бат лирикалары орын алған.
1000 данамен шыққан.
өрбітумен қатар өлең-жыр арнайды. Көлемі 15,5 баспа табақ, таралымы
небәрі 500 дана ғана.
56
www
.kazmektep.kz
2011 жылы Алматыдағы «Нұрлы Әлем Шыңы» баспасынан жарық
көрген «Жақсы жоқ деп айтпаңдар...» кітабы оқырмандар назарына
ұсынылған. Онда өмірде елеусіздеу жүргенімен, ерен еңбек тындырған
қарапайым жандар жайлы сыр шертеді. Көлемі тоғыз баспа табақ, бұл кітабы
500 данамен шыққан.
Ташкенттегі «Фан» баспасында жарық көрген «Артында өлмейтұғын із
қалдырған...» кітабындағы «Бостандығым – гүл мекен», «Алыстап кетті-ау
сол күндер» атты бөлімдерде шеткейдегі қандастарымыздың өмірі, тұрмыс-
тіршілігі кеңінен сөз етіледі. Танымал тұлғалары туралы толғанып, әйгілі
демалыс орындары жайлы сыр шертеді.
Таяуда өзінің таңдамалы өлеңдер мен естелік, эсселер жинағы жарық
көрді. Бұған қоса жеңгесі Махсуданың ғибратты ғұмырын баяндайтын
«Құлпырған қызғалдағым ең...» кітабы оқырмандар қолына тиді. Осылай-
ша арынды ақындық жол парасатты жазушылыққа нық сеніммен жалғасып
келеді. Бұған қоса орыс, қырғыз, қарақалпақ, өзбек тілдерінен еркін ау-
дарма жасайды. Бірқатар ақын-жазушылардың туындыларын төл тілімізде
сөйлеткен.
Сонымен қатар ақын қыздың ұйымдастыруымен Қазығұрт ауданындағы
жас таланттардың «Нұх Пайғамбардың кемесінен нәуірзектер ұшады»
өлеңдер жинағын жарыққа шығарды. Ондағы мектеп оқушыларының туған
жерге, ана тіліне, тәуелсіздікке, ата-анаға, ұстазға, достыққа, ұлы адамдарға,
өмірге деген сүйіспеншіліктері нәуірзек жырлары, толғаныстары, жүрек
лүпілдері сұлу сезімге жетелейді. Сөз орайы келгенде, аталмыш туындының
демеушісі – аудандық білім бөлімі екенін де тілге тиек ете кетейік.
Туған елге оралып, «Шымкент келбеті», «Ақиқат – Истина», «Сана
және нарық», «Замана» газеттері, «Домалақ ана» журналы және «Кітап»,
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің жанындағы «Оңтүстік» баспаларында
қызмет істеген. Бүгінде құрметті еңбек демалысында жүрсе де жазу-сызу-
дан еш алыстаған емес. Ол республикалық әдеби-көркем, мәдениет газе-
ті – «Шұғыланың» ақылдастар алқасының мүшесі. Ұл-қыздарымен бірігіп
шығаратын «Жұлдызды өмір» газеті редакциясының кеңесшіcі.
Өлеңдерінде туған жерінің топырағын да, тасын да, бұлағын да, гүлін де
тамсана жырға қосатын ақын қыздың адамдар бойынан табылатын рухани
мәнділік, эстетикалық қуат, дүниетанымдық сипаттың айқын көріністерін
тебірене тіл қатқан терең толғанысы арқылы тамаша ашып бере алған десек,
артық айтқандық болмас. Оның шығармашылығы жайлы оң пікір айтушы
қаламгерлер мен әдебиетші ғалымдар аз емес. Мәселен, кезінде Тұтқабай
Иманбеков «Айналайын, Нұр Бибі Бола бергін жыр гүлі!», – деп тебіренсе,
Мекемтас Мырзахметов «Нұр Бибі, бойыңдағы ақындық талантыңның
бағасына балалықпен жетпей жүрме!», – деп өзінің ағалық жанашырлық
көзқарасын танытқан. Хан қызындай Ханбибі Есенқарақызы «Нұр Бибі
келгенге дейін арпа ішінде бір бидай болып жүруші ем, енді арпа ішінде
екі бидай болдық», – деп қуанған екен. Ал өзбек ақыны, Мемлекеттік
Әнұранның авторы Абдулла Орипов «Нұр Бибідей ақыны бар ел -- нұрлы
ел», – деп оның
атақ-абыройын асқақтатып, мерейін өсіре түседі.
Нұр Бибі ақын 2000 жылы Қарауылбек Қазиев атындағы әдеби
сыйлықты иеленген. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20
жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Қос ұлы мен бір қызынан
бірнеше немере сүйген.
Міне, ақын қыз өзінің алпыс – тал түсіне осындай толағай табыспен,
көл-көсір қуанышпен келіп отырған жағдайы бар.
Достарыңызбен бөлісу: