9
ІІ тарау
ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ
ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
2.1. ТАУАРЛЫ – МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР,
ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Кәсіпорындардың қызметі барысында өздерінің өндірген
дайын бұйымдары, сату үшін алған тауарлары, жолдағы тауар-
лары, аяқталмаған өндіріс, қосалқы бөлшектер, отын, ыдыстық
материалдары, жартылай фабрикаттар сол ұйымның тауарлы –
материалдық қорлар (ТМҚ) түріндегі ағымдағы активтері б.т.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі еңбек заттары
өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын
түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.
Шығарылған өнімнің, атқарылған жұмыстың өзіндік
құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа
босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу
немесе есептен шығару
2. Материалдардың қоймадағы және тасымалдау кезінде
түгел сақталуын бақылау
3. Материалдық қор қалдығының белгіленген мөлшерден
артып немесе төмендеп
кетпеуін бақылау
4. Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау
5. Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап
және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын
тауып, пайдаланылғанн материалдар құнын әр объектінің
шығынына қосу.
Материалдың түгел және дұрыс сақталуы, ұтымды
пайдаланылуы, жұмсалуы үшін мыналар жасалуы тиіс:
10
Материалдық қорларды сақтайтын қойма болуы қажет,
материалдардың белгілі түрін сақтауға
арналған болуы керек
Материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері,
сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және
босатқан соң қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей
орналастырылуы
қажет
Ұйым басшысы материалдарды қабылдайтын және босата-
тын адамдарды белгілеп, олармен шарт жасайды.
Еңбек заттары біртекті емес, өндірісте атқаратын міндет-
теріне қарай, физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара
айырмашылықтары бар.
Материалдар өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын
міндеттеріне қарай:
Шикізат
Негізгі
материал
Көмекші материал
Жартылай фабрикат және т.б бөлінеді
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар,
ыдыс және ыдыстық материалдар. Қосалқы бөлшектер, құрылыс
материалдары тб. есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: