1.2. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын
бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы
әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың бар-
лығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді:
мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір
түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты (түсімді)
есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға
болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған
уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік
аспектілерін айқындауы қажет:
• негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын
есептеу әдістері;
• материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым
сомасын есептеу және оларды есептеп шығару жолдары;
• шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу
әдістері;
• өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу,
яғни калькуляциялау жүйесі;
• жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер
арасында тарату әдісі;
• дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
• аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау және бағалау
жолдары;
• материалдық қорларды бағалау әдістері;
• негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін
ұйымдастыру;
• бағамдық айырманы есептеу.