тырысатын    құрдастарынан  құрылған  топ  екенін 
түсінуді  үйренеді.    Ауытқуы  бар    балалар  үшін  арнайы  мектептегі  педагог  жалпы  білім  беру 
орталығындағы   рөлімен салыстырғанда үлкен әлеуметтік беделге ие болып келеді. Есту қабілеті 
зақымдалған  балалар  үшін    моральды  келбетімен,  тәртібімен,  іс-әрекетімен  оларға  үлгі  болатын 
мұғалім ғана оларға беделді тұлға бола алады.  мұғалімнің құндылығы  есту қабілеті зақымдалған  
балалар  үшін  біріншіден  оның  көзқарасының  кеңдігінде  және  барлық  заттарды  орындай  алу 
қабілетінде.  Педагог  әр  салада  өзінің,    ең  бастысы,  өнердегі,  техникада,  спортта    біліктілігін  
көрсетсе  болғаны  ол  оқушы  үшін  барлық  сұрақтарды  шешуде  беделді  тұлғаға  айналып  шыға 
келеді. Мұғалімнің    еңбексүйгіштігін,  мейірімділігін,  әділдігін және  қаталдығын  сыйлайды  (Г.Н. 
Пенин,  1999,  B.C.  Собкин,  1997).    Бастауыш  сынып  жасындағы  есту  қабілеті  зақымдалған 
балаларда  қалыптасқан  қарым-қатынастар  құрылымы  олардың  жеке  тұлға  ретінде  дамуының  
деңгейімен  ғана  емес,  мұғалімдердің  мектепте  қалыптастырған    жағдайларымен  де  анықталады. 
Сондықтан  сыныптағы  қолайлы  психологиялық  ауа-райы,  әр  баланың  жеке  дамуына  белсенді 
әрекеті педагогтың жұмысының тиімділігінің көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылуы мүмкін.      
Мұғалімнің кез келген қызметі белгілі түрде сыныптың эмоцианалдық жағдайына, әр оқушының 
сабаққа  қатысу  дәрежесіне    әсер  етеді.  Сондай-ақ  сурдопедагогтың  міндетіне    адамдармен  , 
бірінші кезекте даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің психологиялық аспектілерін 
білу кіреді.  
Есту қабілеті зақымдалған балалар арасында бірлескен-бөліскен жұмыстарды ұйымдастыра 
отырып, педагог оқушылардың ынтымақтасқан қарым-қатынастарын дамыту мақсатында қолайлы 
жағдайлар  жасайды.    бірлескен  жұмыстарда  ортақ  пән  есту  қабілеті  зақымдалған  балаларда 
байланысты,қарым-  қатынасты  дамытуға  көмектеседі.    Сыныптағы  және  сыныптан  тыс 
жұмыстарда бірлескен-бөліскен қызмет формаларын («кішкентай мұғаліммен» жұмыс, жұптасып, 
үшеуленіп,  топтасып)  кең  қолдану  олардың  сөйлеуін  ұйымдастыруға,  сөздік  қорын  кеңейтуге,  
ұжымдық байланысты қалыптастыруға мүмкіндік береді.  Диалогтық қарым-қатынасты дамытуда 
сұхбаттасуда  серіктестікті  орнату,  сұхбаттасушы  серігінің  жеке  көзқарасын  және  оны  қорғау 
құқығын  мойындау,  серігін  есту  және  тыңдай  алу,  түсіністік  қабілетінің  болуы    қолайлы  әсер 
етеді.  Бірлескен-бөліскен  қызмет  кезіндегі  қарым-қатынас  өзара  тең    адамдар  арасында  болады. 
Дәл  осындай  жағдайларда  баланың  моральдық  ұстанымы  және  лайықты  тұлғалық  моральдық 
қасиеттері( басқа адамның ұстанымына көшу, онық пікірін қабылдау және т.б) қалыптасады  (Т.С. 
Зыкова, 2000, Е.Г. Речицкая, 2004, 2011). Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеу кезінде 
олардың  қарым-қатынас  ортасын  кеңейтуге,  басқалармен  араласу  кезінде  қарым-қатынас 
ережелері  мен  нормаларын  қабылдауға,  қарым-қатынас  процесінде    басқалардың  эмоцианалдық  
жай-күйін, олардың жеке тұлғалық  қасиеттерін  анықтай алу қабілетін қалыптастыруға,моральдық 
тәртіп ережелерін орындауына  жағдайлар жасау керек 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет