Каз Мектеп-10-2015. indd


 Жаңа  сөздер   неологизмдер  деп  аталады. 6



Pdf көрінісі
бет13/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

5. Жаңа  сөздер   неологизмдер  деп  аталады.

6. Хан,  патша,  би,  сұлтан – көнерген  сөздер.

7. Сыныққа сылтау – мәтел.

8. Тайға   таңба  басқандай –әдемі.

9. Екі  не одан да көп  мағынаға  ие  болатын сөздер  көп   мағыналы  

сөздер  деп  аталады.



10.  «Өлең – сөздің  патшасы»  – тура  мағыналы  сөз.

Оқушы  қазақ  тілін   сапалы   меңгеру  үшін  тілдік   терминдерге  көбірек  

мән  беруі  керек. Тілдік  теориялық  материалдарды  сапалы   игеру  оның  

атауын  дұрыс  түсінуден  басталады.

Термин  сөздерді  білесің  бе? Оларға жататындар:

– антоним – мағыналары  бір-біріне  қарама-қарсы  сөздер;

– архаизм – ертеректе  жиі  қолданғанымен,  қазіргі  кезде  басқа  сөзбен  

алмастырылған  сөздер;

– ассимиляция – дауыссыз  дыбыстардың  бірі  екіншісіне  ықпал  етіп  

өзара  үндесуі;

– диалог – екі  немесе  бірнеше  адамның  сөйлесуі;

– идиома – бір  ұғым  ретінде  қалыптасқан  сөз   тіркестері;

– диалект – белгілі   бір  аймақта   қолданылатын   тіл  ерекшеліктері;

– интонация – сөйлегенде дауыстың  құбылуы  жоғарылап, төмендеп  

өзгеріп  отыруы;

– лексика – «Сөздік  қор» – тіл  білімінің  сөз  және   оның  мағынасын  

зерттейтін  саласы;

– мақал – түйінді  ойды  білдіреді;

– монолог – кейіпкердің  ішкі  көңіл  күйін  білдіретін  толғау  сөзі;

– неологизм – тілдегі   жаңа  ұғымды  білдіріп,  жаңадан  пайда   болған  

сөз;



8

www


.kazmektep.kz

–  омоним  –  бірдей  дыбысталғанымен,    мағыналары  әртүрлі    болып  

келетін  сөздер;

– орфография – сөздің  дұрыс жазылуы.

Тест  оқушылардың  білімін  салыстыруға,  білім  беру  жүйесінде 

оқушылармен  бірге  жеке  жұмыс  жүргізуге  мүмкіндік  туғызады. 

Бағдарламалық  материалдан  тыс  ауық-ауық  өткізіліп  отыратын  осын-

дай  жұмыстар  оқушылардың  қазақ  тілі  бойынша  сауаттылығын  арттыруға 

біршама септігін тигізеді.

Ендеше ҰБТ-ның тиімділігі мынада деп айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет