Каз Мектеп-10-2015. indd


Редакция МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет69/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

Редакция

МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР


65

www


.kazmektep.kz


66

www


.kazmektep.kz

азір


гі  таңда  білім  саласында  жүргізіліп  жатқан  реформаның  басты 

мақсаты –  ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара 



ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА  ҰМТЫЛҒАН  ҰЖЫМДА

Жұмагүл  ӨТЕТІЛЕУОВА,

М.Арын атындағы “Қарғалы” қазақ орта мектебінің 

кәсіподақ ұйымы төрайымы

Мұғалімдер күнімен!

Қ

алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. 

Осы бағытта егемен еліміздің ертеңін ойлап, білімді де білікті, саналы да пара-

сатты азаматтарды тәрбиелеуде табандылықпен жұмыс жасап, шәкірттерінің, 

әріптестерінің,  ата-аналардың  құрметіне  бөленіп  жүрген  ұлағатты  ұстаз, 

мектепті  уақыт  талабына  сай  жаңашыл  үрдісте  басқарып  жүрген  басшы  – 

М.Арын  атындағы  “Қарғалы”  қазақ  орта  мектебінің  директоры  Игисенов 

Кәдірхан Темірханұлы. 

Ол 1981 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Ақтөбе 

облысы  Мұғалжар ауданы  “Орқаш” орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі болып қызметін бастады.     Сол уақыттан бері білім саласын-

да қызмет істеуде. Соңғы 5 жылда Кәдірхан Темірханұлы Ақтөбе қаласындағы 

М.Арын  атындағы  “Қарғалы”  қазақ  орта  мектебін  басқарып  келеді.  Мектеп 

басшысының алдына қойған мақсаты – өзіне тән жеке көзқарасы бар және оны 

қорғай білетін, психологиялық-педагогикалық білімін ұдайы жетілдіріп оты-

ратын,  ұйымдастырушылық,  бейімділік,  сараптамашылық  қабілеті  жоғары, 

әлемдік  оқыту  жүйесінің  жаңа  технологияларын  қолдана  алатын  ұстаздар 

қауымын  қалыптастыру.  Осы  бағытта  істелген    ауқымды  жұмыстардың 

арқасында Кәдірхан Темірханұлы басқарып отырған мектеп елеулі жетістіктерге 

жетіп  келеді.  Мектеп  оқушылары  түрлі  қалалық,  облыстық,  республикалық 

олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. 

Мектептің білім сапасының негізгі көрсеткіші – ҰБТ. 2010 жылы ҰБТ-дан 

мектептің  көрсеткіші 72 пайыз болды. Жүйелі  жұмыстың арқасында жыл-

дан  жылға  мектептің  білім  сапасының  көрсеткіші  көтеріліп,    2013-2014  оқу 

жылында ҰБТ-дан орташа балл 91,7 пайыз,  бес оқушы “Алтын белгі”  иегері  

атанса, 2014-2015  оқу жылында ҰБТ-дан орташа балл 92,5 пайызға  жетіп,      

6 оқушы “Алтын белгі”, 2 оқушы  үздік  аттестатқа  ие болды. Өз ісін жетік  

білетін ұлағатты ұстаз, білікті басшы Игисенов Кәдірхан Темірханұлы келе-

шекте де М.Арын атындағы “Қарғалы” қазақ орта мектебінің мәртебесін асы-

рып, әлі де талай биіктерден көрінетініне сенеміз.                                                                                            

М.Арын  атындағы  “Қарғалы”  қазақ  орта  мектебі  Ақтөбе  қаласына 

қарайтын Қарғалы ауылында 1993 жылы ашылды. Мектеп 1995 жылдан бастап 

тілші-ғалым, профессор Мұхтар Арынның есімімен аталады. Мектепте мыңнан 

астам оқушы білім алып, жүзден аса мұғалім ұстаздық қызмет атқарады.

Мектептегі  оқу-тәрбие  үрдісіне  педагогика  саласындағы  жаңашылдық 

оқытудың  озық  технологиялары  енгізіліп,  сол  бағытта  жүйелі  жұмыстар 

жүргізілуде.  Жылма-жыл  педагогикалық  кадрдың  тұрақтылығы  сақталып, 

біліктілік  деңгейлері  жетілдіріліп  отырады.  Кембридж  бағдарламасы  бо-

йынша деңгейлік және қайта даярлау курстарынан көптеген мұғалімдер өтіп, 

біліктілік санаттарын көтеріп келеді.

Мектептегі  ғылыми-әдістемелік  жұмыс  та  мұғалімдердің  зерттеушілік, 

шығармашылық  белсенділігін  арттыруға  бағытталған.  Ұстаздар  арасында 

озық іс-тәжірибені қалалық, облыстық көлемде тарату ісі жүзеге асады. Атап 



67

www


.kazmektep.kz

айтқанда,  педагогикалық  шеберханалар,  тәжірибе  мектептері,  тәжірибелік-

эксперименттік жұмыстар жылма-жыл жүргізіледі.

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың нәтижесі де айтарлықтай. 

Соңғы  бес  жылда  ғылыми  пән  негіздері  бойынша  пәндік  олимпиададан  

қалалық, облыстық, республикалық көлемде қазақ тілі, орыс тілі, математика 

пәндерінен жақсы нәтижелерге қол жеткізді. 2012-2013 оқу жылында мектептің 

11-сынып оқушысы Ә.Жутаева қазақ тілі пәнінен жүлделі орынды иеленді.

Оқушылардың ғылыми жұмыс жобаларын қорғауда да жетістіктерге жетіп 

отыр.  Облыстық,  аймақтық,  халықаралық  “Кіші  ғылым  академиясы”,  “Да-

рын”,  “Зерде”  ғылыми-тәжірибелік  конференцияларында  мектептің  жоғары 

сынып оқушылары Д.Жетібаева, А.Жүнісов, Д.Нұралина  жүлделі орындарға 

қол жеткізген.

Оқушылардың    сабақтан    тыс    уақытын    тиімді  ұйымдастыру  қарас-

тырылған.  Соның  нәтижесінде  оқушылар  ән-күй,  би,  спорт  жарыстары  мен 

ақындар  айтысы,  шығармалар  байқауларына    белсене  қатысып,  жоғары 

нәтижелер  көрсетіп  отыр.  Республикалық  ақындар  айтысында  11-сынып 

оқушысы Қ.Жұбаныш марапатталса, халықаралық домбырашылар сайысында 

9-сынып оқушысы Ә.Мақсұт жүлделі  орынға ие болды.

Басты  мақсат  –  білімді  ұрпақ  тәрбиелеу.  Мектепте  сапалы  білім  беру 

басты  назарда.  Осы  орайда  мектеп  бітіруші  түлектердің  ұлттық  бірыңғай 

тестілеуден де көрсеткіштері жылма-жыл жоғарылап отырғанын байқауға бо-

лады. Мәселен,  2010-2011 оқу жылы 72,9, 2011-2012 оқу жылы 81,8, 2012-

2013 оқу  жылы  87,7,  2013-2014  оқу  жылы  90,6,  2014-2015  оқу  жылы  92,5 

баллға жетті.

Педагогикалық  ұжымда  білімді,  білікті,  тәжірибелі  ұстаздар  көптеп  са-

налады.  Жоғарыдағы  жетістіктерге  жетуде  аянбай  еңбек  еткен,  белсенділік 

танытқан  мұғалімдер  қатарында  С.Нұрсұлтанов,  Ж.Ақылбекова,  В.Төре-

кешова,  Г.Жұмабаева,  А.Әлішева,  А.Мазинова,  Д.Отаров,  Г.Қоңырбаева, 

А.Шахарова, А.Бахрадинова, Г.Рахманқұлова, Ә.Гұбайдуллина, Б.Кушелекова, 

З.Желтауова,  Д.Қаниева,  Б.Қалапбергенова,  Ж.Сәрсенов,  т.б.    ұстаздардың 

есімдерін  ерекше атап өтуге болады.

Өзгермелі қоғамда бәсекелестікке дайын, алған білімін өмірде қолдануға 

машықтанған  жеке  тұлғаны  даярлауда  Ақтөбе  қаласындағы  іргелі  ұлттық 

мектептің бірі – М.Арын атындағы “Қарғалы” қазақ орта мектебінің болашағы 

зор. Ендеше мектеп ұстаздарының шығар биігі, алар асуы әлі алда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет