Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет33/144
Дата01.06.2020
өлшемі1,52 Mb.
#71999
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   144
таба, бестақа, көпек, лепмай, паяпыл сөздерінің түп-төркіні сөз болады. 
Бұл  мəселе,  əсіресе,  бүгінгі  таңда  этнос  болмысы  мен  мəдениетінің 
бейнесін  сақтап  қалған  тарихи  диалектологиямыз  өте  кенже  қалып 
отырған  кезде – өте  өзекті.  Ғалым  сонымен  бірге  ономастикалық  атау-
лардың  төркініне  де  жиі  үңіледі
65
.  Автордың  этимология  саласындағы 
зерттеулеріне  зор  баға  бере  отырып,  кейбір  кемшін  тұстарын  да  атап 
өткен орынды. Автор басқа да тілдік фактілермен бірге сібір тілдерінің 
материалына  жиі  жүгініп,  қазақ  тіліндегі  белгілі  бір  лексеманы  сонау 
шалғайдағы бурят, алтай т.б. тілдердің говорларындағы (тіліндегі емес, 
говорларындағы!!!) лексемалармен салыстыру, салғастыру үнемі дұрыс 
нəтиже бере бермейді. Мəселен, автор тіліміздегі жуалдыз сөзінің төр-
кіні туралы былай деп жазады: «Түбірдің екіншісі «дыз» қайдан келген 
(?) деген сұрауға жауап іздеу қиынырақ. Дегенмен, бұл туралы да бол-
жау  айтуға  болады.  Бурят  тілінің  Цонголь  говорында (!) «дзуу»  сөзі 
біздегі «ине» дегенді ұғындырады. Нəтижесінде, шуал+дзуу > жуал+дыз 
сөздерінің  бірігуінен  пайда  болған  деп  жорамал  айтпақпыз»
66
.  Бірінші 
сыңарын  иран  сөзі  дей  отыра,  екінші  сыңарын  бурыт  тілінің  Цонголь 
говорынан  (бурят  тілінен  де  емес)  іздеу  ешқандай  тарихи  да,  ғылыми
да принципке негізделмеген болжау.
Этимологиялық  зерттеуге  басқа  қырынан  келіп,  оның  ғылыми 
көкжиегін  кеңейтіп  жүрген  ғалымдарымыздың  бірі – Е.Жанпейісов. 
Ғалым  өз  зерттеу  нысаны  етіп  қазақ  тілі  лексикасының  үлкен  бір  қат-
қабаты – этнографизмдерді  алған.  М.Əуезов  шығармаларының  тілін 
зерттеуге арналған еңбектерінде автор қазақ тіліндегі этнографизмдерді 
жазушы  шығармаларында,  əсіресе, «Абай  жолы»  эпопеясында,  өзіндік 
қолдану  ерекшеліктері,  олардың  этимологиясы  тұрғысынан  алып 
қарастырады. Осы ұзақ ізденістердің нəтижесінде дүниеге «М.Əуезовтің 
«Абай  жолы»  эпопеясының  тілі» (тарихи-этимологиялық  байқаулар 
материалдар.  Алматы, 1976) жəне  «Этнокультурная  лексика  казахского 
языка  (на  материале  произведении  М.Ауезова)»  Алматы, 1989) атты 
монографиялары  жарық  көрді.  Бұл  кітаптар  қазақ  тіл  біліміндегі 
этимологиялық  зерттеулердің  ең  көлемдісі  болуымен  қатар,  өзінің 
ғылыми  тереңдігі,  этимологияларының  дəлелдігімен  ерекшеленеді.  Кі-
тап бойында мол тілдік факт жинақталған. Автор түркі, монғол тілдері 
65
«Адай» этнонимі туралы//»Қазақстан мектебі», 1967, №7; Қазақ тіліндегі кейбір ру, тайпа 
аттарының шығу тарихы// «Жалын», 1973, №1, 135-143 б.
66
Нұрмағанбетов Ə. Қазақ говорларында кейбір лексикалық ерекшеліетердің пайда болу жолы 
мен этимологиясы // Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Алматы, 1973, 64-бет.


57
мен  ескерткіштер,  əртүрлі  сөздіктерден  сүзіп  алған  мысалдармен 
қазақ  тіліндегі  тарихы  сөз  болып  отырған  этнографизмінің  дамуын, 
өзгерісін,  семантикасын  жан-жақты  ашып  береді.  Ғалым,  əсіресе, 
этнографизмдердің  қазақ  топырағында  пайда  болған,  ұлы  суреткер 
М.Əуезов  түрлендіре  қолданып, «екінші  өмір»  берген  бөлегін  ғылыми 
зерде, ішкі жан-дүниесімен сезініп, көзге көрінбес нəзік нюанстарын да 
көре  біледі.  Сонымен  қатар  автордың  көптеген  сөздердің  этимология-
сын  сөз  еткенде  айтқан  жаңа  ой,  батыл  болжамдары  да  қызықты. 
Мəселен,  ұлыс, /29-бет/,  ШҰБАР//СІБЕР /19-бет/  сөздеріне  жасалған 
этимологиялық  талдауларында  осыған  дейін  аксиома  болып  келген 
пікірлерге  сын  көзбен  қарап,  өз  тұжырымын  айтады.  Тіліміздегі  болыс 
сөзін орыс тіліндегі волость сөзінің фонетикалық өзгеріске түскен түрі 
дей  отыра,  сол  волость  сөзінің  фонетикалық  өзгеріске  түскен  түрі  дей 
отыра,  сол  волость  сөзінің  өзін  орыс  тіліне  түркі  тілдерінің  бірінен 
ауысқан дейді. Э.К.Пекарскийдің сөздігінде кездесетін ұлуу / «большой, 
великий»/ + уус / «род»/  сөздерінің  қосылуынан  ҰЛЫС  сөзі  жасалған. 
Сонда ҰЛЫС /ulus/ ВОЛОСТЬ > БОЛЫС. Немесе, М.Əуезов «қамау», 
«қоршау», «жем  тастап  тұзақтау»  деген  мағынада  қолданған  ШЫРҒА
сөзін /101-бет/  тіліміздегі  ШЫР / < шыр  айналу/,  ШЫР-ға-лан,  ШЫР-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет