24
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу
үшін және сақталуын қамтамасыз ету үшін әр негізгі құралға
түгендеме номерін береді, ол тұрақты болады. Негізгі құралдар
тозып қалса, басқа ұйымға берілсе, сатылса, есептен шығарылса,
оның № жаңа негізгі құралға берілмейді. Түгендеме № негізгі
құралға бекітілген жетонға немесе өзіне бояумен жазылады.
Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме номері,
оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге
ауыстыруға толтырылған алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорындардың бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір
объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады.
Негізгі құралдары көп емес шағын ұйымдарда түгендеу кар-
точкаларының орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын
пайдалана алады. Түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітап-
шалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, тех.паспорттар
және негізгі құралдарды сатып алу, сату, салу, есептен шығару
актілері т.б құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточ-
касы әр объектіге бір дана толтырылып, ұйым бухгалтериясында
сақталады.
Түгендеу карточкасы мен кітапшалар талдамалық есептің
негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы,
түгендеу №, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортиза-
циялық аударым мөлшері, зауыттық №, кіріске алынуына және
істен шығарылуына толтырылған актілердің уақыты т.б.
мәліметтер жазылады. Толтырылған түгендеу карточкалар НҚ-10
санды ведомоствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу
карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылады.
Негізгі құралдардың сақталып және жұмыс істеп тұрған жері
бойынша НҚ-13 санды түгендеу тізімі жасалады.
Негізгі құралдардың жинақтау есебі №12 журнал-ордерде
жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: