пайдаланушы.
өткізіп сараптаушы.
өткізуші.
құралдарын ойлап табушы.
құрастырған озат тәжірибе иесі.
бағыт жасаушы.
5
www
.kazmektep.kz
Ең бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым
жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы
өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-
әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуі керек.
Мұғалімнің озат тәжірибесін зерттеудің кезеңдері төмендегілерден
тұрады:
– педагогикалық озат тәжірибені мектептегі әдістемелік жұмыстың
тиімділігін арттырудың қажетті шарты ретінде іс-шара жоспарын
жасақтау;
– әдістемелік шеберлігі мен кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі
мұғалімдерді анықтау;
– анықталған мұғалімдердің шығармашылық-проблемалық тақырып-
тарын жинақтау;
– тақырып пен жұмысты кезеңдерге бөлу;
– өзекті мәселелерді шешудегі жетістіктерін айқындау;
– озат тәжірибе туралы нақты мәліметтер мен деректер жинау;
– тікелей (құжаттарын талдау, жинау);
– жанама (қосымша әдістемелік тапсырмалар, сұрақ, сауалнама);
– озат тәжірибені талдау, қорытынды жасау, жұмыс жүйесін сипат-
тау.
Шығармашылық-проблемалық тақырып анықталып болған соң жұмысты
мынадай кезеңдерге бөлеміз:
– ғылыми-теориялық дайындық жасау;
– жүргізілетін жұмысты терең анықтау, болжау;
– мектепті, сыныпты, пәнді, оқушыны жан-жақты дайындау;
– кіші эксперимент кезеңдері;
– салыстырмалы нәтижелері;
– өзіндік әдістемелік бірлестіктің, мектеп басшыларының, әдіскер-
мұғалімнің талдаулары;
– жүйелі, тұрақты түрде нәтиже көрсету, басқа сыныпта, мектепте
байқаудан өткізу;
– қорытынды, сараптау, талдау жасау;
– әдістемелік кеңесте, бірлестік отырысында, мектептің педагогикалық
кеңесінде, аудандық, облыстық, республикалық кеңестерде қорғау;
– ғылыми тақырып ретінде ғылыми жұмыспен айналысу.
Озат тәжірибені тарату әдіс-тәсілдері мен түрлері мыналар:
– анықтама түрінде мектеп, аудан;
– бұйрық түрінде анықтама қоса тіркеледі;
– альбом;
– реферат түрінде;
– бүклет түрінде;
– баспасөз құралдары (газет, журнал арқылы);
– бейнеқор түрінде;
– плакат түрінде;
– кітапша;
– бюллетень.
Әрине, істің көзін тапқан адамға озат тәжірибенің тарату жолын
табудың қиындығы жоқ. Жинақталған озат тәжірибені тарату жолдарына
төмендегілер кіреді:
– ғылыми-практикалық конференция арқылы;
– ашық сабақ арқылы;
– семинар-практикум арқылы;
– үлгілі тәрбие мектебі арқылы;
– әдістемелік брлестік арқылы;
– педагогикалық оқу арқылы;