Каз Мектеп-10-2015. indd



Pdf көрінісі
бет6/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

Г. Ақмағанбетова. “Үстеу” тақырыбынан өткенді қайталау  ..............47

Тұлға

П. Сүйінкина.  Қазіргі қазақ педагогикасының көшбасшысы ................49

Мерейтой

Ә. Әліп.  Өлеңмен өрілген өмір ...............................................................53

Руханият

Ұ. Бөкентайқызы.  “Шеше көрген тон пішер” .......................................57

К. Қаражанова.  “Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы” ...............59

М. Ботаева.  Кітап оқуға қызығуды арттыру – борыш .......................60

Қ. Бексайын.  Көңілдегі көмескі қалмасын ............................................63

Жапсырма беттерде

Мұғалімдер күнімен!

Ж. Өтетілеуова. Жаңашылдыққа ұмтылған ұжымда

550 жыл

А. Сапарова.  Қазақ хандығының құрылуындағы Абылай ханның рөлі


3

www


.kazmektep.kz

ЖУРНАЛЫҢА ЖАЗЫЛДЫҢ БА,

ҰСТАЗ!?.

Сәния БЕКТЕНҒАЛИЕВА,

педагогика ғылымының кандидаты

доцент

Бас редактор сөзі

аңа  2015-2016  оқу  жылының  басталғанына,  міне, 

бір  айдан  асып  барады.  1-қыркүйек  –  Білім  күнін 

Ж

мерейі  тасып,  күтіп  алған  мұғалімдер  қауымы  шәкірттерін,  алдында 

отырған  ел  ертеңі  –  өскелең  ұрпақты  заманына  сай  тұлға  етіп  тәрбиелеу 

мақсатында бойында бар білімі мен білігін, парасаты мен пайымын сарқа 

жұмсауға құлшына кірісіп кеткені ақиқат. Мақсаттары айқын: балаға сапа-

лы білім мен терең тәрбие беру, бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген, ой 

өрісі жүйрік, мәдениетті, талғамы жоғары ұрпақ қалыптастыру. Ендеше осы 

мәртебелі  де  абыройлы  жұмыстарыңызға  жеміс  тілей  отырып,  қазанның 

алғашқы  жексенбісінде  аталып  өтетін  төл  мерекелеріңіз  –  мұғалімдер 

күнімен де шын жүректен құттықтауды “Қазақстан мектебі” журналының 

ұжымы өзінің парызы санайды.

Өтіп бара жатқан 2015 жыл – “Қазақстан мектебі” журналы үшін өте 

айрықша  жыл.  Қазақ  елінде  педагог  жұмысына  арнап  ашылған  тұңғыш 

салалық басылым – “Қазақстан мектебі” (алғашқы атауы “Жаңа мектеп”) 

журналына биыл 90 жыл толды.

Міне,  осы  жылдар  бойы  ел  мұғалімдерімен  біте  қайнасып,  олардың 

сенімді    серігіне,  көмекші  құралына  айналғаны  белгілі.  Көрнекті  ғалым-

дардың  ғылыми  еңбектері,  ізденуші-зерттеушілердің  мақалалары, 

озат  ұстаздардың  іс-тәжірибелері  үнемі  үздіксіз  жарияланып,  мектеп 

мұғалімдерінің  қадесіне  жарағаны  күмәнсіз.  Атап  айтар  болсақ,  белгілі 

ғалымдар  Қ.Сәтбаев,  Ә.Марғұлан,  Қ.Жұбанов,  Т.Тәжібаев,  Қ.Жұмалиев, 

М.Балақаев,  Ә.Сыдықов,  О.Жәутіков,  Ә.Қоңыратбаев,  Ш.Әлжанов, 

Т.Шонанұлы,  М.Бегалин,  атышулы  ұстаздар  А.Айтқалиев,  Қ.Бітібаева, 

т.б.  көптеген  танымал  тұлғалар  журнал  жұмысына  жақыннан  араласып, 

тұшымды дүниелерін жариялап отырды.

90  жылдық  тарихы  бар  журнал  беттерінде  мұғалім  үшін  таптырмай-

тын деректер мен мәліметтер аз кездеспейді. Журнал әлі де осы бағытынан 

ауытқыған  емес.  Заман  талабынан  туындаған  тәуелсіз  еліміздің  білім  са-

ласына  қатысты  тың  идеялар,  жаңашылдық,  инновациялық  технология-

лар, Кембридж университетінің 7 модулі, т.б. өзекті мәселелер журналдың 

бүгінгі таңдағы басты тақырыптары десек, артық айтқандығымыз емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет