Каз Мектеп-10-2015. indd


www .kazmektep.kz Мерейтой



Pdf көрінісі
бет59/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

53

www


.kazmektep.kz

Мерейтой

ыршыл  да  сыншыл  сезімтал  лирик  ақын,  Қазақстан  және  Өзбекстан  

жазушылар одақтарының мүшесі Нұр Бибі Омар бүгінде асқаралы  ал-

ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР



Әбдісаттар ӘЛІП,

журналист, ақын, аудармашы

С

пыс  жасқа  толып  отыр.  Қашанда  жаңалыққа  жаны  құмар  кітапханашылар 

қауымы,  соның  ішінде  ұлы  Абайдың  есімін  иеленген  қасиетті  құтхананың 

ұйымшыл ұжымы осы айтулы мерейтойдың шымылдығын «Бақытсыздықтан 

бақыт тап» атты әдеби шығармашылық кешпен  ашқаны қандай ғанибет. 

Қызықты  өткен  кеш  барысында  мерейтой  иесінің  қаламдас  әріптес-

тері  –  Момбек  Әбдәкімұлы,  Захардин  Қыстаубайұлы,  Сәрсен  Бек    Саха-

бат,  Құрал  Көмек,  Бөрібай  Оразымбет,  Сабырбек  Нұрманұлы,  ардагер 

ұстаздар -- Тұрдыбай  Қалдыбаев, Таңсықбай Жолдасов  сөз сөйлеп, ақын 

шығармашылығы  жайлы  өздерінің  ойларын  ортаға  салды.  Пакиза  Ирис-

метова,  Саида  Абдуғаниева,  Қанат  Сарыбаев  секілді  жастар  жарыса  өлең 

оқыды.  Нағима  Темірбекова,  Мария  Тұңғышбаева,  Нұртай  Үсібәлиев, 

Мизан  Жұмәліұлы  ән-күйден  шашу  шашты.  Шымкент  қаласындағы 

орталықтандырылған көпшілік  кітапханалар жүйесі директорының орынба-

сары,  Қазақстан  Республикасы  мәдениет  саласының  үздігі  Зоя  Бекежанова 

қасиетті құтхана ұжымының атынан мерейтой иесінің иығына ақ шәлі ора-

мал жауып,  естелік сыйлық тарту етті.

Нұр  Бибі  Омар  1955  жылы  екінші  қаңтар  күні  

қасиетті  Қазығұрт  тауының  бөктеріндегі  табиғаты 

тамылжыған  Тұрбат  ауылында  жарық  дүниеге 

келген.  Алайда  төлқұжат    бойынша  15  сәуір  деп 

көрсетіліп  кетіпті.  Әкесі  Қарабай  мен  анасы 

Жұмагүлдің отбасындағы сегіз перзенттің ең үлкені 

екен.  Мектеп  қабырғасында  жүрген  кезінен-ақ, 

дәлірегі, 15 жасынан   тырнақалды мақала, өлеңдері 

аудандық газетте жариялана бастайды. 

Ташкенттегі  Низами  атындағы  педагогикалық 

институттың  (қазіргі  мемлекеттік  педагогикалық 

университеттің)  филология  факультетіне  оқуға 

түседі.  Студент қыздың бір топ өлеңдері жастардың  

«Елқин» («Балауса») атты  ұжымдық жыр жинағына 

енген. Жоғары оқу орнында  оқып жүргенде  қырғыз 

жігіті Мергенбай Пәрпиевпен жұбы жарасып, отба-

сын құрады.  

1977 жылы  аталмыш жоғары орнын қызыл дипломмен бітіріп шығады. 

Жас  маман  осы  институттың  арнайы  жолдамасымен  ұзақ  уақыт  бедерінде  

Бостандық ауданында  мектеп мұғалімі ретінде шәкірт тәрбиелеумен айналы-

сады. Бұл Қазақстаннан Өзбекстанға «еріксіз ұзатылып кеткен» аудан екенін 

бәріңіз жақсы білсеңіздер керек. Мұнда қазақ тілінде білім беретін 21  мектеп 

жұмыс істейтін. 

Соның бірі – Шымған тауының бөктеріндегі Бейімбет Майлин атындағы 

№38 мектепте (бүгінде оның атауы өзгерген) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 




54

www


.kazmektep.kz

сабақ  береді.  Шымған  –  Швейцариядағы  Алпі  секілді  керемет  көркем  тау. 

Флора  мен  фаунаға  өте  бай.  Мұнда  көптеген  аң-құстарды  кезіктіресіздер. 

Шипалы өсімдіктердің 130-дан астам түрі өседі. Балбұлақтарындағы судың 

емдік қасиеті мол. Жас  мамандар сондағы финдік  үлгіде салынған үйлердің 

бірінде  тұрады.  Білім  ошағында  қандастарымызбен  қатар  қырғыз,  өзбек, 

тәжік ұлттарының балалары да тәлім-тәрбие алатын. 

Жақсы    жұмысы    еленген  ізденімпаз    ұстаз    аудандық    білім  бөліміне 

ауысып,  әдіскер,  нұсқаушы    қызметін  атқарады.  Сол  кезеңде  Ташкент  пен 

Алматыдағы    мұғалімдер    білімін    жетілдіру    институттарында    арнайы 

курстан  өтеді.  Алматыда    шығатын    «Қазақстан    мұғалімі»    газеті      мен  

«Қазақстан  мектебі»  журналының  Өзбекстандағы  меншікті  тілшісі  ретінде  

сан түрлі тақырыпта  мақалалар  жазады. Өлеңдері  «Оңтүстік Қазақстан», 

«Лениншіл жас»  (қазіргі – «Жас Алаш») газеттері   мен  «Қазақстан  әйелдері»,  

«Мәдениет және   тұрмыс»  (қазіргі – «Парасат»)  журналдарында  жарық  

көре  бастайды. 

Сөз    орайы    келгенде,    кеңес    өкіметі  кезінде  Өзбекстанда  976  қазақ 

мектебі болғанын тілге тиек ете кетейік. Бүгінде  соның тең жартысын да таба 

алмайсыз. Атаулары өзгерген немесе атаусыз қалып, тек қана жай нөмірлене 

салған. Олардың дені өзбек немесе аралас мектептерге айналған. Мұның бәрі 

ұстаз  ақынның  жүрегін  жабырқататын  жайсыз жайттар екені айтпаса да 

түсінікті. 

Жастайынан  өлең-жырды  өзіне  серік  еткен    Нұр  Бибі    уақыт  өте  келе 

журналистік  жолды  таңдайды.  Сөйтіп,  аудандық  «Бостандық  дауысы» 

газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарады. 1991 жылы Шым-

кентте  өзбек  тілінде    «Жанубий  Қозоғистон»  облыстық  газет,  ал  Ташкент-

те қазақ  тілінде  «Достық туы»  деп аталған  республикалық газет ашыла-

ды.  Нұр    Бибі  алғашқылардың  бірі  болып  сонда  еңбек  етеді.  Сөйтіп  аудан 

орталығы Газалкенттен республика астанасы Ташкентке күн сайын автобус-

пен,  пойызбен,    кейде  таксимен  қатынап  жұмыс  істейді.  Басылым  атауы 

«Нұрлы жол» болып өзгерген кезеңде де  әдебиет, мәдениет, өнер бөліміне 

жетекшілік  жасайды.  Сөйтіп  әдебиет  әлеміне  қарай    тәй-тәй  қадам  басқан  

талай    талантты  жастың    бағын    ашуға    септігі  тиеді.  Қарымды  қаламгер 

Шерхан Мұртаза «Социалистік Қазақстан» газетінің басшылығында отырған 

кезеңде  Алматыға бір айлық мерзімге тәжірибе жинақтауға барады. Осылай-

ша газеттің  күнделікті  машақатты  тірлігінен  тыс  өзінің шығармашылық  

қарым-қабілетін де  барынша шыңдай түседі.           

1993 жылы Ташкенттің түбіндегі республика Президентінің резиденция-

сы  орналасқан    Дүрмендегі      демалыс  үйлерінің  бірінде  өткен  жас  ақын-

жазушылардың семинарына қатысады.  Осында  оқыған өзінің бір ғана өлеңі 

үшін  Өзбекстан  жазушылар  одағына  мүшелікке  өтеді.  Кейіннен  туған  елге 

қайта оралған ол Қазақстан жазушылар одағына мүшелікке қабылданады. 

1995 жылы  Келес  (қазіргі  Сарыағаш)  ауданындағы  арқалы ақын Тоқаш  

Бердияровтың    70  жылдық  мерейтойына    арналған  мүшәйрада  бағы  жана-

ды.  «Топырағына    тағзым  етем  Келестің»  өлеңімен  жүлделі  екінші  орын-

ды  еншілейді.  Сол  кезде  ақын  әпкеммен  танысудың  сәті  түскен    болатын. 

Міне, содан  бері  оның жазған-сызғандарын  жіті  қадағалап  оқып  жүрмін.  

Кейіннен    Ташкенттегі  «Нұрлы  жол»,  Шымкенттегі  «Сана  және  нарық» 

газеттерінде  бірге  қызмет  істегенімізде  етене  араласуымызға  тура  келді.  

Өмірі өлеңмен өрілген ақын  өзге елде жүргенде,   1998 жылы Ташкенттегі 

«Шарқ» («Шығыс») баспасынан   туған ел мен  жерге деген сағыныш сезіміне 

толы  «Жансәуле» атты тұңғыш жыр жинағын шығарады. Көлемі алты бас-

па  табақ  кітап  5000  данамен  жарық  көрген.  Оған    сол  кездегі  Өзбекстан 

Қаржы  министрлігі  валюта  басқармасы  бастығының  орынбасары,  қазақ 




55

www


.kazmektep.kz

руханиятының қамқор жанашыры  Сапарбай Жобаев демеушілік жасайды. 

Жыр  жинағына  «Бір  ауыз  сөз»  жазған  айтулы  ақын  Исраил  Сапарбай: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет