1. Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.
2. Мектептердің білім сапасына нақты баға беріледі.
3. Адамның араласуынсыз білімді бағалауды әділетті жүргізуге жұртшы-
лықтың көзін жеткізеді.
Әдебиет
1. Шың оқулығы. – 2005, 2011, 2012, 2013.
2. Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары. – 2012. – №10. – 2007. – №5.
3. Мектептегі психология журналы. – 2010. – №2.
4. Оқулықтар. – Атамұра, Мектеп баспасы, 5–11-сыныптар.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Отырар ауданы.
ірінші «бетпе-бет» кезінде меңгерген әдіс-тәсілдерді, бағдарламаның
7 модуль идеясын өзара ықпалдастыру арқылы мектептегі іс-тәжірибе
ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫ
Самал КЕНЖЕБЕКОВА,
Абай атындағы негізгі орта мектебінің
биология пәні мұғалімі
Б
кезеңінде тізбектелген сабақтар топтамасын 6-сыныптың 4 сабағында
оқушыларды «Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді» басты назарда ұстадым.
Жалпы сыни тұрғыда ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.
Осыған орай, маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен
өткізуді қамтыдым.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін
маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Білім
берудің сапасын жақсарту мақсатында оқушылардың оқу жетістігін артты-
ру үшін сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерін өз сабақтарымда қолданып
жүрмін. Сын тұрғысынан ойлаудың мені қызықтырғаны: баланың өзі ізденіп,
ой талқысына түсуде ойын дәлелдеуі. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса,
енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім – осы әрекетке
бағыттаушы, ұйымдастырушы. Тізбектелген сабақтар топтамасының орта
мерзімді жоспарын негізге ала отырып, 7-сәуір күні «Тіршіліктің қарапайым
құрылымдық формасы ретінде вирустардың құрылысындағы ерекшеліктер»
тақырыбындағы бірінші сабағымды өткіздім. «Сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету» модулінің көптеген әдіс-тәсілдерін өзімнің сабақтарымда орынды
қолдандым. Бірінші қадамымды сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін
«Ыстық алақан» стратегиясын қолданудан бастадым. Оқушылар топта жұмыс
жасау үшін «Алтын ереже» құрды. «Топтың ішкі тәртібін сақтау үшін, бізге
не қажет деп ойлайсыздар?», – деп ой қозғау сұрақтарын ұсындым. Бірді-
екілі оқушы «бір-бірінің пікірін тыңдау», «сабақтан кешікпеу», «бір-біріне
көмектесу», – деп өз ойларын ортаға салды.
Өткен білімді пысықтау мақсатында «Өрмекші торы» стратегиясын
қолдану арқылы кері байланыс жүзеге асты. А деңгейіндегі оқушының
9
www
.kazmektep.kz
«Мәдени өсімдіктер дегеніміз не, оның неше түрі бар?» деген сұрағына
В деңгейіндегі оқушы «Мәдени өсімдіктер адам қажетіне пайдалана-
тын өсімдіктер, қазіргі кезде 25 түрі бар», – деп жауап берді, сол сәтте С
деңгейіндегі оқушы «Мәдени өсімдіктер сонымен қоса ауыл шаруашылыққа
да маңызы зор?» деген өз ойын айтты. Оқушының мұндай тапқырлығына
риза болдым. Осы кезде оқушылар арасында диалогті байқадым. Диалог өз
мәнінде болмаса да, бастапқы қадам жасалды.
Сабақ тақырыбын анықтамай тұрып тірек суреттер арқылы «Миға ша-
буыл» жасадық. Тақтада көрсетіліп тұрған тірек суреттер арқылы «Қалай
ойлайсыздар, мынау ненің суреті? Бұған дейін көргендеріңіз бар ма?» деген
сұрақтар қойдым. Бірден оқушылар жеке, жұпта, топта өзара ақылдаса оты-
рып талқылады. «Биология» тобынан Диас жылдамдық танытып, бірінші
қолын көтеріп, «вирус» деп жауап берді, ал «Сәттілік» тобынан Аяулым
«вирус туралы естуіміз бар, бірақ көрген жоқпыз» деді. Тек осы кезде С
деңгейіндегі оқушыларым қойылған сұрақ төңірегінде ойларын нақты айта
алмады. Яғни, сөздік қорлары аз болды. «Инсерт» әдісін қолдана отырып
«Түртіп алу арқылы оқу» оқушыларға мәтінін тараттым. Онда оқушылар ви-
рус тақырыбынан нені білетінін, нені білгісі келетінін, жаңа ақпараттарды
жазды. Соңында оқушылар топ болып талқылады. 1-топтан Ербол «Вирустың
шығу тарихы, құрылысы мен түрлерін білгіміз келеді, біз үшін жаңа ақпарат
вирустың жасушасының жоқтығы» десе, 2-топтан Диас «біз үшін жаңа
ақпарат вирус латын тілінде «у» деген мағынаны білдіреді, білгіміз келетіні
вирустардағы нуклейн қышқылының орны», – деп өз ойларын ортаға салды.
Бүгінгі күні барлық білім мекемелерінде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге
баса назар аударылып келеді. Оқушылармен пікірлесудің мақсаты –
қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда, оқытудың не екендігін
түсін, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту. Дәстүрлі
сабақ «стилінде» оқушылар үнсіз қалып отыратын, ал сыни тұрғыдан
оқытуда «үнсіз» оқушыдан «мінсіз» оқушы шығатынына көзім әбден жетті.
Бақылаушылар ішінде Диастың жұмысы мен үшін өте құнды болды. Ол топ-
ты басқара отырып құнды идеяларды ортаға салып, топ мүшелеріне жұмыс
жасата білді.
Кейін би әуені бойынша оқушылар ортаға шығып билеп, көңіл күйлері
көтеріліп, бойларын сергітіп алу үшін сергіту сәтін ұйымдастырдым. Сергіту
сәтінен кейін екі топқа екі түрлі тақырыптағы тапсырма беріліп, жобаны
қорғаттым. 1-топ «Вирустың тіршілігіндегі ерекшелігі», 2-топ «Вирустың
құрылысындағы ерекшелігі» бойынша жоба қорғалды. Топ мүшелері белсенді
жұмыс жасағандары көңілімнен шығып, қуантты. Топ мүшелерін жеке-же-
ке смайликтер бойынша және топ жұмыстары бойынша бағалап отырдым.
Жұмыстарын аяқтаған соң 1-топ бойынша жобаларын Жансая қорғап шықса,
2-топ бойынша Бекзат қорғады. Бұл жұмыстардан соң оқушылардың өзіндік
«мені» қалыптасты, өздерін еркін сезінді.
«Мен» тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез-
құлықтарымызды бағыттайтын, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтік сти-
мул болып табылған әртүрлі жеке сипаттамалары бар барлық когнитивті және
аффективті компоненттердің үйлесуі болып табылады. Сондықтан стикер-
лермен бір-бірлерінің жұмыстарын «+, -, қызықты» әдісі бойынша бағалауды
сұрадым. Жоғарыда айтылған ұсынымдарға сүйене отырып оқушылардың
өзін-өзі бағалағандары дұрыс деп шештім. «Бағалау» термині «жақын оты-
ру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі
бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін не-
месе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін неме-
се тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Арасында «Жарайсыңдар!
Белсенді топсыңдар, сендердің қолдарыңнан бәрі келеді!», – деп ауызша
мадақтап, бағалап отырдым.
2. “Қазақстан мектебі” №10, 2015.
10
www
.kazmektep.kz
Осылай сабақтарыма өзгерістер енгізе отырып жоспар құрған кезімде
диалог құрудың әдіс-тәсілдері мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен
оқушының арасында өзaра сұхбаттасуы мен әңгіме құруы және сұраққа жауап
алу арқылы жүзеге асады деп түйіндедім. Сондықтан барлық сабақтарымда
диалогтің түрлері және әдіс-тәсілдері сыныптың психологиялық ахуалын
қалыптастыру кезінде және oқушылардың көңіл күйлeрін сұрау барысында,
сонымен қатар сaбақ кезеңдерінде оқушылардың тaпсырмаларды пікір ал-
маса отырып орындауында, талқылауында кеңінен қолдандым.
Екінші «Вирустық жұқпалармен зақымдануы және таралуы. Вирустық
жұқпалардың алдын алу және күресу шаралары» тақырыбындағы сабағымда
үй тапсырмасын тексеру кезеңінде oқушыларға өткен сабақ пен бүгінгі
сабақты байланыстыру барысында «Көңілді доп» әдісін пайдаланып, ауызша
сұрақтар қоюын қадағаладым. А оқушы «Вирусты ашқан кім?» деген сұрақ
қойса, С оқушы «Темекі теңбілінен тапты» деп қысқа жауап берді, ал оны
В оқушы «Вирусты ең алғаш 1982 жылы орыс ғалымы Ивановский темекі
теңбілінен тапты» деп толықтырып жауап қайырды.
Кейінгі сабақта ашық сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашуға
жетеледім. Осы кезде С деңгейлі оқушым суретке қарап тақырыпты тал-
даудан гөрі қойылған сұрақ, яғни қайта бағыттау сұрақтары арқылы жаңа
тақырыпты меңгергендерін көрсете білді. Сынып oқушылары сыни ойлай
отырып сұраққа жауап беру барысында сабақтың тақырыбын аша білді.
Оқушылардың тақырып бойынша cындарлы сөйлеуі және сыни тұрғыдан
ойлауы, білімге деген құштарлығының артуы және бір-бірінен білмегендерін
үйренуі, сонымен бірге басқа oқушылардың идеяларын құрметтеуі, білімдерін
бағалауы диалог арқылы жүзеге aсты. Оқушылардың берген жауаптары
мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынды (Регг
және Брaун, (2001).
Екінші сабағымнан байқағаным – оқушылардың еш қысылмай, бір-біріне
сұрақ қою арқылы және cыни тұрғыдан ойлау арқылы сабақтың тақырыбын
аша білуі. Берілген тапсырмаларды жұппен, топпен біріге отырып диа-
лог құруында, бір-бірімен пікір aлмаса алуында, тапсырмаға талдау жасап,
қорытындылағанда оқушылардың сыни тұрғыдан oйлай алуын байқадым.
«Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы екендігі. Бактерияларға
жалпы сипаттама» тақырыбындағы үшінші сабағымда оқушыларға білім
деңгейі бойынша әртүрлі сұрақтар және сабақтың жaңа тақырыбын ашу ба-
рысында проблемалық сұрақтар қойылды:
– Адамда ауру тудыратын вирустар түрлері туралы не білесіңдер?
– Өсімдіктер мен жануарларды зақымдайтын вирустар туралы не айтуға
болады?
– Вирустың таралу аймағы.
Бұл сұрақтарға оқушылар «Адамға ауру тудыратын вирустар тұмау, сары
ауру, сіреспе» ,«Жануарлар мен өсімдіктерді зақымдайтын вирустар топалаң,
айналма, картоп теңбілі, т.б» деп жауап берді. «Вирустар ауада, шаң-тозаңда
кеңінен таралады». «Әрине, вирустың пайдасынан зияны көп, себебі, вирус-
тар көбінесе ауру тарататын тіршілік» деген жауаптары орынды әрі мен
күтпеген нақты жауаптар болды.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі, сұрақ
дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және
оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте ала-
ды. Ендеше сұрақ қоюды тақырыпқа сай оқушылардың білім алу қабілеттеріне
сәйкес болатындай етіп құру қажет деп санаймын. Eгер қойылған сұрақтарға
оқушылардың берген жауаптары дұрыс болмай жатса немесе жауап бeре
алмаған жағдайда онда оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың
түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техника-
ларын қолдануды түсіндім. Сонымен бірге оқушылардың жауабын түзетуге
11
www
.kazmektep.kz
көмектесу үшін сұрақты қарапайым етіп қоюға, өткен материалға оралуға,
ойға салуға, дұрысын қабылдауға және толығырақ жауап беруге итермелеу
керек деп ой түйдім. Ең бастысы, бұл жерде сынақтан өткізуге арналған
сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық
білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет.
Үшінші сабақтағы қызығушылықты ояту сатысында сыни тұрғыдан
ойлауға үйретуде «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісін қолдандым. Бұл әдіс
бойынша сыныпқа «Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы екендігі.
Бактериялардың жалпы сипаттамасы. Прокариоттар және эукариоттар ту-
ралы түсінік» тақырыбы берілді. Осы тақырып бойынша әр оқушы өз
білгендерін жеке ойланып, дәптерлеріне жазып отырды, одан кейін топтағы
оқушылар жұптасып, өз ойларын бір-біріне жеткізді. Соңында берілген
тақырып бойынша әр шағын топ мүшелері бірін-бірі толықтырып, әр топтан
бір оқушы шығып, үлкен топ алдында қорғады.
«Ойлан, жұптас, талқыла» (Kagan, 1997) – ой шақыру стратегиясының
негізгі түрлерінің бірі. Итермелеу ояту сатысында мақсатты жақсы көрсетеді,
себебі кез келген оқушыға өзінің алғашқы білетіндеріне оралып, оның
ішінде осы түсінік пен сөзге қатысты білетіндерін таңдап алуға мүмкіндік
береді. Өзінің тізімін жұбымен бөліскенде, көбірек сөздер мен идеялар алуға
көмектеседі.
Өткізілген төрт сабақтағы тапсырмаларды орындау барысында
оқушыларға ауызша сұрақ қою техникасы қолданылып отырды. Сонымен
қоса осы сабағымда «Автор орындығына» отырғызу үшін екі оқушыны
таңдап алдым. Екі оқушыға жаңа тақырыпты өз беттерімен ашып беруге тап-
сырма бердім. Oсы кезде көбіне сыныптағы талантты да дарынды оқушылар
берген тапсырманы сыни тұрғыдан ойлай отырып дұрыс жауап беруге тырыс-
ты және өз ойларын анық жеткізе білді. Oқушыларға сабақ өте жақсы ұнады.
Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің өзіме де, оқушыларға да қатты
әсер еткенін түсіндім. Cабақтарым мақсат пен міндеттерге сай өтті.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдері бойынша жүргізілетін
жұмыстарда оқушылар өз бетінше тұжырым жасап, қорытындыға келуі,
ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білуі, проблема-
ны шеше алуы, пікірталасты жүргізе білу қабілеттері белгілі бір деңгейде
қалыптасады деп айтуға болады.
Төртінші сабағымда оқушыларымның топтық жұмыста сыни тұрғыдан
ойлай алатынын байқадым. Осы кезде жаңа тақырыпты ашу бағытында Жиг-
со әдісі қолданылып, жеке, жұптық, топтық талқылауға түсті. Атап айта кет-
сем, Жигсо (Slavin, 1994) – оқушылардың бірін-бірі оқытуда көмектесуіне
арналған жұмыс түрі. Бұл жұмыс оқушылар зерттеу жүргізгенде немесе
мәтінді оқыған кезде пайдаланылады. Мұнда әрбір оқушы материалды толық
меңгереді. Материалдың өзі қарастырған бөлігін түсіндіргенде олар сарапшы
бола алады. Олардың әрқайсысы басқадан үйреніп, басқаны үйретуде белсенді
рөл атқарады. Сондықтан да екі топқа да флипчарт таратып, «Кластер»
құруды тапсырдым. 1-топқа «Адамда ауру тудыратын вирустар», 2-топқа
«Өсімдіктер мен жануарларға ауру тудыратын вирустар» тақырыбында
берілген тапсырма бойынша екі топ та бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс
жасады. Осы жұмыста Диас белсенділік көрсетіп, түйінді ойлар жазып отыр-
ды: «Адамда ауру тудыратын ауру түрлері мыналар: ИТИС, қызылша, ше-
шек, сары ауру, ұшық, балалар сары ауруы», – деп тобына ашып айтып берді.
Пікірталас кезінде оқушылардың өз ойларын ортаға салып, талқылағаны
мені таң қалдырды: себебі, үнемі «үнсіз» жүретін Жансаяның пікір айтуы,
бейтарап жүретін Ербол мен Әминаның «ішкі уәжі» оянып, өзіндік пікір ай-
тып, белсенділік танытып отыруы.
Осыған байланысты мен оқушы ойы мен өз ойымды ұштастыра
және сабақ барысын саралай отырып келешекте оқушылардың ашы-
12
www
.kazmektep.kz
лып сөйлеуіне, өз беттерінше жұмыс жасай алуына, сыни ойлау арқылы
топтық жұмысты жалпы сипатта көрсете алуына көп көңіл бөлуім керек деп
ой түйдім. Осыған байланысты оқушылар ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс
жасауды үйрене бастағандай. Оқушылар әр сабақта өз жұмыстарын сарала-
ды, өз-өздерін бағалай алды, кері байланыс жасауды үйренді. Ең бастысы,
оқушылардың қызығушылығы басым болды. Бағдарлама бойынша 7 модулді
өзара кіріктіре отырып тізбектелген сабақ жоспарын құру, оқушылардың да-
муына өзіндік әсері, ықпалы зор екенін байқадым. Жоғарыда келтірілген
сын тұрғысынан ойлауға үйрету тәсілдерін тиімді пайдаланғанда байқаға-
ным – шәкірттерімнің сабаққа деген қызығушылығының артқандығы, сыни
ойлауға, өз көзқарасын айтуға, өзгені тыңдай білуге қалыптаса отырып
шығармашылықпен өз оқуларында қолдануды үйренгені.
Әдебиет
1. Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқу ретінде//Қазақстан Оқу Ассоциа-
циясы. – Қарағанды, 2011.
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық//Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ. Білім беру
порталы дереккөздері. – 2012
Достарыңызбен бөлісу: |