5
• алғашқы есеп құжаттарының типтік
нысандары;
• ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы
құжат нысандары;
• актив пен міндеттемелерді
бағалау әдістері;
• актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын)
өткізу тәртібі (реті)
• құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу
технологиясы;
• шаруашылық
операциялары бақылау тәртібі;
• бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы
бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі
негізгі факторлар әсер етеді:
• меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны
(жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам,
жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы
басқа);
• салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік,
ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
• қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің
орташа тізімдік саны және тағы басқа);
• салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері
бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық
мөлшері және тағы басқа);
• қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйым-
ның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының
мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты,
келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық
тәсілдері);
• ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді
әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
• материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен
басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдар-
ламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
• кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі
қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық
батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі.
6
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап
бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама
қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: