Каз Мектеп-10-2015. indd



Pdf көрінісі
бет63/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

Атырау облысы 

Исатай ауданы 

Тұщықұдық ауылы.


60

www


.kazmektep.kz

ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады”, – деп Елбасымыз 

айтқанындай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа 



КІТАП ОҚУҒА ҚЫЗЫҒУДЫ АРТТЫРУ – БОРЫШ 

Мария  БОТАЕВА,

Бақтыбай  Жолбарысұлы  атындағы

№18 орта  мектеп-лицейінің  кітапханашысы

“ХХІ

ақпараттық  технологиямен  жұмыс  жасауға бет бұрып  келеді. Осы жерде 

кітап  пен  кітапхана  жұмыстарының  сырт  қалып  қойып  жататыны  белгілі. 

Жастарымыз  кітап  пен  кітапхананы  жаңа  заманның  ақпараттық  техноло-

гияларымен  айырбастап  жібергені  анық.

Қазіргі   ақпараттық  құралдардың  қарыштап  дамып  бара  жатқан  за-

манында  жас  оқырмандарымыздың    кітап  оқуға  қызығушылығы  қандай 

деңгейде?      Кітап    оқуға    қызыға  ма,  әлде    интернет    арқылы    керекті 

мәліметтерін  алып  заман  талабына  ілесе  ала  ма?  Интернеттік  жүйенің 

қажеттілігі  де,  өз  жетістігі  де  ұшан-теңіз.  Дегенмен,  оқырмандарымыз  ин-

тернеттен көркем әдебиеттерді қалай алып оқиды? Көп уақыт компьютер ал-

дында сағаттап отырып оқи ала ма? Интернет кітап орнын ешқашан толтыра 

алмайды! Жас  оқырмандарымыздың  кітап  оқуға  қызығушылығын  қалай 

арттырамыз? Бұл сұрақ  бүгінгі  күннің үлкен өзекті мәселесі  болып  отыр. 

Ұлы ойшыл Шекспир “Кітап – маған тақтан да қымбат”, – деп  кітаптың 

құдіретіне табынды, бүгінгі жедел ақпараттың тасқынының тасасында қалып 

бара жатқан “кітап әлемін”  қайта  жандандыру – кітапханашыларға  жүктелген  

үлкен  міндет.  Кітап оқу мәселесі бүкіл  ұлтты  толғандыруы  тиіс. Ұлттың 

рухани сауаттылығы кітап оқуға  тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген 

тәжірибелер  арқылы  мынадай  жағдайлар  анықталған:  кітап  оқитын  адам-

дар  белгілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдауға бейім, есте сақтау 

деңгейі,  шығармашылық  қабілеті  жоғары,  сөздік  қоры  бай,  ойын  еркін 

жеткізе  алатындығымен, елмен жақсы қарым-қатынас жасай білетіндігімен 

ерекшеленеді екен.

Әлеуметтанушылардың есебі бойынша, егер күніне кітап оқуға 1 сағат, 

ал демалыс күндері 3 сағат бөлінсе, 1 жылда 573 сағат болады екен. Бұл өз 

білімімізді толықтыруға үлкен әлеуметтік мүмкіндік болып табылады.     

Жазушы  Ә.Кекілбаевтың  “Мен    кітапханаларды    ақыл-білім,  адамгер-



шілік, парасат, иман ордасы деп білемін, ал кітапханашыларды сол ешқашан 

жоғалмауға    тиісті    ең    асыл    құндылықтың    ең    жанкешті  сақшылары 

ретінде санаймын” дегеніндей, кітапханадан  не іздесең соны табасың. “Рес-

публика жастарының көркем әдебиетті оқу деңгейі”  зерттеу қорытындысы 

бойынша  кітапхана  оқырмандарының  тең  жартысынан  кемі  ғана  көркем 

әдебиетті  оқиды екен.Қалған 60 пайызы іскер оқу, яғни, тек оқуға, жұмысқа  

қажеттілікпен  оқиды. Өйткені, қазір білім – капитал. Білімің болса, ақысыз 

оқуға  түсесің,  “Болашақ”  бағдарламасына  ену  мүмкіндігіне  ие  боласың. 

Көркем әдебиет әлі де бүгінгі ұрпақ өмірінен өзіне лайық орын алған жоқ. 

Бұл тек кітапхана  оқырмандарының  көркем әдебиетті оқу жағдайы тура-

лы  көрсеткіштер, ал оның сыртында кітапханамен қамтылмаған, кітапханаға 

тартылмаған  қаншама  жастар  бар?  Мұндай  ауқымды,  көлемді  зерттеулер 

алдағы уақыттың еншісінде. Әрбір қазақтың сүйіп оқитын жазушысы Шер-

хан Мұртаза  “Егер адамның жүрегіне мұз қатып қалса, көркем кітап соны 



жібітуге тиіс. Егер еріте алмаса, ол – осал шығарма” деген сөзі кітаптың 

адам  өміріндегі,  жас  ұрпақ  тәрбиесіндегі  маңыздылығын  айғақтаса  керек. 

Жастардың рухани дүниесіне де көп көңіл бөлу керек. Көркем әдебиеттерге 

деген  қажеттілікті  арттырып,  оқуға  ынталандыруымыз  керек, кітап оқуды  

насихаттау  үшін  жоғары деңгейде байқаулар, сайыстар, кештер, ертеңгіліктер 



61

www


.kazmektep.kz

ұйымдастырған  жөн.  Көркем  шығарма  кейіпкерлерінің  қоғамға,  әлеуметке 

ықпалы соншалықты, кейбір өркениетті елдерде әлем әдебиетінің оқырман 

көңілінде қалған кейіпкерлеріне ескерткіш орнату үрдісі бар. “Кітап – өмір 



ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап 

оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес” деген қазақ театрының негізін 

қалаған әйгілі актер Серке Қожамқұлов. Әйтсе де, қазіргі мектеп жасындағы 

баланың  кітапқа  деген  қызығушылығы  өте  төмен.  Тіпті  бүлдіршіндер  ес 

білгеннен қолына ертегі кітап емес, компьютердегі ермек ойындарды алатын 

болды. Баласына кітап оқуды ұсынатын ата-аналар да сиреп барады. “Ин

-

тернет пен телерадио арналары арқылы-ақ керегімізді тауып жатырмыз” 

деушілер көп. Мұның себебі неде? Бұған кім кінәлі? Осы сауалдарға жауап 

іздеп көрелік. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет