Министрліктің баспасөз орталығынан
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
ҚР
Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі «Болашақ» халықаралық стипендия-
сы түлектерімен бейресми кездесу (Informal Networking Conference) өткізді.
Кездесуде «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде
Қазақстан Республикасындағы білімді жаңғырту мәселелері талқыланды.
Диалогқа «Болашақ» бағдарламасының 70 түлегі, жоғары оқу орнының
оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қатысты.
Informal Networking Conference жұмысында отандық білім және
ғылымның негізгі даму бағыттары, оның сараптамалық әлеуеттік
мүмкіндіктері мен «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асырудағы
«Болашақ» бағдарламасының жаңа ұсыныстары туралы сөз етілді.
Кездесуде министр "Болашақтықтардың" қызықтырған сұрақ-
сауалдарына жауап беріп, Президенттік стипендия иегерлерінің "Мәңгілік
Ел" ұлттық идеясын жүзеге асыру мен ұстаным мазмұнын сақтауда
атқаратын қызметінің маңызын анықтап берді.
Еліміздің солтүстік өңірінде барлығы 360 "Болашақтықтар" еңбек етеді,
оның ішінде 153 адам – Павлодар облысының түлектері.
Бұл А.Сәрінжіповтің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлек-
терімен Informal Networking Conference шеңберінде өткен үшінші кездесуі.
Бірінші кездесу 2014 жылғы ақпанда «Назарбаев Университеті», екіншісі
2014 жылғы маусымында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университетінде өткен болатын.
|