М. А. Молдашева


МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ ТҮГЕНДЕУ



Pdf көрінісі
бет10/105
Дата11.06.2020
өлшемі1,44 Mb.
#73052
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105
Байланысты:
Молдашева

2.6. МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ ТҮГЕНДЕУ 
Бухгалтерлік  және  қаржылық  есеп  берілгендерінің  дұрыс-
тығын қамтамасыз ету мақсатында, активтерге түгендеу жылына  
кем дегенде бір рет  жүргізіледі. 
Түгендеу  -  ТМҚ-ң  нақты  барын  бухгалтерлік  есеп  берілген-
дерімен салыстырып тексеру. 
Түгендеу түрі: 
 
толық,  компанияның  барлық  активтеріне  түгендеу 
жүргізіледі 
 
жекеленген, активтердің бөлек түріне түгендеу жүргізіледі  
 
жоспарлы, компанияның белгіленген мерзімінде жүргізіледі 
 
кенеттен,  кәсіпорын  басшысының  бұйрығы  бойынша, 
немесе  материалдық  жауапты  адамдардың  ауысуы,  немесе 
бақылаушы ұйымдардың талабы бойынша 
Түгендеу міндетті түрде жүргізіледі, егер: 
 
материалдық жауапты адамдар ауысқанда
 
ұрлық, қиянат келтіру болса
 
табиғи апат, өрт жағдайларында; 


 
15 
 
компания таратылғанда. 
Түгендеу  жүргізу  үшін  компания  түгендеу  комиссиясын 
құрады,  құрамын  басшы  бекітеді.  Комиссияны  кәсіпорын 
басшысы  немесе  орынбасары  басқарады.  Бухгалтерлік  қызмет, 
ішкі шаруашылық бақылау қызметі, әкімшілік т.б 
Кәсіпорын басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу, оның 
басталуы және аяқталуы мерзіміне жауапты адам тағайындалады. 
Түгендеу материалдық жауапты адамдардың жауапкершілігіндегі 
материалдардың  түрі  және  сақтаулы  тұрған  жері  бойынша 
жүргізіледі. 
Түгендеу комиссиясы материалдардың сақталып тұрған жері 
және  материалдық  жауапты  адамдардың  бойынша  түгендеу 
тізімін  жазып  (инв-3),  кәсіпорын  бухгалтериясына  тапсырады. 
Тізімге комиссия мүшелері түгел қол қояды.  
Түгендеу кезінде бүлінген немесе істен шыққан материалдар 
және дайын бұйымдар анықталса акт жазылады. 
Түгендеу  нәтижесін  анықтау  үшін  салыстыру  тізімдемесі 
жасалады.  Онда  түгендеу  кезінде  айырмашылық  табылған 
материалдар  жазылады. Салыстыру тізімдемесінде артық  немесе 
кем  шыққан  материалдар  құны  бухгалтерлік  есепте  көрсетілген 
бағамен  есептеледі.  Айырмашылыққа  жауапты  адам  жазбаша 
түсініктеме  береді.  Салыстыру  тізімдемесін  бір  дана  бухгалтер 
толтырады, бухгалтерияда сақталады. 
Түгендеу  барысында  активтердің  нақты  берілгені  бухгал-
терлік  есеп  берілгендерімен  сәйкес  келмесе,  төмендегідей 
бухгалтерлік жазбалар жасалады: 
-  артық  шығу  болса,  табыс  ретінде  қорлар  кірістеледі: 
Дт1310-1350 Кт-6280 
- жетіспеушілік - шығын Дт-7470 Кт-1310-1350 
Түгендеу  барысында  қорлардың  жетіспеушілігі  немесе 
бүлінуі табылса және оған кінәлі адам анықталмаса: 
Дт-7210   Кт- 1310-1350 , ҚҚС-на Дт 7210 Кт- 1420   
Егер кінәлі адам анықталса, өтелетін сомаға: 
Дт 1250  Кт- 6280,3520, ҚҚС-на Дт 1250 Кт- 3130   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет