2.3. МАТЕРИАЛДАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰЖАТТАУ Өндірістік қорлардың шығысы мен түсімі бойынша жаса-
латын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың
негізі болып табылады. Алғашқы құжаттардың көмегімен
тауарлы-материалдық қорлардың тиімді пайдалануын және
сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі
бақылануын жүзеге асырады.
Тауар-материалдық қорлардың есебін жүргізу үшін
төмендегідей алғашқы құжаттар рәсімделеді
ТМҚ қозғалысына рәсімделетін құжаттардың нысандары Форма коды Формалардың атауы ТМЗ-1
ТМЗ-1а
ТМЗ-2
ТМЗ-3
ТМЗ-4
ТМЗ-4а
ТМЗ-4б
ТМЗ-5
ТМЗ-6
ТМЗ-7
ТМЗ-8
ТМЗ-9
ТМЗ-10
ТМЗ-11
Сенімхат
Сенімхат
Берілген сенімхатты есептеу журналы
Кіріс ордері
Тауар- материалдық қорларды қабылдау акті
Тауар- материалдық қорларды дайындау, сақтау және
өндіру барысында жойылуы және жетіспеуіне акт
Тауар- материалдық қорлардың сынуы, қирауы,
бұзылуына акт
Тауар- материалдық қорларды есептеу карточкасы
Құжаттарды тапсыру- қабылдау реестрі
Тауар- материалдық қорлардың қалдығын есептеу
ведомосы
Жабдықтарды қабылдау акті
Жабдықтарды монтаждауға жіберу- қабылдау акті
Жабдықтардан ақау анықталуы туралы акті
Мекемелермен ғимараттарды бұзып алу және қайта
құрастыруда алынған тауар- материалдық қорларды
кірістеу акті