Каз Мектеп-10-2015. indd



Pdf көрінісі
бет57/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

Қызылорда облысы  

 

 

        

Қармақшы 

ауданы

Төретам кенті.


49

www


.kazmektep.kz

Тұлға

ерең білімді, ерекше талантты жандар қашанда назарға ілігеді.Ой өресі 

биік,  көрсеткіштері  жоғары,  еңбегі  ерен  тұлғаларға  мен  де  айрықша 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ

КӨШБАСШЫСЫ 

Пиалаш СҮЙІНКИНА,

Ы.Алтынсарин атындағы

Рудный әлеуметтік-гуманитарлық

колледжінің оқытушысы

Т

көңіл бөліп жүремін. Қалайша дерсіз. Мәселен, өзім үздіктердің үздігі деп 

таныған,  әлеуеті  мықты  шәкіртіме  қателігі  болса  кешіріммен  қарап,  оны 

ұдайы  қолдап-қолпаштап,  өзгелерге  өнеге  етуден  жалықпаймын.  Тіпті, 

олардың кейбірі жайында мақала жазып, жарияланған кездері де болды.

Сондай-ақ өнер,  әдебиет, тарих, әсіресе білім мен ғылым саласында ерек-

ше танылған тұлғалар туралы материалдарды немесе олардың жазғандарын 

қалт  жібермей  оқып,  жинастырып,  қажет  кезінде  пайдаланып  отыру-

ды  әдетіме  айналдырғалы  қашан.  Кітаптарын  кезіктірсем,  сатып  аламын.

Өзім тәнті болған жандар туралы ой түйіп, лебіз білдіруді де назардан тыс 

қалдырмаймын. Айталық, осыдан бірер  жыл бұрын  Елбасы  Н.Назарбаевқа 

атақты  заңгер,  нағыз  ғалым,  абзал  азамат  Сұлтан  Сартаевтың  халқына,  ел 

тәуелсіздігіне  сіңірген еңбегі «Халық  қаһарманы» атағына лайықты екенін 

жазып жіберіп, жауап  алған  едім...

Асқан  ризашылық  сезімнен  туған    жүрекжарды  лебізімді  педагогика 

ғылымы  саласында  тер  төгіп  жүрген  А.Қ.Құсайыновқа  арнасам  деген  ой 

көптен  бері  мазалап  жүрген  еді. Енді соны жүзеге асырудың сәті түскен 

секілді.  Елімізде  ғылыми  дәрежеге  қол  жеткізген  ғалымдар  жетерлік,  ал 

Асқарбек  Қабыкенұлы  сынды  шынайы,  нағыз  ғалымдар  көп  емес.  Оны 

өзімізде  ғана  емес,  өзге  елдерде  де  жоғары  бағалап    құрметтейді.  Соның 

айқын бір айғағы – ғалымның  Ресейдің К.Ушинский  медалімен марапат-

талуы. Қазақстанда салыстырмалы  педагогиканың  негізін  қалап, дамыған 

елдердегі білім беру сапасының жоғары болу себептері мен түрткілерін мұқият 

талдап зерттеген, сондай-ақ еліміздегі білім беру жүйесінің олқы тұстарын 

тізіп көрсетіп, бұл тұрғыда дұрыс бағыт-бағдар сілтеуші ғалымдардың бірі 

де бірегейі – осы А. Құсайынов. Сондықтан да ол кісіге «аса көрнекті ғалым-

педагог», «қазіргі қазақ педагогикасының көшбасшысы», «білім саласының 

білгірі»,  «ұлт  руханиятының  қамқоршысы»  деген  теңеулермен  сипаттама 

бергеніміз әбден орынды болмақ.

Асқарбек  Қабыкенұлының  мерзімді  басылым 

беттерінде  жарық  көрген  мақалаларын  құныға  оқимын 

десем,  артық  айтқандық  емес.  Менің  педагогикалық 

қоржынымда  педагог-ғалым  туралы  «Оқымысты» 

(Т.Жұртбай, «ЕҚ», 08.06.2011 ж.), «Все познается в срав-

нении» (К.Нарибаев, «КП», 26.05.2011), «Талант прокла-

дывает путь» (К.Мусин, «КП», 09.06.2011), «Білім беру 

көкжиектері»  (Г.Бельгер,  «Айқын  газеті,  12.12.2013) 

сынды  материалдармен  қатар  Асқарбек  Құсайыновтың 

өзінің «Наполнить знание светом воспитания» («Казах-

станская правда» газетінде), «Білім реформасы. Дамыған 

елдер  тәжірибесі»  («ЕҚ»,25.06.2005),  «Ел  ертеңі  мектепте  қаланады» 

А.Құсайынов



50

www


.kazmektep.kz

(«Мұғалім және қоғам» журналы, №4, 2009), 12 жылдық білім беруге әзірміз 

бе?» («ЕҚ», 09.01.2009), «Сапалы білім – заман талабы»  («ЕҚ»,02.11.2007), 

«Педагогика  ғылымы  –  білім  беру  жүйесін  дамытудың  негізі»  («Айқын», 

11.02.2009),  «Стандартты  сарапқа  салайық»  («ЕҚ»,  12.03.2014)  және  т.б. 

мақалалары  сақтаулы.  2004  жылы  Алматыдағы  кітап  дүкендерінің  бірінен 

«Оқулықтану.  Өзекті  мәселелері»  кітабын  сатып  алғанмын.  Соны  зерде-

леп  оқып  шығып,  әзірлеген  «Кәсіптік  қазақ  тілі»  оқу-әдістемелік  құралым 

2008  жылы  республикалық  конкурста  жүлделі  орынға  ие  болды.  Енді 

ғалымның  2013  жылы    басылып  шыққан    «Әлемдегі  және  Қазақстандағы 

білім    берудің    сапасы»    кітабын  қолға  түсірсем  бе  деп  жүрмін.  Педагог-

ғалым А.Құсайыновтың ерекшелігі: күн тәртібіндегі білім сапасы, оны арт-

тыру жолдары, 12 жылдық білім беру, мемлекеттік тіл, тест тапсырмалары, 

білім стандарты сынды көкейкесті мәселелерді көтеріп, тереңнен қозғап, өз 

ойларын дәлелді мәлімет, деректермен дәйектеп,  жан-жақты ашып жазады 

да, оларды шешу жолдарын ұсынады. Сондықтан да өзі зерттеп,зерделеген 

дүниесі тұшымды, шынайы, тартымды  болып  шығады.

Әлемдік  білім    кеңістігіне  тереңдей  бойлаған  ғалым  дамыған  елдердің 

озық  тәжірибесін  өнеге  етіп,  оны  отандық  білім  жүйесінің  ұлттық  сипа-

тымен  ұштастыра    отырып    енгізуді    жөн    санайды.    Қазақстандық  білім 

беру  саласының  кемшін  тұстарын  дөп  басып  көріп,  одан  арылу  жолда-

рын  нұсқайды.  Белгілі  жазушы,  аудармашы  Г.Бельгер  берген  анықтаманы 

келтірсек,    артық  болмас.  «Маған  оның  өзінің  ең  сүйікті  тақырыбына 

ғылыми тұрғыдан келуі де, баяндау әдісі мен қисыны да, ең бастысы,  өзінің  

объективті пайымдауларындағы адалдығы, ашықтығы, принципшілдігі мен 

батылдығы аса қатты ұнайды» деп түйген.

12  жылдық  білім  беру  мәселесін  жіті  қадағалап,  өз  ұсыныс-тілектерін 

білдіріп  жүрген  ғалымдардың  бірі  –  осы  Асқарбек  Құсайынов.  Оның 

бертінде жария болған «Стандартты сарапқа салайық» мақаласына біршама 

тоқталсам  деймін.  12  жылдық  мектептің  бастауыш  білім  берудің  жалпыға 

міндетті стандарты жобасын сарапқа салған танымал ғалымдардың атынан 

А.Құсайыновтың  өзі  сөз  алып,  егемендіктер  «таласты  мақала»  деп  атаған 

материалын  көпшіліктің  назарына  ұсынуын  нағыз  жанашыр,  елжанды,  па-

триот азаматтың әрекеті деп есептеймін. Әлемдік деңгейде ойлайтын ғалым-

педагог Асқарбек Құсайынов өзінің бір мақаласында «Қазіргі жаһандану за-



манында  «елім, жерім, тілім» деп соққан жүрегі бар һәм зейінді де зерделі 

жастар тәрбиелеген жағдайда ғана қазақ елінің келешегі кемел болатынын 

ескергеніміз абзал», – деп жазған екен. Көрдіңіз бе, А. Құсайынов өскелең 

ұрпақ бойында туған елге, оның мемлекеттік тіліне, өзге де құндылықтарына 

деген құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу басты міндет екенін қадап 

айтып отыр.

Жаңа стандарт жобасының да басты кемшілігі: ғалымдардың пайымда-

уынша, ұлттық құндылықтарымыздың назардан тыс қалуы екен.

Мақала  авторы  Финляндия,  Сингапур,  Оңтүстік  Корея...  сынды  озық 

елдердің мектепте білім берудегі табыстылығы мен нәтижелілігін қамтамасыз 

ететін  факторлар  қатарына  олардың  ұлттық  ерекшеліктерді,  өздерінің 

дәстүрлі  мәдениетін,  Шығыстың  дәстүрлі  құндылықтары  мен  бағдарын 

сақтауын жатқызады.

Әрине,  ғалым  бұрын  да  айтып  жүргендей,  көп  нәрсе  экономикалық 

көрсеткіштерге, елдің әл-ауқатына, халық басына шаққандағы  жалпы ішкі 

өнімге келіп тіреледі. «Бірақ, жақсы білім беру елдің жақсы жағдайының 



арқасы  екені  анық  бола  тұра,  жақсы  білім  беру  көп  шығындарды  талап 

ететіні шындыққа жанаспайды» деген байлам жасайды зерттеуші. Мысалы, 

Грекия мен Оңтүстік Кореяда мемлекет бір оқушыға шамамен бірдей қаржы 

бөледі,  бірақ  Оңтүстік  Корея  барлық  рейтингте  алғашқы  үштікте  болса,  



51

www


.kazmektep.kz

Грекия тізім соңында тұр. Осы тұста еліміздегі мемлекеттік тілдің дамуына 

миллиардтаған қаржы жұмсалып жатса да, оның атына затын сәйкестендіре 

алмай жүргеніміз еріксіз еске түседі.

А. Құсайынов өнеге ретінде көбінесе Жапонияны алға тартады. Жапон 

мектебінде қашаннан рухани-адамгершілік тәрбиеге баса көңіл бөлініп келеді. 

Жапондардың  мектепке,  ұстазға  деген  дәстүрлі  құрметі,  қарым-қатынасы 

ерекше. Ұстаз – оқушылар үшін үлгі тұтарлық, адамгершілігі жоғары тұлға.

Автор  жапондар  мен  қазақтардың  дәстүрлі  халықтық  тәрбиесі  ара-

сында  көп  ұқсастықтар  барын,  бірақ,  өкінішке  қарай,  біздің  көптеген 

құндылықтарымыз  жоғалып,  ұмытылғанына  және  идеологиялық  қысымға 

ұшырағанына қынжылыс білдіріп,  ендігі жерде ұлттық құндылықтарымызды 

заман талабын ескере отырып жандандыруға үндейді. Қазіргі уақытта Еуро-

па мен Америка ғалымдарының өздері жастарға рухани-адамгершілік тәрбие 

беруде Шығыс елдерінің озық екенін мойындап, оны білімділіктің түпқазығы 

болатынын ескеріп, үлгі тұтып отырғанын айтады.

Ұзақ жылдар бойы білім негізі – бастауыш мектепте қаланады деп келдік. 

Ендігі жерде бастауыштың мақсаты саналы тәрбиеге негізделген сапалы білім 

беру екенін басты назарға алған жөн.

Ұсынылып  отырған  стандартта  дүниетану,  өзін-өзі  тану,  өнер, 

денешынықтыру  пәндеріне  аз  сағат,  керісінше,  күрделі  пәндерге  көп  сағат 

бөлінгенін  біз  де  құптамаймыз.  Және  оқу  мазмұнында  бастауыш  сынып 

оқушылары  игере  алмайтын  тақырыптардың  көптеп  кездесуі  олардың 

оқуға  деген  ынтасын  кемітіп,  психологиялық-физиологиялық  дамуына 

кері әсер ететіні ескерілсе дейміз. Автор бұған дәйек ретінде қазақстандық 

оқушылардың білім деңгейінің соңғы жылдары төмендеп кеткеніне нақты де-

ректер келтіріп, алаңдаушылық білдіреді.

Сарапшылардың айтуынша, стандарттың қоғамға ауыр ой салып, үлкен 

алаңдаушылық  тудырып  отырған  тағы  бір  мәселесі  –  1-сыныптан  бастап 

үш  тілді  қатар  оқытуды  енгізуі.  Елбасы  Н.  Назарбаевтың  мектеп  түлектері 

қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары қажет деген идея-

сын қолдаймыз. Бұл – бәсекеге қабілеттіліктің бір көрінісі. Әйтсе де мемле-

кет басшысы ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту туралы тапсы-

рыс берген емес. Мақсат – мектеп бітіруші түлектің 3 тілде еркін сөйлеуіне 

қол  жеткізу.  Осы  мәселені    айқындау    мақсатында  аталмыш  ғалымдар 

әлемдік тәжірибені зерттеген. Шетел ғалымдары өзге тілді ана тілі негізінде 

оқудың тиімділігін  ғылыми  түрде  дәлелдегені бұрыннан белгілі. Өзіміздің                     

А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ы.Алтынсарин сынды ағартушыларымыз да 

екінші тілді үйренуді ана тілін білгеннен кейін қолға алудың дұрыстығын ай-

тып кеткен.



«Біз  1-сыныптан  бастап  үш  тіл  қатар  оқытылатын  дүниежүзіндегі 

қандай ел бар екенін таба алмадық», – деп автор ағынан жарылады.

Қай  жағынан  болсын,  тіпті  орташа  өмір  сүру  ұзақтығы  бойынша  да 

алдыңғы қатарда тұрған Жапонияда ағылшын тілі 12 жастан бастап оқытылса 

да, олар мектептен осы тілді жақсы меңгеріп шығады екен. 

Ұлттық  сана-сезімі  жоғары,  рухы  мықты  ел  ғана  биіктерден  көрінері 

хақ. Елбасы Н.Әбішұлының «Әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына 



жету жолы оңай емес, осыны әркім түсінуі керек» деген сөзін ту ете оты-

рып, дамыған елдерде қалыптасқан жүйе – 12 жылдық білім беруге көшуде 

жаңылыс  баспай,  хакім  Абай  айтқандай,  естілердің  айтқан  сөздерін  еске-

рер  болсақ,  «Мәңгілік  елге  бастайтын  ең  абыройлы,  ең  мәртебелі  жол  – 



«Қазақстан – 2050» стратегиясының жүзеге асып, Қазақ елі атанарымыз 

сөзсіз».

Елге  тұтқа  боларлық  тау  тұлға  А.Құсайынов  2000  жылы  31  томдық 

салалық терминологиялық сөздіктің де жарық көруіне зор ықпал етіп, ерен 



52

www


.kazmektep.kz

еңбегі Мемлекеттік сыйлықпен марапатталды. Заманмен үндесе әрекет ету – 

аталмыш ғалымға тән қасиеттердің бірі. Елбасы Н.Назарбаев «Тілді заманға 

сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Қазақ тілінің 

осы  заманның  биік  талабына  сай  бай  терминологиялық  қорын  жасаған 

соң  оны  рет-ретімен,  кезең-кезеңімен  қоғамдық  өмірдің  бар  саласына  ба-

тыл енгізуіміз керек» деген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын 

орындауға 350-дей адам жұмылдырылды. Жауапкершілігі зор, аса ауқымды 

осынау жұмысқа Асқарбек Құсайынов жетекшілік етті. Нәтижесінде жаңадан 

30  томдық  терминологиялық  сөздіктер  түзіліп,  жарық  көрді.  Ғалымның  өз 

сөзімен айтсақ, бұл еліміздің «тіл қазынасына қосылған сүбелі үлес» болды. 

Иә,  атақ-дәрежесіне  сай  еліне  елеулі  қызмет  етіп  келе  жатқан 

кейіпкеріміздің    әлі  де    талай  белестерді  бағындырары  сөзсіз.  Біз  соған 

сенеміз.


Әдебиет

1. Бельгер Г. Білім беру көкжиектері//Айқын  газеті, 12.12.2013.

2. Құсайынов А.Қ. Сараптаманы сарапқа салайық//Егемен Қазақстан, 12.03.2014.

3. Назарбаев Н.  Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауы.



Резюме

В статье приводится проникновенное слово автора о современном выдающемся ученом-

педагоге Аскарбеке Кабыкеновиче Кусаинове.

Summary

The article narrates about a modern outstanding scientist and teacher Askarbek  Kabykenovich 

Kussainov.

Білім  және  ғылым  министрі  А.Сәрінжіпов  28  қыркүйек  күні  

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университетінде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет